Оқиға қызметкердің басқа ұйымға жіберілген

358
Барлық жазатайым оқиғалар, өндірісте орын алған болып саналады байланысты онымен өзгеше белгіленбесе

Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің ерекшеліктері.

Егер қызметкер іссапарда

Өндірістегі болып өткен жазатайым оқиғалардың бәрі, егер өзге белгіленбесе, өндіріспен байланысты деп есептеледі. Осыған байланысты басқа ұйым аумағында болған және жұмыс жүргізген басқа ұйымның қызметкерімен немесе басқа ұйымға өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін жіберілген қызметкермен болған жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиға болып есептеледі. Өндірістік тапсырманы орындау бойынша берілген жұмыстар,
қызметтік және шарттық міндеттемелер жұмыс орнында орындалуы тиіс.
Жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін
орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны (ҚР ЕК 1-бабы,
1-тармағының 47) тармақшасы).
Іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс
орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін
жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу (КР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 81) тармақшасы).
Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек
шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт,
сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де
уақыт кезеңдері (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 49) тармақшасы). Жұмыс
уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде не ҚР нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер, сондай-ақ баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жатады (ҚР ЕК 76-бабының 2-тармағы, 188-бабының 3-тармағы).

Егер қызметкер іссапарда

Мұнымен бірге кейбір кәсіптер (пошташылар, сақтандыру агенттері және
басқалары) үшін жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысы туралы мәселені шешу кезінде оқиға орны мен уақыты негізгі маңызға ие болады, яғни бұл тұлғалар үшін «кәсіпорын аумағы» түсінігі қабылданбайды, өйткені бұл санаттағы қызметкерлердің жұмысы объектілердің арасында жүріп-тұруға байланысты болады.
ҚР ЕК 324-бабының 8-тармағына сәйкес басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен жұмыс берушінің өзі жүргізеді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях