Жалақы сақталмайтын демалыс беру

1415
Күнтізбелік 5 күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге негіздері: неке тіркелген; бала туылған; жақын туыстары кайтыс болған; өзге де жағдайлар жатады.

 Күнтізбелік 5 күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге негіздер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 111-бабында көрсетілген. Бұндай негіздерге:

   - неке тіркелген;

  - бала туылған;

 - жақын туыстары қайтыс болған;

- еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар жатады.

 Жоғарыда көрсетілген негіздердің бірі бойынша жалақы сақталмайтын демалыс алу үшін, қызметкер ұйым басшысының атына өтініш жасайды, ал басшы қызметкерге тиісті демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

 Сонымен қатар, бала үш жасқа толғанға дейін баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын қосымша демалыстар (ҚР ЕК  195-бабы):

 - ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесіне;

  - баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне;

   - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған әжесіне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;

 - жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге беріледі.

Негіздердің тағы да бірі, кәсіпорын қызметкерінің негізгі жұмысынан қол үзбестен білім беру ұйымдарында (сырттай, кешкісін және қашықтықтан оқу түрлері бойынша) оқуы – аталған жағдайда, оқу демалысы туралы сөз болып отыр.

ҚР ЕК 112-бабына сәйкес, оқу демалысы жалақы сақталмайтын болуы да, ақылы болуы да мүмкін. Бұндай демалыс түріне ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе оқу шартында айқындалады. Оқу демалыстары сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау үшін беріледі.

"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 Заңына сәйкес (11-бабы 23-тармағы), жеңілдіктері жағынан соларға теңестірілген тұлғалар жылына екi аптаға дейiн жалақы сақталмайтын қосымша демалыс алуға құқылы.

Жоғарыда аталған негіздер жұмыс берушіні қызметкерге жалақы сақталмайтын демалыс беруді міндеттейді.

Аталған негіздер түпкілікті болып табылмайды. Жалақы сақталмайтын демалыс тараптардың келісімі бойынша беріледі, сондықтан, негіздер жоғарыда аталғандардан өзгеше болуы мүмкін. Басқа негіздер бойынша жұмыс беруші демалыс беру туралы шешімді өзі қабылдайды, себептері бар болған жағдайларда, демалыс беруден оның бас тартуы да мүмкін. 


 Дереккөз: "ACTUALIS: Кадрлық іс" электрондық жүйесі, тегін көру мүмкіндігін алу    

   



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях