Тексерулерді өткізу тәртібі

360
Бақылау және қадағалау органы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті тексерілетін субъектінің жоспарлы тексеру жүргізудің басталатыны туралы кемінде күнтізбелік 30 күн

Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде, ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 16-бабы 7-тармағының 2), 3), 4), 7), 8) тармақшаларында, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейiн кемiнде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіге хабарлауға міндетті.

Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:

1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін;
3) қажет болған кезде режимді объектілерге баруға арналған құзыретті
органның рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;
5) жоспарлы тексеру кезінде тексеру парағын көрсетуге міндетті.
Тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін субъектіге берген күннен бастап тексеру жүргізу басталған болып есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы қол қояды.
Тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы бас тарту себебі туралы жаз-
баша түсініктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.

Тексеру жүргізу

Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады. Бұл ретте тексеру жүргізуші лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы тексерілетін субъект және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі орган тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тек-
серуге қатысуы басталғанға дейін, ауыстыру себебі көрсетіле отырып, хабардар етіледі.
Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған
міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда мемлекеттік орган міндетті түрде
құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.
Тексеру бір айдан аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тексеру жүргізу аясында шет мемлекеттерден елеулі мәні бар мәліметтер және құжаттар алу, отыз жұмыс күнінен асатын мерзімде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда тексеру жүргізу мерзімі оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.

Хабарламаны тексеру туралы

Тексерілетін субъектіні тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы ха-
бардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұруға не қайта бастауға дейін бір күн бұрын жүргізіледі.
Тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.
Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған тексеру бойынша тексерілетін субъектіні тексеруді қайта жүргізуге жол берілмейді.

Тексеру жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының:

1) егер мұндай талаптар мемлекеттік органның атынан әрекет ететін лау-
азымды адамдардың құзыретіне жатпаса, осы Заңның 5-бабына сәйкес
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта
объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін
көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және
(немесе) мемлекеттік стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу
қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қос-
пағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық,
салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын
ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кетуге;
6) ҚР «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 16-бабы 7-тармағының 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезең ішінде бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіге қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізуге;
7) мемлекеттік бақылау мақсатында тексерілетін субъектілердің есебінен
шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқығы жоқ.
Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде тексерілетін
субъектілердің біртекті топтары үшін тексеру парақтарын бекітеді. Тексеру парағы тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын, оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптардың егжей-тегжейлі тізбесін қамтиды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 55-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 36 «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағы формасын бекіту туралы» бірлескен бұйрығымен мемлекеттік
еңбек инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының формасы бекітілді.

Тексерулерді өткізу тәртібі

Тексерулерді өткізу тәртібі

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу  



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях