Талаптар басталғанға дейін жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру

885
Үшін тергеу-шара барынша объективті түрде қажет, оның жүргізсін фотосуретке түсіру оқиға болған жерді жасау, жоспарлар, эскиздер, схемалар

Жұмыстардың тікелей басшысы жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін тергеп-тексеру басталғанға дейін оқиға орнындағы жағдайды сақтауды қамтамасыз етуге міндетті (егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе және аварияға әкелмесе). Жазатайым оқиға болған жердегі жағдайды сақтау тергеп-тексерудің объективтілігі ғана емес, сондай-ақ алдағы уақытта бұған ұқсас оқиғаларды болдырмау үшін де маңызды.

Оқиға орнындағы

Оқиға орнындағы жағдайды сақтауға тиісті жабдықты электр желісінен ажырату, қоршаулар, посттар қою үй-жайды құлыптап, жабу және т. б. жолмен қол жеткізіледі.
Оқиға орнында өндірістік қызметті жалғастыру жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның ресми тағайындалған төрағасының рұқсатымен ғана мүмкін болады.
Оқиға орнын ол болып өткен сәттегі түрінде сақтау мүмкін болмаған кезде, оқиға болған жерді фотосуретке түсіруді және сұлба (нобай) жасауды, аспаптардың көрсетулерін, тұтқалардың жағдайын жазып алуды және т. б. жүргізген жөн.
Егер жазатайым оқиға болған жердегі жағдайды сақтау жөніндегі іс-шаралар тергеп-тексеруге дейін орындалмаса, онда бұл болған оқиғаның мән-жайларын жасыру мен жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны адасушылыққа бастау әрекеті ретінде күдік тудыруы мүмкін.
Тергеп-тексеру материалдары неғұрлым сенімді және көрнекті болуы,
жарақаттанушылыққа талдау жасау үшін оқиға орнын қарап шығу барысында бірнеше фотосурет түсіру керек.

Жазатайым оқиға орнын суретке түсіру:

1) жазатайым оқиға орны мән-жайының жалпы көрінісін;
2) объектілердің өзара орналасуын;
3) жазатайым оқиғаға қатысы бар жекелеген заттар мен іздерді, олардың
белгілерін түсіріп алу үшін қажет.
Сондай-ақ суретке түсіру тергеп-тексеру үдерісінің өзін жеңілдетеді, зардап шегуші мен жазатайым оқиғаға қатысы бар тұлғаларға сауалдама жүргізген кезде комиссия фотосуреттерді сауалдамаға қатысушыларға көрсете отырып, жазатайым оқиғаның мән-жайын неғұрлым нақты анықтайды және осыған орай оның себептерін анықтайды. Фотосуретке түсіру міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.

Суретке түсіру түрлері:

Бағдарлаушы – оның орналасқан жерін белгілі бір бағдарлармен
салыстырғанда анықтау мақсатымен жазатайым оқиға орнын айналысындағы жермен суретке түсіру. Түсіру оқиға болған жерден қашықтау жерде жүргізіледі.
Шолушылық – жалпы заттық жағдайды тіркеу мақсатымен тікелей жазатайым оқиға орнын суретке түсіру. Бейнелену толық болу үшін ол мүмкіндігінше диаметрлі орналасқан, кем дегенде екі түсіру нүктесінен жүзеге асырылады.
Тораптық – олардағы заттардың немесе іздердің бар екендігі мен өзара орналасуы туралы түсінік беру үшін оқиға орнының неғұрлым маңызды учаскелерін (зардап шегуші жарақаттанған жұмыс орнын, күймешені, алаңшаны) суретке түсіру.
Бөлшектік – олардың жай-күйін, сыртқы түрі мен ерекшеліктерін тіркеу үшін жекелеген заттарды немесе іздерді суретке түсіру.
Әдетте жазатайым оқиға болған цехтың, учаскенің жалпы көрінісін қарамақарсы орналасқан екі жақтан, қажет болған жағдайда төрт жақтан суретке түсіреді.
Бұдан кейін қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік фактор болып табылатын машинаны, жабдықты, жарақатқа себепші болған машиналар мен тетіктердің жекелеген бөлшектерін, аспапты және де басқа заттарды суретке түсіру қажет. Жазатайым оқиғаның нақты орны суретке ірі етіп түсіріледі, сондай-ақ оқиғаға қатысы бар заттар мен бөлшектер де (сынықтардың, қоршаулардың көріністері, арнаулы киім,
дулыға, сақтандыру белбеуі, аспаптар) жеке-жеке ірі етіп түсіріледі. Тергеп-тексеру үшін қандай да бір маңызы жоқ фотосуреттерді комиссия тергеп-тексеру материалдарына қоса алмайды.
Бұл міндеттерді орындау оқиға орнын объективті тіркеуге жағдай жасайды, сондықтан қажет болған жағдайда тораптық және бөлшектік суреттер бойынша оқиға орны жағдайының элементтерін неғұрлым толық зерделеу; ал шолушылық фотосуреттердің көмегімен бастапқы қарап шығу (оқиға) кезіндегі жазатайым оқиға орнының жағдайын неғұрлым дәл қалпына келтіру мүмкін болады.

Жазатайым оқиға орнын бастапқы қарап шығу кезінде пайдаланылатын суретке түсіру әдістері:

панорамалық суретке түсіру, ол түсірілетін кеңістікті неғұрлым көбірек
қамту үшін жүргізіледі. Әдістің мәні оқиға орнының жекелеген бөліктерін межелес кадрлармен жаба отырып, реттілікпен түсіруде. Панорамалық түсіру сызықтық, шеңберлік, көлденең, тік, сатылы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда суретке түсіру түсіру объектісіне параллель түсірудің бір түзу сызықта орналасқан бірнеше нүктесінен жүргізіледі; фотоаппарат бірдей деңгейде (биіктікте) орналасады;
үлдір жазықтығы (немесе фотокамераның артқы қабырғасы) суретке тартылатын объектіге параллель болуы тиіс; түсіру кезінде әрбір кадр келесімен 10-15%-ға жабылады. Шеңберлік панорамалау кезінде фотоаппарат түсірудің бір нүктесінде (тағанда болғаны дұрыс) орналасуы тиіс; суретке түсіру кезінде камераны тек горизонталь жазықтықта бір кадр келесісімен шамамен 23-30%-ға жабылатындай етіп бұрады. Бұл әдіспен жақын қашықтықтан созылыңқы заттарды (мысалы, темір және тас жолдар учаскелерін) суретке түсіруге болмайды. Заманауи фотоаппараттарда панорамалық суретке түсіру функциялары бар;
өлшемдік түсіру – жазатайым оқиға орнын шолулық түсіру кезінде
қолданылатын өлшемді фотоға түсіру әдістерінің бірі, ол кейіннен суреттер бойынша суретке түсірілген объектілердің мөлшерлері мен олардың арақашықтығын анықтау үшін қажет. Бұл түсіру толып жатқан бей-берекет үйілген заттармен сипатталатын, қолжетімділік қиындатылған, оқиға орнын қарап шығу уақыты шектеулі, бірақ оларда орналасқан объектілердің мөлшерлері мен олардың арақашықтығын дәл
анықтау қажет болған (мысалы, ЖКО кезінде) жағдайларда жазатайым оқиға орнын шолулық түсіру кезінде пайдаланылады. Түсіру көбінде жерде немесе еденде фотокамера объективі деңгейіндегі түсіру бағытында, кадр центрінде орналасатын ерікті бөлінулері бар тереңдіктік масштабпен жүргізіледі. Тереңдіктік масштаб жазықтығы
объективтің оптикалық осіне параллель болуы тиіс. Өлшеулік суреттер дайындау үшін арнаулы фотограмметриялы стереокамераларды пайдалану қолайлы, оларды қолдану нәтижесінде стереонегативтер бойынша оқиға орнының масштабтық жоспарын сызуға және онымен керекті арақашықтықтарды өлшеуге болады;
масштабты суретке түсіру – алдағы уақытта фотосуреттер бойынша суретке түсірілген объектілердің өз мөлшерлерін, олардың ерекшеліктері мен арақашықтықтарын анықтау мақсатымен заттар мен іздерді тіркеу үшін қолданылады.

Масштабты суретке түсіру:

а) егер оқиғаға қатысы бар заттар мен іздерді қандай да бір себептермен оқиға орнынан алуға болмайтын; 

б) егер іздер бір нәрсенің әсерінен, мысалы, ауа райы жағдайларынан өзгеретін немесе жоғалатын;

в) егер іздер мен бөлшектер оларды алу және тасымалдау кезінде зақымдануы мүмкін болатын жағдайларда міндетті.
Масштабты түсіру кезінде үлдір жазықтығы немесе фотокамераның артқы қабырғасы түсірілетін жазықтыққа параллель болуы тиіс, масштабты сызғыш суретке түсірілетін жазықтықпен бір деңгейде орналасуы тиіс (сондықтан сызғыштың қалыңдығы 1 мм-ден артық болмағаны жөн). Санамаланған ережелерді бұзу фотосуреттер бойынша анықталатын заттар мөлшерлерінің бұрмалануына әкеп соғады.
Жазатайым оқиға орнын зерттеу кезінде қарап шығу хаттамасының сұлбалар мен фотосуреттермен байланысы үшін сұлбада неғұрлым ірі және маңызды тораптар суретке түсірілген нүктелерді белгілеу (және хаттамада тиісті жазбалар жасау) ұсынылады.
Басып шығарылған фотосуреттер тергеп-тексеру материалдарына қосылады.
Фотосурет көшірмелері мөр бедерімен және жауапты тұлғаның қолы қойылған:
Көшірме дұрыс жазбасымен куәлендіріледі.
Оқиға орнындағы мән-жайға ЕҚжЕҚ талаптарын бұзудың бар-жоқтығы
тұрғысынан мұқият талдау жасау үшін қажетті өз уақытында орындалған фотосуреттер мен сауатты ресімделген сұлбалар, сызбалар мен нобайлар объективті тергеп-тексерудің негізі болып табылады.

Эскиз оқиға

Фотосуреттерден бөлек, жазатайым оқиға орнының сұлбасын, неғұрлым
маңызды тораптардың, машина бөлшектері мен тетіктерінің сызбалары мен нобайларын жасауға болады. Бұл жұмыстар комиссия төрағасының талап етуі бойынша жұмыс берушінің күшімен немесе мамандарды тартумен жүргізіледі.
Жазатайым оқиға болып өткен жердің нобайы тергеп-тексеру материал-
дарындағы маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Нобай, сызба секілді  – бұл инженердің тілі. Жазатайым оқиға орнының дәл орындалған нобайы – объект сипаттамасының негізі. Ол жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтау, сондай-ақ оқиға орнын қарап шығу хаттамасын нақтылау қызметін атқарады. Нобай мөлшерлері регламенттелмейді және қажетті бейнеленулердің (проекциялардың) санына байланысты болады. Фото және кескіндік бейнелеу жасаған кезде компьютерлік технологияларды пайдалану мақсатқа лайық болады.

Нобайда бұрыштық мөртабанның (негізгі жазбаның) болуына қарамастан:
– жазатайым оқиға болып өткен кәсіпорынның аты;
– нобайдың аталуы, жазатайым оқиғаның күні мен уақыты;
– зардап шегушінің кәсібі, оның Т.А.Ә. көрсетіледі.
Нобайдың төменгі оң жақ бұрышына комиссия төрағасы мен мүшелерінің
қолдары, олардың тегі мен аты (тергеп-тексерудің басқа құжаттарында белгіленетін лауазымдарсыз), төменгі сол жақ бұрышта – нобайды орындаушының қолы, оның Т.А.Ә., лауазымы мен жұмыс орны қойылады.
Оқиғаға дейінгі жазатайым оқиға орнының нобайы жабдықтардың жай-күйі мен орналасуын, сондай-ақ зардап шегуші оқиғағаның алдындағы сәтте қайда орналасқанын бейнелеуі тиіс. Оқиғадан кейінгі жазатайым оқиға орнының нобайы жабдықтардың, имараттардың іс жүзіндегі жай-күйін, сондай-ақ сынықтардың, авария нәтижесінде пайда болған бос жерлерді бейнелеуі тиіс.
Нобайларға жабдықтар мен тетіктердің нақты орналасуы, бекітпелердің бүлінуі, сынықтар, үй-жай еденінде қалып қойған басқа да сипатты элементтер және т.б. түсіріледі. Диаметрі 5-10 мм болатын шеңбермен зардап шегушінің оқиғаға дейін және одан кейін орналасқан жері белгіленеді. Кескіндік бейнелеу зардап шегушінің жұмыс жағдайын жақсырақ бағалауға мүмкіндік беретін тиісті мөлшерлермен және
жазбалармен толтырылады. Оқиғаға дейін зардап шегуші орналасқан жерді дұрыс белгілеу комиссияға оның қозғалу бағытын және жазатайым оқиғаның себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл құжаттар (акт және нобай) комиссия мүшелері жазатайым оқиға ор-
нын қарап шыққаннан және куәгерлерден жауап алғаннан кейін бірден жасалады. Оқиғаның жекелеген жәйттерін қарастыру кезінде комиссия мүшелерінің пікірлерінде алшақтықтар туындаған, сондай-ақ сот араласқан жағдайда нобай оқиға орнының іс жүзіндегі жай-күйін бейнелейтін бірден-бір құжат болып қалады, өйткені көптеген жағдайларда оқиғадан соң бірқатар уақыт өткенде тергеушілік экс-
перимент немесе оқиғаны келтіруді жүргізу іс жүзінде мүмкін болмайды.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях