Шешімдерге шағымдану тәртібі инспекторының бақылауды жүзеге асыратын

689
Тексеру жарамсыз деп танылады, егер жүзеге асырылған қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып тексеруді ұйымдастыру және жүргізу заңнамасында белгіленген

ҚР «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 29 бабына сәйкес бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін субъект тиісті бақылау және қадағалау органының және (немесе) лауазымды адамның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа шағымдануға құқылы.

Тексеру жарамсыз деп танылады

Егер бақылау және қадағалау органы тексеруді заңнамамен белгіленген
тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүзеге асырса, тексеру жарамсыз деп танылады.
Жарамсыз деп танылған тексеру актісі Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің бұзуының дәлелі болып табылмайды. Тексерудің жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың оның күшін жоюына негіз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою туралы тексерілетін субъектінің өтінішін қарауы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда шешім
тексерілетін субъектінің пайдасына шешіледі.

Талаптарының өрескел

Осы Заңның талаптарын өрескел бұзушылыққа:
1) тексеру жүргізуге негіздің болмауы;
2) тексеру тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімінің сақталмауы;
4) осы Заңның 23 бабының талаптарын бұзу;
5) жоспарлы тексеру тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
6) тексерілетін субъектіге тексеру тағайындау туралы актіні табыс етпеу;
7) мемлекеттік органдардың өз құзіретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындау жатады.
Егер тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін субъектінің Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың фактісі анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамның өміріне,
денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне ықтимал зиян келтіруді болдырмау жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті (ҚР «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 25 бабы).

Шешімдерге шағым жасау тәртібі

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмыс берушінің құқықтары
мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда жұмыс беруші меплекеттік еңбек
инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторына және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. Алайда, шағымданудың бір өзі мемлекеттік еңбек инспекторлары берген актілердің орындалуын тоқтатпайды.
ҚР заңнамасымен мемлекеттік еңбек инспекторларының шешімдеріне
шағымданудың әкімшілік және (немесе) соттық тәртібі көзделген.
Шағымданудың әкімшілік тәртібі тұлғаның өзі бағынатын жоғары тұрған
тұлғаға немесе органға шағымдар беруін көздейді, бұл жерде жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға немесе сотқа азаматтық іс жүргізу заңнамасымен белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы (ҚР АІЖК 27 тарауы).
Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі
басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды тұлғаның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта тікелей дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органдар мен ұйымға, лауазымды тұлғаға алдын ала жүгініс жасау сотқа өтініш ұсыну мен оны соттың қарау және шешу үшін қбылдауы үшін міндетті талап болып табылмайды.
Өтініш сотқа ҚР азаматтық іс жүргізу кодексімен белгілеген ережелер бой-
ынша беріледі. Аудандық соттардың қарауына жатқызылған өтініштер азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа немесе әрекетіне дау айтылған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, қоғамдық бірлестік, ұйым, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметші орналасқан жердегі сотқа берілуі мүмкін.
Азамат және заңды тұлға өзіне құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуы туралы мәлім болған күннен бастап үш айдың ішінде сотқа өтінішпен жүгінуге құқылы.
Өтінішпен жүгініс жасаудың үш айлық мерзімін өткізіп алу сот үшін өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері сот отырысында өтінішті мәні бойынша қарастыру кезінде айқындалады және өтінішті қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы мүмкін.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях