Еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер: міндеттері, келешегі

655
Бисакаев Сериккали Гумарович
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор журнала «Охрана труда. Казахстан», генеральный директор РГКП «РНИИОТ Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан», доктор технических наук, академик, г. Астана
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты өзінің бірінші мерейтойын – еңбекті қорғау саласындағы 10 жылдық жұмысын атап өтеді.

Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мемлекеттің әлеуметтік, сондай-ақ ғылыми саясатының да басымдыққа ие бағыттарының қатарына кіруі тиіс. Бұл саладағы жағдайдың жақсаруы адам, моральдық және материалдық жоғалтуларды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Бұған еңбекті қорғау саласындағы терең ғылыми зерттеулер септігін тигізуі тиіс.

Жарақаттанудың деңгейі

Өткенімізге көз салсақ, екі мыңыншы жылдардың бас кезінде Қазақстан экономикасының белсенді өсуінің басталғанына қарамастан, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйі төменгі деңгейде болған. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны жылына 3 мың адамнан асты, олардың әрбір оныншысы қайтыс болды – бұл өте жоғары көрсеткіш (диаграмма). Өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 300-дей адам қаза табады, айқындалған кәсіптік аурумен ауыратындар саны 2 есе көп.

Диаграмма. Қазақстан Республикасындағы өндірістік жарақаттанушылық серпіні

Еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер: міндеттері, келешегі

Себептері: негізгі өндірістік қорлардың ескіруі мен тозуы, зиянды өндірістердегі қызметкерлердің кәсіптік ауруларын айқындау және алдын алу жұмыстарының босаңсуы, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігі болып табылды, сондай-ақ заңнама да жетілдірілмеген болатын.

Осыған байланысты 2003 ж. «Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманың орындалуы туралы» парламенттік тыңдауларда өндірістегі жазатайым оқиғалар тәуекелдерін, кәсіптік ауруларды, жоюға болатын себептерден өлімге ұшыраушылықты  азайту, сондай-ақ зерттеулер жүргізу және ғылыми негізделген тәсілдер әзірлеу арқылы еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыс істеуші халық өмірінің ұзақтығы  мен денсаулығын сақтау мүмкіндіктерінің мәселесі көтерілді. Бұл үшін депутаттар ҚР Үкіметіне тиісті ғылыми ұйым құруды ұсынды. Және де 2004 жылғы 13 тамызда ҚР Үкіметінің № 854 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК құрылды.

Кешенді зерттеу

Институт республикадағы экономиканың барлық салаларын қамтумен еңбекті қорғау, еңбекті нормалау мен экономикасының барлық тұстары бойынша кешенді ғылыми зерттеулер жүргізетін бірден-бір ғылыми ұйым болып табылады.

Қазіргі уақытта барлық ірі және өнеркәсіптік өңірлерде заманауи аспаптармен жарақталған, аккредиттелген сынақ зертханалары бар 12 облыстық филиал жұмыс істейді.

Институт қызметінің бірінші дәрежелі міндеттері – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы салалық және салааралық нормативтік актілер дайындау үшін ғылыми негіз қалыптастыру мақсатымен қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Институт қызметінің негізгі нәтижелерінің ішінде мыналар бар:

- экономикалық қызметтің 18 саласы мен түрлері үшін кәсіптік тәуекелдерді бағалау мен басқару тетігі;
- еңбектің зиянды жағдайларындағы жұмыстың ең жоғары ұзақтығын анықтау әдістемесі;
- еңбекті қорғау, нормалау, еңбек экономикасы және гигиенасы саласында әзірленген 70-тен астам ұсынымдар, әдістемелер, ережелер, қағидалар;
- өз қаражаты есебінен салым салушылардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақылық жарналар жүзеге асырылатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі;
- еңбек қауіпсіздігінің 15 ұлттық және мемлекетаралық стандарттары;
- қызметтің 36 саласы мен түрлеріне арналған арнаулы киім, арнаулы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдарын берудің салалық нормалары;
- құрылыс кәсіптері мен жұмыс түрлеріне арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі үлгі нұсқаулықтар (68 нұсқаулықтан тұратын жинақ);
- жұмысшы кәсіптері мен қызметшілер лауазымдарына арналған 19 кәсіптік стандарт;
- экономиканың әртүрлі салаларындағы 100-ден астам кәсіпорындарда істе сыналған және енгізілген зерттеулердің нәтижелері.

Зерттеулер жүргізудің барысында алынған нәтижелер Институт материалдарының шолушылық, ақпараттық, әдістемелік және ұсынымдық жинақтарында, шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялар баяндамаларының жинақтарында жарияланады.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша дайындалып, жарияланған материалдар ғылыми-техникалық ақпарат орталықтарының қорларына таратылады, ғылыми-техникалық кітапханаларға, қалалық ЖОО кітапханаларына беріледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу кезінде отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибені насихаттаймыз және таратамыз.

Байланыс, алыс шетелмен де байланыстырады

Институт республика мен шетелдегі әртүрлі ғылыми және білім беру ұйымдарының ғалымдарымен ғылыми ынтымақтастығыны дамытады.

Институт қызметінің неғұрлым мәнді бағыттарының бірі – өндірістік объектілерді  еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу.

Кәсіпорындағы еңбекті қорғауды ұйымдастырудың маңызды құрамдасы жұмыс орындарын аттестаттау болып табылады, өйткені ол өндірістік орта мен еңбек үдерісінің зиянды және қауіпті факторларын өз уақытында айқындауға мүмкіндік береді.

Еңбек кодексінің 317-бабына сәйкес қызметкерлердің 5% мөлшеріндегі міндетті кәсіптік зейнетақылық жарналарға және өзге де кепілдіктерге, еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары үшін өтемақылық төлемдер мен жеңілдіктерге (қысқартылған жұмыс уақыты, қосымша еңбек демалысы, сүт пен арнаулы тағам беру, еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы) кепілдіктерін жүзеге асыру үшін еңбек жағдайларының сипаттамасы қажет, ол өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталуы тиіс.

Бүгінгі күні, орташа есеппен әрбір 7-ші қызметкер, оның ішінде әрбір 6-шы әйел денсаулыққа қолайсыз әсер ететін өндірістік орта мен үдеріс жағдайларында еңбек етеді.

Жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын білу – қызметкерлерді кәсіптік аурудың дамуынан, уланулар немесе жазатайым оқиғалардың пайда болуынан өз уақытында сақтандыру мүмкіндігін иеленуді білдіреді.

Институт филиалдарымен бірге жұмыс орындарын, әсіресе еңбектің зиянды және ауыр жағдайлары бар жұмыс орындарын аттестаттау бойынша білікті көрсетілетін қызметтермен көбірек қамтуға қабілетті болып отыр.

Институт қызметінде экономиканың әртүрлі салалары кәсіпорындарының басшылары мен мамандарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Институт құрылымы мен филиалдарда оқу-әдістемелік орталықтар бар. Лекторлар құрамында: жетекші мамандар, оқытушы-сабағатшылар, жаттықтырушылар, министрліктердің қызметкерлері – Еңбек кодексі мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тікелей қатысушылар бар.

Оқыту бағдарламасы ұйым қызметінің ерекшелігіне қарай түзетіліп, Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулар беру мен білімдерін тексеруді өткізу ережелеріне сәйкес жасалады.

Оқытудың заманауи формалары: модульдік лекциялар, тұсаукесерлер, іскерлік ойындар, тақырыптық пікірталастар, міндеттерді топпен шешу, қашықтықтан оқыту пайдаланылады.

Перспективалары

Институт Президенттің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласына сәйкес еңбек заңнамасы бойынша жаппай оқытуды өткізеді.

Институт қызметі келешекте заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланумен өндірістегі кәсіптік тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасап, ендірмекші, сондай-ақ әкелінетін және шығарылатын жеке қорғану құралдарының сапасы мен тиімділігін зерттеуге, мемлекеттік инспекторлардың нақты берілетін ЖҚҚ-ның сәйкестік сертификаттарына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін сынақ зертханасын ашпақшы.

Жуырдағы 3 жылдың ішінде еңбекті қорғауды басқару бойынша әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық өзара байланысты шаралар кешенін жүйелі бағалау жөнінде зерттеулер; экономиканың жарақат қауіпті салалары қызметкерлерінің еңбек нормативтері мен еңбек жағдайларының жай-күйі, өндірістік үдерістер әсерінің ерекшеліктері; кәсіптік аурулардың даму тәуекелін болжамдау үшін ірі индустриялық орталықтар қызметкерлерінің денсаулығы жай-күйін бағалау бойынша зерттеулер жүргізу жоспарланған.

Бұл жұмыстардың шеңберінде мыналар жоспарлануда:

- жеке және ұжымдық қорғану құралдарын жетілдіруге бағытталған техникалық шешімдер әзірлеу;
- өндірістерде пайдаланылатын машиналардың, тетіктердің, жабдықтар бірлігінің, көліктік құралдардың техникалық жай-күйін бағалау;
- мүгедек қызметкерлердің еңбек жағдайларын және мамандандырылған жұмыс орнын жабдықтаудың ерекшеліктерін зерттеу;
- ауыр жұмыстармен, сондай-ақ еңбектің зиянды жағдайларымен қамтылған қызметкерлер ағзасы элементтік мәртебесін түзетімдеу бойынша зерттеу және іс-шаралар әзірлеу;
- технологиялық үдерістерді, жабдықтарды, аспаптарды, айлабұйымдарды және басқаларын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізумен еңбек үдерістерін жобалау мен нормалау.

Заманауи еңбекті қорғау ғылымы жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруға шалдығушылық жағдаятына жаңаша көзқараспен қарауы керек деп ойлаймын. Бұрынғы кеңестік елдерде негізгі назар қызметкерлер денсаулығының зақымдану оқиғалары мен себептерінен сақтандыруға емес, жазатайым оқиғалар басталған кездегі өтемақылық іс-шараларға бөлінеді.

Ғылыми жұртшылықтың баса назар аударатын объектісі кәсіптік және өндірістік-жағдайластырылған аурулар мен өндірістік жарақаттанушылық туындауының даму тәуекелін төмендетуге бағытталған алдын алушылық іс-шараларының кең ауқымын әзірлеу болуы тиіс.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша барлық зерттеулер ақыр аяғында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, мүгедектік пен кәсіптік патологияның туындауына жол бермеуге бағытталады.

Заманауи ғылымда еңбекті қорғау, еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі мәселелерін зерттеуде пайдалануға болатын қажет көптеген тәсілдер, әдістер мен әдістемелер бар.

Еңбекті қорғау мен басқару мәселелерін шешуде ең жаңа ақпараттық технологияларды: ақпарат жинау, өңдеу мен берудің телекоммуникациялық құралдарын кеңінен пайдалану қажет.

Институт жүргізген зерттеулердің қолданбалы маңызы бар және де олар жұмыс орындары мен жарақаттанушылықтың мән-жайы туралы объективті ақпарат алуға, еңбек жағдайларын бұзушылықтарды жою мен жақсартуда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге нақты мүмкіндік береді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях