ХЕҰ-ның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету

705
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады

Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық:
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік сая-
сатты жетілдіру бойынша Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), еңбек
инспекцияларының Халықаралық қауымдастығымен, басқа мемлекеттер-
мен өзара әрекеттестікті;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша халықаралық
ұйымдардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуды;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекетаралық жобаларды, үкіметаралық, ведомствоаралық шарттар мен келісімдерді әзірлеуге қатысуды;
– ХЕҰ ратификацияланған конвенциялары бойынша баяндамалар дайындауды көздейді.

Басымдық заңның

Қазақстан Республикасында қолданыстағы құқық Конституция нормала-
ры, оған сәйкес заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Конституциялық кеңес пен Республика Жоғары Сотының нормативтік қаулылары болып табылады. ҚР Конституциясының 4 бабының 3 тармағына сәйкес Республика ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдары алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады (ҚР Еңбек кодексінің 2 бабы, 3 тармақ).


Қазақстан Республикасы ХЕҰ-ның еңбекшілердің әлеуметтік проблемаларын қозғайтын бірқатар негізгі Конвецияларын ратификациялады

Олардың ішінде:
1. 1930 жылғы 28 маусымдағы № 29 «Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы»;
2. 1947 жылғы 19 маусымдағы № 81 «Өнеркәсіп пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы»;
3. 1948 жылғы 10 шілдедегі № 87 «Ассоциациялар бостандығы және
ұйымдасу құқығын қорғау туралы»;
4. 1948 жылғы 9 шілдедегі № 88 «Жұмыспен қамту қызметін ұйымдастыру туралы»;
5. 1949 жылғы 8 шілдедегі № 98 «Ұжымдық шарттарды ұйымдастыру және жүргізу құқығы принциптерін қолдану туралы»;
6. 1951 жылғы 6 маусымдағы № 100 «Бағалылығы бірдей еңбек үшін еркектер мен әйелдерге бірдей сыйақылар беру туралы»;
7. 1957 жылғы 5 маусымдағы № 105 «Мәжбүрлі еңбекті жою туралы»;
8. 1958 жылғы 4 маусымдағы № 111 «Еңбек және жұмыспен қамту
саласындағы кемсітушілік туралы»;
9. 1964 жылғы 17 маусымдағы № 122 «Жұмыспен қамту саласындағы саясат туралы»;
10. 1969 жылғы 4 маусымдағы № 129 «Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы»;
11. 1971 жылғы 2 маусымдағы № 135 «Кәсіпорында еңбекшілер өкілдерінің
құқықтарын және оларға берілетін мүмкіндіктерді қорғау туралы»;
12. 1973 жылғы 6 маусымдағы № 138 «Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы»;
13. 1976 жылғы 2 маусымдағы «Халықаралық еңбек нормаларын қолдануға жәрдемдесу үшін үшжақты консультациялар туралы»;
14. 1977 жылғы 1 маусымдағы № 148 «Өндірістік орта туралы»;
15. 1981 жылғы 3 маусымдағы № 155 «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы,
өндірістік орта туралы»;
16. 1986 жылғы 24 маусымдағы № 162 «Асбестті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы»;
17. 1988 жылғы 20 маусымдағы № 167 «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы туралы»;
18. 1999 жылғы 1 маусымдағы № 182 «Балалар еңбегінің ең нашар формаларына тыйым салу және жою жөніндегі жедел шаралар туралы»;
19. 2000 жылғы 15 маусымдағы № 183 «1952 жылғы ананы қорғау туралы
(қайта қаралған) Конвенция туралы»;
20. 2003 жылғы 19 маусымдағы № 185 «1958 жылғы теңізшілердің жеке
куәліктері туралы (қайта қаралған) Конвенция туралы».

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу  



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях