Ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі ЕК КЖеК

393
Заңдармен және ережелермен белгіленген еңбекті қорғау талаптарына сәйкестікті қосқанда, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндеттеріне кіреді

Ішкі бақылау еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады (ҚР Еңбек кодексінің 338 бабы).

Жұмыс беруші міндетті

Заңдармен және ережелермен белгіленген еңбекті қорғау талаптары-
на сәйкестікті қосқанда, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндеттеріне кіреді. Жұмыс беруші өз кәсіпорнында (ұйымында) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетiнің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 489-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР СТ OHSAS 18001-2008 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйелері. Талаптар» мемлекеттік стандартына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуі тиіс.
Бұл стандарт OHSAS 18001-2007 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық.
Талаптарға» үндес стандарт болып табылады.
Бұған қоса, кәсіпорындарда ішкі бақылауды қамтамасыз ететін ХЕҰ-ЕҚБЖ-2001 –ге сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесі жасалуы мүмкін. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар ҚР нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді және еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен критерийлерді қамтуы тиіс. Басшылық тарапынан кәсіпорынның күнделікті қызметіне бақылауды ұйымдастыру заңдар, сондайақ басқа нормативтік және нормативтік емес құжаттар деңгейінде регламенттеледі.

Регламенттеу бақылау

ҚР Еңбек кодексінің 317 бабы, 1 тармақ, 1 тармақшасына сәйкес «жұмыс беруші профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға» міндетті.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі
бақылауды жүзеге асыру мақсатында 50-ден астам қызметкерлері бар
өндірістік ұйымдарда жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
қызметін құрады. Өз мәртебесі бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.
Қызметкерлерінің саны 50 адамға дейінгі жұмыс беруші қызмет ерекшелігін есепке ала отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде маман лауазымын енгізеді немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктейді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындау жөніндегі нұсқаулары ұйымның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті.
Ішкі бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 қаулысымен бекітілген «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы Үлгі ереженің» негізінде жұмыс берушінің актісімен бекітілген қолданыстағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы ережеге сәйкес қамтамасыз етіледі.

Ішкі бақылау

ҚР ЕК 23 бабы 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның міндеттерін басқа қызметкерге жүктеу лауазымдарды біріктіру, сондай-ақ қоса атқару шарттарымен «Басшылардың, мамандар мен басқа қызметшілердің біліктілік анықтамалығы» талаптары есепке алына отырып, жүргізіледі.
Жұмыс беруші өз актілерімен (еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі) бақылауды жүзеге асыру рәсімін (бұзушылықтарды жою, жабдықты пайдалануды тоқтата тұру, қауіпсіздік нормалары мен ережелерін бұзушыларды жұмыстан шеттету актілерінің формалары мен беру тәртібі) белгілейді және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің маманына бақылауды жүзеге асыру құқығын береді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях