Туралы қорытындылар жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысы

495
Жол берілмейді ұқыпсыздық, салақтық, өткізудің белгіленген тәртібін бұзу және ресімдеу тергеу, өйткені сөйлеу денсаулық туралы, тіпті адамдардың өмірі туралы

Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын және тиісінше зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе өндіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, жұмыс жағдайларының еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін анықтайды, бұзушылыққа жол берген тұлғаларды анықтайды, зардап шегушінің әрекетін (әрекетсіздігін) бағалайды, өндірістегі осыған ұқсас жазатайым оқиғалардың себептерін жою және сақтандыру жөнінде шаралар белгілейді. Бұл жауапты жұмыс лайықты аяқталуы және тиісті дәрежеде ресімделуі тиіс.

Комиссияның қорытындысы

Ұқыпсыздық, салақтыққа, тергеп-тексеруді жүргізу мен ресімдеудің белгіленген тәртібін бұзуға жол берілмейді, өйткені әңгіме түзетуге болатын қарапайым қателік туралы емес, адамдардың денсаулығы және тіпті өмірі туралы болып отыр.
Бұл кезде комиссияның қорытындылары болжамдық сипатта болмауы тиіс, оларда долбарлар мен күмәнді тұжырымдарға орын жоқ, олар бекіту формасында баяндалуы және оқиғаның өзгеше емес, нақ сондай дамығандығына дәлел болуы тиіс.
Бұл тарауда комиссияның мынадай қорытындылары тіркелуі тиіс:
1) бұл жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысы туралы және өндірістегі жазатайым оқиға туралы Н-1 формасы бойынша акт жасау қажеттігі туралы (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.03.03. № 74-ө бұйрығына 3-қосымша);
Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептеріне орай, тергеп-тексеру
жөніндегі комиссия жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысы туралы шешімді дербес қабылдайды. Бұл ретте болған оқиға мен зардап шегушінің әрекеттері арасында тікелей себептік байланыс анықталуы тиіс.
2) жазатайым оқиға себептеріне орай зардап шеккен қызметкер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесі туралы.
Мысал. Ішімдік ішіп алған қызметкер жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша аумақпен жүріп келе жатқанда оған жабынның бекітілмеген құрылымы құлап, нәтижесінде ол жарақат алды. Құрылымның құлауы мен қызметкердің ішімдік ішкенінің арасында тікелей себептік байланыс жоқ, бұл осы оқиғаны өндіріспен байланыстыруға болатындыққа қатысты.
Жазатайым оқиға өндіріспен байланысты болған жағдайда комиссия бұл
шешімді ҚР ЕК-нің нақты бабы, тармағына сілтеме жасай отырып, негіздейді.
Сондай-ақ, өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт жасаудың қажеттілігі көрсетіледі. Осыған ұқсас, егер тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысты емес екендігі объективті анықталса, онда шешім ҚР ЕК 322-бабының 2-тармағының жазатайым оқиға себептеріне орай зардап шеккен қызметкер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесі туралы талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Кінә дәрежесі

Тараптар кінәсінің дәрежесі жазатайым оқиғаның себептерінен шығарылып белгіленеді, бұл жерде негізгі және екінші дәрежелі себептерді есепке алу маңызды.
Егер комиссия жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысы туралы шешім
қабылдаса, және зардап шегушінің тарапынан өрескел абайсыздық анықталмаса, онда зардап шегушінің кінә дәрежесі – 0%; жұмыс беруші кінәсінің дәрежесі – 100% болып белгіленеді.
Зардап шегушінің өз денсаулығына келтірілген зиянның туындауына немесе артуына жағдай жасаған өрескел абайсыздық фактісі анықталған жағдайда оның кінәсі өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия белгілеген проценттермен көрсетіледі.
3) заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің баптарын, параграфтарын, тармақтарын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген және олар сақтамаған жауапты тұлғалардың лауазымдық нұсқаулықтарын көрсетумен жазатайым оқиғаға әкелген әрекет немесе әрекетсіздік үшін жауапты тұлғалардың Т.А.Ә., лауазымы, кәсібі;
Бұл қосымша тарауда әрекеттері немесе әрекетсіздіктері жазатайым оқиғаның негізгі және жанама себебіне айналған бұзушылық үшін олардың жауапкершілігін көздейтін еңбекті қорғау бойынша қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, ережелер мен басқа да жергілікті нормативтік актілерді бұзуға жол берген тұлғалар көрсетіледі.

Тұлғаның бұзылуына жол берген

Форьмалды белгілерінің негізінде бұзушылыққа жол берген тұлғаларға қызметкерлердің үлкен тобын қоспаған жөн, бұл тек оларды жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешуді қиындатады.
Еңбекті қорғау талаптарын бұзуға жол берген тұлғалардың Т.А.Ә., лауазымын, кәсібін атай отырып, оның міндеттері еңбекті қорғау жөніндегі қандай нормативтік құқықтық құжатпен белгіленгенін көрсету, олардың мәнін баяндау қажет, жол берілген бұзушылықтарды және еңбекті қорғау жөніндегі олар бұзған қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, ережелердің, нұсқаулықтардың және басқа жергілікті нормативтік актілердің нақты баптарын, па-
раграфтарын, тармақтарын көрсету керек.
Қызметкерге оның құзіретіне енбейтін немесе оның міндеттерін құрамайтын іс-әрекеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік жүктеуге болмайды. Комиссия қандай да бір себептермен болып өткен жазатайым оқиғаға байланысты түсініктеме алмаған тұлғаларды еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік нормативтік талаптарды бұзушылардың қатарына қоспаған дұрыс.
4) комиссия мүшелерінің зардап шегушілермен немесе қолданыстағы
заңнамаға сәйкес олардың әлеуметтік қорғауға деген заңды құқықтары түсіндірілген олардың отбасы мүшелерімен кездесулері туралы мәліметтер.
ҚР ЕК 326-бабының 13-тармағына сәйкес зардап шеккен адам немесе
қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға құқылы. Осыған байланысты комиссия мүшелері тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін тергеп-тексеру материалдарымен таныстыру, қажетті көшірме үзінділер жасау, өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні тапсыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың
әлеуметтік қорғауға деген заңды құқықтарын түсіндіру үшін зардап шеккендермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесуі қажет.
Арнайы тергеп-тексеру актісінің қорытынды бөлімінде қоса ұсынылған материалдар тізбесі беріледі. Тізім ҚР ЕК 326-бабының 12-тармағы талаптарының негізінде құрастырылады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях