Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

744
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы (2016.01.01 берілген өзгерістермен және толықтырулармен)

 Осы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.

3-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

      13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама

      1. Адамның мүгедектiгi мен еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуi жолымен жүзеге асырылады. 

      2. Медициналық-әлеуметтiк сараптама халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлегентәртiппен куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалауға сүйенiп жүзеге асырылады.

      2-1. Қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады.

      2-2. Тұрмыс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзіне өзі қызмет көрсетуге, жүріп-тұруға, еңбек қызметіне (еңбекке қабілеттілікке), оқып үйренуге, бағдарлай білуге, қарым-қатынас жасауға, өзінің жүріс-тұрысын бақылауға, ойын қызметіне және танымдық қызметке, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындылары бойынша мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.

      3. Адамды мүгедек деп тану және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiн белгiлеу кезінде әлеуметтік қорғаудың себептерi, мерзiмдерi, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттiлiктерi айқындалады, сондай-ақ мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктері әзiрленедi.
      4. Мүгедектiк тобы он алты жастан бастап белгiленедi.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Мүгедектердiң құқықтары

      Қазақстан Республикасында мүгедектер: 

      1) әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға; 

      2) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге; 

      3) ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге; 

      4) бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға; 

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға; 

      6) кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға; 

      7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге; 

      8) мемлекеттiк және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге; 

      9) мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.

      15-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау

      Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды, бiлiм алуға қолжетімділікті және мүгедектердің қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16-бап. Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек

      Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдердi де қамтиды. 
      Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсетуге құқылы.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастапқолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде 
                тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы 
                мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік 
                көмек

      1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған мүгедектердің (бұдан әрі – қорғаншылықтағылар) зейнетақы төлемдері және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен есепке жазылады.

      2. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі қамқорлықтағылардың Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының пайдаланылуы туралы есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ұсынуға міндетті. 

      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қамқорлықтағылардың Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің дұрыс жұмсауын бақылауды жүзеге асырады. 
      Ескерту. 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.12.19. N 9 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Дереккөз: http://«ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях