Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы

619
Қорытындысымен келіспеу мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушінің немесе зардап шеккен қаралады бас мемлекеттік инспекторымен

ҚР ЕК 326-бабының 6-тармағына сәйкес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныштылық тәртіппен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.

Тергеу материалдары

Жұмыс берушінің немесе зардап шегушінің мемлекеттік еңбек инспекторының шешімімен келіспеушілігін облыс пен Астана, Алматы қалаларының бас мемлекеттік инспекторлары қарастырады, соңғыларының қорытындымен келіспеушілігін ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы қарастырады.
ҚР ЕК 330-бабының 3-тармақшасына сәйкес тергеп-тексеру мәселелері
бойынша қорытынды жұмыс беруші үшін орындауға міндетті болып табылады. 

Жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторының жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері жөніндегі шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген форма бойынша қорытынды түрінде ресімделеді.

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 3 наурыздағы
№ 74-ө бұйрығына
4-қосымша


Мемлекеттік еңбек инспекторының өндірістегі
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі
қорытындысы

______________________________________________________________

   (зардап шегушілердің тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________________________________
                  (ұйымның атауы және оқиғаның болған орны)
«___»_________ сағ._____мин._____болған жазатайым оқиға бойынша
Комиссияның 200_ ж. «___»____________ бастап «___»_____________ дейін жүргізген арнайы тергеп-
тексеруі материалдарының және басқа да материалдардың (көрсету керек) негізінде тұжырымға келдім.
Бұдан әрі мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тексеруді жүргізген комиссияның қандай қорытындысымен келіспейтіндігіне негіздеме келтіруі қажет.

Өзінің қорытындысында ол:
– комиссия сұрау салмаған немесе оларды ескермеген жазатайым оқиғаны көрген адамдардан алынған түсіндірмелерге;
– зардап шегуші алған зақымдардың сипаты, оның қайтыс болу себептері туралы медициналық қорытындыға;
– жазатайым оқиғаға әкеп соққан жағдайдың қалыптасуына әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптары сақталмаған нормативтік құжаттарға;
– басқа да сараптау комиссияларының қорытындысына;
– осы жазатайым оқиғаға қатысы бар өзге де құжаттарға сілтеме жасауға тиіс.
Негіздемеден кейін, мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тексеру актісінің осы жазатайым оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер (құжаттар) ескерілмей баяндалды деп санаған бөлімін (бөлімдерін) тұжырымдауы тиіс. Қорытынды тиісті орындарға жіберіледі.
Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы қосымша тергеп-тексеру немесе Н-1 нысаны бойынша актіні жасау (қайта жасау) жөнінде комиссияға немесе жұмыс берушіге қойылатын талапқа қатысты болған жағдайларда, қорытынды оны орындау немесе құжаттың мазмұнын жазатайым оқиғаны қосымша тексеруде анықталған мәліметтермен сәйкестікке келтіру туралы талаптарынаен аяқталуға тиіс.
Қорытынды бірден тергеп-тексеруден кейін, зардап шегушінің немесе оның отбасы мүшелерінің сұратуы бойынша және т. б. жасалуы мүмкін. Мемлекеттік еңбек инспекторының жазатайым оқиға жөніндегі қорытындысының актіге қосымша емес, дербес заңдық құжат болып табылатынын ұмытпау керек, және де онда арнайы тергеп-тексеру актісінің тарауы (тараулары) болуы тиіс, ол оның есептеуінше,
осы жазатайым оқиғаға қатысты қолда бар қосымша мәліметтер (құжаттар) есепке алынбай баяндалған. Қорытындыда жабдықтарды, машиналарды, тетіктерді ақаулармен немесе қауіпсіздік техникасы талаптарын бұзушылықпен шығарған құрылымдаушылық, жобалау ұйымдарының, дайындаушы зауыттардың атына нақты ескертулер көрсетілуі мүмкін.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях