Жалақыдан ұстап қалудың ұғымы мен міндеті

749
Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу – бұл деген талабын қамтамасыз ету үшін қызметкерге тиесілі жалақының бір бөлігін аудармау (бермеу)

Ұғымы және анықтамасы

Жалақыдан ұстап қалу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 137-бабымен реттеледі. Бұл ретте, Еңбек кодексі "жалақыдан ұстап қалу" ұғымына айқындау бермейді, сондықтан мынадай түсіндірмені ұсынамыз.

Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу бұл – қызметкердің не жұмыс беруші тарапынан не Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен (бұдан әрі – ҚР ЕК) және басқа заңдармен белгіленген жағдайларда, мөлшерде және тәртіпте жүзеге асыратын үшінші тұлғалар тарапынан бұған деген талабын қамтамасыз ету үшін қызметкерге тиесілі жалақының бір бөлігін аудармау (бермеу).

Қызметкер алатын жалақының мөлшері азайту нәтижесі болып табылады, яғни: еңбек шартының, Еңбекақы төлемі туралы ереженің, Сыйақы беру туралы ереженің және басқа жергілікті нормативтік актілердің талаптарына сәйкес есептелген еңбекақы сомасынан ұстап қалу сомасы кемітіледі. Дәл сондықтан қызметкер ұстап қалу мөлшері қалай болғанда да аз болуы үшін, ал ұстап қалу себептері мүлде болмас үшін мүдделі болады.

Ұстап қалудың кағидалары

Ұстап қалуды тек жұмыс беруші жүзеге асырады. Бұл жалақыны дәл жұмыс берушінің есептеуімен және төлеуімен байланысты.

Егер қызметкер өзінің жалақысынан ұстап қалуды (яғни жалақының бір бөлігін бермеуді) заңсыз жүргізілген деп есептесе, онда ол сотқа жүгіне алады. Көбінесе қызметкерлер ақырғы есеп айырысу кезінде өздерімен қандай да бір сомалар заңсыз ұсталған деп есептеген кезде, жұмыстан босатылғаннан кейін ғана көрсетілген органдарға жүгінеді. Наразы қызметкерлер жұмыс берушінің іс-әрекетіне еңбек қатынастары уақытында да қарсы бола алады, сондықтан кадр қызметінің мамандары жалақыдан ұстап қалу үшін заңнамада қандай қағидалар белгіленгенін білуге тиіс.

Жалақыны қорғау мақсатында ҚР ЕК-де жалақының бір бөлігін бермеу жағдайлары, талаптары және мөлшері шектелген, сондай-ақ ұстап қалу тәртібі белгіленген.

Маңызды:

Қызметкерлердің өздері ұстап қалу мәселелерін сирек түсінеді. Оларды ақпараттандыру мақсатында Еңбекақы төлемі туралы ереженің немесе ұйымда еңбекақы төлемі мәселесін реттейтін басқа да жергілікті нормативтік актінің мәтініне жалақыдан ұстап қалу жағдайлары, мөлшері, тәртібі мен талаптары туралы негізгі ережелерді қосуға болады. Бұл жұмыс берушіге жалақысын аз мөлшерде алған қызметкерлерге өз шешімінің себептерін әр жолы түсіндіріп жатпауға мүмкіндік береді.

«Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналы 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях