Штатты қысқарту бойынша жұмыстан босату туралы жазбаша ескерту

3775
Жұмыс беруші, санын немесе штатын қысқарту бойынша алда болатын жұмыстан босату туралы босатылатын қызметкерлерді дербес ескертуді, жорамалды жұмыстан босатуға дейін айдан кешіктірмей жазбаша жүргізуге міндетті

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына орай хабарлама – қызметкердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік почта, почта байланысы, факсимильді байланыс және электрондық почта арқылы) берілген өтініштер.

Дербес ескерту

Жұмыс беруші, санын немесе штатын қысқарту бойынша алда болатын жұмыстан босату туралы босатылатын қызметкерлерді дербес ескертуді, жорамалды жұмыстан босатуға дейін бір айдан кешіктірмей жазбаша жүргізуге міндетті, ҚР ЕК 56-бабының 1-тармағы.

Ескертудің барынша ұзартылған мерзімі еңбек немесе ұжымдық шарттарда көзделуі мүмкін.

Мынаны атап өту қажет, яғни хабарламаның бір айлық мерзімі, қызметкер алда болатын қысқарту туралы хабарламаны алған келесі күннен бастап, ал қызметкерді компанияның санын немесе штатын қысқарту туралы бұйрықпен таныстыру жолымен хабарланған жағдайда – компанияның санын немесе штатын қысқарту туралы бұйрықпен қызметкер танысқан күні, есептелуге тиіс.

Еңбек шартын бұзу туралы хабарламаның көпшілік мақұлдаған бір ізге салынған нысаны жоқ. Хабарлама, жұмыс беруші ұйым хатының бланкісінде екі данада әзірлеген ерікті түрдегі мәтінді нысанда жасалады және жұмыстан босату себептері туралы ақпараттар мазмұндалады, онда еңбек шартын тоқтату күні жорамалданады.

Совет

Жұмыстан босатудың жорамалданған күнін, қызметкер осы күні ауырып қалған немесе демалыста болған кезінде келісіліп көрсетілген орынды болады, жұмыстан босату демалысы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған соң жүргізілетін болады.

Кепілдіктер мен өтемақылар

Сондай-ақ хабарламада, осы негіздеме бойынша жұмыстан босату кезінде қызметкерге тиесілі кепілдіктер мен өтемақылар аталып шығауға тиіс (ҚР ЕК 110-бабы және 157-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы).

Ескерту, жұмыстан босатылатын қызметкерге ол атқаратын лауазымды алда болатын қысқарту туралы, жұмыс берушінің данасында қол қоя отырып хабарламаны жеке тапсыру жолымен немесе әр жұмыстан босатылатын қызметкерге ұйым қызметкерлерінің санын немесе штатын қысқарту туралы бұйрықпен қолын қойып таныстыру жолымен жүргізіледі.

Правило

Егер қызметкер хабарламаның данасын алудан және (немесе) ол онымен қолын қойып танысқандығымен өз қолын беруден бас тартса, оған мәтінді ауызша оқып беру қажет, ал танысудан бас тарту туралы, жұмыс беруші тарапынан қызметкерді ескерту фактісінің куәгерлері және қызметкер тарапынан бас тарту болып табылатын екі немесе көп адамдардың қатысуымен тиісті акт жасау керек.

Басым құқығы

Егер жұмыстан босатылатын қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіздігі немесе демалыспен байланысты жұмыс орнында жоқ болса, алда болатын қысқарту туралы хабарлама қызметкер тұратын мекенжай бойынша алу туралы хабарламамен тапсырысты хатпен жіберілуі мүмкін.

Жұмыс беруші жұмыста қалуға артықшылық құқығын есепке алғанға және нақты қызметкерлерді жұмыстан босату туралы шешім қабылдағанға дейін жұмыстан босату туралы хабарламаны қызметкерлерге жиі тапсырады. Мысалы, жұмыс беруші лауазым бойынша (бұл ретте бір бірлік қысқартуға жатады) штат бірліктерін атқаратын төрт қызметкерге қысқарту мүмкіндігі туралы хабарлама береді, ал сонан соң жұмыста қалуға артықшылық құқығы туралы мәселені қарауға кіріседі.

http://ekz-kadrovik.mcfr.kz



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях