Жұмыс берушілердің орындалуы міндетті ұйғарымдарды беру тәртібі

343
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде ықпал ету шараларының бірі нұсқама беру болып табылады

ҚР «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес
ресімделген, еңбек қатынастары саласындағы еңбек заңнамасы мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің міндетті талаптарын бұзушылықтар туралы мәліметтері бар, тексерулердің нәтижелері бойынша актілер нұсқамаларды беру үшін негіз болып табылады.

Нұсқамаларды есепке алу

Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерудің нәтижелері бойынша өздері берген нұсқамалардың, басқа да актілердің есебін жүргізуі және олардың орындалуын бақылаулары тиіс.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай нұсқамалар:
– Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
– жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы;
– жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.
Актілер екі дана етіп жасалады: біреуі қолы қойғызылып, жұмыс берушіге
(ұйымның лауазымды тұлғасына) беріледі, екіншісі нұсқама берген мемлекеттік еңбек инспекторында қалады, ол оны тексеру материалдарымен бірге тігеді, нөмірі мен күніне сәйкес орындалу шамасына қарай жұмыс беруші берген орындалу туралы ақпаратты да тігеді.

Орындауы үшін міндетті

Еңбек пен еңбекті қоорғау туралы заңнама талаптарының сақталуына
бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторлары берген
нұсқамаларды меншік формаларына қарамастан барлық ұйымдар орындауға міндетті.
Жұмыс берушінің нұсқамаға шағымдануы оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек дауларын қарастыру жөніндегі тиісті органмен шешілген немесе олардың (бітімгерлік комиссиясы немесе сот) қарауындағы істер бойынша нұсқама беруі тиіс емес.
Мысалы, қызметкер сотқа өзінің еңбек құқықтарының бұзылуы туралы талап арызбен жүгінді делік. Бұл жағдайда осы қызметкердің мемлекеттік еңбек инспекциясына сол негіздер бойынша берген өтініші бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқама беруге құқығы жоқ.
Мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бұзушылықтың жекелеген
фактілері бойынша, сондай-ақ нақты мән-жайларына қарай бірнеше бұзушылық бойынша да берілуі мүмкін. Мемлекеттік инспектор нұсқаманы белгілі бір бұзушылықтарға жол бермеу туралы бұзушылықтардың алдын алу мақсатымен ертерек, яғни болашақ уақытқа беруі мүмкін, мысалы: заңсыз үстеме жұмыстарды қолдану, жұмыс уақытының режімін бұзу және т.б.

Қойылатын талаптар ұйғарымы

Белгіленген формадағы нұсқамада оны шығарған күн мен нөмірі бо-
луы тиіс, нұсқамада орын алған заңнама бұзушылық бабы немесе тиісті
заңнамалық актінің тармағы, айқындалған бұзушылықты жою мерзімі
көрсетіліп, айқын тұжырымдалуы қажет. Бұзушылықтарды жою мерзімдері жұмыс берушімен (тексерілетін объектінің лауазымды тұлғасымен) келісіледі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтар
авариялардың туындауына әкелетін немесе жұмыс істеушілердің өмірі мен
денсаулығына қатер төндіретін жағдайларда мемлекеттік еңбек инспекторы белгіленген тәртіппен көрсетілген мерзімде сотқа берілген талап арызды міндетті ұсынумен бұл объектіні (цехты, учаскені, жұмыс орнын немесе жабдықты) пайдалануды үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата алады. Мұндай жағдайларда ол бұл объектіні немесе жабдықты пломбалауды жүргізуі және бұзушылық үшін жауапты лауазымды тұлғаға қол қойғызумен беруі қажет, сақтау тілхатында тоқтатылудың
себептері мен бұзушылықты жою мерзімдері көрсетіледі. Сақтау тілхатында көрсетілген мерзімде лауазымды тұлға бұзушылықтың жойылғаны туралы ақпарат ұсынуға міндетті. Мемлекеттік еңбек инспекторы орындалу сапасын тесеруге және осыдан кейін жұмыстарды жүргізуге рұқсат беруге міндетті.
Тексерудің нәтижесінде және бақылау мен қадағалаудың өзге де
формаларының нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсыныстардың, хабарламалардың) олрындалуын бақылау мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторы белгіленген тәртіппен жоспардан тыс тексеру өткізуге құқылы. Ал жұмыс беруші бастапқы тексерумен келіспеген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы тексерілетін субъектінің жүгінісіне байланысты жоспардан тыс тексеру өткізеді.
Нұсқама тексеруді тағайындау туралы актіде (қаулыда) көрсетілген тексерудің аяқталатын мерзімінен кешіктірілмей берілуі тиіс. Тексеру аяқталғаннан кейін тексерудің нәтижелері бойынша акт жасалады, бір данасы жұмыс берушінің (лауазымды тұлғаның) қолына қол қойғызып беріледі.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу  



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях