Рөлі кәсіподақ ұйымының жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге

804
Ұйымдағы инспекторлар санын өндірістің нақты жағдайлары мен жұмыс ауысымдылығына қарай кәсіподақ комитеті белгілейді

Қоғамдық құбылыс ретінде кәсіптік одақтар екі ғасырдан астам уақыт бойы өмір сүріп келеді, уақыттың нақты кезеңіне орай өз қызметінің мазмұнын ғана өзгертіп отыр. Олар бәрінен бұрын, жұмысшылардың өз ұжымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған ұйымы ретінде пайда болды. Қазіргі уақытта да кәсіптік одақтар қызметкерлер тағдырында үлкен рөл атқарады.

Міндеттері кәсіподақтар

Халықаралық еңбек конфедерациясының 1952.26.06 ХХХV сессиясының
қарарында: «Кәсіподақ қозғалысының тұрақты миссиясы еңбекшілердің
экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады», – делінеді.
Қарардың бұл сөйлемі іс жүзінде кәсіптік одақтардың мәнін анықтайды.
«Кәсіптік одақтар туралы» 1993.09.04 № 2107-XII ҚР Заңына сәйкес,
кәсiптiк одақтар (кәсiподақтар) – дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар
қоғамдық бiрлестiктер, оларды азаматтар өздерiнiң кәсiптiк мүдделерiнiң
ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiкэкономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшiн ерiктi түрде құрады.

Принциптері кәсіподақтар

Бұл анықтамадан кәсіптік одақтың мынадай принциптері келіп шығады:
- еріктілік, азаматтардың кәсіптік одақтарға мүше болуға еріктілігін көздейді;
- дербестік, кәсіптік одақтардың құқықтық қатынастарда заңды тұлға ретінде болу мүмкіндігіне нұсқайды;
- азаматтар бірлестігінің бейкоммерциялық сипаты;
- кәсіподақтық мүшеліктің тіркелушілігі;
- кәсіптік одақтарға бірігу кезінде азаматтардың кәсіптік және өндірістік
мүдделері бойынша қауымдасуы;
- өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау.
ҚР азаматтары өз мүшелерiнiң тең құқылығы негiзiнде құрылған кәсіптік
одақтарға бірігуге құқылы.
Бiр кәсiп (кәсiптер тобы) шеңберiнде құрылатын кәсiптiк одақтардың санына шек қойылмайды. Кәсiптiк одақтың iшкi құрылымы оның жарғысымен белгiленедi.
Кәсiптiк одақтар ерiктi негiзде өндiрiстiк (салалық), аумақтық және өзге принциптер бойынша одақтардың бiрлестiгiн құра алады, сондай-ақ оларға кiре алады, бiр-бiрiмен уақытша және тұрақты шарттар, келісімдер жасасып, бiрлескен акциялармен шаралар өткiзе алады. Кәсiптiк одақтарды құруға кедергi келтiру, сондай-ақ оның қызметiне қарсы әрекет жасау заң бойынша қудаланады.

Қорғау қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін

Кәсіптік одақтар қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін білдіру мен
сақтаудың маңызды кепілдіктерінің бірі болды және болып қалады, кәсіптік одақтың басты мақсаты – бұл қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау.
Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау, белсендiлiгi мен ынталылығын дамыту; кәсiби және әуесқойлық мүдделерiн қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметке қатысу; мәдениет-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргiзу; тарих
және мәдениет ескерткiштерiн қорғау; патриоттық, құқықтық және адамгершiлiк тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастық кеңейту және нығайту; ҚР заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi («Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996.31.05 № 3-I ҚР Заңының 5-бабы).
Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері тиісті келісім мен ұжымдық шарттарға қол қойған кәсіпорындар мен ұйымдарда қоғамдық бақылау жасауды жүзеге асыруға құқылы.
Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, экологиялық талаптар бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің сақталуына қоғамдық бақылау жасауды кәсіподақ комитеттері ұйымдағы кәсіподақ комитеті сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық (кәсіподақтық) инспекторлар арқылы жүзеге асырады.

Қоғамдық бақылау

ЕҚжЕҚ саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ұйымда ЕҚжЕҚ саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін нормативтік бекіту болып табылады, осыған байланысты ҚР ЕК-нде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор мәртебесі заң жүзінде бекітілген. Бұған қоса, кәсіподақ ұйымдарының ЕҚжЕҚ-ға
бақылау жасауды жүзеге асыру құқығы ҚР ЕК мен ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіподақ өз инспекциясын құра алады және еңбекті қорғау жөніндегі өз қоғамдық инспекторларын ұстай алады.
Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады.
Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын ЕҚ жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.
Кәсіпорынның кәсіподақ ұйымымен тағайындалған еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор егер жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілінің арасында жасалған ұжымдық шартпен өзге көзделмесе, онда бақылауды ҚР ЕК 341-бабымен белгіленген құқықтар шектерінде жүзеге асырады.

Қоғамдық инспектор

Әдетте, жоғары немесе орта техникалық білімі, үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар, неғұрлым білікті тұлғалар немесе арнаулы дайындықтан өткен және өзінің іскерлік қасиеттері бойынша ЕҚжЕҚ жөніндегі заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмысты орындауға қабілетті басқа қызметкерлер қоғамдық инспекторлар бола алады.
Атқаратын лауазымы бойынша еңбекті қорғау жағдайларының жай-күйі
үшін жауаптылықта болатын қызметкер қоғамдық инспектор болып сайлана алмайды.
Қоғамдық инспекторды ұйымның кәсіподақ комитеті ұйым кәсіподақ органының өкілеттілік мерзіміне сайлайды. Ұйымдағы инспекторлар санын өндірістің нақты жағдайлары мен жұмыс ауысымдылығына қарай кәсіподақ комитеті белгілейді.
Сайланғаннан кейін бір айдың ішінде инспекторлар еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден өтулері тиіс.
Инспектор міндеттерін орындау үшін қажетті жағдайлар, олардың кәсіподақтық оқу, съездерге, конференцияларға, пленумдарға, президиумдарға делегат ретінде қатысқан кезеңіне ақы төлеу ұжымдық шартпен немесе келісіммен реттеледі.

Міндеттері инспекторы

Өзінің функциялық міндеттерін орындау кезінде қоғамдық инспектор жұмыс берушіге тәуелді болмайды және кәсіподақ комитетінің басшылығымен жұмыс істейді және оның алдында орындалған жұмыс туралы есеп береді. Қоғамдық инспектордың құқықтарын әлеуметтік қорғау заңнамамен, ұжымдық шартпен немесе келісіммен реттеледі.
Қоғамдық инспектордың әрекетіне жасалған шағымдарды кәсіподақ комитеті қарайды, ол қабылдаған шешімнің күшін тек жоғары тұрған кәсіподақ органы ғана жоя алуы мүмкін.
Қоғамдық инспектор ұйымның ЕҚжЕҚҚ-мен, мемлекеттік бақылау және
қадағалау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Жұмысты жүзеге асыру үшін қоғамдық инспекторға белгіленген формадағы куәлік беріледі, ол өткізілген тексерулердің қорытындылары бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізеді, заңнамамен және ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесімен белгіленген форма және тәртіппен қажетті ақпарат алады.
ҚР ЕК 325-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы, жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі комиссия мүшелері болып табылады.
Тергеп-тексерудің қорытындыларына сәйкес , егер жазатайым оқиға өндіріспен байланысты болса, онда жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.

Кәсіподақ ұйымының еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторы белгіленген функцияларға сәйкес:

- жұмыс берушінің алдында қызметкерлердің ЕҚжЕҚ құқықтарын қорғауды ЕҚжЕҚ бойынша нормативтік құқықтық актілердің сақталуына қоғамдық бақылау жасау арқылы жүзеге асырады, келісімдер, ұжымдық шарттар жасау жөніндегі жұмысқа және жұмыс берушінің еңбектің қалыпты жағдайларын жасауы мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын бақылауға қатысады;
- жұмыс берушілердің келісімдермен, ұжымдық шарттармен еңбекті
қорғау бөлігінде көзделген міндеттемелерін орындауын тексеруді, тек-
серу қорытындылары бойынша лауазымды тұлғаларға айқындалған
бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады. Тиісті
мемлекеттік органдарға ұйымдардың ЕҚжЕҚ туралы заңнаманың, келісімдер мен ұжымдық шарттардың еңбекті қорғау бөлігіндегі ережелерінің бұзылуына, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды жасыруға кінәлі жұмыс берушілер мен өзге де лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту туралы талаптармен жүгінеді;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіптік ауруларды тергеп-тексеру
жөніндегі комиссия жұмысына және ұйымда ЕҚжЕҚ бойынша шаралар
әзірлеуге, олардан сақтандыру мен ұйымда мемлекеттік еңбек инспектор-
лары ЕҚжЕҚ жай-күйіне жүргізетін кешенді тексерулерге қатысады;
- еңбек жағдайларының өзгеруімен, ЕҚжЕҚ туралы заңнаманың бұзылуымен, келісімдер мен ұжымдық шарттардың еңбекті қорғау бөлігіндегі міндеттемелерінің орындалмауымен, сондай-ақ еңбек шарттарының ЕҚжЕҚ бөлігімен байланысты еңбек дауларын қарастыру жөніндегі комиссия жұмысына қатысады;
- жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі комиссиялардың жұмысына,
белгіленген ережелерге сәйкес жаңғырту мен қайта құрылымдаудан, жаңа
техника мен технологиялар орнатылғаннан кейін өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын пайдалануға қабылдау мен сынауларға қатысады;
- заңнама талаптары мен салалық нормаларға сәйкес қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен өз уақытында қамтамасыз етілуіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
- инспектор ЕҚжЕҚ саласында бақылау жасауды жүзеге асыру кезінде
бақылау мен қадағалаудың мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттеседі;
- инспекторға жүктелген функцияларды орындау үшін жұмыс берушілер мен ұйымның өзге де лауазымды тұлғаларынан ақпарат пен түсініктемелер, оның ішінде жазбаша түрде алады;
- ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша істерді қарау кезінде сот процесстеріне
қатысады;
- еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және өз ұсыныстарын енгізеді.

Жұмыс берушінің міндеттері

Қызметкерлер өкілдерінің еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық
бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушіге қызметкерлер өкілдерін, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларының жай-күйін, ЕҚжЕҚ жөніндегі заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізуге, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тергеп-
тексеруге кедергісіз жіберу міндеті бекітілген.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жұмыс берушілерден және
ұйымның өзге де лауазымды тұлғаларынан өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша ақпарат пен түсініктемелер алуға, өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша шаралар әзірлеуге қатысуға, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды жасыруға кінәлі жұмыс берушілерді және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы талаптармен
тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
Сондай-ақ кәсіподақ еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор арқылы қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға, оның ішінде кәсіптік ауруларға байланысты өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өз уақытында өтетуді талап етуге құқылы.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор өндірістегі жазатайым оқиғалар мен денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды, кәсіптік ауруларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға, өндірістегі әрбір жазатайым оқиға туралы актінің өз уақытында және дұрыс толтырылуын қадағалауға, жазатайым оқиғаны туындатқан себептерді жою жөнінде іс-шаралар өткізуді талап етуге міндетті. Комиссияға залалды өтеу мөлшерін анықтау үшін аралас жауапкершілік
кезінде зардап шегушінің кінә дәрежесін анықтау жөнінде өз ұсыныстарын береді.
Еңбекті қорғау жөніндегі инспектор жүргізген тексерулердің нәтижелері тексеру актілерімен ресімделеді. Актінің бір данасы бұзушылыққа кінәлі тұлғаға немесе жұмыс берушіге, екінші данасы – бақылау жасауды жүзеге асыру үшін кәсіподақ комитетіне беріледі.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар жүргізген тексерулердің
қорытындылары жұмыс берушінің өкілдерін шақырумен кәсіподақ комитетінің отырыстарында қарастырылады және негізделген шешімдер қабылданады.

Қоғамдық инспектордың міндеттері

Өндірістегі қызметкер денсаулығының зақымдануына әкелген жазатайым
оқиға кезінде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың алдында мынадай міндеттер тұрады:
- өндірісте жазатайым оқиғаға жеткізген барлық орын алған уақиғалардың
тіркелуіне және тергеп-тексерілуіне қол жеткізу;
- өндірістік бөлімше қызметкерлерімен жазатайым оқиғаларды жасыруға жол
беруге болмайтындығы жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізу;
- жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізудің уақытылығы мен
дұрыстығын бақылау;
- кәсіподақ комитеті үшін зардап шегуші кінәсінің дәрежесін бағалауға
мүмкіндік беретін материалдарды іріктеу мен дайындау;
- жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөніндегі шаралардың орындалуын
бақылау;
- қажет болған кезде зардап шегушімен және оның туыстарымен кездесу,
оларға өз құзіреті шектерінде әлеуметтік сипаттағы мәселелер (зиян-
ды өтеу, әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер) жөнінде түсіндірмелер
беру.

Источник: электронная система «ACTUALIS: Кадровое дело», получить бесплатный демо-доступ



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях