Еңбек жағдайларының өзгеруіне қызметкердің келіспеуі

1584

Қызметкерге басқа жұмыс ұсынуҚазақстан Республикасы еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 48-бабы 2- тармағына сәйкес, егер қызметкер жұмысты жаңа жағдайда жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс беруші – бар болса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайына сәйкес келетін өзге жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайы ескеріліп, ол орындай алатын, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен бос жұмысты жазбаша нысанда ұсынуға міндетті.Осылайша, қызметкерді жұмыстан босату міндетті емес, оған бар болған жағдайда ол орындай алатын өзге жұмысты немесе лауазымды ұсынуға болады.Басқа жұмыс ұсынылатыны туралы хабарламада:- қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайына сәйкес келетін  бос орындар;- ұсынылатын бос орынға сәйкес еңбек қызметі, еңбекке ақы төлеу шарттары;- қызметкерді хабарламамен таныстыру тармағы;- ұсынылған лауазымға ауысуға келісу/келіспеу тармағы көрсетілгені дұрыс.Жұмысты жалғастырудан бас тартқан жағдайда қызметкерді жұмыстан босатуҚР ЕК-нің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты тоқтатылады.ҚР ЕК-нің 48-бабы 3-тармағының ережелері қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда ғана қолданылады, яғни бұндай бас тарту болмаған жағдайда қызметкерді жұмыстан босату заңсыз.Қызметкер жұмыстан босау туралы электрондық почта арқылы немесе ауызша әңгімелесу кезінде ниет білдірген болса, ондай жауапты жұмыс беруші қабылдай алмайды, өйткені ҚР ЕК-нің 48-бабы 3-тармағында  жоғарыда көрсетілген хабарламаның басқа түрлері емес, тек жазбаша бас тарту түрі жайында нақты айтылған. Қызметкердің жауабында оның жұмыстан бас тартатыны жайлы тура айтылуы тиіс.ПримерМен, «НҰР» ЖШС-нің маркетинг бөлімінде жарнама жөніндегі менеджер лауазымын атқарушы Иван Петрович Иванов, 2013 жылғы 25 шілдедегі № 7-хабарламаға сәйкес еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты, менің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 56  еңбек шартыма өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тартамын.ҚР ЕК-нің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты, қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты тоқтатылатыны жөніндегі негіздер бойынша  менің бас тартуымнан туындайтын құқықтық салдар  туралы хабардармын. Наразылығым жоқ.Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тарту болмаған жағдайда, жұмыскер оны еңбек жағдайларының өзгеруі жағдайында жұмыс істеуге келісу ретінде қабылдауы тиіс.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях