Өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу

726
Кәсіпорында дайындалады беру рәсімі мен хабарларды тіркеу жазатайым оқиға туралы кәсіпорын ішінде және бақылаушы органдармен

ҚР ЕК 306-бабының 6) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік саясат өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге бағыттылған.

Есепке алу тәртібі

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алудың бірыңғай тәртібі ҚР ЕК
326-бабымен белгіленген, оған сәйкес:
– актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым
оқиғаларды және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу
журналына жазылады. Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік ор-
ган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес беріледі. (ҚР ЕК 326-бабының 8-тармағы);
– жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға не-
месе кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан
өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек ин-
спекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы – сақтандырушының
атқарушы органына (сақтанушы тіркелген жердегі) хабарлайды. (ҚР ЕК
326-бабының 10-тармағы).
ҚР ЕК 317-бабы, 1-тармағының 9-тармақшасына және 323-бабының
1-тармағы, 7-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші өндірістегі жазатайым
оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға міндетті.

Тергеу материалдары

Кәсіпорында кәсіпорынның ішінде, сондай-ақ тиісті мемлекеттік бақылаушы органдарда жазатайым оқиға туралы хабарларды тіркеу мен беру рәсімі әзірленіп, құжаттамамен ресімделуі тиіс.
Жазатайым оқиға туралы акт ресми құжат болып табылады. Бұған қоса, ол осы кәсіпорында осыған ұқсас жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін қажетті шараларды әзірлеу және болып өткен жарақаттардың себептеріне талдау жасау үшін қажет. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда 45 жыл бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа
тапсырылуға тиіс.
Зардап шегушіде еңбекке қабілеттіліктен айырылу жазатайым оқиғадан соң бірқатар уақыттан кейін басталған жағдайларда бұл қызметкер жылдарды өткізіп барып, жұмыс берушіге өзін әлеуметтік қорғауға байланысты мәселелермен жүгінуге құқылы.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес кәсіптік ауруларды есепке алуды науқастың негізгі жұмыс орнындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді.

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 3 наурыздағы
№ 74-ө бұйрығына
6-қосымша

Өндірістегі жазатайым оқиғалар 

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу

Егер кәсіпорында өндірістегі жазатайым оқиғаның бар-жоғы біреуіне ғана
жол берілсе, онда көрсетілген журнал басталуы және толтырылуы тиіс. Журнал тігілген, нөмірленген және кәсіпорын мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеу, есепке алу
мен талдау жасау зардап шегушілер мен олардың асырауындағы адамдарды әлеуметтік қорғау, жазатайым оқиғалардан сақтандыру шараларын әзірлеу мен іске асыру, қауіптіліктерді сәйкестендіру, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына тәуекелдерді анықтау мен бағалау мақсатында жүргізіледі.
Жазатайым оқиғаларды дұрыс, өз уақытында есепке алуға бақылау жасауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
 

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях