Өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау

1054
Таласбаев Ж. М.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный специалист, государственный инспектор Департамента Комитета индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по Жамбылской области
Қызметкерлердің өндірістік авариялардан қорғалғандығы мен кәсіптік аурулар санының өсуі – шешілуі көптеген факторларға байланысты байыпты проблемалар.

Әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың орнықты және теңгерімделген өсуін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы өзіне  «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» Бағдарламасы  (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы  «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» № 958 Жарлығы (25.12.2014 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)) мен индустрияландыру саласындағы басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі бағыттарын қамтыды.

Мемлекеттік бақылау жүйесі

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау жүйесі мемлекеттің басты құндылығы – адамды, материалдық ресурстарды  қауіпті өндірістер объектілеріндегі техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен қорғауға бағытталған. Бұл ретте бақылау жобалау сәтінен (істер жүргізуді бағалау және сараптау) басталады; құрылыс сатысы (объектілер мен техникалық құрылғыларды қабылдап алу сынақтары)  мен пайдалану кезеңінде (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптар негізіндегі алдын алушылық жұмыстар) жалғастырылады.

Елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қауіпті өндірістік объектілерге ерекше көңіл бөлуді талап етті, олардың ішінде мыналар болды:

1.  «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, ол бір кездері бұрынғы Кеңестер Одағы химиялық өнеркәсібінің флагманы болып табылған,  зауытты темірсиликатмарганец металлургиялық өндірісіне қайта бейіндеу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырған «Орталық Азия консалтингтік инвестициялық компаниясы» 2006 жылы қараша айында сатып алған   «Химпром–2030» ЖШС базасында негізделді.

2. Тараз қаласындағы «Минералдық тыңайтқыштар» зауыты «Қазфосфат» ЖШС филиалының өндірістік алаңындағы  қуаттылығы 600 мың тонна моногидрат болатын күкірт қышқылы цехы. 

3. Алматы-Балқаш жолының 406 шақырымында, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы Мыңарал ауылында орналасқан, жылдық өнімділігі  1,1 млн тонна болатын, «Мыңарал Тас Компани» ЖШС-нің цемент өндіретін зауыты. Оның құрылысы жүргізілген 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары құрылыс жұмыстарын кезеңдер бойынша бақылау мен жоғары тұрған ведомстволарды өз уақытында хабардар етуді жүргізді.

Қауіпті технологиялар

Әрбір жобаны іске асыруда химиялық реакциялар, металлургиялық қорытпалар,  геологиялық барлау, тау-кен (ашу және жару) жұмыстары, жүк көтеріші тетіктер, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жарылыс қауіпті жәнке уытты заттар, жоғары қысымдағы магистральдық құбыржолдар сияқты қауіпті технологиялар мен техникалық құрылғылар пайдаланылды.

Жоба алдындағы дайындық сатысында қауіпті өндірістік факторлардың халық пен қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі анықталды; қауіпті өнеркәсіптік өндірістерді пайдалануды реттейтін жобалық құжаттаманы, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын, технологиялық регламенттерді, нормативтік техникалық құжаттарды талдаудың негізінде қауіптілік белгілері айқындалды.

Мысалы,  «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-н металлургиялық темірсиликатмарганец өндірісіне және  «Қазфосфат» ЖШС  «Минералдық тыңайтқыштар» филиалының  өндірістік алаңындағы күкірт қышқылы цехын қайта бейіндеу жөніндегі жобаны қарастыру кезінде мемлекеттік инспекторлар оны бұдан кейін уәкілетті органда тіркеумен қауіпті өндірістік объектіні декларациялауды; Қазақстан Республикасында шетелдік өндіріс материалдарын, технологияларын, техникалық құрылғыларын қолдануға рұқсат алуды ұсынды.

Өзгеріс жобасы

Цемент зауытының қауіпті өндірістік объектілері құрылысының жобалау-техникалық құжаттамасын, ізбес тасы карьерін әзірлеуді келісу  барысында шикізатты (ізбес тасын) цемент зауытына автомобиль трассасының астымен тасымалдауға арналған конвейерлік желі жобасына  өзгерістер енгізу ұсынылды, бұл ізбес тасын автомобиль көлігімен автомобильдердің өтімділігі жоғары автотрасса арқылы тасымалдауды және өндірістік үдерістердің әлеуетті қауіптілігін болғызбады.

Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу аяқталғаннан кейін ұйымдар оларды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде  есепке қойды. Өндіріспен және мүмкін болатын авариялармен байланысты қауіптіліктерді сәйкестендіру аса маңызды рәсім болып табылады,  өйткені бұл кезеңде сәйкестендірілмеген қауіптілік бұдан кейінгі тәуекелді бағалауда есепке алынбайтын болады.

Аталған объектілердің құрылысы кезінде қауіптіліктерді айқындау жөніндегі алдын алу жұмысы іске қосу сынақтарын  және қауіпті өндірістік объектілердің бұдан кейінгі қызметін нормалар мен стандарттарға сәйкес авариясыз жүргізуге мүмкіндік берді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях