Еңбек даулары: пайда болуы және шешу жолдары

486
Еңбек даулары: пайда болуы және шешу жолдары
Тараптардың құқықтары мен міндеттерін қамтитын ұжымдық шарт, келісімдер және келісімшарттар бірінші кезекте еңбек дауларды алдын алуы болуы тиіс.

Әлеуметтік серіктестер даулардың алдын алу және реттеу жөніндегі бірлескен жұмысты күшейтуі керек. Бұл жұмыс еңбек қатынастары субъектілерінің мүдделерін барынша есепке алу, заңдылықты сақтау және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету қағидаттары бойынша жүргізілуге тиіс.

Құқықтық сауаттылықтың жетіспеушілігі

Бірінші кезекте еңбек қатынастарын жетілдіру жөніндегі жұмыстардың маңызды бөлігі бұл әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осының негізінде еңбек заңнамасына, конфликтология негіздеріне оқыту қажет. Қазақстан Республикасының Кәсіптік одақтар федерациясы өзінің оқу-әдістемелік орталығының базасында жыл сайын кәсіподақ ұйымдарының 2 мыңнан аса төрағаларын оқытады.

Оқыту жүйесінде еңбек қатынастары механизмдерінің өзін өзгерту керек. Егер бір тарап еңбек заңнамасы негіздерін оқыса, ал екінші тарап – оқымаса, онда олардың арасында сұхбат болмайды. Дәл сондықтан жалпыға бірдей құқықтық міндетті оқу шеңберінде барлығын оқыту керек.

Осымен байланысты Республикалық үш жақты комиссияның мәжілісінде хаттамалық шешім қабылданған болатын: жұмыс берушілерді оқыту үшін әлеуметтік-саяси зерттеулер және технологиялар орталықтарын құрудың оңды тәжірибелерін зерделеу (Қарағанды облысының үлгісі бойынша). Осылайша, жұмыс берушілер де білім беру процесіне тартылатын болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес, жұмыскерлердің барлығы еңбек заңнамасының негіздеріне оқытылуға тиіс.

Еңбек ақы төлеудегі сәйкессіздік

Қазіргі уақытта заңнамалық деңгейде еңбек дауларына қатысты мәселелер бойынша түзетулер енгізу керек. Оларға:

  • уақытылы индексациялау;
  • жалақыны арттыру;
  • зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жатады.

Кәсіподақтар федерациясы бірқатар жылдар бойына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын міндетті етіп істеуді ұсынып келеді, өйткені бұл норма ұсынымды сипатта және жұмыс берушілер оны орындамайды.

Сондай-ақ бүгінгі еңбек даулары себептерінің бірі жалақы төлемеу болып табылады.

Өңірлік үшжақты комиссиялар жұмыстарының қорытындылары бойынша жалақыны кешіктіргені және төлемегені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру туралы шешім қабылдауы керек.

Республикада, сондай-ақ реттеуді қажет ететін сала ішінде, шетелдік және қазақстандық жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуде едәуір сәйкессіздік байқалуда.

2014 жылдың 16 ақпанында Ақтөбе облысының үшжақты комиссиясының кезектен тыс мәжілісінде «Батыс-мұнай» ЖШС (қазақстандық және қытай жұмысшылары арасындағы еңбек ақы айырмасы 15%-ды құрайды) және "Н-Техсервис" ЖШС (қытай жағынан директордың орынбасары 900 000 теңге, ал осындай лауазымдағы қазақстандық жұмыскер – 350 000 теңге алады) кәсіпорындарында сәйкессіздік еңбек ақы төлеу мәселелері қаралды. Жұмыс берушілердің түсініктері бойынша сәйкессіздік себебі жауапкершілік деңгейінде және жұмыстың көптігі көлемінде жасалады. Сонымен бірге, мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеру сәтінде штат кестесі, функционалдық міндеттер және лауазымдық нұсқаулықтар болмаған.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес еңбек ақы төлеудегі сәйкессіздікті қысқарту бойынша жалпы амалдар мен нақты ұсыныстар әзірлеу керек.

Еңбек жағдайы

Еңбек жағдайы – маңызды мәселе. Жұмыскерлердің төмен біліктілігі мен кәсіпорындарда кәсіптік кадрларды даярлаудың жоқтығы өндірістегі жазатайым жағдайлардың себептері болып табылады. Жазатайым жағдайлардың негізгі себептерінің ішінде еңбекті дұрыс ұйымдастырмау, жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының қарапайым нормаларын білмеу және сақтамау, сондай-ақ еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу бар.

Қазіргі уақытта кәсіподақтар алдында әр түрлі экономика салаларындағы ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық инспекторлар жұмысын белсендіру және жетілдіру міндеті тұр.

Қазіргі уақытта ұжымдық еңбек дауларының туындау тәуекелі аймағында кен-металлургия, құрылыс, мұнай, көмір саласының кәсіпорындары бұрынғыдай қалып отыр.

Еңбек құқықтарын бұзу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, мемлекеттік еңбек инспекторларымен өзара әрекеттесуді күшейту керек.

Ұжымдық шарттың талаптарын орындамау

Бүгін ұжымдық шарттардың талаптарын толық орындамау еңбек даулары себептерінің бірі болып табылады.

Кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық шарттар кәсіпорындардың 95,5 % жасалған.

Жұмыс беруші ұжымдық шарт бойынша міндеттерін бұзған кезге бірнеше мысалдар келтіруге болады...

Дереккөз: «Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу. Сұрақтар мен жауаптар» журналы

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу. Сұрақтар мен жауаптар» журналының 2016 жылғы № 10 оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях