Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесі

1815
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі қамтамасыз етеді тәуекелдерді басқару саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау қызметімен байланысты ұйым

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары өндірісте еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуді, өндірістік жарақаттанудан сақтандыру мен алдын алуды,құқықтық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-экономикалық шараларды дайындау мен іске асыру есебінен еңбек үдерісінде адам денсаулығы мен өмірін сақтауды көздейді.

Халықаралық талаптарға сәйкес

Республиканың БДСҰ-на кіруге дайындығына байланысты республика-
да қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді халықаралық талаптарға сәйкестендіру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріндегі стандарттау саласында заңнама жүйесін қалыптастыру қажет.
Нарықтық экономикасы бар көптеген елдерде неғұрлым тиімділікті мыналар сөз етедi:
– ұйымдарда өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында менед-
жмент жүйесін – OHSAS-18001 халықаралық стандарты мен ХЕҰ «Еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша басшылыққа» сәйкес ұсынған еңбекті қорғауды басқару жүйесі ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001-ді енгізу;
– өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу.
Еңбекті қорғауды басқару бойынша жұмыстарды, тиімділігі жоғары ұжымдық және жеке қорғану құралдарын әзірлеу мен өндірісін дамытуды қосқанда еңбекті қорғаудың техникалық құралдарының өндірісін ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.

Заң актілерінің жүйесі

Басқару жүйесін жетілдіру іс-тәжірибелік нәтижелер алуға мүмкіндік
беретін ұйымдастыру, ғылыми, технологиялық және тәжірибе-
құрылымдаушылық әзірлемелерді орындауды көздейді, бұл үшін өндірістік
ұйымдарда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметін құру және
республика өндірістік ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін
халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді енгізуге жағдай жасайтын
салаішілік шараларды өткізу қажет.
Еңбекті қорғау – еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң актілерінің, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, емдік-профилактикалық шаралардың жүйесі.
Еңбекті қорғаудың міндеті – ең жоғары еңбек өнімділігі кезінде жайлылықты қамтамасыз ете отырып, бір мезгілде жұмыс істеушінің зардап шегу немесе ауруға шалдығу ықтималдығын барынша азайту. Өндірістік шынайы жағдайлар қауіпті және зиянды факторлармен сипатталады. Қауіпті өндірістік факторлар – әсер етуі жұмыс
істеушіні белгілі бір жағдайларда жарақаттауға немесе басқа да кәсіптік ауруларға әкелетін факторлар. Әсер етуі белгілі бір жағдайларда жұмыс істеушіні ауруға немесе жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне әкелетін фактор зиянды өндірістік фактор деп аталады. Қауіптілері – механизмдердің қозғалыстағы бөлшектері, ысыған денелер.
Зияндылары – ауа, ондағы қоспалар, жылу, жарықтандырылудың жеткіліксіздігі, шу, діріл, иондаушы лазерлік және электрмагниттік сәулеленулер.
Басқару жүйесі – саясат пен мақсаттарды әзірлеуге және осы мақсаттарға
қол жеткізуге арналған жүйе (ұйымды басқару жүйесі басқарудың сапаны басқару жүйесі немесе қоршаған ортаны қорғауды басқару сияқты әр түрлі жүйелерді қамтуы мүмкін).
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі (бұдан әрі – ЕҚБЖ) – ұйым басқарудың (менджменттің) жалпы жүйесінің ұйым қызметіне байланысты еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау саласындағы қатерлерді басқаруды қамтамасыз ететін бөлігі.
Жүйе: ұйымдық құрылымды; жоспарлау жөніндегі қызметті; жауапкершіліктерді бөлісуді; мақсаттарды әзірлеуге, енгізуге, қол жеткізуге, ұйымдағы еңбекті қорғау жөніндегі саясат пен шаралардың нәтижелілігіне талдау жасауға арналған рәсімдерді, үдерістер мен ресурстарды қамтиды (МемСТ 12.0.230-2007 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар»).
ТМД-ның 11 мемлекеті (Грузиядан басқасы) 2007 жылы наурызда «Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар. ILO-JSH 2001. (IDT)» еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің жаңа МемСТ 12.0.230-2007 мемлекетаралық стандартын қабылдады.
Қазақстан Республикасында бұл МемСТ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 249-од бұйрығына сәйкес 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.
Жаңа МемСТ ХЕҰ-ның ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 Еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша Басшылықта баяндалған ұстанымдарға толықтай сәйкес келеді және ұқсас.

Қазақстан Республикасы үшін жаңа МемСТ-тың маңыздылығы мынаумен анықталады:

1) Біріншіден, бұл МемСТ еңбекті қорғауды басқару жүйесін регламенттейтін, дүние жүзіндегі бірден-бір ресми халықаралық құжатқа – ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 Басшылығына ұқсас. Осылайша, Қазақстан еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша бірыңғай құқықтық кеңістікке енеді, бұл оның бірыңғай дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кіруін жеңілдетеді.
2) Екіншіден, кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйелерін жасау еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты жетілдіруге жағдай жасайды, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруға шалдығушылықты қысқартуға әкеледі.
3) Үшіншіден, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің бірыңғай моделінің болуы жұмыс беруші іс-әрекеттерінің еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздіктің нормативтік талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік стандартта ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйелеріне
қойылатын талаптар бар, стандарт OНSAS 18001 стандартымен үйлестірілген, оны бірқатар елдердің (Ұлыбритания, Жапония, ОАР, Ирландия)стандарттау жөніндегі ұлттық органдарының, фирмалары мен зерттеуші ұйымдарының және ILO-OSH 2001 басшылығының қатысуымен әзірленді. Жүйені жасаудың міндетті болып та-
былмайтынын, тек ұйымның еңбекті қорғау саласындағы өз қызметін жетілдіру ниетімен ғана белгіленетінін атап өткен жөн.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі

Осы стандарттың талаптарына сәйкес келетін еңбекті қорғауды басқару жүйесі ұйымның еңбекті қорғау саласындағы өз саясаты мен міндеттерін іске асыруына және оның бұл саладағы қызметін бөгде ұйымдардың бағалауы үшін арналған.
Стандарт еңбекті қорғауды басқару элементтеріне талаптар белгілейтін жалпы техникалық стандарт болып табылады.Стандарт талаптары экономиканың (өнеркәсіп салаларының) нақты секторына қарамастан барлық үлгілер мен мөлшерлердегі ұйымдарға қолданылады.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу мен енгізуге ұйым қызметінің саласы, оның нақты міндеттері, шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ пайдаланылатын технологиялық үдерістер, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары мен еңбекті қорғау саласындағы іс тәжірибесі белгілі бір ықпал етеді.
ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу оңай емес және
бір сәттік үдеріс емес. Алда оны жергілікті жерлерде енгізу жөнінде айтарлықтай жұмыс тұр. Көптеген ұйымдар қызметкерлердің (персоналдың) еңбегін қорғауды басқарудың тиімділігі мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүдделілік білдіреді. Бұл еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы қатаңдату және экономиканы реформалау жағдайларында жасалады.
Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы өндіріс дамуының жаңа
басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуы; өндіруші өнеркәсіптен қайта өңдеуші кәсіпорынға өтудің жүзеге асырылуы;
халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жасау.
Осыған байланысты жоғарыда аталған міндеттерді шешуге жаңа тәсілді пайдалану қажеттігі туындады.

Жаңа тәсіл

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, отандық өнім қауіпсіздігін, қазақстандық өнімнің шетелдік нарықтарға экспортының кеңеюі проблемаларын шешу өнім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізумен, менеджменттің заманауи жүйелерін енгізумен мүмкін болды.
Индустриялық дамыған елдерде бұрыннан келе жатқан қауырт бәсеке мен өндірісті технологиялық күрделендіру менеджменттің заманауи жүйелерін енгізу мен оларға қолдау жасауды асқан қажеттілікке айналдырды.
Тұжырымдаманың бастапқы алғышарттары:
1) қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі;
2) қазақстандық экономиканы дүниежүзілік экономикаға кіріктіру үшін
жағдайлар жасау;
3) ұтқыр нарық жағдайларында мемлекеттік органдардың, өндірушілердің,
қоғамдық ұйымдар мен тұтынушылардың мүдделері теңгермелігін
қамтамасыз ету болып табылады.
Заманауи менеджмент проблемаларын түсінуде жаңа ұрпақ менеджменті
жүйелерінің стандарттары үлкен рөл атқарады.

Халықаралық стандарттар

Бүгінгі күні кез келген мөлшердегі, қызмет түрлері мен меншік
формаларындағы ұйымдарда менеджменттің заманауи жүйелерін әзірлеу
мен енгізуге қатысты халықаралық стандарттардың тұтастай бір қатары бар – ISO 9001:2008 ХС «Сапа менеджменті жүйелері – Талаптар», ISO 14001:2004 ХС «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолданылуы жөніндегі талаптар мен басшылық», OHSAS 18001 «Кәсіптік денсаулық пен еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйелері», ISO 22000:2005 ХС «Тағам өнімі қауіпсіздігі менеджментінің жүйелері. Азық-түлік тізбегіндегі кез келген ұйымдарға қойылатын талаптар», SA 8000:2001 ХС «Әлеуметтік жауапкершілік», ИСО/ МЭК 17025-2009 ХС «Сынақ және мөлшерлеу зертханалараның құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар», ISO/TS 16949:2002 ХС «Сапа менеджментінің жүйелері. ISO 9001:2000-ды автомобиль өнеркәсібі мен тиісті қосалқы бөлшектер шығаратын ұйымдарда қолдану жөніндегі ерекше талаптар», ISO/
TS 29001:2003 «Сапа менеджментінің жүйелері. Өнеркәсіптің мұнай, мұнайхимиялық және газ салалары».
Дүние жүзінде сапа менеджментінің 9000 сериясындағы ISO талаптарына сәйкес келетін жүйелер анағұрлым танымалдылыққа ие болды. Бұл стандарттардың бірінші нұсқасы 1987 жылы қабылданды, және осы уақыттан бастап сапа менеджменті жүйелеріне 900 сериясындағы ISO стандарттары дүние жүзіндегі ең ендірілуші стандарттарға айналды.
Сапа менеджменті идеологиясының негізгі мақсаты тұтынушылардың
қолданыстағы және күтілетін қажеттіліктерін компанияның барлық
қызметкерлерінің қатысуы және компания басшылығының сапа
менеджментіндегі көшбасшылық рөлі кезінде қанағаттандыру болып та-
былатын компанияның өнімді шығарудың (қызметтер көрсетудің) барлық
үдерістерін тұрақты және жүйелі басқаруы болып табылады.
Бірқатар бағыттар бойынша басқару (менеджмент) жүйелерінің жасалуы мен қызмет ету әдіснамасы көпке танымал 900 сериясындағы ИСО халықаралық стандарттары (сапаны басқару) және 14000 сериясындағы ИСО (қоршаған ортаны қорғауды басқару) халықаралық стандарттарымен анықталады. Бұл халықаралық стандарттармен анықталатын басқару жүйелерінің жасалу және қызмет ету әдіснамасының негізіне қызметтің қарастырылып отырған бағытындағы саясат шеңберінде іске асырылатын белгілі: «жоспарла – орында – бақыла – жетілдір» ұстанымдары негізге алынған.
Белгілі британдық BS 8800-96 «Персоналдың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауды басқару жүйелері бойынша басшылық» (Guide to Occupational health and safety management systems» стандарты мен оның негізінде әзірленген OHSAS 18001 (аббревиатура OHSAS – Occupotional Health and Safety Assesment Series «Персоналдың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауды басқару жүйелері.Талаптар» және Халықаралық еңбек ұйымының ILO-OSH 2001 басшылығы ұйымдағы
еңбекті қорғауды басқару жүйесін жасауға бағдарланған, оны қосымша жүйе түрінде ұйымдағы басқарудың (менеджмент) кіріктірілген жүйесі шеңберінде басқару (менеджмент) жүйесінің басқа қосымша жүйелерімен біріктірілуі мүмкін болушы еді.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі жұмыс істеуінің табысы басқарудың барлық деңгейлерінде, ұйымдағы барлық бөлімшелер мен қызметкерлерінің, әсіресе оның басшылығының (жұмыс берушінің) өзіне алған міндеттемелерге байланысты болады.

Негізі нормативтік базаны

Ұйым ЕҚБЖ –н құру мен жұмыс істеуінің нормативтік-құқықтық базасының негізін ҚР еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, ҚР-ның «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Техникалық реттеу туралы» Заңдары, ҚР Үкіметінің еңбекті қорғау мәселелері
жөніндегі қаулылары, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар, стандарттар құрайды.
Жүйенің табысы барлық деңгейлерде және ұйымның барлық бөлімшелерінің, әсіресе оның жоғары басшылығының өзіне алған міндеттемелеріне байланысты болады. Мұндай жүйе ұйымға еңбекті қорғау жөнінде өз саясатын әзірлеуге, еңбекті қорғаудың мақсаттарын белгілеуге және саясат шеңберінде алынған міндеттемелерді орындауға бағытталған үдерістерді қолдануға, еңбекті қорғауды қамтамасыз
етудің нәтижелілігін арттыру үшін қажетті шараларды қабылдауға,сондай-ақ әлеуметтік-бағытталған өндірісті жасауға және өз жүйесінің ҚР СТ 12.0.003-2010 «Ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Әзірлеу, қолдану, бағалау және жетілдіру бойынша жалпы талаптар» стандарты талаптарына сәйкестігін көрсетуге (декларациялауға) мүмкіндік береді.
ЕҚБЖ басты міндетін іске асырудың негізгі әдісі әрбір жұмыс орнын-
да қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қатерді жол берілетін ең төменгі шекке дейін төмендету болып табылады.
Қатер – белгілі бір қауіпті оқиғаның туындау ықтималдығы мен
салдарларының үйлесуі.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің күрделілігі мен егжей-тегжейлілік дәрежесе, құжаттама көлемі және жүйеге бөлінетін ресурстар жүйенің қолданылу саласы, кәсіпорын көлемі және оның қызмет түрі, шығаратын өнімі (көрсететін қызметі) сияқты тұтастай факторлар қатарына байланысты болады.

Шешілетін негізгі міндеттер ЕҚБЖ

Ұйымда ЕҚБЖ жұмыс істеуінің мәселелері бойынша әзірленетін нормативтік әдістемелік, ұйымдастыру құжаттары мынадай талаптардың орындалуын:
– өз бөлімшелерінде еңбекті қорғаудың жай-күйін тұрақты бағалауды;
– еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен саясатты тұжырымдауды;
– оларға қол жеткізудің тәсілдерін әзірлеу және іске асыруды;
– ҚР қолданыстағы заңнамасымен көзделген бақылау функцияларын жүзеге асыруды;
Басшылар мен ұйым мамандарының, оның бөлімшелерінің еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмысын бағалауды, олардың бұл бағыттағы қызметін көтермелеуді қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымда ЕҚБЖ шешетін мынадай негізгі міндеттер белгіленген:
– еңбекті қорғау саласындағы ұйым мақсаттары мен саясатын нақтылау;
– ұйымның еңбекті қорғау саласындағы стратегиялық мақсаттары мен саясатына қарай бағдарламаларды, жоспарларды, өзге де ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды әзірлеу мен іске асыру;ұйым персоналын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша дайындау және аттестаттау;
– негізгі қатерлерді бағалау, есепке алу және бақылау;
– авариялардың, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жасау;
– авариялардан сақтандыруға бағытталған жұмыстарды үйлестіру;
– өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, олар жағдай жасайтын жоғалтуларға өтемдер жасауды жүзеге асыру.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
– жұмысты ұйымдастыру, басқаруға қатысушылар арасындағы лауазымдық міндеттерді белгілеу;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне бақылау жасау;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйін есепке алу, талдау жасау және бағалау;
– еңбек жағдайларын жақсартуға ынталандыру.
Қолданыстағы еңбек заңнамасы кәсіпорында еңбекті қорғауды ұйымдастыру үшін басшы және техникалық жетекші жауап беретінін белгілеген. Бөлімшелерде мұндай жауапкершілік бөлімшелердің басшыларына жүктеледі. Еңбекті қорғауға тікелей басшылық жасауды ұйымның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау Қызметі жүзеге асырады. Еңбекті қорғауды басқару жүйесінде басқару объектісі
барлық бөлімшелердегі жұмыс орындарында еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі кәсіпорынның функциялық дирекциялары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметі болып табылады, яғни еңбекті қорғауды басқару бойынша жұмыста еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында өздеріне жүктелген функциялық міндеттеріне сәйкес барлық құрылымдық бөлімшелер әрекет етеді.

Міндеттерді бөлу

Ұйым басшысынан бастап барлық лауазымды тұлғалардың еңбекті қорғау
саласындағы міндеттерді бөлудің маңызы зор. Функцияларды неғұрлым толық баяндау бөлімшелер жұмысын жақсы ұйымдастыруға ғана емес, сондай-ақ бақылаудың тиімділігін арттыруға да мүмкіндік береді. Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан сақтандыру құралдарының бірі болып табыла отырып, жұмыс орындарындағы еңбекті қорғаудың жай-күйіне тұрақты профилактикалық бақылау
еңбекті қорғау талаптарынан ауытқушылықтарды дереу айқындау және оларды жою жөнінде қажетті шараларды қабылдау жолымен жүзеге асырылады.
Еңбекті қорғауды басқару бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты,
шешімдер дайындау мен іске асыруға бақылау жасауды еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау қызметі жүзеге асырады.
Еңбекті қорғау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру
басқаруға қатысушы тұлғалардың міндеттерін бөлу мен өзара әрекеттестік тәртібін, сондай-ақ шаралар қабылдауды (бұйрық, өкімдер, нұсқаулар және т.б.) көздейді.
Бұған қоса, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі және (немесе)
оның мамандары кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу мен қолдану мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді;
еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың сақталуына, ғимараттардың, құрылыстардың, өндірістік жабдықтардың, желдету, кондиционерлеу жүйлерінің, санитарлық-техникалық құрылғылар мен санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың техникалық жай-күйіне, белгіленген нормалар мен ережелерге сәйкестігіне тексеру-
лер жүргізеді; жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларына, өндірістік жарақаттану мен ауруға шалдығушылықтың жай-күйіне талдау жасайды; тиісті қызметтермен бірге айқындалған бұзушылықтарды жою, жарақаттану мен ауруға шалдығушылық тан сақтандыру жөніндегі шараларды әзірлейді, көрсетілген шаралардың енгізілуін ұйымдастырады; кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне ЕҚБЖ енгізуді ұйымдастыруда кеңестер береді және іс-тәжірибелік көмек көрсетеді, ЕҚБЖ қолдану жөніндегі шешімдер жобаларын дайындаумен айналысады, тиісті ақпараттық-есепке алу құжаттамасын жүргізеді, белгіленген тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе нұсқаманы және білімдерін тексеруді өткізеді және т.б. 

Функциялары кәсіпорын әкімшілігінің

ЕҚЮЖ-н енгізу және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды сақтау мақсатында кәсіпорын әкімшілігіне мынадай функциялар жүктеледі:
– еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту мен нұсқамалар беруді өткізу;
– қызметкерлерді кәсіптік іріктеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
– кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі барлық талаптар мен нұсқаулықтардың сақталуына бақылауды жүзеге аксыру.
Басшы мен әкімшілік еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мен жағдайларын
жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек ұжымының жұмыстың қауіпсіз әдістерін иқамтамасыз ету мен қызметкерлерге еңбектің зиянды жағдайларының әсерлерін төмендету бөлігіндегі әлеуметтік даму перспективаларын белгілейді, осы мақсаттарға қаржы бөледі, кәсіпорынның басшы құрамының өндірістік кеңестерінде еңбекті қорғаудың жай-
күйі туралы мәселенің тұрақты қарастырылуын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс нәтижелері бойынша кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына көтермелеу немесе жаза қолдану жөнінде шаралар қабылдайды, еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады және т.б.

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары: 

құрылымдық бөлімшелердегі бағыныштылардың еңбектің қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі басқа да талаптардың сақталу жұмысын ұйымдастырады; жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мен тетіктердің жабдықтарын, айлабұйымдарды, аспаптарды қауіпсіз пайдалануды, еңбектің қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайларын ұстап тұруды қамтамасыз етеді, өтпелер мен өтпе жолдарға заттардың үйілуі мен ыбырсуына жол бермейді; құрылымдық бөлімшелердің бағыттары бойынша жабдықтардың техникалық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу мен енгізуді, қауіпті және зиянды процесстерді болғызбау мақсатында өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді, өндірістік жарақаттанушылықтың себептеріне талдау жасайды, өндірістегі жазатайым оқиғаларды болғызбауға, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеу мен орындауды қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтарды, жұмыс орындарындағы нұсқамалар бағдарламаларын әзірлейді, белгіленген тәртіппен нұсқамалар мен білімді тексеруді өткізеді және т.б.

Ұжымның барлық бөлімшелерінің еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы тұрақты ақпараты, жиналыстарда, кеңестерде еңбекті қорғауды бұзушылықтар, авариялар мен жазатайым оқиғалар нәтижелерін талқылау барлық бөлімшелердің барлық қызметкерлеріне еңбекті қорғауды басқару жүйесінде елеулі рөл берілетінін көрсетеді.Барлық бөлімшелердің қызметкерлері ЕҚБЖ міндеттерін шешу мен еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға тартылады.

Хабардар етуге басшыларының

Әрбір қызметкер жоғары тұрған басшыны еңбекті қорғау талаптарын
бұзушылықтар мен айқындалған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етуге, бөгде тұлғалардың өндірістік учаскелерде болуына жол бермеуге, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалауға міндетті.
Сондай-ақ ұйымның кәсіподақ комитеті еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар арқылы ЕҚБЖ міндеттерін шешуге тұрақты қатысады:
– ЕҚБЖ жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
– еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманың және еңбекті
қорғау туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына, еңбекті қорғаудың жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
– еңбек жөніндегі қоғамдық инспекторлар мен еңбекті қорғау жөніндегі
бірлескен комитеттердің мүшелерін оқытуды ұйымдастырады және өткізеді;
– қызметкерлерге еңбекті қорғау, денсаулық мәселелері бойынша қажетті
консультациялық көмек көрсетеді;
– қызметкерлерді болып өткен жазатайым оқиғалар мен авариялар, олардан сақтандыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді.

Сондай-ақ кәсіподақ комитеті:

– Еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) жұмысына, барлық дең-
гейлердегі еңбекті қорғаудың жай-күйіне, ұжымдық шарт пен келісімде
көзделген шаралардың орындалуына әкімшілік-қоғамдық бақылау жасауға;
– еңбекті қорғау мәселелерін регламенттейтін нормативтік құжаттарды
әзірлеуге;
– өндірістегі жазатайым оқиғалар мен аварияларды тергеп-тексеруге,
авариялардың, өндірістік жарақаттанушылық, кәсіптік аурулардың мән-
жайлары мен себептерін талдауға;
– жаңадан салынған немесе жаңғыртылған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады.
ЕҚБЖ шеңберіндегі шараларды жоспарлау ұйымдағы еңбекті қорғаудың нақты жай-күйі негізінде жүргізіледі.

Жоспарларды әзірлеу кезінде

Жоспарларды әзірлеу кезінде:

- жарақаттанушылық, ауруға шалдығушылық (жалпы және кәсіптік), орын алған авариялар, оқыс оқиғалар мен олардың туындау қатері;

- жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері;

- жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық
жай-күйі;

- еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайлары;

- қадағалаудың мемлекеттңк оргпндарының ұйғарымдары, заңдар, қаулылар және басқа нормативтік құжаттар есепке алынады. Еңбекті қорғауды болжамдау, еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды перспективалық және ағымдық жоспарлау жүзеге асырылады.
Болжамдаудың мақсаты өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруға
шалдығушылық серпінін төмендетуді ықтималдық бағалау болып табылады. Болжамдау өндірістік қатерлерді зерттеу мен еңбекті қорғауды қауіпсіздік қамтамасыз етілетін деңгейде ұстап тұруға негізделеді.
Перспективалық жоспарлардың мақсаты еңбек жағдайлары мен қорғауды
3-5 жылдық бағдарламалар негізінде және ұйымның қаржы-кономикалық
қызметі нәтижелерін есепке ала отырып, түбірлі жақсарту болып табылады.

Жоспарлар мен іс-шаралар

Еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі жоспарлар мен шаралар
қаржылық, материалдық-техникалық, жобалық-құрылымдаушылық және кадрлық жағынан қамтамасыз етілуі тиіс. Ұйымдастыру-өкімдік құжаттарда (бұйрықтар, қаулылар, хаттамалар және басқалар) мерзімдер мен жауапты орындаушылар көрсетіледі.
Еңбекті қорғау бойынша шараларды ағымдық жоспарлау (жыл, тоқсан, ай) еңбекті қорғау жөніндегі шаралар жоспарларын әзірлеуді қамтиды.Жылдық жоспарлар ұйым, оның құрылымдық бөлімшелері деңгейінде, ал ағымдағы (тоқсандық, Еңбек заңнамасының сақталуына бақылау айлық) жоспарлар – бөлімшелер, цехтар мен қызметтер деңгейінде әзірленеді.
Мұндай жоспарларда мынадай шаралар көзделеді:
– кадрлардың біліктілігін арттыру, инженер-техникалық қызметкерлердің,
жұмысшылардың, қызметшілердің еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру;
– бұрын аттестатталмаған немесе жаңадан ұйымдастырылған объектілердегі
жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау;
– жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерін есепке алғанда еңбектің
санитарлық-гигиеналық жағжайларын қалыпқа келтіру;
– қызметкерлерге емдік-профилактикалық және санитарлық-тұрмыстық
қызмет көрсету; ауыр және көп еңбектенуді талап ететін жұмыстарды механикаландыру, автоматтандыру;
– ұйым бөлімшелеріндегі еңбекті қорғаудың жай-күйіне кешенді және мақсатты тексерулер.
Әрбір тармақта мерзімдері, көлемдері, қаржылық қамтамасыз ету және жа-
уапты орындаушы көрсетілуі тиіс. Ұйымның ұжымдық шартына оларды іске асыру үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген (тиісті жоспарлық-экономикалық құжаттарда расталған) неғұрлым маңызды шаралар қамтылады. Еңбекті қорғау жөніндегі келісім жылдық жоспар, ұйым бөлімшелеріндегі еңбекті қорғаудың жай-күйі есепке алына отырып жасалады және мынадай мәселелерді қамтиды: еңбекті қорғаудың жай-күйі, еңбек пен дема-
лыс режімі, кадрларды оқыту және дайындау, денсаулыққа келтірілген зиян үшін жәрдемақы, өтемақы беру, сондай-ақ еңбекті қорғаудың жай-күйіне бақылау жасау талаптары. Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың өзара келісімімен жүргізіледі. Келісімнің орындалуына бақылау жасауды тікелей тараптар немесе уәкілетті өкілдер,еңбекті қорғау жөніндегі жоспардың орындалуына бақылау жасауды – ұйымның, оның бөлімшелерінің тиісті басшылары мен мамандары,
сондай-ақ кәсіодақ комитеттері мен еңбекті қорғау жөніндегі комитеттер (комиссиялар) жүзеге асырады. Шаралардың орындалу барысы еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі кеңестер мен жиналыстарда мезгіл-мезгіл қарастырылады.
Әрбір деңгейдегі (бөлім, учаске, цех, қызмет) басшы еңбекті қорғау жөніндегі жоспарлармен немесе келісімімен көзделген шаралардың орындалуына қол жеткізуге міндетті. Мерзімдерді ауыстыру жоспарға қол қойған тұлғалармен келісіледі және бекітіледі.

Еңбекті қорғау саласындағы саясат 

Ұйымның жоғары басшылығы еңбекті қорғау саласындағы саясат үшін жауап береді, еңбекті қорғау проблемаларын шешуде көшбасшылық пен өз саясатын іске асыруда мүдделілік көрсетеді, бұл үшін ЕҚБЖ құрады, ол ұйымды басқару жүйесінің бөлігіне айналады, нақты мақсаттар мен міндеттерді белгілейді. Қорытындысында басшылық еңбекті қорғау саласында тұжырымдама (философия) жасап шығарады,
яғни өз ұйымының еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастырады.
ЕҚБЖ мәселелері жөніндегі құжаттармен (жоғары деңгейдегі басшылар қол қойған) ұйымның барлық қызметкерлері таныстырылуы тиіс. Олар жұмыс орындарына ілінеді, қызметкерлер әр түрлі кеңестерде, семинарларда, қорытынды шаралдарда үнемі талқылайды.
Орта деңгейдегі басшылардың рөлі – жұмыстардың қауіпсіздігін, құрылымдық бөлімшенің барлық қызметкерлерінің еңбекті қорғау саласындағы міндеттерді, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі талаптарды орындауына бақылау жасауды қамтамасыз ету, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық рәсімдерді орындауға ынталандыру. Жазалау (тапсырмаларды орындамағаны, талаптарды сақтамағаны үшін және т.б.) нақты
бағытталған болуы тиіс. Орта деңгейдегі басшылар еңбекті қорғау мәселелерін шешуде бөлімшенің әр түрлі өндірістік топтарының (технологтар, механиктер, электршілер және т.б.) арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, оларды және ұйымның жоғары басшылығын еңбекті қорғаудың шешілетін проблемалары тура-
лы хабардар етеді.

Жай-күйін талдау еңбекті қорғау

ЕҚБЖ-ндегі жұмысшылардың, учаске бастықтарының және т.б. рөлін бағалай отырып, көтермелеудің әр түрлі формаларын көздеген және оларға тікелей қатысы жоқ тұлғаларды жазатайым оқиғалар, авариялар, басқа да оқиғалар үшін жазалау шараларына жол бермеген жөн. Бұл ұйымда сенім, әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік қанағаттану, бұған әсіресе мастерлер мен жұмысшылар ерекше мұқтаж болатын қамқорлық сезімін сезіну ахуалын жасауға мүмкіндік береді, бұған көбінде жұмыс
орындарында қауіпсіздікті, тәртіп пен реттілікті сақтауды қамтамасыз ету байланысты болады.
ЕҚБЖ әзірлеу үшін ұйымдағы еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау және
егжей-тегжейлі талдау жасау талап етіледі.

Талдау жасау бөлімшелер мен
жұмыс орындарындағы мән-жайларды зерттеуден, сондай-ақ еңбекті қорғаудың барлық бағыттары бойынша құжаттаманы зерделеуден басталады:

– қауіпті факторларды сәйкестендіру, қатерлерді айқындау мен бағалау
қорытындыларын зерделейді;
– жарақаттанушылық, кәсіптік ауруға шалдығушылық, авариялылықтың
жай-куйі туралы, олардың себептері мен оларды болашақта болдыр-
мау мақсатымен қабылданған шаралар туралы құжатты ресімделген
есептерді зерделейді;
– авариялар мен жазатайым оқиғалар туындаған кезде персоналдың іс-
әрекеттерін регламенттейтін құжаттардың бар екендігін айқындайды;
– жазатайым оқиғаларды, кәсіптік ауруларды, аварияларды тергеп-
тексеру мен есепке алудың жағдайы қандай екендігін айқындайды;
– еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі мен басқа да – өрт қадағалауы, экологиялық қауіпсіздік, өндірістік бақылау және т.б. бөлімшелерінің құрылымын (сондай-ақ санын, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін) анықтайды;
– жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
нәтижелерінің мәліметтерін, авариялылық, жарақаттанушылық
және ауруға шалдығушылық туралы мәліметтерді талдайды;

- ұйымда қолданылатын өнім сапасын басқару мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерін ұйымдастыруды зерделейді;

- еңбекті қорғауды ақпараттық қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімдерін тексеру (басшылар мен қарамағындағылар) жүйесінің, еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің барлық санаттарын материалдық көтермелеу жөніндегі жұмыс нәтижелерін бағалау жүйесінің қаншалықты тиімді екендігін айқындайды;
– басқарудың әр түрлі деңгейлерінің персоналы мен басшыларына сауалдама (сұхбатнама) жүргізеді.

Құжаттау еңбекті қорғау жүйесі

Сондай-ақ ЕҚБЖ-н қалай құжаттандыруды анықтау қажет. Тәжірибе мынадай құжаттаманы әзірлеу мақсатқа лайық екендігін көрсетеді.
ЕҚБЖ бойынша басшылық – жүйенің қысқаша сипаттамасы мен ұйым
басқармаларының (бөлімдерінің), лауазымды тұлғаларының арасындағы
өзара байланысын қамтитын жүйе бойынша өзінше бір жол бастаушы.
Стандарттар – ұйым үшін жалпы рәсімдерді (мысалы, қатерлерді бағалау
әдістемесі, ЕҚБЖ ішкі аудитін өткізу регламенті) және ұйым үшін мәнді болып табылатын нақты операцияларды (мысалы, жүк көтеруші машиналарды пайдаланудың қауіпсіздігі, газ шаруашылығының қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және т.б.) басқару рәсімдерін жүзеге асыру кезінде өзара байланыстарды неғұрлым егжей-тегжейлі сипаттау.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық – нақты жұмыс
орындарындағы (жабдықтағы) және жекелеген кәсіптер бойынша жұмыстарды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін талаптарды қамтиды.
Есептер беру (еңбекті қорғау саласындағы қызмет туралы)мен есептіліктің
формалары (белгіленген үлгідегі құжаттар).
Құжаттаманың қосымша деңгейі ретінде (ірі кәсіпорындарда) мысалы,
агрегаттық журналдар, технологиялық карталар, наряд-рұқсаттар және т.б. енгізеді.
Дүниежүзілік іс-тәжірибеде ЕҚБЖ тиімділігін бағалау кезінде қауіпті факторлар немесе мүмкін болатын қатерлер туралы мәліметтерді пайдаланады. Авариялылық пен жарақаттанушылық көрсеткіштері (реактивті көрсеткіштер) бойынша бағалау әрқашанда дұрыс бола бермейді. Белсенді көрсеткіштерді есепке алу, яғни басшылардың еңбегін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қол жеткізген нәтижелері бойынша бағалау мақсатқа лайық, Белсенді көрсеткіштерімен
қызметкерлерді көтермелеу де байланысты болуы тиіс. Басшылар мен бөлімшелер мамандарының жұмысын бағалау ай сайын (мезгіл-мезгіл) жүзеге асырылуы тиіс.

Бөлімше басшысы (кәсіподақ ұйымымен бірге) еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ынталандыру туралы Ережені әзірлейді және бекітеді, бұл саладағы белсенді көрсеткіштерді (факторларды) есепке алады. Реактивті көрсеткіштер (самарқау факторлар) қандай да бір оқиғаға (жазатайым оқиғаға және басқаларына) тікелей қатысы бар тұлғалардың ғана жұмысын бағалауға әсер етуі мүмкін.

Белсенді факторларға:

- еңбекті қорғаудың ноормативтік талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

- жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкестігі;

- еңбек жағдайлары сыныптарын бағалаудағы, еңбекті қорғау жөніндегі жоспарлардың, міндеттердің орындалу сапасы;

- басшылар мен мамандардың білімін, нормативтік-техникалық және басқа құжаттаманың жай-күйін тексеру;

- персоналды оқытудың сапсы мен өз уақытында болуы;

- аралап шығулар, тексерулер, кеңестердің және т.б. саны;

- өнертапқыштық жұмысын ұйымдастыру;

- шағымдарды қарау жөніндегі жұмыстың тиімділігі; ЕҚБЖ-н кадрлық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау бойынша шараларды қаржыландыру;

- аудит ұйымдастыру және техникалық жағынан қамтамасыз ету жатады.

Самарқау факторларға жарақаттанушылық

- кәсіптік аурулар, жазатайым оқиғалардан, авариялар мен өрттерден, қоршаған ортаны ластаудан және еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нормалар мен ережелерді бұзушылыққа байланысты экономикалық залал туралы мәліметтер жатады.

Бұл факторлар тобын:

- ЕҚБЖ жұмысындағы кемшіліктерге байланысты (толық немесе ішінара) факторларға; тек салааралық және салалық нормативтік құжаттаманың кемшіліктерімен ғана байланысты;

- зардап шегушінің өзі белгіленген ережелер мен нормаларды сақтамауымен байланысты факторларға бөледі.
Әрбір бөлімшеде жылына 1 реттен кем емес, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті
қорғау қызметі басқа бөлімшелердің мамандарын немесе сыртқы аудитті тартумен ұйымдастыратын ЕҚБЖ қызметін кешенді тексеру өткізілуі тиіс.
Бөлімшелерді, жекелеген қызметкерлерді, мамандар мен басшылар-
ды экономикалық көтермелеу ұйымның еңбекті қорғау саласындағы саясатын іске асыруға қосқан үлесі бойынша анықталуы тиіс. Еңбекті қорғау бойынша қанағаттанғысыз жұмысы кезінде басшылар мен мамандар тәртіптік және материалдық жауапкершілікке, ҚР заңнамасымен белгіленген жағдайларда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Сыйлықақылардан айыру және ықпал етудің басқа шаралары жарақаттанушылық, ауруға шалдығушылық авариялылық көрсеткіштерінің нашарлауы кезінде ғана емес, сондай-ақ персонал өмірі мен денсаулығына қатер төндіруге қабілетті бұзушылықтарды айқындау
кезінде де қолданылуы тиіс.

Жеке материалдық көтермелеу формаларына:

– белсенді көрсеткіштер негізінде еңбекті қорғаудың жай-күйіне рейтингтік бағаларды есепке ала отырып, басшыларды жіктеушілік сыйлықақылау;
– қызметкерлерді ұзақ уақыт бойы авариясыз жұмыс істегені үшін
сыйлықақылау;
– еңбекті қорғауды жақсартуға бағытталған рационализаторлық ұсыныстары (арнаулы әдебитетті, баспасөздегі хабарлардың , отандық және шетелдік кәсіпорындар тәжірибесін зерделеу негізінде бірегей және тұжырымдалған) үшін төлемдер;
– еңбекті қорғау құрылымын, нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстары мен әзірлемелері үшін төлемдер;
– қосымша міндеттерді, мысалы, ақпараттық қамтамасыз етумен, компьютерлік бағдарламаларды әзірлеумен, персоналды оқытумен, еңбекті қорғауды насихаттаумен, шетелдік әдебиетті аударумен байланысты міндеттерді орындағаны үшін төлемдер;
– еңбекті қорғау жөніндегі біліктілігін арттырғаны, білімін жақсартқаны үшін жалақыға коэффициенттер енгізу жатады.

Егер бөлімшеде (учаскеде, ауысымда, қызметте) мыналар болып өтсе,
қанағаттанғысыз баға қойылады:

– жұмыстарды жүргізуді қанағаттанғысыз ұйымдастырудың , еңбекті қорғау ережелері мен нормалары талаптарын орындамағандықтың салдарынан болатын жазатайым оқиғалар;
– қанағаттанғысыз профилактика, орындалған жұмыстардың толық емес
көлемінің салдарынан жабдықтың (электрлік, механикалық, энергетикалық) авариялық тоқтаулары;
– өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтың салдарынан болатын өрттер;
– технологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарын бұзудың салдарынан басқа төтенше жағдайлар.
Кәсіпорында енгізілген тұтастай алғанда еңбекті қорғауды басқару жүйесі
мен оның элементтеріне бұл жүйені тұрақты кешенді талдау және оларды өз уақытында орындау негізінде жетілдіру жөніндегі шараларды белгілеумен қол жеткізіледі.

Стандарттарды әзірлеу мен енгізу жөніндегі шараларды өткізу тәртібі:

• менеджменттің қолданыстағы жүйесіне алдын ала талдау жасау (сапа
менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу мен сертификаттауға дайындық бойынша ұсынымдары бар кәсіпорындағы менеджмент жүйесінің жай-күйі туралы нәтиже-есеп);
• сапа менеджменті жүйесі құжаттамасының құрамы, әзірлеу мен енгізу бойынша консультациялық-әдістемелік қызметтер көрсету (сапа саласындағы Саясат, сапа бойынша Басшылық, құжатталған рәсімдер, бөлімшелер туралы Ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар және т.б.);
• басшылар мен мамандар үшін тапсырыс беруші ұйымының сапасы туралы тренингтер өткізу;
• ішкі аудиттер жүйесін қою, менеджмент жүйесіне өткізілген ішкі аудиттердің нәтижелері бойынша түзетімдеу және сақтандыру іс-әрекеттерін әзірлеу кезінде консультациялар беру, тапсырыс беруші мамандарын ішкі аудиторларға аудитор куәлігін берумен оқыту;
• оны сертификаттаудың салалық жүйелерінде сертификаттау үшін салалық стандарттар талаптарына менеджменттің қолданыстағы жүйесінің құжаттамасын бейімдеу әдістемесі бойынша консультациялар беру;
• менеджменттің енгізілген жүйесіне сертификаттау алдындағы (бақылау) аудит. Ұйымды сертификаттау бойынша таңдап алынған органда сертификаттау аудитін өткізуге дайындау кезінде консультациялық көмек көрсету.
Бақылау аудитін табысты аяқтағаннан кейін тапсырыс берушінің компаниясы сертификаттау бойынша таңдап алынған органда (сертификаттау бойынша отандық, сондай-ақ шетелдік органда) сертификаттаудан өтуі мүмкін. Жұмыс істеуші консультанттар жұмысының іс-тәжірибесі бойынша сертификаттауға дайындық
мерзімі 4 айдан 12 айға дейінгі мерзімді құрайды деуге болады.
Отандық және шетелдік ұйымдар нарығындағы қатаң бәсекелестік күрес
жағдайларында басты бәсекелестік басымдықты – менеджменттің жоғары сапасын иеленген компаниялар ғана жұмыс істей алады. Дүниежүзілік іс-тәжірибе бұл стандарттарды қолдану бүгінгі күні басқарудың тиімді жүйесін құру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен инвестициялардың өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін сенімді аспап болып табылады.

Қауіпсіз еңбек жағдайлары

Жүйені іске асыру нәтижесінде өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік
факторлардың әсер етуінің елеулі төмендеуін күтуге болады. Еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту, жұмыс берушілердің мүдделілігі мен жауапкершілігін арттыру және қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға жеделдете өтуіне жәрдемдесу есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Нарықтық экономика мен халықаралық стандарттар талаптарын есепке алумен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында ұстанымдық жағынан жаңа заңнамалық, нормативтік және құқықтық базасын жасауға; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында ғылыми зерттеулер көлемін кеңейтуді және олардың жетістіктерін өндіріске енгізуге; жұмыс істеушілерді арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және басқа жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді жақсартуға, қызметкерлерге арналған жұмыс істеп тұрған санитарлық-тұрмыстық
үй-жайларды кеңейту мен жаңаларының құрылысын ұйымдастыруға, ұйымдарды халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа техникалық құралдармен, қауіпсіздік пен бақылаудың приборларымен жарақтандыруды жеделдетуге;мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылау-қадағалау функцияларын жетілдіруге, мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейтуге;республиканың өндірістік ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуге, осылайша өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге және санитарлық-гигиеналық нормативтер талаптарына
жауап бермейтін жағдайларда жұмыс істеушілер санын азайтуға, сондай-ақ жұмыс уақытының өндірістік жоғалтуларын қысқартуға, өндірісте зардап шеккендерді емдеуге, оңалту мен зиянды өтеуге кететін шығындарды азайтуға болады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях