Еңбек көші-қоны – ҚР заңнамалық актілеріндегі өзгерістер

576
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 153-V Заңы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 153-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы

НЕ ТУРАЛЫ?

Бұл Заң кейбір заңнамалық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-ІІІ Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, атап айтқанда: 

26-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға не шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары беретін рұқсатты алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді.»;

29-баптың 1-тармағында:

2) тармақшаның бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы тармақтың 3)4)5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.»;

«Осы тармақтың 2) тармақшасының екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға жергілікті атқарушы органның рұқсаттары негізінде, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды.»;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.»;

31-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) тұрғылықты не уақытша тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;»;

 214-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Үй қызметкерлері деп, егер жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) жұмыс берушінің және (немесе) жұмыс беруші үшін пайда алу мақсатында орындалмаса (көрсетілмесе), жұмыс беруші жеке тұлғаларда отбасының бір немесе бірнеше мүшесі жүргізетін үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететін) қызметкерлер танылады.».

Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

БҰЛ СІЗГЕ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Жоғарыда аталған заң Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін еңбек көші-қон мәселелері бойынша өзгертеді және толықтырады. Атап айтқанда Еңбек заңнамасын түзетеді: шетелдіктермен және еңбек келімсектерімен еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар мен жағдайлар анықталады, сондай-ақ көрсетілген тұлғалар саны шектеледі.

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях