Кәсіптік қатерлерді бағалау

639
Бағалау кәсіптік тәуекел - нақты құралы, оның көмегімен анықталуы мүмкін "тар" орындарды қауіпсіздік тұрғысынан еңбек

Егер бұрын еңбек қызметінің елеулі стажы кезінде белгілі бір мамандықтардың өкілдерінде кәсіптік аурулардың дамуы сөзсіз болмай қоймайтын болса, қазіргі уақытта кәсіптік және өндірістік жағдайластырылған аурулар шектеулі жағдайларда дамиды: еңбекті қорғау талаптарын сақтамайтын, жеке қорғану құралдарын сауатсыз пайдаланатын, ілеспе аурулары бар, кәсіптік әсер етулерден өршитін ауруы бар жұмысшыларда.

Өндірістік тәуекел

Бұл жағдайларда еңбекті қорғау үшін кәсіптік ауруға шалдығушылықтағы патологияның даму ықтималдығы ұстанымдық сипатқа ие болады, ол «өндірістік қатер» түсінігімен байланысты. Бүгінгі күні кәсіптік қатерді бағалау пәрменді құрал, оның көмегімен қызметкерлер еңбегінің қауіпсіздігі тұрғысынан неғұрлым «осал» жерлерді айқындау және қауіптілікті өз уақытында төмендетуге (немесе жоюға) қаражатты мақсатты жұмсау мүмкін болады. Арнаулы киім ассортиментінің тұрақты кеңеюіне, жеке қорғану құралдарының жетілдірілуіне, олардың сапасы жақсаруына қарамастан қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғау проблемасы өзекті болып қалып отыр, осыған байланысты іске асырылатын стратегияларды есепке алғанда кәсіптік қатерлерді бағалаудың қолданыстағы жүйелерін жетілдіру қажеттігі туындайды.

Еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын жасау тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамудың, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтануындағы ажырамас құрамдас болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексі қызметкерлердің еңбектің қауіпсіз жағдайларына құқықтарына кепілдік береді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты
іске асыру мақсатында еңбекті қорғауды басқарудың дәстүрлі жүйесінен еңбекті қорғауды басқарудың нарықтық жүйесіне өту қажет, оның негізіне кәсіптік қатерлерді сәйкестендіру, бағалау және басқару алынған.
Қазақстан Республикасында өндірістік қатерлерді бағалау жұмыс орын-
дарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау шеңберінде жүзеге асыры-
лады, оны өткізу ҚР Еңбек кодексінің 320-1 бабына сәйкес жұмыс берушінің міндеті болып табылады. Аттестаттаудың нәтижелері бойынша қызметкерлер үшін өндірістік қатерлерді төмендету бойынша шаралар жүзеге асырылады.
Бағалау рәсімі әдетте жиынтықтың барлық аспектілерін, яғни жабдықты,
тиісті іс-әрекетті және жұмыс орнын, қолданылатын қауіпті химиялық заттар мен жеке қорғану құралдарын қамтиды. Жұмыс орындарындағы кәсіптік қатерлерді бағалауды орындау кезінде жұмысқа мүмкіндігінше қызметкерлер және (немесе) олардың өкілдерін тартқан жөн.

Жұмыс орнын бағалау

Жұмыс орны – қызметкер өзінің еңбек үдерісіндегі еңбек міндеттерін орындау кезінде тұрақты немесе уақытша болатын жер.
Жұмыс орнының нормативтік талаптарға сәйкестігі: орындалатын жұмыстың негізделгендігі мен тұрақтылығына; электр жабдықтарына; эвакуациялау және авариялық шығу жолдарына; өртті байқау мен өртке қарсы жабдықтарға; желдетуге; үй-жайлардағы микроклиматқа; жарықтандырылуға; едендерге, қабырғаларға, төбелер мен шатырларға; терезелер мен тыңдау терезелеріне; есіктер мен қақпаларға; қатынас жолдарына – қауіпті аудандар үшін; эскалаторларға; жүк тиеу сатыларына; үй-жайлардың мөлшерлеріне және өндірістік үй-жайлармен жүріптұру мүмкіндігіне; демалыс мүмкіндіктеріне; жүкті және бала емізетін аналарға арналған үй-жайларға; медпунктке; алғашқы көмек көрсету мүмкіндіктеріне; мүгедектерге арналған жұмыс орындарына; үй-жайлардан тыс жұмыс орындарына. Әдетте бағалау процесі жұмыс орнының нормативтік құжаттамаға немесе бұл мүмкін болған жағдайларда (мысалы, құрылыста) – кәсіптік іс-әрекеттерді бағалауға
сәйкестігін тексеруді білдіреді.

Өндірістік жабдықты бағалау

 Өндірістік жабдықтар – жұмысқа, өндіріске қажетті машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, приборлар мен өзге де техникалық құралдар. Өндірістік жабдықтарға жұмыс процесінде пайдаланылатын барлық машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, приборлар да жатады.
Жабдықтың жұмыс орнында қалай орнатылғанын және қалай пайдаланылатынын анықтау үшін жұмыс ортасы тәуекелдерін бағалауды жүргізу қажет. Жұмыс жабдығы жабдықтың осы түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі, тиісті техникалық төлқұжаты (сертификаты), сақтандыру белгілерінің болуы және жұмыс
орындарында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаныс құрылғыларымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жол беруге болмайтын тәуекел

Өндірістік жабдықтарды пайдалану нәтижесінде жол беруге болатын
тәуекелдердің болуы мүмкін: жабдықтың осы түріне белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкессіздігі, тиісті техникалық төлқұжаттардың (сертификаттардың), сақтандыру белгілерінің, жұмыс орындарында қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қоршаулардың немесе қорғаныс құрылғыларының жоқтығы;
адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп төндірілуі, сондайақ жарақат қауіптілігі және авариялық жағдаяттардың туындауы; жабдықтардың қате немесе үйлесімсіз орналастырылуы; жабдықтың бірнеше факторының жалпы жол берілмейтін әсері (мысалы, шу мен инфрақызыл сәулеленудің бірлескен әсері); ұлттық стандарттардың, еңбек қауіпсіздігі стандарттары мен техникалық
регламенттердің , еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың жоқтығы.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін
өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу мен жаңғыртуға,
технологияларды әзірлеу мен пайдалануға, машиналарды, тетіктерді,
жабдықтарды құрылымдауға және дайындауға жол берілмейді.
Бәрінен жиірек кездесетін қатерлерге қосымша бағалау қажет. Мысалы:
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тиісті нұсқаулықтардың , сондай-ақ өндірушінің өндірістік және пайдалану нұсқаулықтарының барлығы мен орындалуын; жабдық пен жұмыс орнының эргономикасын; жұмысты орындайтын персоналда қажетті білімнің, біліктіліктің, тәжірибенің болуын; физикалық және психологиялық факторлар әсерінің жоқтығын немесе барынша азайтылғанын және т.б. тексеру қажет.

Тәуекелдерді бағалау

Денсаулық үшін зиянды химиялық заттарды немесе химиялық өнімдерді
(химиялық құралдарды) қолдану нәтижесінде орын алған тәуекелдерді бағалау.
Химиялық заттар немесе құралдар – бұл өзі немесе қандай да бір басқа элементпен немесе қоспамен араласқан күйіндегі, жұмыс процесі барысында шығарылған, сондай-ақ егер ол саналы түрде шығарылмаған күйіндегі кез келген химиялық элемент немесе қоспа.
Химиялық заттарды тиісті жұмыс процесінде пайдалануға болады, олар жұмыс процесінде пайда болуы немесе қандай да бір процестің нәтижесі болуы мүмкін.
Химиялық құралдар үй-жайларды тазалау, дезинфекциялау үшін пайдаланылады, оларға сырлау-бояу жұмыстары кезінде пайдаланылатын барлық еріткіштер де жатады.
Химиялық құралдарды өндіруге, сақтауға, орнын ауыстыруға, үлгілерін
іріктеуге, пайдалану мен тасымалдауға, сондай-ақ өңдеуге назар аудару
қажет.

Тәуекелдер туралы ақпарат

Жұмыс беруші қауіпті заттары бар барлық жұмыс орындарын бағалауды
жүргізуі қажет. Бағалаудың жазбаша ресімделгені жөн (көбінде елеулі болып есептелмейтін тәуекелдерден басқасы, мысалы, көшіргі аппараттарын жақсы желдетілетін үй-жайда пайдалану (озон мен азот тотықтары бөлінеді)) және егжейтегжейлі ақпаратты қамтуы керек:
– тәуекелге ұшыраған қызметкерлер саны;
– сипаты, деңгейі, ұзақтығы мен әсер ету түрі (егер мүмкін болса, өлшеулермен негіздеу);
– жұмыстық ортадағы химиялық заттардың шоғырлануы (жұмыс ортасы ауасындағы химиялық заттардың шекті жол берілетін мәндерімен салыстыру);
– жоғары тәуекелмен байланысты барлық іс-әрекеттер;
– денсаулық пен қауіпсіздікке әсер ету мүмкіндігі;
– қажетті сертификатталуы (егер ол бар болса);
– сатушы немесе химиялық заттарды не химялық өнімдерді беруші қамтамасыз ететін қауіпсіздік жөніндегі мәліметтері бар қағаздардағы қажетті ақпарат.
Жеке қорғану құралдарын таңдау. Жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ) –
қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнаулы киім. Бұл ЖҚҚ-н ұжымдық техникалық немесе ұйымдастыру шараларының көмегімен қызметкерлерді қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде ғана пайдалану қажет екендігін білдіреді.
Жеке қорғану құралдарын: тиісті төлқұжаттары мен сәйкестік
сертификаттарының бар екендігін; нақты жұмыс орнында тәуекелден қажетті қорғанысты қамтамасыз ету үшін ЖҚҚ қандай қасиеттерді иеленуі тиіс екендігін анықтауды (ЖҚҚ қажетті қасиеттерге ие ме?) есепке ала отырып, бағалау қажет.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях