Есеп бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы және жарақаттану

676
Күн сайын еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі, олардың жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді

Өндірістік жарақаттанудың жай-күйін жан-жақты талдау мен бағалау еңбекті қорғаудың барлық бағыттары бойынша құжаттаманы зерттеуден басталады, оларға жарақаттану, кәсіптік ауруға шалдығу, авариялылықтың жай-күйі, олардың себептері және оларды болашақта болғызбау мақсатымен қабылданған шаралар туралы құжатты ресімделген есептерді, жазатайым оқиғаларды, аварияларды тергеп-тексерулер нәтижелерінің мәліметтерін жатқызуға болады.

Есеп нысанын

ҚР ЕК 17-бабына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары өндірістік
жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ЕҚжЕҚ жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады.
Мерзімдік есептерді ұсыну күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын жүргізіледі.
Еңбек инспекциясының жергілікті органы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ауыр зардапты және өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар және олардың орын алу фактісі бойынша топтық жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді күн сайын жібереді.
Еңбек инспекциясының жергілікті органы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ай сайын мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтерді ұсынады, мұнда басқа да оперативтік мәліметтермен қатар:
- зардап шегушілердің;
- қайтыс болғандардың, оның ішінде әйелдердің;
- топтық жазатайым оқиғалардың;
- топтық жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің, оның ішінде
әйелдердің саны туралы мәліметтер көрсетіледі;
- топтық жазатайым оқиғалардан қайтыс болғандардың, оның ішінде
әйелдердің саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Есеп бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы және жарақаттану

Еңбек инспекциясының жергілікті органы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын тұсіндірме жазбасы бар 2 ГИТ, 2 ГИТ-Т, 2 ГИТ есептерін береді, мұнда 2 ГИТ-Т өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы есеп болып табылады, ол бойынша өндірістік жарақаттанушылықты жарақаттардың ауырлығы, оқиғалардың түрлері, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың себептері, экономика салалары және т.б. бойынша талдауға болады.

Есеп бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы және жарақаттану

Есеп бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы және жарақаттану

Есеп бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы және жарақаттану

Барлық есептер өндірістік жарақаттануға талдау жасауды объективті өткізу үшін жыл басынан бастап өспелі түрде, сондай-ақ өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырыла отырып, ұсынылады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях