Жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету

1008
Жұмыс беруші айқындай отырып, қажеттілік, жеке қорғану құралдары негізге алады еңбек жағдайларын шоғырлануы өндірістік ортаның зиянды факторларының

ҚР Еңбек кодексінің 205 бабына сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары, жуушы және зарарсыздандырушы материалдар, сүт, емдік-профилактикалық тағам беріледі, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардан төмен болмаулары тиіс.

Қажеттілік қорғау құралдары

Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметкерлерге сүт, емдік-
профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киімжәне басқа жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын бекітеді, сондай-ақ оларды жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
Жеке қорғану құралдары – қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті
өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнаулы киім.
Ұжымдық қорғану құралдары – екі және одан көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Арнаулы киім – қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де заттар (ҚР Еңбек кодексі 1 бабының 1 тармағы).
Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар – бұл ортақ пайдаланудың гигиеналық мақсаттары үшін пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар мен құрылғылар.
Емдік-профилактикалық құралдар – қызметкер денесінің ашық бөліктерін (қол, бет) химиялық өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған жуушы құралдар, сабын, әр түрлі кремдер, сықпалар және басқа зарарсыздандырушы құралдар.
Жұмыс беруші жеке қорғану құралдарына деген қажетсінуді анықтай оты-
рып, еңбек жағдайларының жай-күйін, өндірістік орта мен еңбек процесі зиянды факторларының бар екендігі мен мөлшерлерінің деңгейлерін есепке алады және жеке қорғану құралдарының түрін анықтайды (шудың, дірілдің, шаңның әсерінен, биіктіктегі жұмыс, температуралық режимдердің артып кетуі және басқалар).
Ол ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын беру, қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету Қағидаларын; қызметкерлерге
жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт беру нормалары; қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын басшылыққа ала отырып, жеке қорғану құралдарын беруге міндетті.

ЖҚҚ нормалары

ЖҚҚ нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30
қаңтардағы № 172 «Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бекіту туралы» (Ауыл және су шаруашылығы, ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш өткеру, орман шаруашылығы ұйымдарының, газ-құтқару және қосалқы тау-кен-құтқару жасақтарының, денсаулық сақтау, байланыс саласы, тұрғын түй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлеріне, құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарымен қамтылған қызметкерлерге, мәдениет саласындағы негізгі мамандықтардың қызметкерлеріне, орта білім, орта арнаулы білім беру және спорттық мекемелердің қызметкерлеріне, мұнай және
газ өнеркәсібінің, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібінің қызметкерлеріне) қаулысымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 168-ө, 2008 жылғы 11 шілдедегі № 178-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 39-ө, 2009 жылғы 21 наурыздағы № 96/1-ө, 2008 жылғы 10 шілдедегі № 169-ө, 2009 жылғы 30 маусымдағы № 203/1-ө, 2009 жылғы 16 наурыздағы № 84-ө, 2008 жылғы 11 шілдедегі № 176-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 312-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 313-ө, 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 129/1-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 311-ө (банкілердің, тау-кенметаллургиялық өнеркәсіп пен металлургиялық өндіріс пен өнеркәсіптің басқа салаларының, химия өндірісі қызметкерлеріне, автомобиль көлігі мен тас жолдар саласымен қамтылған қызметкерлерге, электр энергетикалық саласы ұйымдарының қызметкерлеріне, жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан шахталарда, көмір өнеркәсібі кәсіпорындары мен қималарында жұмыс істейтін қызметкерлерге, машина жасаужәне прибор жасау өндірістерінің, темір жол көлігінің қызметкерлеріне, атом өнеркәсібі мен энергетикамен, азаматтық авиация, авиациялық және қорғаныс өнеркәсібімен, құрылыс материалдары мен пластикалық бұйымдар өндірістерімен, металл өңдеу өндірістері және басқаларымен қамтылған қызметкерлерге) бұйрықтарымен бекітілген.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк орган белгілеген нормалар ең төменгі нормалар болып табылады және жұмыс беруші оларды қажетсінуді анықтай отырып, еңбек жағдайларының жай-күйін, өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының деңгейлері мен мөлшерлерін есепке ала отырып, жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімін қысқарта алады немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
5 желтоқсандағы № 1458 «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт,емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялықтұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, қосымша ЖҚҚ-н бере алады.

Сыныптар ЖҚҚ, пайдалану мерзімдері

МемСТ 12.4.011-89 ЕҚСЖ «Жұмыс істеушілерді қорғау құралдары. Жалпы талаптар және жіктелуіне» сәйкес тағайындалуына қарай ЖҚҚ мынадай сыныптарға бөлінеді: оқшаулағыш костюмдер; тыныс алу органдарын қорғау құралдары; арнаулы қорғаныс киімі; аяқтарды қорғау құралдары; қолдарды қорғау құралдары; басты қорғау құралдары; бетті қорғау құралдары; көздерді қорғау құралдары; есту органын қорғау құралдары; биіктіктен құлаудан қорғану құралдары және басқа да
сақтандыру құралдары; қорғаныс дерматологиялық құралдар; қорғаныстың кешенді құралдары.
Жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімдері күнтізбе бойынша белгіленеді және оларды қызметкерлерге нақты берілген күннен бастап есептеледі.
Жұмыс берушілер тек сертификатталған жеке қорғану құралдарын сатып
алулары тиіс. Жеке қорғану құралдары киюге ыңғайлы, қозғалуға бөгет жасамайтындай болып, қызметкерлердің өлшемдеріне сәйкес іріктеліп берілуге тиіс.
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін немесе қызметкерге байланысты
емес себептер бойынша белгіленген мерзімінен бұрын жарамсыз болып қалған арнайы киім мен арнайы аяқ киім ауыстырылуы тиіс. Жұмыс берушілер ЖҚҚ-н беру мен алмастыруға, жууға, жөндеуге, активсіздендіруге, кептіруге жеке есеп жүргізуді ұйымдастырулары тиіс. Жеке қорғану құралдары (газтұтқылар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және өзге де
құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және олардың дұрыстығы тексерілуге тиіс, қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы тиіс. Тексеруден кейін жеке қорғану құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылуға тиіс.
Қызметкерлерге берілген арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа
жеке қорғану құралдарын сақтау үшін жұмыс беруші қызметкерлерге
құрылыстық нормалар мен ережелер, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен кағидалардың талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелер (гардеробтар) береді.

Ұжымдық қорғану құралдары тағайындалуына қарай мынадай сыныптарға бөлінеді: 

өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарының ауалық ортасын қалыпқа келтіру құралдары; өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарының жарықтандырылуын қалыпқа келтіру құралдары; иондаушы сәулеленудің жоғары деңгейінен, инфрақызыл сәулеленудің жоғары деңгейінен, ультракүлгін сәулеленудің жоғары немесе төменгі деңгейінен, электрмагнитті сәулеленудің жоғары деңгейінен, магнитті және электр өрістерінің жоғары кернеулілігінен, лазерлік сәулеленудің жоғары деңгейінен, шудың жоғары деңгейінен, дірілдің (жалпы және жергілікті) жоғары деңгейінен, ультрадыбыстың жоғары деңгейінен, инфрадыбыстық тербелістердің жоғары деңгейінен, электр тогының соғуынан,статикалық электрдің жоғары деңгейінен, жабдықтар, материалдар, дайындамалар беттерінің жоғары немесе төмен температураларынан, механикалық факторлардың әсерінен, химиялық
факторлардың әсерінен, биологиялық факторлардың әсерінен, биіктіктен құлаудан қорғау құралдары.

Қызметкердің құқықтары

ҚР Еңбек кодексінің 22 бабына сәйкес қызметкер Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге құқылы. Қызметкерде сондайақ қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте, жерасты
жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдары мен ішкі су айдындарында жұмыстар жүргізу үшін жеке қорғану құралдары болуы тиіс (ҚР Еңбек кодексінің 321 бабы,5 тармақ).
Бұл ретте қызметкер жұмыс беруші берген жеке және ұжымдық қорғану
құралдарын тағайындалуы бойынша қолдануға және пайдалануға міндетті.

Мемлекеттік бақылау

Ал жұмыс беруші өзі берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарын пайдаланбаған қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салуға, сондай-ақ арнаулы киім, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттардың үлгілерін талдау жасау үшін алуға, бұл жөнінде жұмыс берушіні (оның өкілін) хабардар етіп, тиісті акті жасауға құқылы.
Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану
құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда қызметкер
еңбек міндеттерін атқаруды тоқтатуға, ал жұмыс беруші осы себептен
туындаған тұрып қалу үшін қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде
төлеуге міндетті.
Жеке қорғану құралдары қызметкерлер жұмысқа қабылданған немесе басқа жұмысқа ауыстырылған кезде немесе бұл құралдарды пайдалану мерзімінің бітуіне байланысты берілуі тиіс.
Жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімдері күнтізбемен белгіленеді және ол қызметкерге нақты берілген күнінен бастап есептеледі.

Ұжымдық қорғану құралдары

Ұжымдық қорғану құралдары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар мен
құрылғылар өндірістік жайлар мен ғимараттарды жобалау, салу және қайта құру кезінде технологиялық процестерді, машиналарды, механизмдерді, жабдықтардың құрылғыларын және басқа да бұйымдарды ескере отырып, мемлекеттік стандарттарға, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес көзделеді.
Гардероб, душ, жуынатын, емдік-профилактикалық құралдар, медициналық қобдишалар, дәретхана, жартылай душтарды, ауыз сумен жабдықтау қондырғылары орналасатын орындар, арнайы киімді, арнайы аяқ киімді жылытуға немесе салқындатуға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған, басқа да санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібі мен шарттары ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
Жұмыс берушілер тек сертификатталған жеке қорғану құралдарын сатып алулары тиіс. Жеке қорғану құралдары киюге ыңғайлы, қозғалуға бөгет жасамайтындай болып, қызметкерлердің өлшемдеріне сәйкес іріктеліп берілуге тиіс.
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін немесе қызметкерге байланыс-
ты емес себептер бойынша белгіленген мерзімінен бұрын жарамсыз болып қалған арнайы киім мен арнайы аяқ киім ауыстырылуы тиіс.
Маусым басталғанда арнайы киім мен арнайы аяқ киім олар алдыңғы маусымда берілген қызметкерлерге қайтарылуы тиіс.
Жеке қорғану құралдары (противогаздар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және олардың дұрыстығы тексерілуге тиіс, қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы тиіс. Тексеруден кейін жеке қорғану құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылуға тиіс.

Күтім және сақтау

Жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғану құралдарына тиісті күтімді
ұйымдастырады, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын алдын-ала
өңдеуді, сондай-ақ оларды жөндеуді уақытында жүзеге асырады.
Қызметкерлерге берілген арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа жеке қорғану құралдарын сақтау үшін жұмыс беруші қызметкерлерге құрылыстық нормалар мен ережелер, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен кағидалардың талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелер (гардеробтар) береді.
Ұзақ уақыт сақталуға тапсырылғанға дейін арнаулы киім мен арнаулы аяқ киім ластығынан тазартылады, кептіріледі, жөнделеді және зарарсыздандырылады.
Жеке қорғану құралдарын алдын ала өңдеу және жөндеу қызметкерлер
жұмыстан бос уақытта (демалыс күндері) немесе ауысымаралық үзілістер кезінде жүргізілуі тиіс.

Профилактикалық өңдеу

Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша қызметкерлерге арнайы киім мен арнайы аяқ киімнің екі немесе үш жинақтамасын беру көзделсе, жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеу және жөндеу жұмыс уақытында жүзеге асырылуы мүмкін, ал қызметкерлерге осы уақытқа жұмыс
берушілерде осы мақсаттарға қажетті мөлшерде болуға тиіс арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің ауысымдық жинақтамалары беріледі.
Денсаулық үшін қауіпті және зиянды заттармен (қорғасын, оның
қорытпалары мен қосылыстары, сынап, этилденген бензин, радиоактивті заттар) болатын жұмыстармен қамтылған қызметкерлердің жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуі тиіс.
Ұйымдарда міндетті түрде санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар болуы тиіс, олардың құрамына: гардеробтар, душ, жуынатын орындар, дәретхана, жартылай душтар, ауыз сумен жабдықтау қондырғылары орналасатын орындар, арнайы киімді, арнайы аяқ киімді жылытуға немесе салқындатуға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған үй-жайлар кіреді.

Беру нормалары

Санитарлық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету
нормативтері, алаңдар мен көлемдік-жоспарлау шешімдеріне қойылатын талаптар ҚР СНжЕ 3.02.-04-002 «Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттармен» белгіленген. Қосымша санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қажеттігі ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен белгіленуі мүмкін.
Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақыты нормасын толық орындаған қызметкерге сабын берудің айлық нормасы 500грамнан төмен болмауға тиіс.
Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт және емдік-
профилактикалық тағам берудің нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт,емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру,ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-
профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген.
Сүт бір ауысымға майлылығы 3,2 пайызға дейін 0,5 литрден адам ағзасына әсер етуі ауруларға әкеп соғуы мүмкін химиялық заттарды өндіру немесе қолдануға байланысты жұмыстарда қызметкердің нақты жұмыс істеген күндеріне оның ұзақтығына қарамастан беріледі. Мұндай химиялық заттардың тізбесі 56 түрді қамтиды.
Түсті металдардың бейорганикалық қосылыстарымен жұмыс істейтін қызметкерлерге сүтке қосымша 2 грамм пектин, онымен байытылған азық-түлік өнімдері түріндегі: сусындар, желе, джем, мармелад, жеміс және (немесе) шырындары және консервілер (пектиннің нақты құрамын дайындаушы зауыт көрсетеді) беріледі.

Өнімдерін ауыстыру

Бұл өнімдерді 300 милилитр жұмсағымен табиғи жеміс және (немесе)
көкөніс шырындарымен ауыстыруға болады. Түсті металдардың бейорганикалық қосылыстарымен ұдайы байланыста болғанда сүттің орнына ашытылған сүт өнімдері немесе зиянды еңбек жағдайларында емдәмдік (емдік және профилактикалық) тамақ өнімдері беріледі.
Пектинмен байытылған азық-түлік тағамдарын, сусындар, желе, джем, мармелад, жемістер мен (немесе) көкөністен жасалған шырын өнімдерін және консервілер беру жұмыс басталар алдында, ал ашытылған сүт өнімдерін беру – жұмыс күнінің ішінде ұйымдастырылуы тиіс.
Антибиотик өндірумен немесе өңдеумен айналысатын қызметкерлерге
сүттің орнына пробиотиктермен (бифидобактериялар, қышқыл сүт бактериялары) байытылған, немесе қаймағы алынбаған сүттен жасалған ашытылған сүт өнімдері беріледі.
Сүтті қаймақпен, сары май, басқа да өнімдермен (қызметкерлерге сүттің орнына беруге болатын тең бағалы азық-түлік өнімдерін тегін беру нормаларында көзделген тең бағалылардан басқа) ауыстыруға, сондай-ақ сүтті немесе басқа да азық-түлік өнімдерін бір немесе бірнеше ауысым алдында немесе өткен ауысымдар үшін беруге жол берілмейді.
Сүтті тең бағалы азық-түлік өнімдерімен ауыстыруға қызметкерлердің
келісімімен және бастауыш кәсіподақтар ұйымының немесе қызметкерлердің өзге де өкілетті органының пікіріне қарай ауыстыруға жол беріледі.
Сүттің орнына қызметкерлерге беруге болатын тең бағалы азық-түлік өнімдерін тегін беру нормалары кестеде көрсетілген.

Беру нормалары тең пишевых өнімдерін

Жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету

Сүт немесе соған тең бағалы басқа да азық-түлік өнімдері (айран, қатық, мацони және басқалар І және ІІ сыныпты жұмыстарда радиобелсенді заттар ашық түрде қолданылатын жұмыспен айналысатын қызметкерлерге және жылына 1м3в-ден артық иондаушы сәулелену әсері жағдайында жұмыспен айналысатын қызметкерлерге беріледі.

Емдік-профилактикалық тағам

Емдік-профилактикалық тағам (бұдан әрі – ЕПТ) аса зиянды еңбек
жағдайларына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ЕПТ бес рационына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен беріледі. ЕПТ тағайындау мен беру жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдікпрофилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үйжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары; жұмыс берушінің
қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормалары; жұмыс берушінің
қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормалары Қағидалары бекіткен нормаларға сәйкес жүргізіледі. Көрсетілген қағидалардың қосымшаларына сәйкес рациондар бойынша алты күндік Үлгі мәзірдің ЕПТ ыстық таңертеңгілік астарына сәйкес ЕПТ ыстық таңертеңгілік ас мәзірі жүзеге асырылады, сондай-ақ азық-түліктердің өзара алмастырушылығы нормаларның шектерінде
бір азық-түлік өнімін басқасымен алмастыруға жол беріледі. Мысалы, қара және түсті металлургияның ыстық цехтарының, сондай-ақ тағам өнеркәсібі – нан пісіру, темекі өндірістерінің жұмысшылары үшін дәрумендер беру көзделген.

Витаминдер беру

Әртүрлі санаттағы қызметкерлерге өндіріс сипаттамасына байланысты витаминдер беру тамақтану рационын витаминдермен байыту схемасы бойынша жүзеге асырылады.

А, В1, В2 витаминдері қара және түсті металлургия өндірістерінің (домна өндірісі, илемдеу және құбыр өндірісі) негізгі технологиялық процесімен айналысатын жұмысшыларға беріледі.

В және С витаминдері темекі, шылым, сигарет, сигара, шегетін және иіскейтін махорка және темекіні ферментациялаумен (темекі-махорка өндірісі) тікелей айналысатын жұмысшылар мен мамандарға беріледі.
С және РР витаминдері нан пісіру өндірісі (жидіту агрегатының машинисі, нан пісіруші) жұмысшыларына беріледі.
Химиялық өнеркәсіп, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында,
электртехникалық және радиотехникалық бұйымдар өндірістерінде, сондайақ радиобелсенді заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен байланысты және жоғары атмосфералық қысым жағдайларындағы жұмыстарда – емдік-профилактикалық тағам мен витаминдер беріледі.

Емдік-профилактикалық тағам мен витамин препараттарын тағайындау
мен беру емдік-профилактикалық тағам рациондарының физиологиялық-
гигиеналық бағалауы, тағамдық мәртебені зерделеу (кәсібіне, жұмыс орны
мен еңбек жағдайлары бойынша қандай қызметкерлер тиісті рациондар
бойынша тағам алулары тиіс) негізінде жүргізіледі. ЕПТ дайындау мен беру алты күндік ЕПТ ыстық таңертеңгі астардың үлгі мәзіріне сәйкес жүргізіледі, оның негізінде әрбір күнге арналған мәзір жасалады.Мәзірді қызметкерлерге тағам әзірлеуді жүзеге асыратын өндірістің меңгерушісі жасайды.
ЕПТ сондай-ақ құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-құрылыс және іске қосубаптау жұмыстарында толық жұмыс күні жұмыс істейтін қызметкерлерге, еңбектің ерекше зиянды жағдайлары бар жұмыс істеп тұрған өндірістердегі жабдықтарды тазалаумен және жөндеу мен уақытша тоқтатуға дайындаумен айналысатын негізгі қызметкерлерге, сондай-ақ жөндеу персналы үшін де ЕПТ беріледі.

Тағайындау және беру емдік-профилактикалық тағам

Емдік-профилактикалық тағам беру жұмыс басталардың алдында ыстық
таңертеңгілік ас түрінде беріледі. Жекелеген жағдайларда ЕПТ-ды ұйымның медициналық-санитарлық бөлімінің, ал ол жоқ болған кезде тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының келісімімен түскі үзіліс кезінде беруге жол беріледі. Жоғары қысым жағдайларында жұмыс істейтін (кессондарда, барокамераларда, суға сүңгу жұмыстарында) қызметкерлерге де беріледі.

ЕПТ мен сүт:

1) жұмыс істемейтін күндерде;
2) еңбек демалысы күндерінде;
3) қызметтік іссапарлар күндерінде;
4) өндірістен қол үзіп оқыған күндерде;
5) ЕПТ беру қарастырылмаған басқа учаскелерде жұмыстар орындаған кезде берілмейді.

Емдік-профилактикалық тағамды өткен уақыт үшін немесе бірнеше ауы-
сым бұрын беруге, сондай-ақ уақытында алынбаған ЕПТ үшін өтемақылар төлеуге жол берілмейді.
ЕПТ-нда бір азық-түлік өнімін басқаларымен алмастыруға ЕПТ беру нормаларымен белгіленген өнімдердің өзара алмастырушылық нормаларының шектерінде жол беріледі. Еңбектің ерекше зиянды жағдайларына байланысты жұмыс берушінің қаражаты есебінен емдік-профилактикалық тағам алатын қызметкерлерге сүт пен оған тең бағалы басқа азық-түлік өнімдерін беру жүргізілмейді.
Қызметкерлерге жуушы және зарарсыздандырушы құралдарды берудің
ең төменгі нормалары, оларды берудің тәртібі мен шарттары жұмыс берушінің есебінен қызметкерлерге арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және де басқа жеке қорғану құралдарын берудің салалық нормативтерімен белгіленген.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях