Гигиеналық бағалау факторларының кейбір өндірістер

1114
Ғалымдардың зерттеулері көптеген кәсіптер қызметкерлерінің еңбегі әртүрлі этиология мен қарқындылықтағы зиянды өндірістік факторлармен қатар жүруі мүмкін қолайсыз өндірістік жағдайлармен ұштасатындығын көрсетеді

Қызметкерлер, бірінші кезекте өндіріске бағынышты қызметкерлер денсаулығы жай-күйі бұзылушылықтарының алдын алу еңбекті қорғаудың басымдыққа ие міндеттерінің бірі болып табылады. Мақалада тау-кен, цемент, сүт өңдеуші, сыра қайнату өнеркәсібі мен темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерделеу мен гигиеналық бағалаудың нәтижелері ұсынылған.

Материалдар мен әдістер

Жұмыс ортасы мен еңбек үдерісі факторларын өлшеу мен гигиеналық баға беру жылдың жылы және суық кезеңдерінде жүргізілді.

Микроклимат параметрлерін (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы) өлшеу жұмыс ауысымының басында, ортасы мен соңында, отырып жұмыс істеген кезде еденнен 0,5–1,0 м биіктікте немесе түрегеп тұрып жұмыс істеген кезде еденнен 1,5 м биіктікте жүргізілді. Параметрлерді өлшеу: МВ-4-2М психрометрі, Testo 425 термоанемометрі, ИВТМ-7 термогигрометрі аспаптарымен жүргізілді.

Шулық жүктемені бағалау дыбыстың дБА эквивалентті деңгейі бойынша, дірілдік жүктемені бағалау – дБ-мен жалпы дірілдегі дірілді үдетудің эквивалентті түзетімделген деңгейі бойынша, Testo 816 шуөлшегішті, «Ассистент» шу мен діріл талдауышын пайдаланумен жүзеге асырылды.

Жұмыс аймағы ауасындағы шаң мөлшерінің деңгейі  ПУ-4Э аспираторы мен АПР-2 анемометрінің көмегі арқылы анықталды. Мөлшерлерді өлшеудің ұзақтығы іріктеудің көлемдік жылдамдығы 20 л/мин. болған кезде 10-20 минутты құрады.

Қызметкерлер еңбегінің ауырлық дәрежесі серпінді жұмыс көрсеткіштерін, көтерілетін және жылжытылатын жүк массасы, статикалық жүктеме, таптаурын қозғалыстардың саны, жұмыстық кейіпті зерттеу кезінде анықталды. Еңбек қауырттылығы назар аудару функциялары, талдаушылық функциялардың шиеленісі, эмоциялық және зияткерлік шиеленіс көрсеткіштері, жұмыстың бірсарындылық көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Зерделенетін өндірістер мен салалар қызметкерлерінің негізгі кәсіптеріндегі жетекші кәсіптік-өндірістік факторларды гигиеналық бағалау ҚР ДСА (ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі) 2000 жылғы 30 қарашадағы  тіркеу нөмірі № 1.04.001.2000 «Еңбек жағдайларын өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік, еңбек процесінің ауырлық және қауырттылық көрсеткіштері бойынша бағалау мен жіктеудің гигиеналық критерийлері» Р 2.2.755-99 Басшылығына сәйкес (бұдан әрі  – Басшылық) жүзеге асырылды.

Тау-кен өнеркәсібі негізгі кәсіптері қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерттеудің нәтижелері

Тау-кен өндіруші өнеркәсібіндегі еңбектің заманауи жағдайлары қарқынды шумен және дірілмен, шаңданудың жоғарылығымен, айтарлықтай физикалық және жүйкелік-эмоциялық жүктемелермен сипатталады. Мұндай жағдайлар елеулі дәрежеде кәсіптік тәуекел мен тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіптік аурулары дамуының мүмкіндігін анықтайды.

Жұмыс ортасы мен еңбек үдерісі факторларын өлшеу мен гигиеналық бағалау «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы –  «Карагандацветмет» ӨБ-нің кәсіпорны болып табылатын «Нұрқазған» кенішінде жүргізілді. Бұл кәсіпорында мыс кенін өндіру жерастылық тәсілмен жүргізіледі. Бұл ретте негізгі өндірістік үдерістер бұрғылау, жару, тиеу, тасымалдау, сұрыптау мен жыныстар мен кенді түсіру болып табылады.

Ұңғылаушы, геологиялық және маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысының, тау-кен-ұңғылау жабдығының бекітушісі мен электр монтаждаушысының жұмыс орындарындағы микроклимат параметрлерін бағалау ауаның нәтижелік температурасының орташа мәндері жылдың суық кезеңінде норма 16–19°С кезінде 14,1°С, ауаның ылғалдылығы 30–80 % кезінде 60–65 %, ауа қозғалысының жылдамдығы норма 0,5 м/сек-тан аспаған кезде 0,4–0,8 м/сек болғандығын көрсетті. Жылы кезеңде ауа температурасының шамасы норма  16–19°С кезінде 17,8°С-ты, ауаның ылғалдылығы норма 80 %-дан аспаған кезде -  70–75 %-ды құрады, ауа қозғалысының жылдамдығы – норма шектерінде болды. TORO-011 тиеушісі машинашысының жұмыс орнындағы (күймеше) микроклимат көрсеткіштеріне келетін болсақ, олардың жылдың суық, сондай-ақ жылы кезеңіндегі шамалары белгіленген регламенттерге сәйкес келді.

Мөлшердің 4,0 мг/м3-ге тең шекті жол берілетін шамасы кезінде  шаңданушылық деңгейлері 4,6–6,2 мг/м3-тан (ұңғылаушының, геологиялық және маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысының, тау-кен-ұңғылау жабдығы электр монтаждаушысының жұмыс орындары)  41–47 мг/м3-қа дейін (бекітушінің жұмыс орны) тіркелді.

Жұмыс орындарындағы дірілдік-акустикалық факторлардың параметрлері  TORO-011 тиеушісі машинашысының жұмыс орнындағы шулық жүктемені (норма 80 дБА-дан көп болмаған кезде 85 дБа) қоспағанда, гигиеналық нормативтерге сәйкес келді.

Еңбек үдерісі ауырлығының мәліметтеріне талдау жасау геологиялық және маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы, тау-кен-ұңғылау жабдығының электр монтаждаушысы мен TORO-011 тиеушісі машинашысының зерттелген көрсеткіштерінің көпшілігі еңбек жағдайларының жол берілетін 2 сыныбына сәйкес келетіндігін дәлелдейді. Ұңғылаушы мен бекітуші еңбек үдерісінің ауырлығы физикалық серпінді жүктеме деңгейі мен жұмыстық кейіп назарға алына отырып, 3.2 сыныбымен бағаланды (1 кесте).

Еңбек үдерісінің қауырттылығын зерттеу егер бұл геологиялық және маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысында 3.1 сыныбына сәйкес келсе, онда басқа кәсіптер бойынша – эмоциялық жүктемелер (атап айтқанда өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік дәрежесі, өз өмірі үшін тәуекел дәрежесі)  және жұмыс режімі (атап айтқанда жұмыс күнінің, жұмыс ауысымдылығының нақты ұзақтығы, регламенттелген үзілістердің бар болуы мен олардың ұзақтығы) сияқты көрсеткіштер бойынша 3.2 сыныбына сәйкес келетіндігін айқындады.

1 кесте

Тау-кен өнеркәсібі негізгі кәсіптерінің қызметкерлеріндегі жетекші кәсіптік-өндірістік факторларды гигиеналық бағалау (еңбек жағдайларының сыныбы)

Кәсіптік топтар

Кәсіптік-өндірістік фактор

Микро-климат

Шаң

Шу

Діріл

Еңбектің ауырлығы

Еңбектің қауырттылығы

Ұңғылаушы

3.1

3.1

2

2

3.2

3.2

TORO-011 тиеушісінің машинашысы

2

3.1

3.1

2

2

3.2

Геологиялық және

Маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы

3.1

3.1

2

­–

2

3.1

Бекітуші

3.1

3.3

2

3.1

3.2

Тау-кен-ұңғылау жабдығының электр монтаждаушысы

3.1

3.1

2

2

3.2

Тау-кен өнеркәсібі негізгі кәсіптерінің қызметкерлеріндегі еңбек жағдайларын интегралды бағалау өндірістік ортаның орын алған жағымсыз факторларының жиынтығы бойынша 2 – 3.3 сыныптарына сәйкес келеді.

Цемент өндірісінің негізгі кәсіптері қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерттеудің нәтижелері

Цемент өндірісі шаң түзілумен, аэрозольдердің, химиялық заттардың бөлінуімен, шумен, дірілмен, қолайсыз микроклиматтық әсер етумен, елеулі дене жүктемелерімен қатар жүреді. Цемент өндірісінің жетекші зиянды факторы аралас құрамның: цементтік кірпіш, қоспалардың, дайын цементтің, көмірдің шаңы болып табылады.

Жұмыстық орта мен еңбек үдерісі факторларын өлшеу мен гигиеналық бағалау «Central Asia Cement» АҚ кәсіпорнында жүргізілді.

Уату цехы жұмыс орындарындағы микроклимат параметрлерін бағалау ауаның нәтижелік температурасының орташа мәндері жылдың суық кезеңінде норма  17–23°С кезінде 17,3°С, ауаның ылғалдылығы норма 75 %-дан көп болмаған кезде 44 %-ды, ауа қозғалысының жылдамдығы норма 0,4 м/с-тан артық болмаған кезде 0,8 м/с-ті құрағанын, ал жылдың жылы кезеңінде ауа температурасының шамасы норма 18–27°С кезінде 24,8°С, ауаның ылғалдылығы – норма 65 %-дан артық болмаған кезде 42 %, ауа қозғалысының жылдамдығы – норма шектерінде болғандығын көрсетті. Бұл ретте шаңданудың, дірілдік-акустикалық факторлар параметрлерінің шамалары белгіленген регламенттерден айтарлықтай асып кетті.

Кәсіптердің еңбек үдерісінің ауырлығы көрсеткіштеріне талдау жасау (2 кестеде көрсетілген) олардың көпшілігі еңбек жағдайларының 3,1 сыныбына сәйкес келетіндігін анықтады. Жақтық уатқыш, балғалық уатқыш машинашыларының және конвейер машинашысының еңбек үдерісі қауырттылығын зерттеу көрсетілген кәсіптер еңбегінің қауырттылығы жол берілетін 2 сыныпқа сәйкес келетіндігін айқындады.

Шикізат цехындағы шанақшының, ұсақталатын денелерді тиеушінің, шламдық сорғылар мен шикізат диірмендері машинашыларының жұмыс орындарындағы жетекші кәсіптік-өндірістік факторларын гигиеналық бағалау  шаңдану, дірілдік-акустикалық факторлар, микроклимат параметрлерінің шамалары еңбек жағдайларының 3.2 – 3.3 сыныптарына сәйкес келетіндігін көрсетті (қорытынды баға 2 кестеде ұсынылған).

Күйдіру цехындағы ыстық төзімді кірпішті тасымалдаушының, айналатын пеш машинашысының, шламшының, көмір уатқыш машинашысы мен шанақшының жұмыс орындарындағы зиянды өндірістік факторларды зерттеу вшаңдану, дірілдік-акустикалық факторлар, микроклимат параметрлерінің шамалары еңбек жағдайларының 3.2 – 3.3 сыныптарына сәйкес келетіндігін айқындады.

Қаптамалау цехындағы еңбек жағдайларын, атап айтқанда шаңдану деңгейін зерделеу цемент үюшінің жұмыс орнында оның регламенттерден екі есе және цементті қаптаушының жұмыс орнында – он төрт есе артық екендігін көрсетті.

Жұмыс істеушілердің өндірістік ортасы зиянды факторларының жекелеген параметрлерін өлшеу және бағалаумен қатар жұмыс істеушілердің цехтық-кәсіптік қатыстылығы бойынша жекелеген жұмыс орындарын кешенді бағалау да орындалды (2 кесте).

2 кесте

Цемент өндірісінің негізгі технологиялық цехтары қызметкерлерінің еңбек үдерісі мен өндірістік ортасының зияндылық дәрежесі мен еңбек жағдайларының сыныптары бойынша жұмыс орындарының көрсеткіштері

Цехтың, өндірістік учаскенің аты

Зиянды өндірістік  факторлар

Кәсіп

Еңбек жағдайларының сыныбы мен зияндылық дәрежесі

1

2

3

4

Уату

цехы

– фиброгенді әрекетті аэрозольдер

– шу

– діріл

– еңбек үдерісінің ауырлығы

– жұмыс орындарының нашар жарықтандырылуы

1. Жақтық уатқыштың машинашысы

2. Балғалық уатқыштың машинашысы

3. Конвейер машинашысы

3.3

3.4

3.4

Шикізат цехы

– фиброгенді әрекетті аэрозольдер

– шу

– діріл

– еңбек үдерісінің ауырлығы

– температуралық инверсиялар

1. Шанақшы

2. Ұсақталатын денелерді тиеуші

3. Шламдық сорғылардың машинашысы

4. Шикізат диірмендерінің машинашысы

3.4

3.3

3.3

3.3

Күйдіру цехы

– фиброгенді әрекетті аэрозольдер

– шу

– еңбек үдерісінің ауырлығы

– температуралық инверсиялар

– инфрақызыл сәулелену

1. Ыстық төзімді кірпішті тасымалдаушы

2. Айналатын пештің машинасысы

3. Шламшы

4. Көмір диірмендерінің машинашысы

5. Көмір уатқыштың машинашысы

6. Шанақшы

3.2

3.4

3.2

3.3

3.3

3.3

Қаптамалау цехы

– фиброгенді әрекетті аэрозольдер

– еңбек үдерісінің ауырлығы

1. Цемент үюші

2. Цементті қаптаушы

3.1

3.4

Цемент өндірісі негізгі кәсіптері қызметкерлерінің еңбек жағдайларын интегралды бағалау өндірістік ортадан орын алған қолайсыз факторлардың жиынтығы бойынша 3.1 – 3.4 сыныптарына сәйкес келеді.

Темір жол көлігінің  негізгі кәсіптері қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерттеу нәтижелері

Поездар, локомотивтік және поездық бригадалар қозғалысының, жолдарда жұмыс істейтін жөндеу-жол кәсіптерінің, поездар қозғалысын ұйымдастырумен, поездарға қызмет көрсетумен айналысатындардың және басқалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты негізгі темір жол кәсіптері қызметкерлерінің еңбегі қолайсыз өндірістік жағдайлармен ұштасқан.

Жөндеу және жол жұмыстары, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен жылжымалы құрамды пайдалану көбінесе шаң түзілумен, аэрозольдердің, химиялық заттардың бөлінуімен, шу, дірілмен, микроклиматтық және микробиологиялық қолайсыз әсер етумен, айтарлықтай физикалық және жүйке-эмоциялық жүктемелермен қатар жүреді. Қызметкерге зиянды еңбек жағдайларының әсер ету дәрежесі өндірістік жабдықтардың, аспаптардың, айлабұйымдардың және т.б. тозуына байланысты артуы мүмкін.

Жұмыс ортасы мен еңбек үдерісі факторларын өлшеу мен гигиеналық бағалау «Оңтүстік Орал темір жолының» «Петропавл бөлімшесі» ФГУП (Федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорын) еншілес кәсіпорнында жүргізілді.

Электрпоездар мен тепловоздар машинашыларының жұмыс орындарындағы микроклимат параметрлерін бағалау жылдың суық кезеңінде ауаның нәтижелік температурасының орташа мәндері норма 17–23°С кезінде 17,8°С, ауа ылғалдылығы норма 75 %-дан аспаған кезде 45 %, ауа қозғалысының жылдамдығы  0,2 м/сек-тан аспаған кезде 0,15 м/сек, ал жылдың жылы кезеңінде ауа температурасының шамасы норма 18–27°С кезінде 22,8°С-ты, ауаның ылғалдылығы норма 65 %-дан аспаған кезде 42 %-ды құрағанын, ауа қозғалысының жылдамдығы  – норма шектерінде болғанын көрсетті. Бұл ретте шаңдану, дірілдік-акустикалық факторлар мен иондамайтын сәулеленулер параметрлерінің шамалары белгіленген регламенттерден асқан жоқ. Еңбек үдерісі ауырлығының көрсеткіштеріне талдау жасау көпшілігінің еңбек жағдайларының жол берілетін 2 сыныбына сәйкес келетіндігін көрсетті. Электровоздар мен тепловоздар машинашыларының еңбек үдерісінің қауырттылығын зерттеу егер тепловоздар машинашыларының еңбек қауырттылығы 3.1 сыныбына сәйкес келсе, онда электровоздар машинашыларында – 3.2 сыныбына сәйкес келетіндігін айқындады.

Вагондарды қарап шығушы-жөндеушінің, дефектоскопшының, жол машиналары мен тетіктерін жөндеу жөніндегі сілесірдің, жолды қарап шығушының  жұмыс орындарында жетекші кәсіптік-өндірістік факторларды гигиеналық бағалау шаңдану, дірілдік-акустикалық факторлар мен иондамайтын сәулеленулер параметрлерінің шамалары еңбек жағдайларының жол берілетін 2 сыныбына сәйкес келетіндігін көрсетті.

Вагондарды қарап шығушы-жөндеуші мен жолды қарап шығушының еңбек үдерісінің ауырлығы кеңістікте орын өзгерту, жұмыстық кейіп, кеуде тұрқының еңкеюлері сияқты көрсеткіштер ескерілгенде, 3.1 сыныбымен бағаланды.

Дефектоскопшы еңбегінің қауырттылығы сенсорлық жүктемелер мен эмоциялық жүктемелер сияқты параметрлер бойынша 3.1 сыныбына сәйкес келді.

Осылайша, темір жол көлігі негізгі кәсіптері қызметкерлерінің еңбек жағдайларын бағалау өндірістік ортаның орын алған қолайсыз факторларының жиынтығы бойынша 2 – 3.2 сыныптарына сәйкес келеді.

Сыра қайнату өнеркәсібінің негізгі кәсіптері қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерттеудің нәтижелері

Сыра қайнату өнеркәсібі негізгі кәсіптері қызметкерлерінің еңбегі әртүрлі этиология мен қарқындылықтағы қолайсыз өндірістік факторлар кешенімен қатар жүретін қолайсыз өндірістік жағдайлармен ұштасады, бұл елеулі дәрежеде технологиялық үдеріспен анықталады. Сыра қайнатудағы дәстүрлі өндірістік үдеріс: арпаны уытқа айналдыруды (уыттандырушыларда арпаны шаңынан тазартады, сұрыптайды, үлкен күбілерде ылғалдайды, белгілі бір ұзындықтағы өскіндерді кептіреді), сыра ашытқысын дайындауды, ашытқының ашуы мен жете ашытуды, дайын өнімді әртүрлі ыдыстарға құюды қамтиды.

Сыра қайнатудың әртүрлі кезеңдеріндегі негізгі кәсіптік зияндылықтар да әртүрлі болады. Уыттандырушыларда бұл ауаның айтарлықтай шаңдануы мен кептіргіштердегі ауаның жоғары температурасы. Басқа кезеңдерде бұл өндірістік үй-жайлардағы ауаның салыстырмалы түрдегі жоғары ылғалдылығы мен төменгі температурасы, оның ашу кезінде бөлінетін көмір қышқыл газының (СО2) елеулі мөлшерімен ластануы, технологиялық үдерісті механикаландыру болмаған кездегі ауыр дене еңбегі (араластару, сыйымдылықтар мен цистерналардың ішкі беттерін қолмен жуу).

«Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» ЖК АҚ-нда – зерттеулер жүргізілген кәсіпорында сыра қайнатудың технологиялық үдерісі тек уатуды, орталық-конустық танкілерді (ашытқы ашытуға арналған сыйымдылықтарды) механикалық жууды қосқанда, технологиялық үдерісті бірқатар механикаландыруды қажет ететін, дайын ашытқыны пайдалануды көздейді.

Жұмыс орындарындағы микроклимат параметрлерін бағалау салыстырмалы ылғалдылық пен ауа қозғалысы жылдамдығының орташа мәндері белгіленген регламенттерге сәйкес келетіндігін көрсетті. Өндірістік үй-жайлардағы ауаның нәтижелік температурасының мәндері жылдың жылы кезеңінде автоматтық желілерге қызмет көрсету жөніндегі қызметкердің (16–27 С° кезінде 30,6), кегтерді толтыру жөніндегі қызметкердің жұмыс орнында (норма 16–27 С°кезінде 30,6) және суық кезеңде уытты қабылдау мен тасымалдау жөніндегі жұмысшының жұмыс орнында (норма 17–290 С кезінде 13) санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді.

Ыдыс цехының қаптамалаушысы, реттеп салушының, қазандық қондырғыларының машинашысы, аммиактік-тоңазыту қондырғыларының машинашысы, уытты уату агрегатының машинашысы, кегті толтыруға қызмет көрсететін қызметкердің, ашытқылар өсіру аппаратшысының, ашытқыны қабылдау мен тасымалдау жұмысшысының зерттелген жұмыс орындарындағы шаң мен аэрозольдердің (азот, көміртек оксидтері, аммиак, мұнай көмірсутектері, күкіртті ангидрид) мөлшері шекті жол берілетін деңгейлерден асқан жоқ.

Автоматты желілерге қызмет көрсету жөніндегі қызметкердің, кегтерді толтыру жөніндегі қызметкердің жұмыс орнында (норма 80 дБА-дан аспаған кезде 88 дБа), ашытқыны қабылдау және тасымалдау  жұмысшысы, уытты уату агрегаты машинашысының, оператор-сүзгішінің (норма 80 дБА-дан аспаған кезде 82-84 дБа), ыдыс цехы реттеп салушысының (норм 80 дБА-дан аспаған кезде 91 дБа) жұмыс орындарындағы шулық жүктемені қоспағанда, жұмыс орындарындағы дірілдік-акустикалық факторлардың параметрлері гигиеналық нормативтерге сәйкес  келді.

Еңбек үдерісі ауырлығының көрсеткіштеріне талдау жасау  қаптамалаушының еңбек ауырлығының орташа дәрежесімен сипатталатын жұмыс орнынан басқа (еңбек жағдайларының жол берілетін 2 сыныбы) зерттелген жұмыс орындарын физикалық серпінді жүктеме, таптаурын жұмыстық қимылдар мен жұмыстық кейіп сияқты көрсеткіштерді ескере отырып, 3.1–3.2 сыныпқа – 1–2 дәрежелі зиянды ауыр еңбекке жатқызуға болатынын көрсетті.

Еңбек үдерісінің қауырттылығын зерттеу сыра қайнатушыда, кегтерге қызмет көрсету жөніндегі қызметкер мен уытты қабылдау мен тасымалдау жұмысшысында эмоциялық жүктемелер (атап айтқанда, өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік дәрежесі) мен жүктеменің бірсарындылығы сияқты көрсеткіштер бойынша  3.1 сыныбына – 1 дәрежелі қауырт еңбекке сәйкес келетіндігін, қалған жұмыс орындарының 1 және 2 сыныптарға – жеңіл және орта дәрежелі еңбек қауырттылығына сәйкес келетіндігін айқындады (3 кесте).

3 кесте

Сыра қайнату өнеркәсібі негізгі кәсіптері қызметкерлеріндегі жетекші кәсіптік-өндірістік факторларды гигиеналық бағалау (еңбек жағдайларының сыныбы)

Кәсіптік топтар

Кәсіптік-өндірістік фактор

Микро-

климат

Газдар, аэрозольдер

Шу

Еңбектің ауырлығы

Еңбектің қауырттылығы

Автоматты желілерге қызмет көрсететін қызметкер

3.1

3.2

3.1

2

Қаптамалаушы

2

2

2

2

2

Ыдыс цехының реттеп салушысы

2

2

3.2

3.1

2

Қазандық қондырғыларының машинашысы

2

2

2

3.1

2

Аммиактік-тоңазытқыш қондырғылардың машинашысы

2

2

2

3.1

2

Тоңазыту бөлімшесінің операторы

2

2

3.2

2

Сыра қайнатушы

2

2

3.1

3.1

Уытты уату агрегатының машинашысы

2

2

3.1

3.2

2

Кегтерді толтыру қызметін көрсететін қызметкер

3.1

3.2

3.2

3.1

Оператор-сүзгіші

2

3.1

3.1

2

Ашытқылар өсіру аппаратшысы

2

2

3.2

2

Уытты қабылдау және тасымалдау жұмысшысы

3.1

2

3.1

3.2

3.1

Дайын өнім қоймасының жұмысшысы

2

2

3.1

2

Зерттелген жұмыс орындарының көпшілігі өндірістік ортаның орын алған қолайсыз факторларының жиынтығы бойынша еңбек жағдайларының 2 – 3.2 сыныптарына сәйкес келеді.

Сүтті қайта өңдеу өнеркәсібінің негізгі кәсіптері қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерделеудің нәтижелері

Сүтті қайта өңдеудің дәстүрлі өндірістік үдерісі оны қабылдау мен сапасын бағалауды, тазартуды (сүзгілеу немесе центрифугалау), майлылығы бойынша қалыпқа келтіруді, гомогендендіруді, пастерлеуді, салқындатуды, ыдысқа құюды қамтиды. Қышқыл сүт өнімдерін (айран, қаймақ, сүзбе, сырлар) алу үшін сүт пастерлеу кезеңінен кейін ашытуға немесе ұйытуға ұшыратылады.

Сүтті қайта өңдеудің әртүрлі кезеңдеріндегі негізгі кәсіптік зияндылықтар да әртүрлі болады. Бұл - өндірістік үй-жайлардағы төменгі температура мен ауаның салыстырмалы түрдегі жоғары ылғалдылығы, шу, технологиялық үдерісті механикаландыру жоқ болған кездегі ауыр дене еңбегі (араластыру, сыйымдылықтар мен цистерналардың ішкі беттерін қолмен жуу).

«Қарағанды сүт зауыты» АҚ-нда – зерттеулер жүргізілген кәсіпорында сүтті қайта өңдеудің технологиялық үдерісі сүт пен сүт өнімдерін шығару үшін «Антресоль» желісін, ал өнімді ыдыстарға құю үшін – «Вия» желісін пайдалануды көздейді.

Жұмыс орындарындағы микроклимат параметрлерін бағалау ауа қозғалысы жылдамдығы орташа мәндерінің белгіленген регламенттерге сәйкес келетіндігін көрсетті. Өндірістік үй-жайларда жылдың суық кезеңіндегі температура мен ауа ылғалдылығының мәндері «Вия» желісіне қызмет көрсететін  оператордың (норма 17–23 С° кезінде 16,0 С°), жүкшінің жұмыс орындарында  (норма 15–21 С°кезінде 9,9 С°) санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді.

Зерттелген жұмыс орындарындағы шаң мөлшері қазандық машинашысының жұмыс орнын қоспағанда (норма 10,0 мг/м3 -тан көп болмаған кезде 14,4 мг/м3), шекті жол берілетін деңгейлерден асқан жоқ.

Жұмыс орындарындағы дірілдік-акустикалық факторлардың параметрлері «Антресоль» және «Вия» желілеріне қызмет көрсететін операторлардың жұмыс орындарындағы шулық жүктемені қоспағанда (норма  80 дБА-дан көп болмаған кезде 83 дБа), гигиеналық нормативтерге сәйкес келді.

Еңбек үдерісі ауырлығының көрсеткіштеріне талдау жасау еңбектің орта дәрежелі ауырлығымен (еңбек жағдайларының жол берілетін 2 сыныбы) сипатталатын ашыту бөлімшесінің операторы мен зертханашысының жұмыс орындарынан басқа зерттелген жұмыс орындарын физикалық серпінді жүктеме, жұмыстық таптаурын қимылдар мен жұмыстық кейіп сияқты көрсеткіштерді ескерген кезде 3.1-3.2 сыныпқа – 1-2 дәрежелі зиянды ауыр еңбекке жатқызу керектігін көрсетті.

Еңбек үдерісінің қауырттылығын зерттеу эмоциялық жүктемелер (атап айтқанда, өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік дәрежесі мен жүктеменің бірсарындылығы) сияқты көрсеткіштер бойынша зерттелген жұмыс орындарының 1 және 2 сыныптарға – жеңіл және орта дәрежелі еңбектің қауырттылығына сәйкес келетіндігін айқындады (4 кесте).

4 кесте

Сүтті қайта өңдеу өнеркәсібінің негізгі кәсіптері қызметкерлеріндегі жетекші кәсіптік-өндірістік факторларды гигиеналық бағалау

(еңбек жағдайларының сыныбы)

Кәсіптік топтар

Кәсіптік-өндірістік фактор

Микро-климат

Шаң

Шу

Еңбектің ауырлығы

Еңбектің қауырттылығы

 «Антресоль» желісіне қызмет көрсететін оператор

3.1

3.1

3.1

2

 «Вия» желісіне қызмет көрсететін оператор

3.1

3.1

3.2

2

Ашыту бөлімшесінің операторы

2

2

2

2

2

Қазандықтың машинашысы

2

3.1

2

3.1

2

Зертханашы

2

2

2

2

Жүкші

2

2

3.1

2

Сілесір

2

2

2

2

2

Сүтті қайта өңдеу өнеркәсібінің зерттелген жұмыс орындарының көпшілігі өндірістік ортаның орын алған қолайсыз факторларының жиынтығы бойынша еңбек жағдайларының 2 – 3.1 сыныптарына сәйкес келеді.

Көрсетілген өндірістердің негізгі жұмыс орындары үшін келтірілген еңбек жағдайларының сыныптарын Басшылыққа сәйкес түсіндірген жөн, бұл жерде 2 сынып жол берілетін сынып ретінде белгіленген және еңбек үдерісі мен ортасы факторларының жұмыс орындары үшін белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын, ал ағзаның функциялық жай-күйінің мүмкін болатын өзгерістері регламенттелген демалыс кезінде немесе келесі ауысым басталуына қарай қалпына келуі  деңгейлерімен сипатталады.

3-сыныпқа (еңбектің зиянды жағдайлары) келетін болсақ, ол гигиеналық нормативтерден асып кететін және жұмыс істеушінің ағзасына қолайсыз әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталады.

Еңбектің 3 сыныпты зиянды жағдайлары зияндылықтың 4 дәрежесіне бөлінеді:

 3 сыныптың 1 дәрежесі (3.1) – еңбек жағдайлары функциялық өзгерістер туындататын, ал функциялардың қалпына келуі әдетте, зиянды факторлармен жанасу неғұрлым ұзақ уақытқа (келесі ауысым басталғанға дейін) үзілген кезде болып өтетін, зиянды факторлар деңгейлерінің ауытқуларымен сипатталады және денсаулықтың зақымдану тәуекелін арттырады;

3 сыныптың 2 дәрежесі (3.2) –зиянды факторлардың  орнықты функциялық өзгерістер туындататын деңгейлері, көпшілік жағдайларда олар өндіріс жағдай жасайтын аурушаңдықтың артуына, ұзақ уақыт экспозициядан кейін (көбінесе 15 және одан көп жылдан кейін) пайда болатын кәсіптік аурулардың бастапқы немесе жеңіл (кәсіптік еңбекке қабілеттілікті жоғалтусыз) белгілерінің пайда болуына әкеледі;

3 сыныптың 3 дәрежесі (3.3) – еңбек жағдайлары, зиянды факторлардың әсер етуі әдетте еңбек қызметі кезеңінде ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа кәсіптік аурулардың дамуына (кәсіптік еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен) әкелетін деңгейлерімен сипатталады;

3 сыныптың 4 дәрежесі (3.4) – еңбек жағдайлары, бұл кезде кәсіптік аурулардың  ауыр формалары (жалпы еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен) пайда болуы мүмкін, созылмалы аурулар санының елеулі өсуі мен еңбек қабілеттілігінен уақытша айырылумен ауруға шалдығушылықтың жоғары деңгейлері байқалады.

Еңбектің зиянды жағдайларының келтірілген гигиеналық критерийлерін кәсіптік ауруларды ерте айқындау мен олардың алдын алу үдерісінде назарға алған жөн.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях