Самурайлар жерінде

752
Самурайлар жерінде
Тыналин Алим Онербекович
Юрист ИП «Lex Consulting», г. Алматы
Айнұр мен Олеся дипломатиялық өкілдер тобына қосылды. Көп кешікпей шенеуніктердің бірі «Ұлы сёгун – варварларды жаулап алушы» атағын беру рәсімінің басталуы туралы жариялады.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар! Бұл жолы уақыт аралығында батыл саяхат жасап жүрген жиһанкез қыздармен бірге бізге жергілікті еңбек жағдайларын зерттеп, экзотикалық орта ғасырдағы Жапонияға баруға тура келеді. Әрине, әскери диктатура әдісімен басқарылатын мыңжылдық дәстүрі бар  монархиядағы еңбек қатынастары қазіргі кездегіден кәдімгідей ерекшеленеді…

Биылғы жылдың қазан айының басы бұлтты және жаңбырлы күндермен ерекшеленді. Қос құрбы тынымсыз жұмыс істеді, өйткені уақыт аралығындағы саяхаттарға тапсырыстар күннен күнге артты. Міне осы кезде Алматының жабырқаған күйбең тіршілігінен біраз тынығу мүмкіндігі пайда болды: «қызмет бабымен» Айнұр мен Олеся Тигр мен Евфрат өзендерінің жағалауында күнге әбден күйді, ежелгі Вавилонда болып қайтты, Семирамида бақтарының әдемілігіне және Сав патшайымының сүйкімділігіне сүйсінді. Оның үстіне оларға Навуходоносор патшасының ежелгі мысырлық өкілдерді қабылдау рәсімін тарихи мұра үшін суретке түсіру сәті түсті.

Қазан айының ортасында директор Немо қыздарды кезекті тапсырмамен алыстағы азиялық елге, тікелей 1603 жылға жіберді. 

***

Эдо қаласының, болашақ Токионың, маңындағы дымқыл ауаны күзгі жылы күн қыздырып тұрды. Кенет жолдың шетінде пайда болған қыздарға қарапайым шаруа байқады. Ол екі өгізбен жегілген арбасында Эдоға күріші және бұршағы бар қаптар апара жатқан еді. Киген киімдеріне қарағанда император сарайының адамдарына ұқсаған қыздарды көріп, шаруа таң қалды – бұл жын-перілердің тіміскі әрекеттеріне ұқсайды! Апасы оған кішкентай кезінен түлкілерден сұлу аруларға айналып, тым сенгiш жолаушылардың алдап, ажалдың тұзағына түсіретін Кицунэ деген құбылғыш бейнелер туралы әңгімелерді көп айтатын. Сондықтан ол бұл қауіпті жерді айналып өту үшін кішкентай бір соқпақ жолға ақырын бұрылып кетті.

Сонымен Олеся мен Айнұр мекенжайды дұрыс тауып келе жатқанына көз жеткізіп, Эдоға бағыт алды.  

Қалаға олар жиырма минутта жетті. Император Иэясу Токугава қазіргі Жапонияның билеушісіне берген «Ұлы сёгун – варварларды жаулап алушы» атағын беру рәсіміне қатысуға құқық беретін шақыру карталарын көргеннен кейін күзет оларды жіберді.

Эдо шағын ғана, бірақ, тез дамып жатқан қала екен. Барлық жерде құрылыс жүріп жатыр. Жұмысшылар тобы тас үйлерді салу үшін және тас, топырақ, отын және құм тасып жатыр. Төрт бұрыш жабынғыш шатыры бар жеңіл үйлердің үстінен будда ғибадатханаларының бейнелері көрініп тұр. Қала тұрғындары қамыс  аяқ-киімдерімен, кимоноларының етегін сүйретіп, өз жұмыстарымен асығып жүр. Көбісі ұзын көз тартарлық әдемі желпуішпен желпініп жүр. Атақты мырзаларды бiрнеше малай арнаулы зембiлдерде апара жатыр.

…Бір сағаттан соң  қыздар сёгунның сарайына жетті. Еуропалық адамдар бұл жерде әлі таңғажайып болғандықтан, күзетшілер таңданыстарын жасыра алмай, Олесяға бажырайып қарап, оларды сарайға кіргізді.

Бұл жолы саяхатшы қыздар атақ беру рәсімін суретке түсіруге ниеттенді. Мұндай тапсырманы олар бірнеше рет орындаған.

***

Рәсімді өткізу қағидаларын түсіндіру үшін – ал шындап келгенде біртүрлі бейтаныс аруларға қарап жүру үшін сарайдағы төре  Исида Нагакутэ кірісті...

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 10 оқыңыздар 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
×

Подпишись на наши новости

Все самое интересное и полезное! Будь в курсе событий кадров и охраны труда! Участвуй в наших семинарах и вебинарах!