Заңды жауапкершілік нәтижелері бойынша жазатайым оқиға

588
Қорытындылар негізінде комиссия бұйрық ресімделеді, жұмыс берушінің өтеу туралы жәбірленушіге оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жауапкершілікке тарту кінәлі

ҚР ЕК 14-бабына сәйкес, еңбек заңнамасының бұзылуына, оның ішінде өндірістегі жазатайым оқиға туралы өз уақытында хабарламау (жасыру), оларға тергеп-тексеру, есепке алу мен тіркеуді жүргізбеу, ЕҚжЕҚ-ды қамтамасыз ету бөлігіндегі басқа да бұзушылықтар үшін кінәлі тұлғалар заңдық жауаптылықта болады.

Қорытындысы бойынша комиссия

Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші комиссия қорытындыларының негізінде заңнамаға сәйкес зардап шегушіге (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген залалды өтеу және жол берілген оқиға үшін кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы бұйрық ресімдейді.
Жұмыс беруші жұмыс берушінің ЕҚжЕҚ-ды қамтамасыз ету бөлігіндегі
қатынастарды реттейтін актілерді, оның ішінде ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді. Олар қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мен өндірістік тәуекелдерді азайтуға бағытталады.
ҚР ЕК 316-бабының 2) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші ЕҚжЕҚ жөніндегі талаптарды бұзатын қызметкерлерді жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Алайда, өндірістегі жазатайым оқиғаға қызметкерлер тарапынан еңбек
тәртібін, ЕҚжЕҚ жөніндегі, өрт қауіпсіздігі мен жұмыс орнындағы өндірістік санитария, басқа нормативтік құқықтық актілер мен жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтамаудың нәтижесінде жол берілсе немесе қызметкерлердің әрекеттері (әрекетсіздіктері) зардап шегушіге келтірілетін залалдың туындауына немесе артуына жағдай жасаса, онда жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексерудің нәтижелері бойынша кінәлі қызметкерлерді өздігінен материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.

Тәртіптік жазаның түрлері

ҚР ЕК 72-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) ҚР ЕК белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
Бұдан бөлек, егер тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша кінәлі тұлға, оның ішінде үшінші тарап тұлғасы анықталса, онда жұмыс беруші ҚР АК 933-бабына сәйкес зиян келтірген тұлғаға қатысты регресске құқылы, яғни басқа адамның (еңбек (қызмет, лауазымдық) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң, көлiк құралын жүргізушi адамның және т.б.) келтiрген зиянды өтеушiнiң, егер заң актілерінде өзгеше мөлшер белгiленбесе, төленген төлем мөлшерiнде осы адамға керi талап
қоюға (регресс) құқығы бар.
Мемлекеттік еңбек инспекторларына еңбек заңнамасының, еңбек құқығы нормалары бар нормативтік құқықтық актілердің бұзылуына кінәлі ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғаларын және тікелей ұйымдардың өздерін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша биліктік құқықтар берілген. Көрсетілген тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі оларға ҚР ӘҚБК ерекше бөлімінің баптарымен белгіленген мөлшерлердегі ақшалай айыппұл салумен білдіріледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық

ҚР ӘҚБК 550 және 89-баптарына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау ережелерін бұзумен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Мысалы, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның ҚР еңбек заңнамасын жазатайым жағдайға әкеп соқпаған бұзуы, – лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 20-дан 40-қа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жоғарыда көрсетілген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, – лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – АЕК-тің 40-тан 60-қа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 100-ден 150-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бақылау және қадағалау

Лауазымды адамның еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қадағалау жөніндегі міндеттерді жүзеге асырмауы, егер бұл жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, жазатайым оқиғаға әкеп соқса немесе оның өмірі мен денсаулығына көрінеу қауіп төндірсе, – АЕК-тің 20-дан 50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жұмыс беруші және оның өкілдерінің іс-қимылдарында қылмыстық тәртіппен жазаланатын әрекет болған жағдайларда мемлекеттік еңбек инспекторлары құқық қорғау органдарына көрсетілген тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдар жібере алады.
ҚР ЕК 326-бабының 7-тармағына сәйкес жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшірмелерінің бір данасын жеті күн ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы 20 күннен кешіктірмей хабарлайды.
ҚР ҚК 152-бабына сәйкес:
– қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiк санитария ережелерiн немесе еңбектi
қорғаудың өзге де ережелерiн осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса – 200-ден 500 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не 3 жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару не белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады;
– абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет – 3 жылға дейiнгi
мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен
айналысу құқығынан айырып немесе онсыз 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Iшкі істер органдары жиырма күндік мерзім ішінде еңбек инспекциясы органдарына берілген арнаулы тергеп-тексеру материалдарын қарастырудың нәтижелері бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлайды.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях