Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор

690
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы принциптерінің бірі қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

Жұмыс берушінің міндеті

Осыған байланысты жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерін, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті
қорғау, еңбек жағдайлары жай-күйіне және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізуге, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тергеп-тексеру үшін бөгетсіз жіберуі заңнамамен бекітілген.
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық
бақылауды ұйымның кәсіподақ комитетімен, ал кәсіптік одақ жоқ болған кезде – қызметкерлердің жалпы жиналысымен (конференциясымен) сайланатын еңбек жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі.
Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері мұндай құқық келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген кезде ұйымдардағы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Кәсіпорынның кәсіподақ ұйымымен тағайындалатын еңбек жөніндегі қоғамдық инспектор егер жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілінің арасында жасалған ұжымдық шартпен өзге көзделмесе,бақылауды ҚР Еңбек кодексінің 341 бабы белгілеген құқықтар шектерінде жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың
негізгі бағыттарының бірі қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін нормативтік бекіту болып табылады, осыған байланысты ҚР Еңбек кодексінде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор мәртебесі заңнамамен бекітілді. Бұған қоса, кәсіподақ ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға бақылауды жүзеге асыру құқығы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіподақ өзінің инспекциясын құра және еңбек жөнінде өз қоғамдық инспекторларын ұстай алады.
Қоғамдық инспектор ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

Бақылау заңнамасында

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы атқару комитетінің
2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 5 қаулысының 2 тармағымен «Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор туралы Ереже» бекітілді, онда олардың міндеттері, құқықтары, қызмет кепілдіктері белгіленді. Сондай-ақ экономика салалары бойынша Қазақстан Республикасы темір жолшылар кәсіподағының Орталық кеңесі атқару комитетінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 6 қаулысының 6 тармағымен «Еңбекті
қорғау жөніндегі қоғамдық (кәсіподақ) инспектор туралы Ереже» бекітілді, байланыс қызметкерлерінің «Қамқоршы» Алматы кәсіптік одағы» қоғамдық ұйымы Атқару комитетінің 2008 жылғы 7 қазандағы отырысының № 19 хаттамасымен «Еңбекті қорғау жөніндегі қоғмдық инспектор туралы Ереже» бекітілді және т.б. Еңбекті қорғау
жөніндегі қоғамдық инспекторлар қызметінің қосымша кепілдіктері мен оларды қудалаудан қорғау ұйымдардың келісімдерінде, ұжымдық шарттарында белгіленуі мүмкін.

Қоғамдық бақылау

Бекітілген еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық (кәсіподақ) инспектор туралы Ереже республикалық салалық кәсіподақтарға және облыстық одақаралық кәсіптік бірлестіктеріне, меншіктің барлық формаларындағы облыстық, қалалық, аудандық комитеттері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарына қолданылады.
Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, экологиялық талаптар жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің сақталуына қоғамдық бақылауды кәсіподақ комитеттері атынан ұйымның кәсіподақ комитетімен сайланатын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық (кәсіподақ) инспекторлары жүзеге асырады.
Жоғары немесе орта техникалық білімі, үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар, неғұрлым білікті немесе арнаулы дайындықтан өткен, өзінің іскерлік қасиеттерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмысты орындауға қабілетті басқа да қызметкерлер қоғамдық инспектор бола алады.
Атқаратын лауазымы бойынша еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларының жайкүйіне жауап беретін қызметкер қоғамдық инспектор болып сайлана алмайды.
Қоғамдық инспектор ұйымның кәсіподақ комитетімен ұйымның кәсіподақ органы өкілеттіліктерінің мерзіміне сайланады. Өндірістің нақты жағдайлары мен жұмыстың ауысымдылығына байланысты ұйымдағы инспекторлар санын кәсіподақ комитеті белгілейді.
Сайланғаннан кейін инспекторлар бір айдың ішінде еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден өткізілуі тиіс.
Инспектор міндеттерін орындау үшін қажетті жағдайлар, оларға кәсіподақ оқуы кезеңінде ақы төлеу, делегат ретінде съезге, конференцияларға, пленумдарға, президиумдарға қатысуы ұжымдық шартпен немесе келісіммен реттеледі.

Үшін қажетті жағдайлар міндеттерді орындау инспекторы

Қоғамдық инспектор өзінің функциялық міндеттерін орындау кезінде
жұмыс берушіге тәуелсіз болады және кәсіподақ комитетінің басшылығымен жұмыс істейді және оның алдында орындалған жұмыс туралы есеп береді. Қоғамдық инспектордың құқықтарын әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен, ұжымдық шартпен немесе келісіммен реттеледі.
Қоғамдық инспектордың іс-әрекеттеріне жасалған шағымдарды кәсіподақ
комитеті қарастырады, ал ол қабылдаған шешімнің күшін тек жоғары тұрған кәсіподақ органы ғана жоя алады.
Қоғамдық инспектор ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен, бақылау мен қадағалаудың мемлекеттік органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Жұмысты жүзеге асыру үшін қоғамдық инспекторға белгіленген формадағы куәлік беріледі, ол өткізілген тексерулердің қорытындылары бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізеді, заңнамамен және ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесімен белгіленген форма мен тәртіппен қажетті ақпарат алады.
Барлық деңгейлердегі кәсіподақ органдары мен жұмыс берушілер жақсы
көрсеткіштері үшін инспекторды моральдық және материалдық ынталандырудың барлық түрлерімен көтермелей алады.
Қоғамдық бақылауды жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында
кәсіподақтар Федерациясында, республикалық салалық кәсіподақтарда, одақаралық кәсіптік бірлестіктерде, кәсіподақтардың облыстық, қалалық, аудандық комитеттерінде, бірлескен кәсіподақ комитеттерінде еңбекті қорғау жөніндегі бас қоғамдық инспекторлар лауазымы белгіленуі және бекітілуі мүмкін, олар көрсетілген кәсіподақтардың құрылымдық бөлімшелерінің төрағаларына немесе олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерімен айналысатын орынбасарла-
рына тікелей бағынады.
Кәсіподақтар федерациясы мен оған мүше ұйымдар бас қоғамдық
инспекторлардың кандидатурасын келіседі, оған жалақы мөлшерін оның атынан өзіне жүктелген міндеттерді орындайтын кәсіподақ органының шешімімен белгіленеді.
Барлық деңгейлердегі кәсіподақ органдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология, еңбек құқығы мәселелері бойынша кадрлар дайындау мен қоғамдық инспекторларды оқытуды тұрақты жүргізуге, ұсыныстар мен талаптарды қолдауға, тиісті нормативтік құқықтық актілер мен құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті.

Кәсіподақ ұйымының еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторы функцияларына сәйкес:

– қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарын жұмыс берушінің алдында қорғауды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуына қоғамдық бақылау арқылы жүзеге асырады, келісімдер, ұжымдық шарттар жасасу және жұмыс берушінің жұмыс орындарында еңбектің қалыпты жағдайларын жасау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде бақылау жұмысына қатысады;
– жұмыс берушілердің еңбекті қорғау бөлігінде келісімдермен, ұжымдық
шарттармен көзделген міндеттемелерін орындауын тексеруді жүзеге асырады және тексерудің қорытындылар бойынша лауазымды тұлғаларға айқындалған бұзушылықтар туралы ұсыныстар енгізеді. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының, келісімдер мен ұжымдық шарттардың еңбекті қорғау бөлігіндегі ережелерінің бұзылуына, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды жасыруға кінәлі ұйымдардың басшылыры
мен өзге де лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту туралы талаптармен тиісті мемлекеттік органдарға жүгінеді.
– өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіптік ауруларды тергеп-тексеру
жөніндегі комиссияның жұмысына және ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шаралар әзірлеуге, мемлекеттік еңбек инспекторлары өткізетін ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне кешенді тексерулер-
ге қатысады;
– еңбек жағдайларының өзгеруімен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың бұзылуымен, келісімдер мен ұжымдық шарттардың еңбекті қорғау бөлігіндегі міндеттемелердің орындалмауымен, сондай-ақ еңбек шарттарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігіне байланысты еңбек дауларын қарастыру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
– жұмыс орындарын аттестаттау, жаңғыртудан және қайта құрудан кейін
өндірістік объектілер мен өндірістік құралдарды пайдалануға қабылдау және сынақтан өткізу, бекітілген ережелерге сәйкес жаңа техника мен технологияларды орнату жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;
– қызметкерлерді заңнаманың және салалық нормалардың талаптары-
на сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен уақтылы қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бақылауды жүзеге асы-
ру кезінде инспектор бақылау мен қадағалаудың мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттестікте болады;
– жұмыс берушілер мен ұйымның өзге де лауазымды тұлғаларынан
инспекторға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпарат пен
түсініктемені жазбаша түрде алады. Инспектор қызметкердің денсаулығына немесе өміріне қатер төндірілетін жағдаяттар туындаған жағдайда инспектор жұмыстардың жетекшісін қалыптасқан жағдайды жою немесе бұл учаскедегі жұмыстарды тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдау үшін хабардар етеді;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша істерді қарау
кезінде сот процесстеріне қатысады;
– еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және өз ұсыныстарын енгізеді.

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор:

1) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-
күйіне тексеру өткізуге және айқындалған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізуге;
2) қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқыту мен
нұсқамалардың уақтылы өткізілуіне бақылау жасауға;
3) жұмыс орындарында технологиялық, жүк көтеру және өзге де
жабдықтардың, аспаптардың, көліктік құралдардың, өндірістік процесстердің, қоршаулардың, электр жабдықтарының, желдету қондырғылары жұмысының, жарықтандырылу жай-күйінің және т.б. ақаусыздығын айқындауға және ақаулықтар мен кемшіліктер айқындалған кезде ол туралы жұмыс берушіге хабарлауға және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізуге;
4) қызметкерлерді сапалы арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және өзге де жеке қорғану құралдарымен уақтылы қамтамасыз етуді тексеруге және олардың дұрыс пайдаланылуына қоғамдық бақылау жасауды жүзеге асыруға;
5) қызметкерлерді сүтпен және сабынмен уақтылы жабдықтауды тексеру-
ге;
6) күн сайын қызметкерлердің ауызсу режімімен қамтамасыз етілгендігін
тексеруге;
7) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен денсаулықтың өзге де
зақымдануларын, кәсіптік ауруларды тексеріп-тергеу жөніндегі комиссияның жұмысынва қатысуға,өндірістегі әрбір жазатайым оқиға туралы актінің уақтылы және дұрыс жасалуын қадағалауға, жазатайым оқиғаны туындатқан себептерді жою жөнінде шаралар өткізуді талап етуге. Залалды өтеу мөлшерін анықтау үшін аралас жауаптылық кезінде зардап шегушінің кінәсі дәрежесін анықтау жөніндегі комиссияға өз ұсыныстарын беруге;
8) мемлекеттік инспекторлардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың
жай-күйіне жүргізетін тексерулеріне қатысуға;
9) олардың еңбек міндеттерін орындауға, оның ішінде кәсіптік ауруларға
байланысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі талаптардың уақтылы қанағаттандырылуын тексерулерге қатысуға;
10) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдай орын алған кезде ұсыныс енгізуге және қатер жойылғанға дейін белгіленген тәртіппен жұмыстарды тоқтата тұруға қол жеткізуге;
11) жұмыс орындарын аттестаттау, қайта құру мен жаңғыртудан кейін цехтарды, учаскелерді пайдалануға қабылдау, жаңа техника мен технологияларды енгізу жөніндегі комиссия жұмысына қатысуға;
12) ұжымдық шарттың тиісті тарауын әзірлеуге қатысуға, оның орындалу-
ына бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды өткізуге бөлінген қаржының жұмсалуының дұрыстығын тексеруге;
13) еңбекті қорғау бойынша бұқаралық шараларды (қоғамдық байқауларды, конкурстарды, еңбекті қорғау күндерін, рейдтерді және т.б.) дайындау мен өткізуге, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеуге, жалпылауға және енгізуге қатысуға міндетті.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүргізген тексерулердің
нәтижелері тексеру актілерімен ресімделеді. Актінің бір данасы бұзушылыққа кінәлі лауазымды тұлғаға немесе жұмыс берушіге беріледі, екінші данасы бақылауды жүзеге асыру үшін кәсіподақ комитетіне беріледі.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар өткізген тексерулердің
қорытындылары Жұмыс берушінің өкілдерін шақырумен кәсіподақ комитетінің отырысында қарастырылады және негізделген шешімдер қабылданады.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор өз өкілеттіліктерін асы-
ра пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях