Қызметкердің мінездемесін дұрыс жасаймыз

675
Жұмыс орнынан анықтама – ол белгілі бір қызметкердің кәсіптік, қоғамдық қызметі туралы пікірі бар, оның еңбек жолы, іскерлік қасиеттерінің сипаттамасы бар, ресми құжат.

Жұмыс орнынан анықтама – ол белгілі бір қызметкердің кәсіптік, қоғамдық қызметі туралы пікірі бар, оның еңбек жолы мен қоғамдық жұмысының, іскерлік және адамгершілік қасиеттерінің қысқаша сипаттамасы бар, ресми құжат. Жұмыс орнынан алынатын анықтама қызметкердің өтініші бойынша немесе сыртқы сұранымдар бойынша, мысалы, сот органдарының, ұйымның – қызметкердің жаңа жұмыс орнынан, және тағы басқа сұранымдар бойынша беріледі. Кез келген ізденуші, егер қолында бұрынғы жұмыс орнынан жақсы жазылған мінездеме болса, жоғары ақылы бәсекелі орынға талаптануы мүмкін.

Қолдану мақсатына қарай, мінездемелердің мынандай түрлері болады:

  • ішкі – ұйым ішінде ғана қолданылады (бос орындарға ауыстыру туралы мәселелерді қарастырғанда; қызметкерге тәртіптік жаза немесе ынталандыруларды беру кезінде, қызметкерді атқарған қызметіне сәйкестілігін анықтау кезінде (аттестация барысында), ұзақ және жауапты іссапарға жіберерде және т.с.с.);
  • сыртқы – қызметкер өзінің немесе басқа ұйымдардың өтініші бойынша және талап еткен орындарға ұсынылады (алдағы уақытта әскери қызметін өтеу үшін, қызметкерді әскери комиссариаты әскерге шақырған кезде; несие алған кезде; қызметкерге қатысты рұқсат қағазын беру, әр түрлі жаза немесе марапаттауларды қолдануға байланысты жергілікті немесе мемлекеттік органдардың шешім қабылдау кезінде).   

Мінездемені жасау үшін айқын талаптар қойылмайды. Алайда, оны жасағанда ұстанатын кейбір белгілі қағидалар қалыптасқан.

Құжатты А4 үлгісіндегі параққа ресімдеу қажет. Мәтін үшінші жақтан осы немесе бұрынғы шақта жазылады (мысалы, жұмыс ісейді немесе жұмыс істеді, орындайды немесе орындаған және т.с.с.).

  

Мінездемені жазу құрылымы:

1) тақырыбыұйымның деректемелері, мінездемені жазған күн, ортасында құжаттың атауы көрсетіледі (МІНЕЗДЕМЕ сөзі);

2)      қызметкер туралы анкеталық мәліметтер – бұл бөлім құжаттағы бірінші абзац болып табылады, ол жерде мінездеме кімнің атына берілгендігі (қызметкердің аты-жөні толық, қысқартусыз жазылады), туған жылы, қызметкердің алған білімі көрсетіледі;

3)      еңбек қызметінің мінездемесі – бұл бөлімде қызметкердің осы ұйымға жұмысқа қабылданған күні, мансабының өсуі туралы ақпарат, қызметкердің жеткен маңызды жетістіктерінің тізбесі көрсетіледі;

4)      қызметкердің әртүрлі қасиеттерін бағалау – жеке басының, іскерлік және психологиялық қасиеттерін, қызметкердің еңбекке қабілеттігі мен кәсіптік біліктілігін бағалау, сондай-ақ, ынталандырулары, марапаттаулары немесе тәртіптік жазалары туралы ақпарат. Мысалы: 

-  қызметкердің жеке басының қасиеттері оның еңбек ұжымымен қарым-қатынаста, жалпы мәдениет деңгейінде және т.б. байқалады;  

-  кәсіптік біліктілігін бағалау үшін қызметкердің тәжірибесін, кәсіптік білім деңгейін, өзін өзі басқаруға қабілеттілігін, нормативтік және құқықтық актілерді білуін, жалпы ой-өрісін және т.б. ескеру қажет;

- қызметкердің іскерлік қасиеттері, оның аналитикалық қабілеттері, әріптестерімен іскерлік қатынастарды ұстау қабілеті, жұмысты жоспарлау, басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру және алдына қойған міндеттерді орындауды бақылау қабілеті бойынша бағаланады;

- қызметкердің жұмысқа деген қабілеттігін бағалау кезінде оның міндеттерді орындау кезіндегі белсенділігі, еңбек үдерісін ұйымдастыру қабілеттілігі, атқарылған жұмыстың сапасы мен мерзімдері, ерекше жағдайлардағы (күрделі, күйзеліс) өзін өзі ұстауы, қабылдаған шешімдерінің тиімділігі, жұмыс нәтижесі бойынша өзіне жауапкершілік алуы ескеріледі;

5)      қорытынды – жасалған құжаттың мақсаты, мысалы, «...талап еткен орынға ұсыну үшін». Бұл бөлім сыртқы мінездемеге ғана жазылады.

Қызметкердің мінездемесіне бір адам ғана қол қоюы мүмкін – ұйымның басшысы. Бұл жағдайда мінездеменің ұйымда қалатын данасында қызметкер істейтін бөлімше басшысының және персонал қызметі басшысының бұрыштамасы болуы керек. Қолтаңбалар ұйымның мөрімен куәландырылады. Мінездеме берілген күн парақтың сол жағында, қолтаңбалардың астында қойылады. Мінездеме екі данада жасалады: біреуі талап еткен орынға беріледі (жіберіледі), екіншісі (көшірмесі) ұйымда қалады.

Жұмыс орнынан алатын мінездемені жазу үлгісі

 «Азимут» ЖШС бас бухгалтері

Сұлтанова Мақпал Жеңісқызына

МІНЕЗДЕМЕ

Сұлтанова Мақпал Жеңісқызы, 1980 жылы туған, білімі жоғары, 2003 жылы «Машина жасау кәсіпорындарындағы экономика мен басқару» мамандығы бойынша  Қазақ мемлекеттік техникалық университетті аяқтады. Сұлтанова М. Ж. 02.04.2011 жылдан 09.02.2015 жылға дейін «Азимут» ЖШС бас бухгалтер лауазымында жұмыс істеді. Оның міндеттері: «Азимут» ЖШС қызметкерлерінің жалақысын есептеу, зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және салық инспециясына есептерді дайындау және тапсыру, зейнетақы қорына зейнетақыны қайта есептеп, тапсыру болған.

Жұмыс барысында Сұлтанова М. Ж. өзін, берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға қабілетті, жоғары білікті маман ретінде көрсетті, өз міндеттерін жауапкершілікпен және адал атқарды. Қиын жағдайларда шешім қабылдауға қабілетті екенін және өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілікті бола алатынын дәлелдеді.  

Сұлтанова М. Ж. тәртіпті, үнемі өзінің кәсіби деңгейін көтеріп тұрады. 2013 жылы ол Алматы қаласының «TheBossmediagroup» ЖШС жанындағы біліктілігін көтеру курстарын бітірді.

Сұлтанова М. Ж. жайдарлы, ашық,  «Азимут» ЖШС қызметкерлерінің арасында сыйлы. Көп адамдар оның мейірімділігін бағалайды.

Мінездеме талап еткен орынға беру үшін жасалды.

«Азимут» ЖШС   

   бас директоры                                                                         Т. Құсаинов

М. О.

Кадр бөлімінің басшысы                                                            З. Касаткина

09.02.2015

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях