Акт. Сипаттамасы кәсіпорын, учаске, жұмыс орны

622
Тарауда сипаттамасы өндірістік объектінің орнын, жазатайым оқиға болған күні, нөмірі қандай факторлар әсер етуі мүмкін зардап шеккен

Бұл тарауда өндірістік объектінің, жазатайым оқиға болып өткен жердің қысқаша сипаттамасы беріледі, зардап шегушіге қандай қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі мүмкін екендігі көрсетіледі.

Жеке көрсетіледі:

1) кәсіпорын сипаттамасы – кәсіпорынның толық аты, ұйымдық-құқықтық формасы, оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, қызмет түрі, көрсетілетін қызметтердің аталуы, өндіріс, сату, бас санының, техниканың көлемдері, қызметкерлер саны, өндіріс құрылымы, цехтар, учаскелер, бөлімдер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің болуы, аумағы, ауданы, орналасуы және т.б. туралы мәліметтер;
2) учаске сипаттамасы – жазатайым оқиға болған учаскенің сипаттамасы, оның аты, өндірістік тағайындалуы (негізгі, қосалқы), орналасқан жері және т.б.;
3) жұмыс орнының сипаттамасы, зардап шегушінің тікелей жұмыс орнының сипаттамасы;
4) зардап шегуші(лер)ге әсер еткен қауіпті немесе зиянды өндірістік
фактордың сипаттамасы, ғимараттар мен құрылыстардың (қирау кезіндегі), көлік пен техниканың (ЖКО кезіндегі), машина, тетік, жабдықтың (жарақаттану кезінде, қозғалыстағы, ұшқан заттардың әсер етуі), электр қондырғыларының (электр тогы соққан кездегі), басқа да жарылғыш, жанғыш, уытты, қышқылдандырушы заттардың (жарылыстар, өрттер, улану кезіндегі) және т.б. сипаттамасы.
Егер жазатайым оқиға объектідегі аварияның нәтижесінде болып өтсе, онда актіге қосымша: өндірістік объектілердің сипаттамасы, объектінің аталуы мен үлгісі, оның негізгі параметрлері, зауыттық нөмірі, зауыт-дайындаушы, жасалған және орнатылған жылы, соңғы куәлендіру және тексеру күндері, сондайақ куәлендірудің тағайындалған мерзімі; авария санаты мен сипаты туралы мәліметтер енгізіледі.
Жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысы туралы мәселені шешу үшін жазатайым оқиға болып өткен учаске мен жұмыс орнының сипаттамасын беру мен дәл анықтау маңызды.

Белгілері жазатайым оқиғалар

Басқаша сөздермен айтқанда, жазатайым оқиғаларды өндірістік оқиғалар санатына жатқызу негізгі және қосымша анықтауыш белгілердің бар екендігіне баға беру бойынша өткізіледі:
негізгі – қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауы (жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша немесе жұмыс берушінің тапсырмасынсыз, бірақ оның мүдделері үшін жұмыстар) және қызметкердің өзіне бекітілген немесе ұйым ұсынған көлік құралымен жұмысты орындау орнына (жұмыстан) жүруі;
қосымша – жұмыс орны, ұйым аумағы немесе жұмыстарды (тапсырманы) орындау орны, уақыты және оқиғаның басқа да маңызды мән-жайлары.
Жарақаттанудың негізгі ошақтарын тез анықтау және шұғыл сақтандыру шараларын қабылдау үшін жазатайым оқиға орны барынша дәл анықталуы тиіс.
Еңбек заңнамасындағы анықтамаға сәйкес қызметкердің еңбек қызметі
процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша
болатын орны оның жұмыс орны болып саналады (ҚР ЕК 1-бабының 47) тармақшасы).

Анықтау ұғымдар жұмыс орны

Жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу іссапар болып есептеледі (ҚР ЕК 1-бабының 81) тармақшасы).
«Жұмыс орны» түсінігіне дұрыс іс-тәжірибелік баға беру көбінде қиындықтар туындатады. Егер ол қоршалған алаңшада, үй-жайда (цехта, учаскеде, кабинетте) емес, оған кіреберісте болса, онда жазатайым оқиғаны өндірістік оқиға деп есептеу керек пе? Атап айтқанда, тергеп-тексеру үшін жұмыс орны ретінде тек өндірістің қоршалған алаңшаларын ғана емес, сондай-ақ ұйымға келетін жолды (немесе жол бөлігін), кіреберістерді және ұйымға жалға беру немесе меншік шарт-
тарымен бекітіліп берілген өзге де алаңшаларды түсінген жөн. Сондай-ақ жұмыс орны ретінде жұмыс берушіге тиісті немесе егер өзге жеке шартпен келісілмесе, жалға беру құқықтарымен пайдаланатын көлік құралын да есептеу қабылданған.
Бірқатар ұйымдар (ауыл шаруашылық, геологиялық-барлау және т.б.) немесе қызметкерлердің жекелеген санаттары (почтальондар, курьерлер, бақылаушылар) үшін қызметкердің өндірістік қызметінің тұрақты (кәдімгі) орнын/маршрутын жұмыс орны деп есептеген жөн.

ҚР ЕК 321-бабымен жұмыс орнының қауіпсіздік талаптары белгіленген:

1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша олардың функционалдық мақсатына және ҚЖеҚ талаптарына сай болуға тиіс.
2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нор-
маларына сәйкес келуге, онда тиісті техникалық паспорт (серти-
фикат), сақтандыру белгілері болуға және қызметкерлердің жұмыс
орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен неме-
се қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жол-
дар бос болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.
4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай қызметкерге қауіп-қатер төндіретін немесе құлайтын заттар бар қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар бұл аймақтарға бөгде адамдардың кіруін шектейтін құрылғыларымен жабдықталуға тиіс. Жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары ұйымның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға тиіс.
5. Қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте, же-
расты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдары мен ішкі
су айдындарында жұмыстар жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану
құралдары болуға тиіс.
6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және жасанды жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде еңбектің қауіпсіздік талаптарына сай болуға тиіс.
7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және
басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз еткеннен кейін жіберіледі.
Осыған орай, жұмыс орнының, учаскенің дәл сипаттамасы жазатайым
оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын анықтауға және зардап шегушінің еңбек міндеттерін орындаған кезде оқиға орнында болуын түсіндіруге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сондай-ақ жұмыс орындарында ЕҚжЕҚ талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларды анықтау туралы мәселені шешуге және тиісінше өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін жою мен сақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ комиссия осыған ұқсас өндірістік жарақаттанудан сақтандыру
мақсатында олардың ЕҚжЕҚ туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкессіздігі айқындалған кезде жекелеген өндірістердің, цехтар, учаскелер, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтарды пайдалануды уақытша тоқтата тұруға (тыйым салуға) құқылы.
Кәсіпорын, учаске, жұмыс орны сипаттамасының өндірістік жарақаттану-
шылыққа топографиялық талдау жасауды өткізу кезіндегі маңызы зор.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях