Еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің санын нормалау

1102
Имашева А. О.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", заведующая лабораторией экономики и нормирования труда "РНИИОТ Министрества труда и социальной защиты Республики Казахстан", г. Астана, кандидат экономических наук
Ұйымдағы қызметкерлер саны қандай болған кезде еңбекті қорғау қызметі құрылады немесе еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымы енгізіледі?

Қазіргі уақытта кəсіпорындар басшылығының еңбекті қорғау қызметіне деген көзқарасы өзгеруінің жалпы үрдісі байқалуда, бұл қызметтің кұрылуы мен қызметі ҚР Еңбек кодексінің 339-бабымен регламенттеледі. Оның барлық жерде тиісті тиімділікпен жұмыс істемей жатқандығын атап өткен жөн, жəне де өндіріс мөлшері мен еңбекті қорғау жөніндегі мамандар санының еңбектің қауіпсіз жəне салауатты жағдайларына өз-өзінен кепілдік береді деу асыра айтқандық болар еді.

Жұмыс істеуге "көлеңкеден"?

Мұнымен бірге тіпті шағын өндірістің өзі еңбекті қорғау жөніндегі  маманның қызметіне мұқтаж болады, бірақ іс-тəжірибе көрсеткендей, жұмыс берушілерде тиісті жауапты тұлғалар болмайды. Кейбіреулері мемлекеттік еңбек инспекциясының тексерісі келгенге дейін немесе оқыс оқиға орын алған кезге дейін «көлеңкеде» жұмыс істегенді артық көреді. Кейбір жағдайларда, əсіресе шағын кəсіпорындарда еңбекті қорғау жөніндегі инженер етіп заңгер немесе бухгалтер тағайындалады, олар қажетті журналдарды жүргізеді, хаттамалар мен тізбелерді жасайды, бұл ретте өндіріске өндіріс ретінде мүлдем назар аудармайды.

Мұның арасында еңбекті қорғау қызметі кəсіпорында жұмыс iстеушілердің еңбегіне салауатты жəне қауіпсіз жағдайлар жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулардан сақтандыру жұмысын ұйымдастыру үшін жауап береді. Оны жұмыс берушіге тікелей бағынатын жеке бөлімше ретінде ұйымдастыру ұсынылады. Еңбекті қорғау қызметі өз жұмысын кəсіпорынның басқа қызметтерімен, еңбекті қорғау жөніндегі комитетпен (комиссиямен), кəсіптік одақтар немесе еңбек ұжымының уəкілетті тұлғаларымен, сондай-ақ еңбекті қорғаудың мемлекеттік басқару, еңбекті қорғауды бақылау жəнежүзеге асырады.

Еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру олардың лауазымдық міндеттерін қатаң регламенттеуді жəне олардың əрқайсысына белгілі бір құрылымдық бөлімшелерді немесе жұмыс бағыттарын бекітіп беруді көздейді.

Қажетті санды негіздеу, лауазымдық міндеттерді пысықтау, орындаушылардың арасында жұмыс бөлуді анықтау үшін сан нормативтері қажет.

Еңбек ұйымы күзет қызметі

Сондықтан ұйымдарда еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің нормативтік санын əзірлеу өзекті болып табылады. Еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің нормативтік санын есептеу ұйым қызметінің бағыттары, дербес өндірістік құрылымдық бөлімшелердің саны, ауыр, зиянды жəне қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған жұмысшылар саны есепке алына отырып, жүргізіледі.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау (ЕҚжЕҚ) талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында қызметкерлер саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда жұмыс беруші ЕҚжЕҚ қызметін құрады. Өз мəртебесі бойынша ЕҚжЕҚ қызметі басқа өндірістік қызметтерге теңестіріледі жəне жұмыс берушіге тікелей бағынады.

ҚР ЕК 339-бабына сəйкес қызметкерлерінің саны 50 адамға дейінгі жұмыс беруші қызмет ерекшелігін есепке ала отырып, ЕҚжЕҚ жөніндегі маман лауазымын енгізеді немесе ЕҚжЕҚ бойынша міндеттерді басқа маманға жүктейді.

Заңнамалық база

ЕҚжЕҚ қызметінің қызметкерлері өз қызметінде ҚР-ның ЕҚжЕҚ  өніндегі заңнамалық жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда:

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

- ҚР Үкіметінің 2011.28.10 № 1225 «Қызметкерлерді ЕҚжЕқ мəселелері бойынша оқыту, нұсқау беру мен білімдерін тексеруді өткізу мерзімдері мен Қағидаларын бекіту туралы» (2012.01.06 берілген өзгерістерімен) қаулысын;

- ҚР ЕХƏҚМ-нің 2007.16.07 № 157-ө «Жұмыс берушінің ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықты əзірлеу жəне бекіту Ережелері» бұйрығын;

- ҚР ЕХƏҚМ-нің 2009.03.03 № 74-ө «Өндірістегі жазатайым оқиғаға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрығын, сондай-ақ ұжымдық шарт пен ұйымның ЕҚжЕҚ жөніндегі келісімін, ұйымның нормативтік құжаттамасын басшылыққа алады жəне өз қызметін ұйымның басқа қызметтерімен, еңбекті қорғау жөніндегі бірлескен комитетпен (комиссиямен), кəсіптік одақтардың немесе еңбек ұжымының ЕҚжЕҚ жөніндегі уəкілетті (сенімді) тұлғаларымен, еңбекті қорғауды, еңбекті қорғауға бақылау жəне қадағалау жүргізудің мемлекеттік басқару органдарымен бірге өзара əрекеттестікте жүзеге асырады;

- 2007.23.08 № 205-ө «Қызметкерлерді ЕҚжЕҚ мəселелері бойынша оқыту, нұсқау беру мен білімдерін тексеруді өткізу Ережелерін»;

- 2011.05.12 №1458 «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдікпрофилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім жəне басқа да қорғану құралдарын беру, қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үйжайлармен жəне құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын»;

- ҚР Үкіметінің 2012.25.01 № 166 «Міндетті медициналық тексерулер өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысын;

- МемСТ 12.0.003–74 «Қауіпті жəне зиянды өндірістік факторларды»;

- МемСТ 12.0.004-90 «Еңбек қауіпсіздігіне оқытуды ұйымдастыруды»;

- МемСТ 12.4.011-89 «ЕҚҚЖ. Жұмыс істеушілерді қорғау құралдары. Жалпы талаптар жəне жіктемені»;

- МемСТ 12.0.230-2007 «ЕҚҚЖ. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. ILO-OSH 2001 жалпы талаптарын»;

- МемСТ 12.4.103-83 «ЕҚҚЖ. Арнаулы қорғаныс киімі.Аяқтар мен колдарды жеке қорғау құралдары»;

- МемСТ 12.4.034-2001 «ЕҚҚЖ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын»;

- МемСТ 30494-2011 «Тұрғын үй жəне қоғамдық ғимараттар. Үй-жайлардағы микроклимат параметрлерін»;

- ГОСТ-Р 50571.8-94 (МЭК 364-4-47-81) «Ғимараттардағы электр қондырғылары, 4 бөлім. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды»;

- ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптарды»;

- ҚР СТ 12.0.005-2010 «ЕҚҚЖ. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Тексеруді (аудитті) ұйымдастыруды»;

- ҚР СТ 12.0.002-2010 «ЕҚҚЖ. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Тəуекелдерді бағалау жəне басқару бойынша басшылықты»;

- ҚР СТ 12.0.003-2010 «ЕҚҚЖ. Ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Əзірлеу, бағалау жəне жетілдіру жөніндегі жалпы талаптарды» жəне басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

ЕҚжЕҚ қызметі қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру олардың лауазымдық міндеттерін қатаң регламенттеуді жəне олардың əрқайсысына белгілі бір құрылымдық бөлімшелерді немесе жұмыс бағыттарын бекітуді көздейді.

Ұйымдардағы (кəсіпорындардағы) ЕҚжЕҚ қызметі қызметкерлер санының нормативтері еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметінің қажетті санын анықтауға арналған, оны есептеудің негізіне еңбекті қорғаудың негізгі функциялары мен міндеттері бойынша жұмысты орындауға берілетін уақыт нормативтері алынған. Уақыт нормативтері адам-сағатпен белгіленген.

Сондай-ақ сан нормативтері ұйымдағы (кəсіпорындағы) ЕҚжЕҚ ұйымдық құрылымын қалыптастыру жағдайларын да қарастырады.

Сан нормативтерімен жұмыстардың мынадай түрлері қамтылған:

• еңбек жағдайларына ішкі бақылау мен

мониторингін жүзеге асыру;

• қызметкерлерге кіріспе нұсқаманы жоспарлау жəне өткізу;

• ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықтарды əзірлеуге қатысу;

• лауазымдық нұсқаулықтарды əзірлеуге қатысу;

• қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқытуды өткізуді ұйымдастыру;

• қызметкерлер біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

• қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру;

• қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастыру;

• ұжымдық шартты жасауға қатысу;

• жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру жəне қатысу;

• ұйымдағы (кəсіпорындағы) жарақаттану мен кəсіптік аурулардың өндірістік себептеріне талдау жасау;

• белгіленген нысандар бойынша есептілік жасау;

• ұйымда (кəсіпорында) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша кұжаттама жүргізу;

• өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру;

• еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

• қызметкерлердің ЕҚжЕҚ мəселелері бойынша хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарастыру.

Сан нормативтері мыналардың негізінде əзірленеді:

•  ҚР-ның 2007.19.07 № 252-III Еңбек кодексі (2011.19.05 берілген өзгерістерімен жəне толықтыруларымен);

• 2008.22.12 № 310-ө «Жұмысшылар еңбегін нормалау үшін нормалар мен нормативтерді белгілеу бойынша əдістемелік басшылық»;

• 2007.19.07 №166-ө «Еңбек жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметтің тиісті салаларында үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру жəне қайта қарау ережелері» (2009.30.12 берілген толықтыруларымен);

• 2007.19.07 № 167-ө «Көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, ставкаларды, алымдарды) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша еңбек нормалары мен параметрлерін ұсыну, қарау жəне келісу ережелері» (2009.30.12 берілген өзгерістерімен жəне толықтыруларымен);

• 2010.19.10 № 344/1-ө «Ұйымдарда хронометраждық жұмыстар өткізу бойынша əдістемелік ұсынымдар» əдістемелік ұсынымдары;

• 2011.28.10 № 1219 «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ереже» (2012.01.06 берілген өзгерістерімен жəне толықтыруларымен);

• «Ұйымдардағы еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің санының салааралық нормативтері», Ресей Федерациясы еңбек жəне əлеуметтік даму министрлігінің 2001.22.01 № 10 қаулысымен бекітілген;

• еңбекті қорғау қызметтерінің оперативтік есепке алу мен статистикалық есептілік мəліметтері;

• ұйымның (кəсіпорынның) құрылымдық бөлімшелеріндегі еңбекті ұйымдастыруды зерделеу материалдары;

• ұйымдардағы (кəсіпорындардағы) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметтерінің орын алған қызмет бағыттары жұмыстарының құрамы бойынша материалдар;

• ұйымда (кəсіпорында) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің санына əсер ететін факторлардың (қандай да бір жұмысқа уақыт нормалары) сандық мəндері;

• еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметтерінің негізгі жұмыстары бойынша хронометраждық бақылауларының мəліметтері.

Жұмыс бірлігін орындауға кететін уақыт нормаларына:

оперативтік уақыт, дайындау-аяқтау уақыты, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, демалыс пен жеке қажеттіліктер уақыты кіреді. Ұйымда (кəсіпорында) еңбекті қорғау қызметінің негізгі функциялары мен міндеттері бойынша жұмыстарды орындауға кететін уақыт нормативінің шамасын есептеп шығару оперативтік уақыт мəніне қарай мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің санын нормалау

мұндағы Нвр. – жұмыстың (функцияның) нақты түрін орындауға кететін уақыт нормасы, адам-сағат;

Топ – норматив бойынша белгіленген, нормаланған жұмысты орындауға кететін уақыт нормативі, адам-сағат;

К – коэффициент, ол жұмыс орнына ұйымдастырушылық-техникалық қызмет көрсетуге, демалысқа (жұмыс орындау кезіндегі мəжбүрлік үзілістерді, гимнастикалық жаттығуларды қосқанда) жəне жеке қажеттіліктерге, сондайақ дайындау-аяқтау жұмысына кеткен уақытты есепке алады, оперативтік уақыттың %-ы.

Қызметкерлердің жұмыс уақытын хронометраждық бақылауларға талдау жасаудың нəтижелері бойынша К оперативтік уақыт көлемінің 10% -на тең етіп қабылданады. Нормаланатын жұмыстардың жылдық еңбексыйымдылығы Тн орындалатын жұмыстардың əрбір түрінің көлемі есепке алына отырып, мына формуламен анықталады:

Еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің санын нормалау

мұндағы Нврi – жұмыстың нақты нормаланатын түрін орындауға кететін уақыт нормасы, адам-сағат;

Vi – бір жыл ішінде орындалған жұмыстың нақты түрінің көлемі, i = 1, 2, ..., n – орындалған жұмыстардың түрлері.

Орындалған жұмыстардың жылдық көлемі ұйымның өткен жылдардағы статистикалық мəліметтеріне сəйкес анықталады. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің қажетті саны (Ч), мына формуламен есептеледі:

Еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің санын нормалау

мұндағы Ч – қызметкерлер саны, адам;

Тн – нормаланатын жұмыстардың жылдық еңбексыйымдылығы, адам-сағат;

Фп – бір қызметкердің бір жылдағы жұмыс уақытының пайдалы қоры, сағат.

Бір қызметкердің бір жылдағы жұмыс уақытының пайдалы қоры (Фп) бір жылдағы жұмыс күндерінің санын оның орташа ұзақтығына көбейту жолымен анықталады.

1-кестеде еңбекті қорғаудың белгілі бір функциялары мен міндеттеріне сəйкес жоғарыда келтірілген əдістеме бойынша жыл бойында орындалатын жұмыстардың еңбексыйымдылығына орай, шартты кəсіпорын мысалында ЕҚжЕҚ қызметі қызметкерлерінің санын есептеп шығару келтірілген.
Еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің санын нормалау

Еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің санын нормалау

Еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің санын нормалау

Шартты кəсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің саны (3) формула бойынша есептеліп шығарылған, мұндағы бір жылдағы жұмыс уақытының пайдалы қоры 1960 сағатқа тең:

Шартты кəсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің нормативті саны 1,36-ға, яғни 1 адамға тең. Сонымен, еңбек қауіпсіздігін басқарудың аса маңызды органы ұйымның еңбекті қорғау қызметі болып табылады, ол заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілермен белгіленген қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады жəне кəсіпорындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Осылайша, сан нормативтері жұмыс орындарын қажетті техникамен, мүлікпен жəне жабдықпен қамтамасыз ету есепке алынумен, сондай-ақ ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережеге сəйкес жұмыстарды орындаудың неғұрлым кең тараған жағдайлары үшін əзірленген. 

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях