Мемлекеттік еңбек инспекциясы

639
Құру, еңбек инспекциясы, қажетті әлеуметтік саясат институтының бастау 19-шы ғасырда

Экономиканың қарқынды даму үдерісі мемлекеттік еңбек инспекциясы алдында тұрған міндеттердің күрделілігін тұрақты арттырды және қызметкерлердің кәсіпқойлығын, қызмет тиімділігін үздіксіз өсіруді талап етті. ҚР тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде мемлекеттік еңбек инспекциясы қызмет ретінде елеулі өзгерістерге ұшырады.

Еңбек инспекциясы. Құрылу тарихы

Бүгінгі күні мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті
қорғау саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі күрделі міндеттерді шешуге қабілетті кәсіптік кадрлық құрамға ие болып отыр.
Әлеуметтік саясаттың қажетті институты ретінде еңбек инспекциясын құру өз бастауын 19-ғасырдан алады. Еңбек инспекциясы Ұлыбританияда 1802 жылы пайда болды, сол кезде Парламент денсаулық сақтау, тоқыма және басқа фабрикалардағы кіші шеберлердің мінез-құлық әдебі туралы акт жариялады. Неміс кәсіпкері Шухарт 1837 жылы мемлекеттік фабрикалық инспекция құруды ұсынды.
Фабрикалардың бірінші инспекторы Ұлыбританияда 1898 жылы тағайындалды.
Ресейде Мемлекеттік Кеңестің 1882 жылғы маусымдағы «Зауыттарда, фабрикалар ммен мануфактураларда жұыс істейтін жас балалар туралы» Жоғары мәртебелі бекіткен құжат бойыншажас бала жұмысшылардың кәсіптері туралы қаулылардың орындалуын бақылау үшін ерекше инспекция құрылды. 1886 жылы маусымда ерекше инспекцияға қосымша жаңа лауазымдар белгіленді, осылайша фабрикалық өнеркәсіп мекемелері мен фабрикашылар мен жұмысшылардың өзара қатынастарын қадағалау жөніндегі инспекция құрылды. 1918 жылы Еңбек халық комиссариаты жанынан еңбек инспекциясын құру туралы Декрет қабылданды. Инспекцияның міндеттеріне қандай да бір шаруашылық қызметімен
қамтылған барлық тұлғалардың өмірін, денсаулығын сақтау, еңбегін қорғау кірді.
Кәсіпорындардағы қадағалау жеке тұлғаларға – техникалық инспекторларға жүктелді. Ол кездегі еңбек инспекциясы Еңбек халық комиссариатының қарамағында болды және кәсіподақ органдары сайлаған еңбек инспекторларынан, сондай-ақ Еңбек халық комиссариатының органдары тағайындаған еңбекті қорғаудың ар-
наулы салаларының техникалық және санитарлық инспекторларынан құралды.
1933 жылы еңбекті қорғау саласындағы қадағалау мен еңбек заңнамасының сақталуын бақылау кәсіподақтардың қарамағына берілді, ал еңбек инспекциялары Кәсіподақтардың Бүкілодақтық орталық кеңесінің жалпы басшылығымен жекелеген кәсіподақтардың орталық комитеттері жанында салалық ұстаным бойынша ұйымдастырыла бастады. Бұл ретте еңбек туралы заңнаманың, еңбекті қорғау
ережелері мен нормаларының сақталуына мемлекеттік қадағалау кәсіподақтардың Орталық комитеттері мен кәсіподақтар аппаратында жұмыс істейтін арнаулы лауазымдық тұлғалар – техникалық және құқықтық еңбек инспекторлары арқылы кәсіподақтар Кеңестеріне жүктелді.

Жаңа кезеңі

1994 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікке ие болғаннан кейін еңбекті қорғаудың мемлекеттік еңбек инспекциясын құру туралы мәселе шешілді және облыстық орталықтарда Еңбекті қорғау басқармалары құрылды, олардың құрамына мемлекеттік еңбек инспекторлары кірді. 2001 жылы ҚР Үкiметiнiң қаулысымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстарда, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында аумақтық бөлімшелері құрылды. 2008 жылы ҚР
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында осы уақытқа дейін келе жатқан Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитет құрылды, оған облыстардағы, Алматы жіне Астана қалаларындағы көрсетілген аумақтық бөлімшелер бағындырылды. Комитеттің төрағасы – С. Ғ. Бисақаев, ол сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып табылады.
Халықаралық еңбек ұйымының құрылуы бірінші дүниежүзілік соғыстың соңына тура келді. Халықаралық еңбек ұйымы өз жарғысында бірінші кезекте барлық қатысушы-мемлекеттерден еңбек инспекциясы жүйесін құруды талап етті.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына таман 1947 жылғы өнеркәсіп пен
саудадағы еңбек инспекциясы туралы № 81 Конвенцияны жасау жөніндегі жұмыс аяқталды, 1959 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы № 129 Конвенция қабылданды. Конвенцияның 12 тармағына сәйкес: «Олардың өкілеттіліктерін куәлендіретін құжаттармен жарақтандырылған еңбек инспекторлары: а) инспекция бақылауымен қамтылған кез келген кәсіпорынға тәуліктің кез келген уақытында алдын ала хабарлама жасамастан бөгетсіз өтуге; с) заңнамалық ережелердің тиімді сақталуына көз жеткізу үшін олар қажет деп есептеген кез келген тексеруді, бақылауды және тергеп-тексеруді жүзеге асыруға» құқылы.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу  



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях