А корпусының лауазымдарына біліктілік талаптары бекітілді

674
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 «"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы» Жарлығы

НЕ ТУРАЛЫ?

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 Жарлығына сәйкес, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары бекітілген. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 519 Жарлығының күші жойылды деп танылған (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 318-құжат).

Арнайы біліктілік талаптары «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.

Арнайы біліктілік талаптары:

  1. білімі бойынша талаптарды;
  2. жұмыс өтілі бойынша талаптарды;
  3. кәсіби білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды қамтиды.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бірінші және екінші санатқа бөлінеді.

«А» корпусының бірінші санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары екі топқа бөлінеді:

1) бірінші санаттың бірінші тобына жататын лауазымдар:

  • орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы;
  • облыстар, астана және республикалық маңызы бар қала әкiмдерiнің аппарат басшылары;
  • жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы.

2) лауазымдардың функциялық бағыттарына және мемлекеттік басқарудың деңгейіне сәйкес бірінші санаттың екінші тобы кіші топтарға бөлінеді.

Бірінші кіші топқа сараптамалық-талдамалық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады, оның ішінде:

  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері;
  • Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері лауазымдарын қамтиды.

Екінші кіші топқа орталық мемлекеттік органдардағы және олардың аумақтық органдарындағы ұйымдастырушылық-өкімдік, әкiмшiлiк-шаруашылық және бақылаушылық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады, оның ішінде:

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары;
  • орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органдарының басшылары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қаладағы тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары лауазымдарын қамтиды.

Үшінші кіші топқа жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардағы ұйымдастырушылық-өкімдік және әкiмшiлiк-шаруашылық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады. Үшінші кіші топ облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері лауазымдарын қамтиды.

«А» корпусының екінші санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары: облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың ревизиялық комиссия төрағалары мен мүшелері. «А» корпусының екінші санаттағы лауазымдары топтарға бөлінбейді. 

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі («Казахстанская правда» от 12 декабря 2013 года № 335 (27609)).

БҰЛ СІЗГЕ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Бұл Жарлық «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылатын білім бойынша, жұмыс стажы бойынша талаптарды, сондай-ақ кәсіптік білім, Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша талаптарды, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бекітеді.

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 80%
  • Нет 20%
  • Незнаю 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
×

Подпишись на наши новости

Все самое интересное и полезное! Будь в курсе событий кадров и охраны труда! Участвуй в наших семинарах и вебинарах!