Сауалнама зардап шеккен, куәгерлердің, жазатайым

751
Тергеп-тексеру үдерісінде зардап шегушінің, көрген адамдар мен куәгерлердің, ЕҚжЕҚ талаптарының сақталуына жауапты лауазымды тұлғалардың айғақтары елеулі рөл атқарады.

Көрген адам – нәтижесінде жазатайым оқиға болған жәйтті өз көзімен көріп, бақылаған адам.
Куәгер – өзіне жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін мәні бар қандай да бір мән-жайлар мәлім болуы мүмкін тұлға. Куәгер жазатайым оқиғаны көрген адам бола алмайды.

Сауалнама зардап шеккен

ҚР ЕК 324-бабының 11-тармағына сәйкес әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға куәгерлерін, ҚжЕҚ жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.
Жазатайым оқиғадан кейін барынша қысқа мерзімде зардап шегушіден,
көргендерден, сондай-ақ осы оқиғаға қатысы бар тұлғалардан түсініктемелер талап ету қажет. Түсініктемелер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның атына тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс орны, тұратын мекенжайы көрсетіліп, жазбаша формада беріледі.
Қажетті материалдарды, түсініктемелерді, фотосуреттерді, сұлбаларды,
сараптамалық қорытындыларды жинағаннан кейін сұрау салуға кірісу керек.
Зардап шегушілерге, көргендер мен ЕҚжЕҚ талаптарының сақталуына жауапты лауазымды тұлғаларға сұрау салудың нәтижелерін хаттаманың белгіленген формасында жазбаша түрде ресімдеу қажет.

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 3 наурыздағы
№ 74-ө бұйрығына
5-қосымша

Болған жазатайым оқиғаны көрген адамдарға және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды тұлғаға сұрау салу хаттамасы


20__ жылғы «___»___________ «___» сағ. «___» мин.
_ __________________________________________________________
(ұйымның атауы және оқиғанын болған орны)
_____________________________________________________________
(зардап шегушінің Т.А.Ә. және мамандығы)

Тегі______________ Аты________________ Әкесінің аты __________________________________
Туған жылы________________________ Білімі ___________________________________________
Лауазымы мен жұмыс орны ______________________ Еңбек стажы _________________________
(осы кәсібі бойынша)
Үйінің мекен-жайы мен телефоны ______________________________________________________
Сұрақ: ________________________________________________
Жауап: ________________________________________________
Сұрау 200_ жылғы «___»____________ жүргізілді
Комиссия (шағын комиссия) мүшелерінің
немесе сұрауды жүргізген адамның (дардың)
Т.А.Ә., қолдары
_ _______________________________________
________________________________________
________________________________________

Сұрау салу рәсімін өткізу кезінде барынша шыдамдылық, ұстамдылық,
сыпайылық таныту қажет. Бұл жерде бұйрықтық және ресми сарынға орын жоқ.
Тек мәжбүрленбеген, достық дерлік әңгімелесу ғана жазатайым оқиғаның шынайы мән-жайларын ашуға көмектеседі. Жалған айғақтар үшін жауапкершілік туралы сақтандыруларға, бұл ретте қорқыту мен талаптар қоюға жол берілмеуі керек. Куәгерлердің ашықтан ашық жалған айғақтары үшін қылмыстық жауапкершілігі алдын ала немесе соттық тергеу ісі кезінде ғана қарастырылатынын ұмытуға болмайды.
Бір мезгілде тек бір адамға ғана сұрау салуға болады. Сұрау салуды жауап беруші еркін меңгерген тілде жүргізу, қажеттілік болған жағдайда аудармашыны тарту керек.
Тергеп-тексерудің жеделдігі үшін комиссия алдын ала хаттаманы толтыру мен жүргізу үшін бұл істің ерекшелігін, оның арнаулы терминдері мен қысқартуларын жақсы білетін тұлғаны белгілейді. Бұл тұлға комиссия төрағасының өзі, сондай-ақ оның мүшелері немесе кәсіпорын өкілі болуы мүмкін. Сұрақ салуды бастаудың алдында сұрақ салуды хаттамалайтын тұлға жауап берушінің сауалнамалық мәліметтерін: тегі, аты, әкесінің атын, туған жылын, білімін, лауазымы мен жұмыс орнын, жұмыс стажын, үйінің мекенжайы мен телефонын толтырады. Бұдан
кейін түсініктемені дауыстап оқып беріп, одан жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері туралы жан-жақты және кезектілігімен әңгімелеуін өтінуге болады. Бұдан кейін ол хаттамаға жазу үшін сұрақтың өзін және жауапты жауап берушімен келісе отырып, тұжырымдайды, комиссия мүшелерінің әрбір сұрағы мен осыған сәйкес жауапты мұқият хаттамалайды.
Зардап шегушіге сұрау салу кезінде зардап шегуші орындаған операцияны
нақтылайтын сұрақтарды сыпайылықпен қою қажет: ол қалай және немен орындамады, қалай орындауы тиіс еді, тікелей жазатайым оқиғаның алдында, одан кейін қандай жерде орналасты, білдек, машина, аспап жазатайым оқиғаға дейін және одан кейін қандай жай-күйде болды, еңбекті қорғаудың қандай ережелері бұзылды, кім, қашан бұзды, еңбектің қауіпсіз әдістеріне кім оқытты және қалай оқытты және нұсқама жасады, ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілді ме, жазатайым оқиға алдындаға өзінөзі сезінуі қандай болды және т. б.
Сұрақ салудың толтырылған хаттамасын жауап берушінің өзі алдын ала оқып, қол қояды, былай деп жазады: «Жауаптар менің сөзіммен дұрыс жазылған, мен оқыдым», сондай-ақ комиссия мүшелері мен сұрау салуды жүргізген басқа да тұлғалар қолдарын қояды. Хаттамаға сұрау салу өткізілген күн қойылады.

Матриалы тергеу

Сұрау салудың белгіленген тәртіппен толтырылған әрбір хаттамасы тергептексеру материалдарына қосылады. Сонымен бірге сұрау салу хаттамасына берілген түсініктемелерді ажыратқан жөн, олар жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтауда түсініктілік енгізуі немесе керісінше, бұл үшін ештеңе де бермеуі мүмкін.
Мысал. Көрген адам зардап шегушіні таңертең, ол жұмысқа келе жатқанда ғана көрді, ал оқиға ауысым соңында болды, немесе оның айғақтары оған әлдебіреудің айтқанына, бір жерде естігеніне, ал өзінің мұны көрмегендігіне негізделеді. Мұндай айғақтар комиссия жұмысын тек қиындатады, және объективті тергеп-тексеру үшін ешқандай пайда әкелмейді.
Әрине, не және қалай болғандығы туралы неғұрлым толық және дәл
мәліметтерді зардап шегушінің өзі ғана бере алады. Сондықтан да бәрінен бұрын, егер оның денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, оған бәрінен де дұрысы – оқиға орнында сұрау салу керек. Зардап шегушіге тек дәрігердің рұқсатымен ғана ауруханада да сұрау салуға болады.
Комиссия нақты жағдаяттан шыға отырып, сұрау салу қажет тұлғалардың
тізбесін өздігінен анықтайды. Кезектіліктің маңызы да төмен болмайды, яғни бірінші кезекте кімге сұрау салу керек, кімді соңғы сұрау салуға қалдыру керек дегендей.
Объективті тергеп-тексеру үшін зардап шегушінің ғана айғақтарымен шектелуге болмайды, өйткені оның жауаптары тура немесе толық емес, кейде жалған болуы да мүмкін. Сондықтан, оларды салыстыру және белгілі бір қорытындылар жасау үшін басқа да көргендер мен осы оқиғаға қатысты тұлғалардың айғақтары да керек болады. Кейде комиссияға оларды табу және әңгімелесу үшін көп күш-жігер жұмсауға тура келеді.
Олармен әңгімелесу кезінде көрген адамның жазатайым оқиға кезінде қайда болғандығын, нені көріп, естігенін, сол кезде немен айналысқанын, зардап шегуші өзін жазатайым оқиғаға дейін және ол болған кезде қалай ұстағанын, көргендердің басқалары не істегенін, қауіптілік туралы сигналдың естілген-естілмегенін және т.б. анықтау маңызды.

Салыстыру көрсеткіштері

Көрген адамдардың айғақтарын зардап шегушінің айғақтары тәрізді өзара
мұқият салыстырған дұрыс. Егер мәліметтер қарама-қайшы болса, егжей-тегжейін нақтылай отырып,сұрау салуды қайталау және алынған барлық айғақтарды қайтадан салыстыру мақсатқа лайық болады.
Зардап шегушінің тікелей басшыларына міндетті түрде сұрау салу қажет,
олардан зардап берушінің нақты қандай өндірістік тапсырма алғандығын, оны орындағанын, орындамаса, неліктен орындамағанын, оған қандай міндеттердің жүктелгенін, бұл оқиғаның қалайша болғанын, еңбекті қорғау ережелерін бұзушылықтың орын алғанын, бұрынырақта кәсіпорын қызметкерлерінің, сондайақ зардап шегушінің де тарапынан өндірістік тәртіпті бұзушылықтың байқалғанбайқалмағанын, жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушіде олар болған кезде жазатайым оқиға болған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша қандай актілердің әзірленгенін және басқаларды нақтылау керек.
Мұнымен бір мезгілде басшылардың айғақтарына абайлап қарау қажет, өйткені олар бірінші кезекте басшылар ретінде кәсіпорындағы ЕҚжЕҚ мәселелері жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралар, еңбекті қорғау ережелерінің жол берілген бұзушылықтары, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлердің қате ісәрекеттері үшін тікелей жауапкершілікте болады және сондықтан, кейде оқиғаның
мән-жайлары туралы объективті емес мәліметтер беруге әрекеттенеді.
Сондай-ақ әрбір жауап берушіден жазатайым оқиғаға, өндірісте бұған ұқсас оқиғаларға жол бермеу жөніндегі қажетті шараларға қатысты пікірін білу маңызды.
Сұрақтар тізбесі әртүрлі болуы мүмкін және ол қандай да бір оқиғаның нақты мән-жайларына, сондай-ақ өндірістің ерекшелігіне байланысты болады, осыған орай әрбір оқиғада комиссия әрбір жауап берушіге қойылатын сұрақтарды жеке іріктейді. Сұрақтардың сұрау салу басталғанда немесе соңында берілетін тәртіп те маңызды болып қалады.
Комиссия төрағасы мен мүшелері әрбір сұрау салуға алдын ала дайындалған болуы тиіс, бұл үшін жауап берушіге қойылатын сұрақтарды алдын ала ыңғайлап, олардың кезектілігін белгілеп қою қажет.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях