Өзара іс-қимыл мемлекеттік еңбек инспекциясының басқа органдар

798
Мемлекеттік еңбек инспекциясы анықталды, бақылау-қадағалау органы жүктелген қызметін үйлестіру, мемлекеттік бақылау органдарының

Мемлекеттік еңбек инспекциясы өз қызметін басқа мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен, қызметкерлердің өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар мемлекеттік еңбек инспекторына Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерін атқаруына жәрдемдесуге міндетті (ҚР Еңбек кодексінің 336 бабы).

Қадағалау-бақылау органдары қызметінің өзара әрекеттестігінің негізгі
мәселелері:

– еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат алмасу;
– еңбек заңнамасының қолданылуына бірлескен тексерулер өткізу;
– өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және олардың алдын алу және заңдылықты бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды әзірлеу;
– жобалар бойынша құрылыс нормалары мен ережелерінің, басқа нормативтік құжаттардың еңбек туралы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар даярлау, жобаларды еңбекті қорғау жөніндегі салалық және салааралық ережелермен келісу;
– өндірістік мақсаттағы объектілерді қабылдауға қатысу және басқалар болып табылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы өзінің алдына қойылған міндеттерге орай бақылау-қадағалау органдары жүйесіндегі мемлекеттік орган болып анықталған, оған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мен қоғамдық бақылаудың еңбек құқығы нормаларын қамтитын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасау қызметін үйлестіруді жүзеге асыру жүктелген.

Кіммен өзара іс-қимыл жасайды

Өзінің еңбек заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қызметінде мемлекеттік еңбек инспекциясы мынадай мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік жасайды:
– ішкі істер органдарымен – шетелдік жұмыс күшін тартуға (қосымша –
Сыртқы істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары-
мен), мәжбүрлі еңбек пен балалар еңбегінің ең нашар формаларын жою,
жазатайым оқиғаларды, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде болып өткен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді, күзету ұйымдарының персоналын дайындаған кезде еңбек қауіпсіздігіне оқытуды бақылау, сондай-ақ тексерулерден жалтарушы немесе еңбек заңнамасы талаптарын қандай да бір формада бұзатын жұмыс берушілердің орналасқан орны мен деректемелерін анықтау және көлеңкелі сектормен қамтылған шаруашылық жүргізуші субъектілерді айқындау мәселелері бойынша;
– әділет органдарымен – шаруашылық жүргізуші субъектілерді – заңды
тұлғаларды тіркеуді растау, сот үкімі бойынша еңбекке тартылған
тұлғалармен болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алу мәселелері бойынша;
– Қаржылық қадағалау агенттігімен – қызметкерді ол еңбек (қызметтік)
міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандырудың міндетті түрлерімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша;
– Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау қызметімен – өнім
мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттау, өнімді стандарттау мәселелері бойынша;
– ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен – өнеркәсіптік қауіпті кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңнама белгілеген тәртіппен өндірістегі авариялар мен жазатайым оқиғаларды бірлесіп тексерулер мен тергеп-тексерулер мәселелері бойынша;
– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бөлімшелерімен – еңбек жағдайларының, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен өндірістік орта факторларына сараптама жасаудың, міндетті медициналық тексерулерді ұйымдастыру, еңбек жағдайларының өндірістік-жағдайластырылған аурулармен байланысын зерттеу мен бағалаудың, кәсіптік ауруға шалдығушылықтан сақтандыру жөніндегі шаралардың іске асырылуының жай-күйіне өндірістік бақылау ұйымдастыру мәселелері бойынша;
– атқару билігінің органдарымен, оның ішінде уәкілетті органмен еңбек
заңнамасымен белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері (шетелдік жұмыс күшін тарту, ұжымдық шарттар, келісімдер мониторингі мен тіркеу, еңбекақы бойынша қарыздарға мониторинг және т.б.) бойынша;
– прокуратура, сот, сот орындаушыларымен және басқаларымен.
Үйлестіру: заңдылықты сақтау; барлық қадағалау-бақылау органдарының
теңдігі; әрбір қадағалау-бақылау органының өзіне берілген құзіреті шектеріндегі дербестігі; бұл қызметкерлердің заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарына, сондай-ақ мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияға қайшы келмейтіндей көлемдегі жариялылық; әрбір қадағалау-бақылау органы басшыларының келісілгеншешімдердің орындалуы үшін жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях