Тиімділігі оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

588
Оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау өткізіледі, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру еңбекті қорғауды басқару жүйесі мамандарының біліктілігін арттыруды талап етеді.

Қажетті талаптар

Ұйымдардың қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына оқытудың тиімділігі мақсатымен:
– жұмыс берушілер мен қызметкерлер, басшылар мен мамандар үшін еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау саласында біліктілікті көтеру курсын ұйымдастыру;
– еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша бағдарламалар,
анықтамалық әдебиет, нұсқаулықтық құжаттар, плакаттар, кітапшалар, бейнефильмдер мен жарнамалық бейнебаяндар жасауды жүзеге асыру;
– ұйымдардың арасында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік санитария, өндіріс
қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер жөніндегі жұмыстарды үздік ұйымдастыру конкурстарын өткізу;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында кәсіптер және жұмыстардың түрлері бойынша оқыту мен білімді тексеруге арналған компьютерлік және мультимедиалық бағдарламаларды әзірлеу қажет.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың білімдерін тексерудің қағидалары мен мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысымен бекітілген.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру, білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді (ҚР Еңбек кодексінің 313 бабы).

Қызметкерлерін оқыту

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға олардың кәсіптік
құзіреттілігі шектерінде оқыту өндірістік жарақаттану мен өндірістегі кәсіптік ауруға шалдығушылық жағдайларын болдырмаудың аса маңызды алдын алу шарасы ретінде қарастырылуы тиіс.
Оқыту мақсаттарынан шыға отырып, оқытуды ұйымдастырушылар оқытылатын қызметкерлердің еңбек қызметінің сипаты, олар орындайтын еңбек функциялары жағдай жасайтын оның нақты мазмұнын анықтаулары тиіс. Қызметкерлерді
жарақатсыз және улануларсыз жұмыс істеуге, ал басшыларды – еңбектің қауіпсіз жағдайларын сапалы ұйымдастыруға үйрету еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға оқытудың негізгі мақсаты болып табылады.
Жұмысшы кәсіптерінің қызметкерлері еңбекті қорғау мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарын өз еңбек функциясының шектерінде, яғни еңбекті қорғау немесе жұмысшы кәсібі бойынша жұмыстарды орындау жөніндегі нұсқаулықтар шектерінде, ал басшы немесе маман лауазымын атқаратын қызметкерлер еңбекті қорғау мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарын өз еңбек функциясының шектерінде, яғни
өздерінің лауазымдық міндеттері шектерінде білулері тиіс.

Оқыту әдістері

Қызметкерлерді оқытуда пайдаланылатын әдістер ересек оқушының
психологиялық ерекшеліктерін есепке алуы тиіс, оларға:
– оқыту уәждемесі (оңды және теріс);
– арнаулы білімдерді меңгерудің жылдамдығы мен жоғары сапасына деген мүдделілік/мүддесіздік;
– көбінде іс-тәжірибеден қашық кітаптық ақиқаттарды жайдан-жай жаттап алуға төзбестік және немқұрайдылық жатады.
Қызметкерлерді (ересек оқушыларды) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға оқыту негізгі тіректі ақпаратты жай ғана есте сақтауға емес, кәсіби, сенімді, дұрыс және саналы түрде әрекет ету шеберлігін қалыптастыруға жасауға тиіс. Ересек оқушы қызметкерлерді қытудың кез келген әдістемесі өзіне белсенді оқыту элементтерін қамтуы тиіс.
Оқыту әдістемесін құру кезінде қызметкерлердің базалық білім деңгейлерін, сауаттылығы мен тілдік дағдыларын есепке алу қажет.

Тыңдаушыларда қызығушылықты ояту және оларда белсенді қатысу сезімін қалыптастыру үшін:

1) тікелей тыңдаушыларға, олардың проблемалары мен жеке тәжірибесіне
мүмкіндігінше жиірек жүгіну;
2) күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіру;
3) жуырда тыңдаушылардың өзінде жұмыста немесе басқа кәсіпорында ол туралы бәрі естімеген «жаңа» жаңалықтарды пайдалану;
4) табиғи, бейресми және жанды мәнерде әңгімелеу, осылайша оқытушының талқыланатын оқиғаларға тартылғанын көрсету;
5) талқылау үшін ой оятатын сұрақтарды мүмкіндігінше көбірек қою;
6) тыңдаушылардың қандай да бір сәтті баяндауды немесе талқылау қарқынын, баяндау мәнері немесе сұхбатты жүргізу тәсілін күшейту қажеттігін көрсетуі мүмкін жауап берулеріне мұқият болу қажет.
Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті түрде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтеді, кейіннен міндетті түрде оның білімін тексеру жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын-ала оқытудан, нұсқама беруден және олардың білімдерін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
Қызметкерлер жеке жұмыс істеуге тағылымдамадан, жұмыстың қауіпсіз тәсілдерінің териялық білімі мен меңгерген дағдылары тексерілуден өткізілгеннен кейін жіберіледі.

Оқыту және білімдерін тексеру

Қызметкерлерді жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және білімдерін тек-
серу жылына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Қызметкерлерді жүмысшы
кәсіптер бойынша оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша
білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады. Білімді тексеру нәтижесі хаттамамен ресімделеді.
Қызметкерлерді жұмысшы кәсіптері бойынша оқыту өткізілетін жұмыстар
мен кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ мұндай оқытудың тәртібі мен нысанын және мазмұнын жұмыс беруші кәсіптің, жұмыс түрлерінің, өндіріс ерекшеліктері мен еңбек қауіпсіздігінің жағдайларына қарай , қызметкерлердің өкілдерімен келісе отырып, ол болмаған жағдайда жұмыс берушінің актісімен белгілейді.
Олар бойынша оқыту өткізілетін жұмыстар мен кәсіптердің тізбесіне сәйкес жұмысшы кәсіптер бойынша қызметкерлерді оқыту мен білімдерін тексеруді уақтылы ұйымдастыру үшін жұмыс беруші жыл сайын оның формалары мен мерзімдерін көрсете отырып, осындай оқытылуға жататын қызметкерлердің тізімін жасайды.

Жұмысшы кәсіптер бойынша оқытуды жұмыс беруші біліктілігі жоғары мамандарды, тәжірибелі инженер-техникалық қызметкерлерді, өз ұйымының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлерін, сондай-ақ басқа ұйымдарды (қажет болғанда)тарта отырып, жүргізеді.

Жұмыс оқу бағдарламасы

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы
ұйымның ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды
көздеуі және оны жұмыс беруші бекітуі тиіс.
Лекциялық немесе семинар (әңгімелесу, пікірталас, іскерлік ойын) түріндегі теориялық оқыту жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша теориялық оқытуды ұйымдастыруға жауапты тұлғаларының басшылығымен оқу сыныптарында немесе бұл үшін жарамды үй-жайларда өткізіледі.
Еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістік оқыту жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік оқытуды ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың басшылығымен арнаулы оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде, цехтарда өткізіледі.
Еңбек қауіпсіздігінің заңнамада белгіленген арнайы талаптары қойылатын
жұмыстармен байланысты жекелеген өндірістерде қызметкерлер қосымша арнайы оқудан өтеді. Мұндай оқытудың формалары мен мазмұны, оның ішінде оны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жалпы курсына қосуды жұмыс беруші бұл өндірістер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген арнаулы талаптардан шыға отырып, анықтайды.
Жұмыстың, лауазымның, мамандықтың осы түрі бойынша жұмыста үш немесе одан да көп, ал қауіптілігі аса жоғары жұмыста – бір жылдан артық үзілісі бар қызметкерлер өздік жұмыс басталғанға дейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан өтеді.

Оқу жұмыс жоспарлары

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға оқыту жұмысшы оқу жоспарла-
ры және оқыту бағдаламалары бойынша жүргізіледі. Жұмысшы оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламалары тыңдаушылардың нақты аудиториясының іс-тәжірибелік қажеттіліктері мен сұраныстарын бейнелеуі және салалық, өңірлік және корпоративтік ерекшеліктер есепке алына отырып, оқыту бағдарламасы бойынша әзірленуі тиіс.
Жұмысшы оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламалары ұйымның еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен және кәсіподақ ұйымымен келісілуі, басшымен бекітілуі (қол қоюы) тиіс.
Оқытудан өтуге міндетті қызметкерлердің әрбір тобы үшін өз жұмысшы
оқу жос-парлары пайдаланылуы мүмкін,оларда оқытудың көлемі мен
бағытталғандығын түрлендіру керек. Оқыту бағдарламалары мен оқу жо-
спарлары оқытылатын қызметкерлердің әр түрлі санаттары үшін құрылымы мен баяндау жалғастылығы бойынша барынша бірегейлендірілгендіктен оқытылатын қызметкерлердің нақты тобы үшін оқыту бағдарламалары мен мен оқу жоспарының кез келген тарауы мен тақырыбы ережелерін нақтылау мен түрлендіру не жекелеген тақырыптарды зерделеуге бөлінген оқу уақытын қайта
бөлу жолымен, не оқытушының тақырыптар ішіндегі қандай да бір мәселелерге баса көңіл бөлуінің көмегімен қол жеткізіледі.

Басшы қызметкерлерін оқыту

Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары (бұдан әрі – басшы қызметкерлер) мерзімді, бірақ үш жылда кемінде бір рет тиісті білім беру ұйымдарындағы біліктілік арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден өтеді.
Басшы қызметкерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
бойынша жұмысшы оқу бағдарламалары экономика саласы ұйымдарының ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды көздеуі, оқытушы ұйымдармен, оның ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша әзірленуі тиіс.
Басшы қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері
бойынша оқыту (лекциялық және семинар сабақтары түрінде) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары мамандарын, оқу орындарының , басқа да оқу орындарының оқытушыларын, тәжірибелі заңгерлер мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік, құрылыс, көлік, агро-өнеркәсіптік және өзге де ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің қызметкерлерін тартумен жүргізіледі.

Білімін тексеру

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшы
қызметкерлердің білімін тексеруді оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін
біліктілік арттыру курстарында (сабақ болған жерде) еңбек жөніндегі аумақтық мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған, құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жүргізеді. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады. Емтихан комиссиясы жұмысының тәртібін оның төрағасы белгілейді.
Комиссия төрағадан – мемлекеттік еңбек инспекторынан және комис-
сия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына біліктілікті арттыру курсының басшысы, сондай-ақ мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келісім бойынша) кіреді. Басшы қызметкерлердің білімін тексеру үшін емтихан комиссиясы тестілеу әдісін немесе емтихан билеттерін пайдалана алады.Емтихан билеттері немесе тест өндірістік андарға қойылатын біліктілік талаптарын және оқу
бағдарламасын ескере отырып әзірленеді.
Ұйымдардағы басшы қызметкерлердің оқыту мен білімдерін тексеруді
уақтылы өткізуге бақылауды жұмыс беруші жүзеге асырады. Басшылар мен мамандарды оқытудың уақтылы болуы мен қажетті кәсіптік құзіреттілігі үшін осы басшылар мен мамандардың жұмыс берушісі заң белгілеген тәртіппен жауапты болады.
Оқытушы ұйым оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде оның негізіне оның тиімділігін анықтайтын оқытудың іс-тәжірибелік бағытталғандығы – өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды, сондай-ақ авариялар мен оқыс оқиғаларды болғызбау алынуы тиіс.
Жұмысшы оқу жоспары мен оқыту бағдарламасының мазмұны мен құрылымы оқытудың модульдік жүйелерін және компьютерлік оқытушы және бақылаушы бағдарламаларды, оқу әдебиетін пайдалануға мүмкіндік береді. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуда нұсқама беру ерекше рөл атқарады.

Нұсқама сипаты мен жүргізілу уақытына қарай былай бөлінеді:

1) кіріспе;
2) жұмыс орнындағы алғашқы;
3) қайталама;
4) жоспардан тыс;
5) мақсатты.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама білімі, осы
кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс стажына байланыссыз жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, іссапарға келгендерге, өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізіледі.
Кіріспе нұсқаманы жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағиданы, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып бекіткен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағиданы әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізеді.

Өндірістік қызмет басталғанға дейін жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама:

1) ұйымға жаңадан қабылданған, бір бөлімшеден екіншісіне ауысқан
қызметкерлердің бәріне;
2) өздері үшін жаңа жұмыс орындап жатқан қызметкерлерге, іссапарға келгендерге, уақытша қызметкерлерге;
3) жұмыс істеп жатқан ұйымның аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшыларға;
4) өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге
жүргізіледі.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама ұйымның өндірістік құрылымдық
бөлімшелерінің басшылары еңбек қауіпсіздігі стандартының талаптарын,
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тиісті қағиданы, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып әзірлеген және бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
Қайталама нұсқамадан қызметкерлер біліктілігі, стажы, орындайтын
жұмысының сипатына байланыссыз жартыжылдықта кемінде бір рет өтеді.

Жоспардан тыс нұсқама:

– қолданысқа еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жаңа неме-
се өңделген стандарттар, қағидалар, нұсқаулықтар, сондай-ақ оларға
өзгерістер енгізілген кезде;
– технологиялық үдеріс өзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар,
бастапқы шикізат пен материалдар және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін
басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;
– қызметкерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін еңбек қауіпсіздігін бұзған кезде;
– бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша жүргізіледі.
Нұсқаманың көлемі мен мазмұны әрбір нақты жағдайда оны өткізу қажеттігін туындатқан себептер мен мән-жайларға байланысты анықталады.
Мақсатты нұсқама мамандық бойынша міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар)орындаған кезде жүргізіледі, авария, табиғи және де басқа апаттардың зардаптарын жою, наряд-рұқсатнама ресімделетін жұмыстарды жүргізу кезінде өткізіледі.
Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты
нұсқамаларды жұмысты тікелей басқарушы (ұста, цех бастығы) жүргізеді.
Жұмыс орнындағы нұсқамалар ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегімен тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауіпсіз тәсілдері бойынша меңгерген дағдысын тексерумен аяқталады. Қызметкердің білімін нұсқау жүргізген қызметкер тексереді.
Қанағаттанғысыз білім көрсеткен қызметкерлер дербес жұмысқа жіберілмейді және нұсқамадан қайтадан өтеді.
Нұсқаманы жүргізген қызметкер жұмыс орнында алғашқы, қайталама, жоспардан тыс нұсқаманы жүргізу туралы және жұмыс істеуге рұқсат беру туралы жұмыс орнындағы нұсқамаларды жұмыс орнындағы нұсқаманы тіркеу журналына жазады, журнал беттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1225 қаулысымен бекітілген қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың білімдерін тексеру қағидалары мен мерзіміне сәйкес нөмірленеді және байланады. Жоспардан тыс нұсқаманы тіркеу кезінде оның жүргізілу себебі көрсетіледі.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях