Жазатайым оқиға болған жерді қарап шығу

685
Зардап шеккен адамға бірінші медициналық көмек көрсетіледі шаралар қабылданады авариялардың зардаптарын жою жөніндегі және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету сонда қалған қызметкерлер

Өндірістегі жазатайым оқиға орнын өз уақытында және мұқият қарап шығу жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің басты кезеңдерінің бірі болып табылады. Нақ сол жұмыс орнында не, қандай жағдайларда болғандығын, жазатайым оқиға туындауының қандай себебі болғандығын объективті анықтауға көмектеседі.

Сақтай отырып, объективтілігі

Алайда жазатайым оқиға орнын қаз қалпында сақтау әрқашанда мүмкін бола бермейді. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, авариялардың салдарларын жою және басқа қызметкерлер еңбегінің қауіпсіз жағдайларын  қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданады және т. б.
Комиссияға қарап шығуды бастамас бұрын, егер мүмкіндік болса, зардап
шегушімен сөйлесу, барлығының өз орындарында қалғанқалмағандығын, оқиға орнындағы жағдайдан ненің өзгергенін нақтылап алу қажет. Сондай-ақ мәліметтерді жазатайым оқиғаны көргендер мен басқа да куәгерлерлердің көрсетулерімен салыстыру қажет.
Оқиға туралы алғашқы мәліметтерге ие бола отырып, алдын ала жазатайым оқиғаның сұлбасын сызу керек. Бұл ретте тергеп-тексеру үшін маңызы бар заттар мен бөлшектерді зардап шегушімен (егер бұл мүмкін болса) және көргендермен келісіп алу, міндетті түрде тергеп-тексерудің жуық жоспарын жасау, оған айқындалуы тиіс барлық мәселелерді, бұл үшін қажетті іс-әрекеттерді енгізу керек.
Мысал. Көлік кәсіпорындарының бірінде тиеу-түсіру жұмыстары кезінде автомашина артқа қарай жүріспен автомашина мен қойма қабырғасының арасында жұмыс істеп жатқан жүкшіні басып кетті. Автомашина жүргізушісі бұл сәтте кабинадан тыс, көшеде болып, бұрылыстарды көрсетушілердің жұмысын тексерумен айналысып жатты. Алған жарақаттардан зардап шегуші қайтыс болды.

Алдын ала:

1. жазатайым оқиға орнындағы мән-жайлардың (автомашина, қойма
ғимаратының, оталдыру құлпындағы кілттің, салыстырмалы орналасуы,
берілістерді қайта қосу қорапшасы иінтірегінің, тұрақтық тежеу иінтірегінің, есіктердің, рульдік дөңгелектің жағдайы және т.б.) сақталған-сақталмағанын мұқият тексеру;
2. автомашинаның ақаусыздығын (тежеу, қолдық тежеу, оталдырғыш) тексеру;
3. техникалық құжаттаманы зерттеу, өлшеулер жүргізу, сызбалар, сұлбалар жасау;
4. көрген адамдар мен осы жазатайым оқиғаға қатысы бар тұлғалардан
түсініктемелер талап ету;
5. қозғалтқышы өшірілген автомашинаның қалайша жүкшіні басып кеткеніне эксперимент жүргізу және т. б. қажет.
Бұл жазатайым оқиғада жазатайым оқиғаға әкелген, жұмыс беруші жол берген бірқатар бұзушылықтар орын алған. Мысалы, автомашина жүргізушісі жұмысқа орналасқаннан кейін бірінші күні автомашинаны жүк тиеуге әкеп қойды, тиеу кезінде ол бұрылыс көрсетушілерінің жұмысындағы ақаулықты байқады және кабинадан тыс, көшеде тұрып, оталдыру кілтімен оталдырғышты қосты (өйткені бұрылыстарды көрсеткіштер оталдыру қосылған кезде жұмыс істейді), осыдан кейін артқа қарай беріліске қосылып тұрған автомашина оталып, артқа қарай жүріп
кетті. Сондай-ақ, автокөлікті тиеу-түсіру жұмыстарына арналған алаңшаға қою кезінде артқы дөңгелектердің жүрісіне кедергіліктер көзделмеген, жауапты тұлға тағайындалмаған, жүргізуші ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден өткізілмеген және бірқатар басқа да бұзушылықтарға жол берілген.

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде мұқият қарап шығу қажет (егер сараптама жүргізу қажеттігі болса):

1) жазатайым оқиғаға қатысы бар жұмыс орны, жабдықтар, агрегаттар, машиналар, тетіктер, аспаптар, көлік құралдары;
2) олармен жарақат келтірілген құрылыс, ғимараттар мен имараттардың,
жабдықтардың, заттың бөлігі;
3) зардап шегуші жарақат алған кезде пайдаланған ЖҚҚ, аспаптар;
4) қорғаныс қоршаулары, бұғаттаулар, сигналдандыру және басқа да
қорғаныс құралдары;
5) тұтастай алғанда жұмыс орнының осыған ұқсас басқа жұмыс орын-
дарымен салыстырғанда техникалық жай-күйі, еңбек қауіпсіздігін
ұйымдастыру деңгейі және т. б.
Жұмыс орнын мұқият қарап шығу жазатайым оқиғаның себебін нақты анықтауға ғана емес, сондай-ақ оның туындауына жағдай жасаған себептерді де анықтауға мүмкіндік береді.
Жазатайым оқиға болып өткен кездегі жағдайдың өзі де маңызды рөл атқарады.
Мысал. Электр тогының соғуы нәтижесінде жазатайым оқиға болған өндірісті қарап шығу кезінде мыналарды тексерген жөн: электр сұлбасы, жерлендіру айлабұйымдарының, әртүрлі сақтандырғыштардың, автоматтардың барлығы, олардың қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарына сәйкестігі, оқшауламаның сенімділігі мен сымдарды, кәбілдерді тартудың және тыққыштарды, шаппаларды, шамдалдарды
және де басқа электр құрылғыларын орнатудың дұрыстығы. Сондай-ақ қорғаныстың диэлектрлік құралдарының бүтіндігі мен ақаусыздығын, электр қондырғыларымен жұмыс істеуге жіберу тәртібін тексеру, электр қауіпсіздігі бойынша оқыту мен нұсқама берудің 
өткізілген-өткізілмегендігін, оперативтік журналдардың, наряд-рұқсатнамалардың барлығын, жұмыстардың бұл түрлеріне арналып әзірленген қауіпсіздік шараларының орындалуын және т. б. тексеру қажет.
Биіктіктен құлау болған жерлерді қарап шығу кезінде ЖҚҚ, сақтандыру
белбеуіне, технологиялық картаның, биіктікте жұмыстар орындау тәртібі туралы нұсқаулық құжаттардың барлығына назар аудару қажет.

Тәртібі қарау

Оқиға орнын қарап шығу жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының басшылығымен жүргізілуі тиіс. Бұл ретте еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігінің еңбекті қорғау жөніндегі нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін анықтаған дұрыс.
Оқиға орнын қарап шығу бастапқы және екінші болуы мүмкін. Екінші қарап шығу бастапқы (неғұрлым ақпараттық) қарап шығу нәтижелерін толықтырады және нақтылайды.
Оқиға орнын қарап шығудың нәтижелері қарап шығу хаттамасымен ресімделеді және оған комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Хаттамада жазатайым оқиға болған жердің сұлбасын (нобайын) келтіру қажет, онда зардап шегушінің, басқа тұлғалардың (куәгерлердің) орналасқан жерлері, сондай-ақ жабдықтар мен оқиғаның сипатты мән-жайларының орналасуы көрсетіледі. Хаттамаға жағдайды тіркеген бірнеше фотосуретті қосу қажет.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях