Еңбек заңнамасын бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар

645
Ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құжат ұжымдық шарт болып табылады

Ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құжат ұжымдық шарт болып табылады, мұнда еңбекті қорғау және еңбек заңнамасы бұзылуының профилактикасы жөніндегі алдын алу шаралары бейнеленуі мүмкін.

Қоғамдық инспекторлар және ұжымдық шарт

Осыған байланысты ұжымдық шарттың жобасы мен қосымшаларын дайындау кезінде еңбек жөніндегі қоғамдық инспектор құжаттар мен ұсыныстармен мұқият танысуы, талқылауларға қатысуы, өз ұсыныстарын беруі қажет.
Ұжымдық шартты дайындау, жасау және өзгерту жөнінде ұжымдық
келіссөздердің басталуымен қоғамдық инспекторлар өз құрылымдық бөлімшесіндегі қызметкерлерден еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі келісімге енгізу үшін ұсыныстар жинаулары және кәсіподақ комитетіне берулері тиіс. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың тексерулердің, зерттеулердің, тергеп-
тексерулердің және т.б. нәтижелері бойынша күнделікті жұмысы оларды әзірленіп жатқан ұжымдық шартқа енгізу үшін ұсыныстар даярлауға және оның орындалуын бақылауға, сондай-ақ жұмыс берушінің басқа да актілеріне енгізуге бағытталуы тиіс.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар міндеттерінің бірі ұжымдық шартта белгіленген тәртіппен қабылданған шаралардың орындалуына бақылау жасау болып табылады.

Өндірісте еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларының қамтамасыз
етілуіне бақылау мыналардан құралады:

• өндіріс объектілеріне тексерулер мен зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу: еңбек қауіпсіздігі жіне еңбекті қорғаудың жалпы жай-күйіне; қызметкерлерді еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне үйретуге; қызметкерлерді арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге;
•қызметкерлерге санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетуге;

• қызметкерлерге емдік-профилактикалық қызмет көрсетуге;
• заңнама талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың бұзушылықтарын айқындау;
• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде заңнама нормаларының,
ұжымдық шарттар ережелерінің айқындалған бұзушылықтарын жою туралы ұсыныстар беру;
• өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өткізілген шаралар.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жұмыс орындарын еңбек
жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуге қатысады, мұнда жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың крталарында мыналады көрсетуге назар аударуы тиіс: қызметкерлерге әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторларды бағалау, жұмыс орнының жарақат қауіпсіздігі, өндірістік жабдықтың нақты жай-күйін қауіпсіздіктің белгіленген нормативтік талаптарымен салыстыру; қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау.
Сондай-ақ ол аттестаттауды өткізу мерзімдерін де бақылауы тиіс, олар заңнамамен өндірістік объектілерді соңғы аттестаттау өткізілгеннен кейін 5 жылда бір реттен кем емес болып белгіленген.

Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда
өткізіледі:

1) қайта құру, жаңғырту, жаңа техника немесе технология енгізілгенде;
2) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу әдіснамасын бұзушы-
лықтар ақындалған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының талабы бойынша.
Аттестаттаумен өндірістік мақсаттағы барлық жұмыс орындарының
қамтылғанына және аттестаттау кезінде барлық зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың есепке алынғанына көз жеткізген жөн. Аттестаттау нәтижелері бойынша ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту мен салауаттандыру жөнінде шаралар Жоспарын әзірлеуін
қадағалау, бұдан кейін оның орындалу барысын бақылау қажет.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру
жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбайтын басқа да көздердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлер бұл мақсаттар үшін шығынданбайды. Қаржының көлемі ұжымдық шартпен белгіленеді. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру туралы ақпарат сұратуға құқылы.
Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік
стандарттардың талаптарына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сәйкес келуі тиіс. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуының салдарынан жұмыстар тоқтатыла тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген
жағдайда қызметкердің жұмыстарды орындаудан бас тартқаны үшін ол тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартылмайды.
Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себептен туындаған тұрып қалуға қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде төлем жасауға міндетті. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда оған келтірілген зиянды өтеу Еңбек кодексімен және Қазақстан Республи-
касы азаматтық заңнамасымен көзделген тәртіппен және жағдайларда жүргізіледі.
Егер жұмыс берушінің немесе ұйымның лауазымды тұлғаларының тарапынан қызметкердің құқықтарына заңнамамен белгіленген кепілдіктер бұзылса, онда қызметкер еңбек жөніндегі қоғамдық инспектордың көмегіне жүгінуге құқылы.

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор тексереді:

• аумақтың, өтпелердің, жұмыс орындарының ұсталуын, өндірістік
ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын (аумақты, өтпелерді, аумақ бойынша өтетін жерлерді, өндірістік үй-жайлардың ішін, жұмыс орындарының өздерін ұстау тексеріледі (олардың бәрі шөптен, қоқыстан, қардан, мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілулерінен тазартылуы, жиналған материалдармен, бөлшектермен, құрылымдармен үймеленбеуі тиіс, бөлшектерді, аспаптарды, материалдарды жинақтаудың дұрыстығы, өндірістік аумақты, жұмыстардың учаскелері мен жұмыс орындарын өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен, байланыс, сигналдандыру құралдарымен және еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін басқа техникалық құралдармен қамтамасыз
ету. Жұмыс істеушілерде ұжымдық қорға-нудың қажетті құралдарының болуы және жұмыс қабілеті, қауіпті өндірістік объектілер тұрақты әрекет
ететін аймақтардың шекараларында қорғаныс қоршауларының, сақтандыру белгілерінің, қауіпсіздік жазбаларының болуы, нұсқаулықтардың, плакаттардың және т.б. болуы);
• машиналарды, тетіктерді және де басқа өндірістік жабдықтарды қауіпсіз
пайдалануды (жабдықтардың, тетіктердің, бақылау-өлшеу приборларының, айлабұйымдар мен аспаптың ақаусыздығы, стационарлық тетіктердің қозғалушы бөліктерінде торлы немесе біртұтас металл қоршаулардың болуы, жұмыс істеп тұрған тетікте қоршаулардың, тесіктердің, қалқандардың кездейсоқ алынуын немесе ашылуын болғызбайтын арнаулы құрылғылардың (бұғаттаулардың) болуы және ақаусыздығы, жерлендіру құрылғыларының және статикалық элек-
трден қорғауға арналған құрылғылардың болуы және ақаусыздығы, оқшаулау, сақтандырушы және қымталаушы құрылғылардың, автоматтық бақылау, сигналдандыру, қашықтықтан басқару құрылғыларының және басқа да қорғаныс құралдарының болуы және ақаусыздығы, ақаусыз инвентарьлық аспаптар мен айлабұйымдардың болуы, іске қосу құрылғыларын таңбалануының және белгіленулерінің, басқару нышандарының және т.б. болуы);
• қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауын (қоғамдық инспек-
тор жұмыс орындарын аралап шығу кезінде және одан кейінгі жұмыс уақытында да жұмысшылардың жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін, технологиялық режімдерді, нұсқаулықтарды, нарядтарды, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын, арнаулы киім мен арнаулы аяқ киімді, ақаусыз және сынақтан өткізілген жеке қорғану құралдарын пайдалануын бақылауға міндетті. Білдектерде, машиналар мен тетіктерде бұл жабдықтарда жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерлер ғана жұмыс істеуге міндетті, қызметкерлердің ақаулы, қолдан істелгенаспаптар мен айлабұйымдарды пайдалануларына жол бермеу, өндірістік жабдыққа куәлендірудің өз уақытында өткізілуін,еңбек жағдайларын жақсарту
жөніндегі шаралардың және қоғамдық инспекторлар бұрынырақ берген
ұсыныстардың уақтылы орындалуы мен толықтығын бақылау);
• еңбекті қорғау жөнінде нұсқамалар кезінде қызметкерлерді оқытуды
өткізудің сапасын (бұл ретте еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді,
нұсқаулықтарды, техникалық және пайдалану құжаттамасын пайдалану,
нұсқаманың барлық түрлерінің өз уақытында өткізілуі, нұсқаманы тіркеу журналында жазбалардың болуы, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауы).

Оқыту, білімін тексеру

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойын-
ша оқытуды, нұсқама беруді және олардың білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқытудың, нұсқама беру және олардың білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімдерін қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісе отырып, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті түрде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтеді, кейіннен міндетті түрде оның білімін тексеру жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын-ала оқытудан, нұсқама беруден және олардың білімдерін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
Жаңа жұмысшыларды еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне іс-тәжірибелік оқыту
өндірістік оқыту кезінде нұсқаушының басшылығымен немесе жұмыс орнында біліктілігі жоғары жұмысшының, бригадирдің немесе қажетті дайындығы бар басқа маманның басшылығымен жүзеге асырылады. Әрбір оқушының еңбекті қорғау бойынша оқу тақырыбынан өткізілуі оқу жұмысын есепке алу журналына тіркеледі.
Жұмыс беруші жұмысқа жаңадан кіріскен қызмеркерлерді ішкі еңбек
тәртіптемесі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыруға, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама беруге, бекітілген бағдарламалар бойынша жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқытуға, және жұмысқа кіріскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей білімін тексеруден өткізуге және тиісті куәлік беруге міндетті. Қауіпсіздік техникасы Еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жөніндегі білімді тексеру әрбір 12 ай сайын қайтадан өткізіледі (еңбек қауіпсіздігіне қосымша (жоғарылатылған) талаптар қойылатын жұмыстар мен кәсіптер үшін).

Қызметкердің кіреді:

Қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасайды,
қызметкерлердің арнаулы киімі мен арнаулы аяқ киімдерін жөндеуді, оларды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуушы және зарарсыздандырушы құралдармен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдік-профилактикалық тағаммен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы үй-жайлармен қамтамасыз ету нормалары мен олардың құрылғыларына қойылатын талаптар ҚР СНжЕ 3.02.02-2001 «Қоғамдық ғимараттарда» берілген. Санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы үйжайлардың құрамына гардеробтар, душтар, жуынатын орындар, дәретханалар, темекі тартатын орындар, арнаулы киімді жылытуға немесе салқындатуға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған үй-жайлар кіреді.

Санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды тексеру кезінде жеңіл жөндеу
жұмыстарының уақтылы өткізілуіне, тазалық жұмыстарының ұдайы
ұйымдастырылуына, қажетті айлабұйымдармен және құрылғылармен
толықтырылғанына назар аудару қажет. Душ бөлмесінде киім мен сүлгілерге арналған ілмектер, сабынға арналған сөрешелер, болуы, әрбір душ бөлігі көршілерінен экрандармен қоршалған болуы тиіс; жуынатын орындар айналармен, гардеробтар – орындықтармен немесе отырғыштармен жарақталады. Арнаулы киімді кептіруге арналған үй-жай суырып шығару желдетуімен, арнаулы киімді ілуге және арнаулы аяқ киімді жылыту приборларына немесе жылыту регистрлеріне
тимейтіндей етіп қоюға мүмкіндік беретін айлабұйымдармен жарақталады, Жылытылмайтын үй-жайларда немесе ашық ауада жұмыс істейтіндердің барлығы үшін жұмыс орындарындағы ауа температурасы 10°С-ден төмен болған кезде жылынуға арналған үй-жай жабдықталады.
Өндірістік үй-жайлардағы жұмыс орындарынан дәретханаларға, жылынуға арналған үй-жайлар мен ауызсумен жабдықтау құрылғыларына дейінгі қашықтық 75 метрден, ал ашық ауадағы жұмыс орындарынан - 150 метрден аспауы тиіс.
Сабын, жуушы және зарарсыздандырушы құралдар берілуі тиіс кәсіптер мен лауазымдардың тізбесі ұжымдық шарттың қосымшасы болып табылады, сол жерде берілетін құралдардың санын көрсетсе де болады.
Кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары бойынша меншік
иесінің қаражаты есебінен арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары, жуушы және зарарсыздандырушы материалдар, сүт, емдік – профилактикалық тағам белгіленген нормалардан төмен емес мөлшерде беріледі (ҚР Еңбек кодексінің 205 бабы).
Жеке қорғану құралдары (противогаздар, өздігінен құтқарғыштар,
сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және олардың дұрыстығы тексерілуге тиіс, қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы тиіс. Тексеруден кейін жеке қорғану құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылуға тиіс.
Заңнамаға сәйкес қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен уақтылы және нормативтерге сай қамтамасыз ету, олардың қолданылуы, оларды профилактикалық өңдеу, жөндеу, сондай-ақ жұмыс орындарын алғашқы медициналық көмек құралдарымен жарақтандыру үшін жауапкершілік жұмыс берушіге жүктеледі.
Осы уақытқа дейін өндірістегі жазатайым оқиғалардың елеулі бөлігі
қызметкерлерде бар жеке қорғану құралдарын пайдаланбаудан болып жатыр.
Қызметкердің өзіне тиісті жеке қорғану құралдарын қолдану міндеті ҚР Еңбек кодексінің 315 бабының 3 тармағында көрсетілген. Қоғамдық инспектордың міндетіне тек қызметкерлерден жеке қорғану құралдарын пайдалануды талап ету ғана емес, сондай-ақ оларға берілетін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа жеке қорғану құралдарының зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғану үшін
арналғанын, оларғы немқұрайды қараудың жарақатқа немесе өндірістік шартты ауруға шалдығушылыққа әкелуі мүмкін екендігін түсіндіру де кіреді.

Жұмыс беруші қамтамасыз етуі тиіс:

• жұмыс істеушілердің денсаулығына әсер ететін зиянды және қауіпті
өндірістік факторлардың деңгейлерін өлшеуді уақтылы және сапалы өткізу.
Өлшеулердің уақтылы өткізілуін бақылау, сондай-ақ нақты жұмыс орнында орын алған барлық зиянды және қауіпті өндірістік факторларды есепке алу қажет.
Өлшеулер технологиялық регламентке сәйкес жұмыстар жүргізу кезінде, яғни барлық өндірістік жабдықтар, ұжымдық қорғану құралдары жұмыс істеп тұрғанда жүргізілуі тиіс;
• желдету құрылғыларының, жылыту және кондиционерлеу жүйелерінің
жұмысы. Әдетте, желдету қондырғылары ағынды-сорып шығарушы қондырғылар болуы тиіс. Сорып шығару желдетуінің ғана болуы үй-жайда өтпе желдің жасалуына жағдай тудырады. Суық уақытта ағынды желдету жылытылған ауа беруі тиіс.
Жергілікті сорғыштар өндірістік зияндылықтар бөлінетін жерлерге мүмкіндігінше жақынырақ орналастырылуы тиіс. Қызметкердің тыныс алу аймағы бөлінетін зиянды заттар қозғалатын жолда, яғни олардың бөліну орны мен «сорып шығару зонтының» арасында болмауы тиіс. Жылулық жамылғыларды олар арқылы өндірістік үй-жайларға және цехтарға көлік кіретін, материалдар, бөлшектер берілетін бұйымдарды қабылдау қақпасы мен терезелерінің жанына қояды;
• өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағында климаттық жағдайлардың нормаларын сақтау;
• жұмыс істеушілердің санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы үй-жайлармен
және құрылғылармен қамтамасыз етілгендігі;
• қызметкерлердің алдын ала және мерзімді медициналық тексерулерден
уақтылы өтуі. Кәсіптік және басқа аурулардың алдын алу, жазатайым оқиғалардан сақтандыру және еңбектің ауыр, зиянды және қауіпті жағдайлары бар жекелеген кәсіптер еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен; көлік құралдарын жүргізуге байланысты жұмыстардағы, электр қондырғыларына қызмет көрсететін персонал үшін, биіктікте жұмыс істейтіндер үшін жұмысқа кіріскен кезде міндетті алдын-ала медициналық тексеруден өту, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау
министрлігінің бұйрығы және кәсіптер Тізбесіне сәйкес мерзімді медициналық тексерулер мен ауысым алдындағы медициналық куәлендіру белгіленген. Ауысым алдындағы медициналық куәлендіруді талап ететін кәсіптер тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді;
• өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өткізудің сапасы.
Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен денсаулықтың өзге де зақымдануларын тергеп-тексерудің бірінші кезектегі міндеті жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептері туралы барынша толық, дәл ақпарат алу болып табылады, бұл ретте оның ақтық мақсаты – мұндай оқиғалардың қайтадан пайда болуынан сақтандыру,
жаңа қауіпті факторларды (егер ондайлар бар болса) айқындау және оларды жою жөнінде тиісті шаралар әзірлеу. Жазатайым оқиғалардың сипатын жақсы білу дау жоқ, оларды барлық деңгейлерде болдырмау жөнінде шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін басты нәрсе болып табылады.

Сапасы жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жүргізу

Жұмыс беруші кәсіпорынның әкімшілігі атынан өндірістік жарақатқа
ұшыратқан әрбір жазатайым оқиғаның мән-жайларын тергеп-тексерудің
бөгеліссіз өткізілуіне жағдай жасауы тиіс. Тергеп-тексерудің тәртібі жазатайым оқиғаның сипаты мен ауырлығына байланысты болады.
Елеулі дәрежеде болып өткен жазатайым оқиғаға ұқсас жазатайым оқиғаларды болғызбау жөнінде іс-тәжірибелік шаралар қабылдауды көздейтін кәсіпорын деңгейіндегі тергеп-тексерулерден айырмашылығы – мемлекеттік еңбек инспекциясы немесе басқа құзіретті мемлекеттік органдар жүргізетін тергеп-тексерулер заң аспектілерін қарастыруы мүмкін. Сондай-ақ тергеп-тексеруде сақтықтың қабылданған шараларының қолданыстағы заңнама ережелеріне сәйкес келетінін
айқындау, егер олай болмаса, онда оларды қалай өзгертуге немесе толықтыру қажет екендігін көрсету мақсаты да бар. Заң бұзылған жағдайларда мемлекеттік еңбек инспекциясы егер бұл талап етілсе, онда істі сотпен қарау қажеттігі туралы шешім қабылдауға құқылы.
Егер оның процесінде жиналған ақпарат алдағы уақытта басқа осыған ұқсас мәліметтермен салыстырылатын болса, онда жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерулер нәтижелерінің бағалылығы өсе түседі, бұл статистикалық талдау жасау үшін база жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ еңбектің осыған ұқсас жағдайларымен айналысатын тұлғалар әдеттегіден бөлек жазатайым оқиғалар туралы кең мәлімет
алады. Тергеп-тексеруді жүргізуші тұлға жазатайым оқиғаға әкелген және болып өткенді эмоциялық қабылдауға жатпаған барлық фактілер мен мән-жайларды объективті талдаудың маңыздылығын сезінуі қажет.
Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын зерттеу оқиғалардың одан әрі өрбуін алдын ала көре білуге мүмкіндік беретін жалпы заңдылықтарды айқындау, өндірістік жарақаттанудан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан да өндірістегі барлық жазатайым оқиғаларды «еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдайлар мен қызметкер денсаулының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру және есепке алудың» 37 тарауына қатаң сәйкестікте тергеп-тексеру өте маңызды.

Қоғамдық инспектордың міндеттері

Қызметкер денсаулығының зақымдануына әкелген, өндірістегі қандай да бір жазатайым оқиға жағдайында еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың алдында мынадай міндеттер тұрады:
– өндірістегі жазатайым оқиғаларға әкелген барлық оқиғалардың тіркелуіне және тергеліп-тексерілуіне қол жеткізу;
– өндірістік бөлімше қызметкерлеріне жазатайым оқиғаларды жасыруға
жол берілмейтіндік туралы түсіндіру жұмысын жүргізу (ҚР Еңбек кодексінің 315 бабы, 1 тармақ);
– жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізудің дұрыстығы мен
уақтылығын бақылау;
– кәсіподақ комитеті үшін зардап шегушінің кінәсі дәрежесін бағалауға
мүмкіндік беретін материалдарды іріктеу және дайындау;
– осындай жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөніндегі шаралардың
орындалуын бақылау;
– қажет болған жағдайда зардап шегушімен және оның туыстарымен
кездесу, оларға өз құзіреттілігі шеңберінде әлеуметтік сипаттағы
мәселелер бойынша (зиянды өтеу, әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер)
түсініктемелер беру.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях