Байыту кешені: қауіпсіз еңбек – жоғары өнімділік

554
Байыту кешені: қауіпсіз еңбек – жоғары өнімділік
Байыту кешенінде сәйкес өндірістік сақтандыру, жұмыс орындарындағы өндірістік үдерістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған

Байыту кешені – «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамының аса ірі құрылымдық бөлімшесі, хризотилдің тауарлық топтарын 185 мың тонна көлемінде және инертті материалдар (шаң-қиыршықтасты қоспа – 100 мың тонна, ірі түйіршікті сеппе ПК-1,25 – 1 500 тонна, әртүрлі фракциялардағы қиыршықтас – 45 мың тонна) шығара алатын өндірістік қуаттарға ие.

Өндірістік процесс

Хризотил кендерін байыту және олардан тауарлық хризотил мен инертті материалдар алудың бүкіл үдерісі бір-бірімен өзара көліктік коммуникациялармен байланысқан мынадай бөліктерге бөлінеді:

– хризотил кендерін ұсақтау және сұрыптау цехы (бұдан әрі – ХКҰ жСЦ);

– хризотил талшығын байыту цехы (бұдан әрі – ХТБЦ);

– хризотил мен инертті материалдарды қабылдау және тиеу цехы (бұдан әрі – ХмИМҚТЦ).

Хризотил кендерін ұсақтау және сұрыптау цехы (ХКҰжСЦ)

Хризотил кендерін ұсақтау және сұрыптау цехының функциясына 2 810 мың тонна көлеміндегі кенді ұсақтау кіреді, оның құрамында кендегі жалпы мөлшері 5,09 % болатын 143 131 тонна талшық, екінші електік талшық – 3539 тонна мөлшеріндегі 2,47 % , үшінші електік – 67 752 тонна мөлшеріндегі 47,34 % талшық бар; ірілігі 25 мм-ге дейін, оны ылғалдылығы 1,5 %-ға дейін кептіру, құрғақ кен қоймасына жинау.

Кенді ұсақтау үш сатымен жүзеге асырылады:

I саты – на дробилке ККД ұсақтағышында – 1500/180;

II саты – КСД ұсақтағышында – 2200 Гр;

III саты – КМД ұсақтағышында – 2200.

Ұсақтаудың екінші және үшінші сатыларының арасында кен бес ГИТ-51 жіктегіштерінде жіктеуге ұшыратылады, кептіру корпусында – 10 ГИТ-51 жіктегішінде алдын ала жіктеуге үшырайды. Торастылық өнім тік шахталық пештерде кептіру кезеңінен өткізіледі. Кептірілген өнім жіктегіштердің торүстілік өнімімен бірге сыйымдылығы 80 мың тонна болатын құрғақ кен қоймасына жіберіледі.

Хризотил талшығын байыту цехы (ХТБЦ)

Байыту цехы хризотил талшығын құрғақ гравитациялық әдіспен байытуға, осы негізде 3-6 топ тауарлық өнімін өндіруге және инертті материалдарды дайындап шығаруға арналған:

– ПК-1,25, ТУ 21-22-15-99 маркалы ірі түйіршікті сеппе;

– құрылыс жұмыстарына арналған МемСТ 8267-93 қиыршықтас;

– ТУ 32 ЦП-782-92 құм-қиыршықтас қоспалары (байыту үдерісінің серіктес өнімдерінен, бұл шикізатты болмашы қосымша шығындармен неғұрлым толық пайдалану мүмкіндігін береді);

– минералдық әмбебап ұнтақ (ПМ-У);

– МемСТ 8736-93 «Құрылыс жұмыстарына арналған құм» құрылыс құмы.

Жіктеменің тар межелігі бар сұлбасын қолданудың арқасында кен ағынында кенді ұсақтау мен қаралтым концентраттарды шығару ғана емес, оларды алдын ала жіктеу де жүзеге асырылады, бұл қайта тазарту ағындарында неғұрлым қысқа сұлбаларды жасауға мүмкіндік берді.

Жаңғырту рудный ағыны

2012 жылы хризотил талшығын байыту цехында кен ағынын жаңғырту жүргізілді: вертикаль-балғалық үлгідегі ескірген 60 ұсақтағыштың орнына 20 центрден тепкіш ДЦ ұсақтағышы орнатылды, бұл байытудың технологиялық көрсеткіштерін шұғыл арттыруға, дайын өнім өндірісіне кететін кен шығынын, электр қуаты мен материалдар шығынын төмендетуге мүмкіндік берді. Осылайша нормативтік мерзімін өтеген жабдықтарды алмастыру жүзеге асырылды, бұл персоналға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер ету тәуекелдерін төмендетеді және қауіпті өндірістік объектіні Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» (10.01.2015 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 188-V Заңына сәйкес жаңғыртуды қамтамасыз етеді.

Хризотил мен инертті материалдарды қабылдау

және тиеу цехы (ХмИМҚТЦ).

Дайын өнім конвейерлерде алдын ала орташалаудан кейін жинақтау шанақтарына келіп түседі. Жинақтаушы шанақтардан хризотил-асбест мөлшерлеуші құрылғыға келіп түседі және бұдан кейін 50 кг мөлшерлермен баспақтардың баспақ-камерасына келіп түседі, баспақталады және полипропиленді қаптарға қапталады. Қапталған хризотил-асбест накапливается партиями по 20–25 баспалдықпен партиялар болып жинақталады, тігіледі және конвейерлер жүйесімен қатқабат қалыптастырушы тиісті машинаға беріледі, бұл жерде олар түпқоймаларға салынады (әрқайсысында 20–25 баспалдықтан) және автожүктиегіштермен қоймаларға тасымалданады.

Қаптау үшін жаңғыртылған ДБ–8222МД гидравликалық баспақтар пайдаланылады, түпқоймаларға салу қатқабат қалыптастырушы «Лим» машиналарында, «Сигнода» қатқабат қалыптастырушы және байлаушы машинасында жүзеге асырылады.

Қаптарды таңбалау Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) асбестті пайдаланған кезде еңбекті қорғау туралы № 162 Конвенциясы (Женева, 1986 жылдың 24 шілдесі) 14-бабының таңбалау мен көліктік қаптамалауға қойылатын талабына, МемСТ 14192-96 «Жүктерді таңбалауға» сәйкес жүргізіледі. Осы МемСТ-қа сәйкес хризотилдің көліктік қаптамалауында мынадай белгілеулер бар:

– дәл массасы;

– партия нөмірі;

– дайындалуының дәл күні;

– «Беречь от влаги» («Ылғалдықтан сақтау») жазбасы;

– қолданылатын стандартты көрсету;

– дайындаушы-кәсіпорынның аты;

– толық аталуы, сондай-ақ өнім маркасы мен тобы;

– МемСТ 19433-3-2010 талаптарына сәйкес қауіпті жүктің белгісі;

– «Соблюдайте правила безопасности», «Осторожно! Содержится асбестовое волокно!» және «Вдыхание асбестовой пыли очень опасно для здоровья!» («Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар», «Абайлаңыз! Асбест талшығы бар!» және «Асбест шаңымен тыныс алу денсаулық үшін өте қауіпті!») жазбалары.

Тауарлық хризотил МемСТ 26319-84 «Қауіпті жүктер. Қаптамалау»-ға сәйкес хризотилдің кепілдік берілген бүкіл мерзімінде сақталуын қамтамасыз ететін полипропиленді қаптарға қаптамаланады. Қаптамаланған хризотил тасымалдаудың ерекше жағдайларын талап етпейді, оны жүккөтерімділігіне қарай көліктің кез келген түрімен тасымалдауға болады. Таңбалану айқын, таза және құрғақ болуы тиіс. Қаптау ыдыстарын баспақ-қаптамалау машиналарына жеткізу арнаулы конвейермен жүзеге асырылады.

Дайын өнім маркалары мен партиялары бойынша ХмИМҚТЦ-на жиналады. Вагондарға тиеуді автожүктиегіштер бекітілген сұлбалар бойынша жүргізеді.

Байыту кешенінің қуаты жыл сайын дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін 300 мың тоннаға дейінгі хризотил талшығын өндіруге мүмкіндік береді.

Қауіпті және өндірістік факторлар

Хризотилді байыту, қаптамалау және тиеу кезінде мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болады:

– жұмыс аймағы ауасының асбест текті шаңмен шаңдануы (ұсақтау, жіктеу, тасымалдау, кенді кептіру, қаптамалау, дайын өнімді тиеу, жөнелту, тасымалдау мен өндіріс халдықтарын түсіру кезіндегі жұмыстар кезінде);

– өндірістік жабдықтардың қозғалмалы бөліктері (конвейерлер, қоректендіргіштер, элеваторлар, ұсақтағыштардың, жіктегіштер, айырушылар, шаңсыздандырғыштар, қаптамалау және қатқабаттаушы машиналардың);

– көміртек тотығы мен күкіртті ангидрид (туындау көздері – іштен жану қозғалтқыштары бар көліктік құралдар, кен кептіру);

– электр тогының соғу мүмкіндігі;

– діріл (ұсақтағыштар, желдеткіштер).

Хризотил өндірісіне неғұрлым сипатты зиянды фактор өндіріс үдерісінде жұмыс аймағындағы ауа құрамында асбест текті шаңның молдығы болып табылады. Проблеманы талшық өндіру технологиясының ерекшелігі талшық бөліну мен араласатын жыныс жылдамдықтарындағы айырмаға негізделген – гравитациялық әдіске бола шаңданумен гидравликалық шаң басу тәсілдерімен күрес жүргізудің мүмкін еместігі күрделендіреді.

Құрамында хризотил бар өнімдермен қауіпсіз жұмыс істеудің негізгі қағидаттары ХЕҰ-ның асбестті пайдаланған кезде еңбекті қорғау туралы № 162 Конвенциясының құжаттарында баяндалған.

ХЕҰ құжаттарының негізінде Қазақстан Республикасында хризотил-асбест кендерін өндіру мен қайта өңдеу кезінде өндірістік санитария мен техникалық қауіпсіздік Ережелері әзірленді, ол бойынша жұмыс аймағындағы құрамында асбест бар шаңмен шаңданудың жол берілетін деңгейі регламенттелді (ең жоғарғы біржолдық концентрация – 4,0 мг/м3, орташа ауысымдық – 2,0 мг/м3).

Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар

 «Қостанай минералдары» АҚ Байыту кешенінде жұмыстар жүргізілетін аймақта шаң мөлшерінің деңгейін төмендету жөнінде бірқатар ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленді және ойдағыдай енгізілді, оның ішінде:

– қызметкерлерді ай сайын ауаның шаңдануы шекті жол берілетін концентрациясынан асып кетуі мүмкін аймақтардағы жұмыс үшін жеке қорғану құралдарымен жабдықтау;

– құрамында хризотил-асбест бар материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мерзімдік нұсқамалар өткізу;

– бастапқы материалдардың, жартылай дайын өнімдердің және дайын өнімнің асқын жүктемесі түсетін тораптарды аспирациялық жүйелерді ауа тазартуға арналған аппараттарға қосатын паналармен жарақтау;

– шаңның межелес өндірістік үй-жайларға өтуін болғызбау үшін, шаңданған ауаны жинақтағыштар мен шаң басу камераларын қымтау;

– технологиялық желілерді бірінші кезекте аспирациялық жүйелер мен газ-шаң ұстаушы қондырғыларды, одан кейін технологиялық жабдықтарды іске қосуды қамтамасыз ететін электрлік бұғаттаумен жарақтандыру;

– технологиялық жабдықтар тоқтатылғаннан кейін жиырма минут өткен соң аспирациялық жүйелерді ажырату;

– шаң бөлінуі мүмкін учаскелердегі қызметкерлердің арнаулы киімін күн сайын шаңсыздандыру (ауысым аяқталған кезде);

– хризотил талшығын шаң өткізбейтін қаптарға қаптамалау, ыдысқа ішіндегі материалды және онымен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларын көрсетумен трафарет түсіру;

– «Sibilia» вакуумдық қондырғысының негізінде шаң жинаудың орталықтанған жүйесін құрастыру және пайдалану, шашылулар мен үйінділерді жинау кезінде қол еңбегін болдырмау;

– өндірістік үй-жайлардың едендерінен шаңды «Fiorentini» жылжымалы шаң жинау машинасымен механикаландырылған жинауды пайдалану;

– ауадағы шаң мөлшеріне «Қостанай минералдары» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің санитарлық зертханасының күшімен мерзімдік өлшеулер жүргізу.

Ауаның шаңдануы мен шаңның қызметкерлер денсаулығына зиянды әсер етуін төмендету бойынша жұмыстың бұдан кейінгі бағыттары қызметкерлердің бастапқы материалдармен, концентраттармен, дайын өніммен және өндіріс қалдықтарымен тікелей жанасуын жою немесе шектеу болып табылады.

Бұл мәселені шешу үшін «Қостанай минералдары» АҚ-нда негізгі өндірістік үдерістерді автоматтандырудың кешенді бағдарламасы әзірленді (іске асыру мерзімі – 2014–2019 жылдар).

Еңбекті қорғауды басқару

Байыту кешені ұжымының негізгі мақсаттарының бірі – еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау кезінде өндірісті тұрақты дамыту.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік , сондай-ақ кәсіпорында өндірістік жарақаттанушылықтан сақтандыру жөніндегі жұмыс СТП АО 280730006-53-2012 «Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне» (бұдан әрі – ЕҚБЖ) сәйкес жүргізіледі.

ЕҚБЖ «Қостанай минералдары» АҚ жұмысшысынан бастап басқарма төрағасына дейінгі - бүкіл персоналды алдын алушылық жұмыспен қамтуды көздейді.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Төтенше жағдай туралы» (10.01.2015 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) № 387-ІІ Заңының 16-бабы, 3-тармағына сәйкес кәсіпорында 2009 жылы «Өнеркәсіптік объект қауіпсіздігінің Декларациясы» жасалды, ол сараптамадан өткізіліп, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінде бекітілді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша техникалық шешімдер:

– жабдықтар мен газ құбырлары жарықтық, дыбыстық сигналдандыруды және қауіпті заттар авариялық шығарылған кезде автоматты ажыратылуды пайдаланатын автоматикамен жарақталған;

– қызмет көрсетуші персонал жұмыс аймағы ауасының газдану деңгейін анықтауға арналған тасымал газталдауыштарымен қамтамасыз етілген.

Жабдықтарды пайдалануға енгізген сәттен бастап кәсіпорынның өнеркәсіптік объектісінде авариялар тіркелген жоқ.

Авариялардың туындауынан сақтандыру мақсаттарында Байыту кешенінде аварияларды жою жоспары (бұдан әрі – АЖЖ) әзірленген, сондай-ақ оларды кептіру корпусында қауіптілік топтары бойынша бөлумен жарылыс және өрт қауіпті жұмыстар мен орындар тізбесі жасалды, авариялар тәуекелін азайту жөнінде мынадай іс-шаралар әзірленді және іске асырылуда:

– кептіру корпусында мүмкін болатын аварияларды оқшаулау және жою жоспары;

– «Қостанай минералдары» АҚ техникалық директоры бекіткен графикке сәйкес әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімшелерін, медициналық және газ қызметтерін, әсери емес өртке қарсы қызметті (бұдан әрі – ӘЕӨҚҚ) тартумен оқу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығулар өткізу;

– персоналды жыл сайын оқыту;

– ӘЕӨҚҚ-н тартумен өртке қарсы жаттығулар.

Байыту кешенінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, экологиялық және өртке қарсы қауіпсіздік пен өнеркәсіптік санитарияның жай-күйін тексерулердің мынадай жүйесі қолданылады:

– аптасына бір рет (бейсенбі) еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік күні мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізіледі;

– «Қостанай минералдары» АҚ техникалық директорының басшылығымен басқарманың бас мамандары кәсіпорын бөлімшелерінде еңбекті қорғаудың жай-күйіне кешенді тексерулерді, сондай-ақ «Қостанай минералдары» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі (бұдан әрі – ЕҚжӨҚҚ) бастығының басшылығымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия еңбекті қорғаудың жай-күйіне мақсатты тексерулерді график бойынша жүзеге асырады;

– ЕҚжӨҚҚ инженері ЕҚжӨҚҚ бастығы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес апта сайын еңбекті қорғау күнін қосқанда, төрттен кем емес тексерістер жүргізеді, айқындалған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар қабылдайды және өрескел бұзушылықтар жағдайында жұмыстар жүргізуге тыйым салады. Тексерістердің нәтижелері акт-ұйғарымдармен (нұсқаулармен) ресімделеді, олар бұзушылықтарды жою мерзімі белгіленумен Байыту кешенінің бастығына беріледі, ұйғарым бойынша БК бойынша ЕҚжӨҚҚ инженеріне есеп жасалып, ұсынылады.

Тұрақты жетілдіру

Байыту кешенінде, бүкіл кәсіпорындағыдай ҚР СТ OHSAS 18001-2008 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйелері. Талаптар» (бұдан әрі – OHSAS) қолданылады, ол өзекті жай-күйінде ұсталады және бұл бағыттағы жұмыс тұрақты жақсартылып келеді, ол мыналарды қамтиды:

– персонал денсаулығына келтірілетін залал мен жарақаттар алудан сақтандыру;

– жұмысшылар, ИТҚ, мамандар мен басшылар үшін тәуекелдерді бағалау мен қауіптіліктерді сәйкестендіруді өткізу;

– OHSAS саласындағы менеджментті тұрақты жетілдіру;

– OHSAS саласындағы тиімділікті үздіксіз арттыру ;

– жүйені қолданыстағы құқықтық талаптармен ұштастыру және өзектендіру.

Кәсіпорында персонал арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, қорғанудың басқа да құралдарымен тегін қамтамасыз етіледі; зиянды өндірістік факторлары бар жұмысты орындайтын қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» (23.07.2013 ж. берілген өзгерістермен) № 1458 қаулысына сәйкес сүт тегін беріледі.

Байыту кешенінде «Ұқыпты өндіріс – 5S. Жұмыс орындарын ұйымдастыру» жүйесі енгізілген, ол өндірістік үдерісті жақсартуға және оңайлатуға жағдай жасайды.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары

бойынша аттестаттауды 

2010 жылы «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу Қағидаларына» сәйкес «Қостанай минералдары» АҚ Байыту кешенінің жұмыс орындары аттестаттаудан (мерзімділігі бес жылда бір рет) өткізілді.

Байыту кешенінің барлық қызметкерлері жыл сайын «Зиянды өндірістік факторлар Тізбесіне» сәйкес медициналық қарап-тексеруден өткізіледі. 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулардың Ұлттық орталығы» РМКК-мен бірге Байыту кешені қызметкерлерін кәсіптік аурулардан сақтандыру және айқындау жөнінде жұмыс жүргізіліп келеді.

Мүмкін болатын аурулардың алдын алу мақсатында бөлімшелердің қызметкерлері серіктес кәсіпорын – «Денсаулық–2008» ЖШС-нің санаторий-профилакторийіне барып, тұрақты емделеді, ол медициналық персоналмен және заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жыл сайын (оның ішінде 2015 жылы), кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті Бағдарламасына сәйкес Байыту кешенінде еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыс орындарында өндірістік үдеріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар әзірленеді және іске асырылады, олардың орындалуын еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі, «Қостанай минералдары» АҚ басшылығы бақылайды:

– күрделі жөндеу жүргізу кезінде пештердің шахталарынан шаңданған ауаны сорып алуға арналған шығаруды құрастыру;

– ЗШ-6 тиеушілеріндегі нығыздаушы резеңкені алмастыру;

– жабдықтар: жіктегіштерге, І және II жүк ағынының қоректендіргіштеріне, конвейерлердің жинағыштарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын есепке алумен басқыштар мен алаңдарды қалпына келтіру;

– жіктегіштердегі тозығы жеткен жаппалар мен түптерді алмастыру;

– өздігінен ағатын науашықтардағы қарау жүктесіктерін қымтау.

Шаңның шектік жол берілетін мөлшерінің деңгейін сақтау және төмендету үшін мынадай ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар тұрақты орындалады:

– аспирациялық жинағышты, шлам қоймасын шламнан тазарту, пеш көмейлерін тазарту;

– ревизия және қажет болған кезде – жинағыштағы кедергіш-клапандарды алмастыру;

– ХТБЦ –ндағы СБ-111 қоректендіргішіндегі бастапқы кен шанағының жүк түсіру бөлігін алмастыру;

– тозған ЗШ-6 шлюздік бекітпелерді алмастыру;

– 2-құрғақ кен қоймасында құйғылардың жүк түсіру бөлігін алмастыру.

Басшылықтың жауапкершілігі

Байыту кешенінің басшылығы ұжым жұмысының салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы мәселелерді табысты шешудегі өзінің жауапкершілігін сезінеді және бұл салада персоналдың алда тұрған міндеттердің маңыздылығын, күрделілігі мен көлемін түсінуіне мүдделілік білдіреді. Өндірістік тиімділік еңбек қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін болады және керісінше, қауіпсіз еңбек өндірістік көрсеткіштердің өсуіне жағдай жасайды.

Байыту кешені еңбек қызметінің персонал өмірі мен денсаулығына зиян келтірілместен, жүзеге асырылатындығына сенімді және мыналар:

- кәсіпорынның қауіпті өндірістік объектілерінде тәуекелді төмендету жөніндегі өз міндеттемелері туралы;

- кәсіпорынның барлық технологиялық үдерістерін өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау талаптары және экологиялық талаптарға толық сәйкестендіруге өз ұмтылысы туралы;

- хризотил талшығын өндіру және қайта өңдеу кезіндегі қауіпсіздіктің барлық талаптарын басқару жүйесін тұрақты жетілдіру жөніндегі өз міндеттемелері туралы;

- кәсіпорын қызметкерлерімен өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және экологиялық талаптар мәселелері бойынша оқыту мен сабағаттар өткізу жөніндегі өз міндеттемелері туралы;

- өнеркәсіптік қауіпсіздіктің, еңбекті қорғау мен экологиялық талаптардың талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету, Байыту кешені қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту туралы;

- қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалануды, олардағы авариялардан сақтандыруды қамтамасыз етуге дайындығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның бұл авариялардың салдарларын жою мен оқшаулауға дайындығын қамтамасыз ету туралы мәлімдейді.

Байыту кешенінде бұл міндеттерді іске асыру үшін мынадай іс-шаралар қарастырылған:

– Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау нормалары мен экологиялық талаптарды сақтау бойынша жоспарлы қызмет;

– өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды басқару және экологиялық талаптарды сақтау жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның қауіпті өндірістік объектілерінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық үдерістерді жоспарлау мен ендіру жөніндегі іс-шараларды өз уақытында және толық көлемінде қаржыландыру;

– жұмыс орындарында зиянды және қауіпті өндірістік факторларды айқындау және жою, өндірістік тәуекелдерді жүйелі бағалау, оларды төмендетуді іске асыруға бақылау жасау;

– персоналды үздіксіз, жүйелі және мақсатты бағытталған оқыту.

Терминдер мен қысқартулар

ККД – дробилка Конусная Крупного Дробления

КСД – дробилка Конусная Среднего Дробления

КМД - дробилка Конусная Мелкого Дробления

ГИТ-51 - Грохот Инерционный Тяжелого типа

ЦП - смесь песчанно-щебеночная ЦП (марка)

ДБ–8222МД - гидравлический пресс (ДБ-8222МД-модель)

ЗШ-6 - Затвор Шлюзовой-6 (6- количество лопастей)

СБ-111 - весовой дозатор непрерывного действия (СБ-111- модель)

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях