Мемлекеттік бақылау. Формалары мен түрлері тексерулерді

508
ҚР «ҚР-ндағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес тексерілетін субъектілерді тексерулер: жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер болып бөлінеді

Тексерілетін субъектілердің қызметіне бақылау және қадағалау:
1) ұйымдастыру және өткізу тәртібі заңнамамен белгіленетін тексерулер;
2) сақтандыру-алдын алу сипатындағы бақылау мен қадағалаудың өзге де
формалары түрінде жүзеге асырылады.
Бақылау мен қадағалаудың өзге формаларын өткізу кезінде тексерілетін
субъектіге алдын ала хабарлама жасау, сондай-ақ құқықтық статистика және арнаулы есептер жөніндегі уәкілетті олрганға тіркелу талап етілмейді.

Тексеру қорытындысы

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бақылау мен қадағалаудың өзге формаларының қорытындылары бойынша олардың түрлеріне қарай бұзушылық айқындалған жағдайда тексерілетін субъектіге оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндірумен әкімшілік құқық бұзушылық ісін қозғамастан қорытынды құжаттар (анықтама, ұйғарым,қорытынды және басқалар) жасалуы мүмкін.
Тексерілетін субъектіні тексеру – бақылау мен қадағалау формаларының бірі, оны мынадай іс-әрекеттердің бірін жасай отырып, бақылау және қадағалау органдары жүргізеді:
1) мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге баруы;
2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;
3) тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны
шақырту.

Тексеру түрлері

ҚР «ҚР-ндағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес тексерілетін субъектілерді тексерулер: жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер болып бөлінеді.
Жоспарлы тексеру – уәкілетті орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген қатерлердің алдын алу мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекіткен тексерулердің жоспары негізінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру.
Жоспардан тыс тексеру – бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей төнген қатерлерді жою мақсатында нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындайтын тексеру.
Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер өз кезегінде кешенді және
тақырыптық тексерулерге бөлінеді.
Кешенді тексеру – тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелері кешені бойынша тексеру.
Тақырыптық тексеру – тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру.

Тексеру жүргізу жоспары

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшін бақылау және қадағалау органдары тексеру жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді. Тексеру жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын өзгертуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жиынтық жоспарын ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
ресми интернет-ресурстарына орналастырады.
Тексерілетін субъектілерді жоспарлы тексеруді тағайындау үшін
тәуекелдерді бағалау жүйесі шараларының негізінде бақылау және қадағалау органы бекіткен жоспар болып табылады.

Жоспардан тыс тексеру негіздері

Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:
1) тексерудің нәтижесінде және бақылау мен қадағалаудың өзге де
нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою
туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың)
орындалуын бақылау;
2) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттарынан адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілгені туралы не зиян келтіру қатері туралы ақпарат пен өтініштер алу;
3) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында, тексерілетін субъектінің азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін қарсы тексеру;
4) тексерілетін субъектінің өз қызметіне тексеру жүргізу туралы бастамашылық өтініші;
5) егер тексерілетін субъектіге қатысты жоспарлы тексеру жүргізу белгіленбеген болса, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту;
6) тексерілетін субъектінің бастапқы тексеруге келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайталама тексеру;
7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексiнде көзделген негiздер;
8) салық төлеушілердің өтініштері, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 627-бабында айқындалған мәлiметтер мен мәселелер негіз болып табылады.
Жоспардан тыс тексерулер иесі көрсетілмеген өтініштер болған
жағдайларда жүргізілмейді.
Жоспардан тыс тексерулерге осы жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін
негіз болған фактілер мен мән-жайлар жатады.
Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және ар-
найы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектілерде немесе субъектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде табыс ете отырып жүзеге асырылады.

Тексеру уақыты

Бақылау және қадағалау органдары орналасқан жерден шалғай жер болып
тексеруді тағайындау туралы акті тіркелген жерден оны өткізетін жерге дейінгі жүз километрден артық қашықтық есептеледі.
Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе тексерулер ішкі еңбек тәртібінің
қағидаларында белгіленген тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады. Алайда, жоспардан тыс тексеру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) бұзушылықтар жасалған кезде олардың тікелей жолын кесу қажет болған жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Сондай-ақ тексерулер мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет ор-
гандарында тіркелмей жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
Тексерілетін субъектіге бірнеше бақылау және қадағалау органдарының
бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы тексеру тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Бақылау және қадағалау органының бір ғана мәселелер шеңбері бойын-
ша бірнеше тексерілетін субъектілерге бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде осы орган тексерілетін әрбір субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.

Тәуекел дәрежесі

Мемлекеттік органдар тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне қарай
жоғары, орташа не болмашы тәуекел топтарына жатқызады және олар үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің:
1) жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
2) орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен;
3) болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі емес
кезеңділігін айқындайды.
Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу салдарлардың ауырлығы тұрғысынан субъектінің маңыздылығы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Яғни субъектіні тексерулер жоспарына қосу үшін оған қатысты бұрын өткізілген жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің тәуекелді дәрежесін бағалау критерийлері есепке алынады.
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері – тексерілетін субъектінің тікелей
қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2011 жылғы №54-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 35 «Жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау Критерийлерін бекіту туралы» бірлескен бұйрығымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы № 56-ө «Тәуекелдер дәрежесін бағалау
Критерийлерін бекіту туралы» бұрығымен тәуекелдер топтары белгіленген, онда тәуекелді бағалаудың мынадай: объективті және арнаулы критерийлер есепке алынған.

Субъектілер өз кезегінде объективті критерийлер бойынша үш топқа бөлінеді:

– жоғары тәуекелге қызметкерлерінің саны 250 адамнан асатын субъектілер жатады, тексерулер – жылына бір рет;
– орташа тәуекелге қызметкерлерінің саны 50 адамнан көп, бірақ 250 адамнан аспайтын субъектілер жатады, тексерулер – 3 жылда бір рет;
– болмашы тәуекелге қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға
дейінгі субъектілер жатады, тексерулер – 5 жылда бір рет.
Әлеуметтік критерийлерге:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық тәуекелдері;
2) қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылу тәуекелдері;
3) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзушылық тәуекелдері жатады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық тәуекелдері

Мемлекеттік бақылау. Формалары мен түрлері тексерулерді

Мемлекеттік бақылау. Формалары мен түрлері тексерулерді

Мемлекеттік бақылау. Формалары мен түрлері тексерулерді

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар бойынша критерийді бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жоспарлы тексерулердің дүркінділігі жылына бір рет болатын, жоғары
тәуекел тобына 20 балл және одан жоғары балл алған субъектілер жатады;
2) жоспарлы тексерулердің дүркінділігі 3 жылда бір рет болатын, орташа
тәуекел тобына 10-нан 20 баллға дейін алған субъектілер жатады;
3) жоспарлы тексерулердің дүркінділігі 5 жылда бір рет болатын, болмашы тәуекел тобына 10 баллға дейін алған субъектілер жатады.
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылықтар бойынша критерийді
бағалаумынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жоспарлы тексерулердің дүркінділігі жылына бір рет болатын, жоғары
тәуекел тобына 15 және одан жоғары балл алған субъектілер жатады;
2) жоспарлы тексерулердің дүркінділігі 3 жылда бір рет болатын, орташа
тәуекел тобына 7-ден 15 баллға дейін алған субъектілер жатады;
3) жоспарлы тексерулердің дүркінділігі 5 жылда бір рет болатын, болмашы тәуекел тобына 7 баллға дейін алған субъектілер жатады.
Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу критерийлерін бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жоспарлы тексерулердің дүркінділігі жылына бір рет болатын, жоғары
тәуекел тобына 15 және одан жоғары балл алған субъектілер жатады;
2) жоспарлы тексерулердің дүркінділігі 3 жылда бір рет болатын, орташа
тәуекел тобына 10-нан 15 баллға дейін алған субъектілер жатады;
3) жоспарлы тексерулердің дүркінділігі 5 жылда бір рет болатын, болмашы тәуекел тобына 10 баллға дейін алған субъектілер жатады.
Көрсетілген критерийлерді анықтауға арналған есепке алу кезеңі тексерулер жоспарланған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып табылады.
Жоғары немесе орта дәрежелі тәуекел субъектілерін тексерулердің
мерзімділігі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының айқындалған бұзушылықтарының санына байланысты болады, бұл жоспарлы тексерулердің белгіленген базалық дүркінділігінен анағұрлыс сирек тексерілу мүмкіндігін береді.
Тексерулердің нәтижесінде бұзушылықтар айқындалған және неғұрлым жоғары балл алған жағдайда орташа немесе болмашы тәуекел субъектілері тиісінше жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылады. Тәуекелдің тек бір тобы бойынша балл жинау кезінде тексеру тақырыптық болып, яғни тәуекелдің осы тобына қатысты мәселелер бойынша өткізіледі, ал тәуекелдердің екі және одан көп тобы бойынша балл жинау кезінде тексеру бақылаудың барлық мәселелері бойынша кешенді өткізіледі.
Тәуекел дәрежесінің бір деңгейі шеңберінде тексерулер өткізу үшін
субъектілерді іріктеу қағидаттары:
1) берілген (алған) баллдардың ең көп сомасы бойынша;
2) берілген баллдар тең болған жағдайда тексеру үшін субъекті іріктеу оның өндірістік немесе өндірістік емес объектілеріне қатыстылығына қарай жүзеге асырылады;
3) жоғарыда көрсетілген белгілер бойынша көрсеткіштер тең болған жағдайда тексерулер жоспарына ең көп тексерілмеген мерзімі бар субъект енгізіледі.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу  



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях