Авариялық дайындықты басқару

63
Авариялық дайындықты басқару
Садирбаев А.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", заместитель генерального менеджера отдела оптимизации производства, техники безопасности и охраны окружающей среды ТОО «Тенгизшевройл», г. Атырау
Тіркелетін оқиғалардың жалпы коэффициенті» – «Теңізшевройл» ЖШС қатаң бақыланатын маңызды алға озушы көрсеткіш.

Өндірістегі авариялық жағдаяттарға орай жылдам және тиімді әрекеттер жасауға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды өткізу, –«Теңізшевройл» команиясының (бұдан әрі – ТШО) қауіпсіз, тиімді және табысты кәсіпорын болуға ұмтылысындағы негізгі міндеттерінің бірі.

Тұрақты дайындығы

«Теңізшевройл» ЖШС-нің америкалық «Шеврон» мұнай корпорациясымен бірлескен қызметі басталғаннан (1993 жыл)  бері Теңізде өндірістік объектілердің тұрақты авариялық дайындығы қамтамасыз етіліп келеді. ТШО еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі өндіріспен бірге бұл маңызды жұмыстың барлық бағыттарын тұрақты қадағалауда ұстайды. Компанияда авариялық дайындық мәселелері барлық деңгейлерде ең жоғары басымдыққа ие мәселелер болып есептеледі.

Авариялық дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі қызмет ауқымы айтарлықтай кең. Бұл өндіріс  технологиясы, сондай-ақ жабдықтардың  сенімділігі, нормативтер талаптарына сәйкес жобалаудың дұрыстығы, өз уақытындағы сапалы жөндеу және технологиялық жабдықтарды жаңарту мәселелері.

Өндірістік қондырғыларды пайдалану технологиялық регламенттермен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Технологияның, жабдықтың немесе материалдардың кез келген өзгерісі корпоративтік талаптарға және  «Өзгерістерге бақылау жасау» (бұдан әрі – ӨБЖ) үдерісіне сәйкес жүргізіледі. Іске деген мұндай тәсіл көп жылғы бірлескен қызметтің барысында өзін оңды жағынан көрсетті. «Шеврон» корпорациясынан ойдағыдай енгізілген «Қауіпсіздік техникасы бойынша іске қосудың алдындағы тексерулер» (бұдан әрі – ҚТҚТ) жүйесі көрнекті мысал қызметін атқарады.

Қауіпсіздік техникасы

ҚТҚТ жүргізу жаңа немесе жаңғыртылған объектіні қауіпсіз іске қосуды қамтамасыз ету үшін талап етіледі, ол өзіне сондай-ақ күрделі жөндеуге тоқтатылғаннан ткейін қондырғыны қауіпсіз іске қосуды да қамтиды.

ҚТҚТ кезінде қондырғының, жабдық немесе объект  бөлігінің пайдалануға беруге дайындығына көз жеткізу үшін функциялық тексеру парақтары пайдаланылады. Объект басшылары, пайдалану персоналы мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚЕҚ) бөлімінің өкілдері тексеру парақтарын толтыруға қатысады және жабдықтың қауіпсіз іске қосылғанын растайды.

Авариялық жағдаяттардан сақтандыруға бағытталған алдын алу жұмысы компанияның әрбір объектісінде оперативтік емес персоналға арналған эвакуация жоспарларымен және көптеген аварияларды жоюдың жергілікті жоспарларының (бұдан әрі – АЖЖЖ) болуымен қамтамасыз етіледі. Тұтастай алғанда ТШО бойынша жауапты тұлғалардың қызметі және авариялардан сақтандыру және жою үдерісінің өзі авариялық және дағдарыстық жағдаяттардың кешенді жоспарымен (бұдан әрі – АДЖКЖ) реттеледі.

Апаттық оқу-жаттығу

Жоспарларға сәйкес, график бойынша 1–3-деңгейлердегі авариялық оқу-жаттығулар тұрақты өткізіледі. Бұл іс жүзінде әрбір үш күн сайын компанияның қандай да бір объектісінді немесе қондырғысында дабыл дауысы естіліп, тиісті оқу-жаттығулардың басталғандығын білдіреді. Оған өрт сөндіру-авариялық қызмет (бұдан әрі – ӨАҚ) тартылады және «Miniscape» моделіндегі авариялық респираторларды пайдаланумен өндірістік персонал  жергілікті жерлердегі баспанаға (бұдан әрі – ЖЖБ) және жиналу пункттеріне (бұдан әрі – ЖП) қарай беттейді.

Осындай оқу-жаттығулар әсіресе күрделі жөндеу кезеңінде мердігерлік ұйымдар персоналын және өндірістік қызмет бойынша әріптестерді тартумен жүргізіледі. «Каспий құбыржол консорциумы-Р» (бұдан әрі – КҚК) ЖАҚ және темір жол қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген 2-3 деңгейлердегі оқу-жаттығулар, бұл кезде мұнайдың төгілуіне байланысты әртүрлі сценарийлер пысықталады; ТШО  мен  «ҚазТрансОйл» АҚ арасында төтенше жағдайлар туралы өзара хабардар етуді пеысықтау жөніндегі жыл сайынғы оқу-жаттығулар мысал қызметін атқара алады. Мысалы, ТШО-да бір жылдың ішінде өндірістік, сондай-ақ табиғи құбылыстарға авариялық  жауап әрекеттер жасау бойынша әртүрлі деңгейдегі 320 оқу жаттығулары өткізіледі.

Басымдық нөмірі

Теңіз кен орны құрғақта орналасқандығына қарамастан, ТШО-да шикі мұнайды Ақтау портынан Бакуге теңіз арқылы тасымалдауға қатысты бағдарлама әзірленген және қолданылады. Нөмір бірінші басымдық – мүмкін болатын авариялардан сақтандыру.

Мұнай тасымалдау үшін Халықаралық теңіз ұйымының (International Maritime Organization) (бұдан әрі – IMO) нормативтік стандарттарына сәйкес келетін танкерлер пайдаланылады.  ТШО-да мұнай тиелетін және түсірілетін мердігерлік учаскелерде өз өкілдері бар, олар қауіпсіздіктің барлық талаптарының сақталуына бақылау жасайды.

ТШО көмірсутектердің екінші деңгейдегі төгілулерін жоюға мамандандырылған екі мердігерлік ұйым: Ақтау қаласындағы «National Response Corporation» (бұдан әрі – NRC) компаниясы мен Баку қаласындағы «Briggs Marine and Environmental Services» компаниясы көрсететін   қызметтерді пайдаланады. NRC компаниясы теңіздің бұған Каспий аумақтық және халықаралық суларының қазақстандық секторы кіретін жағалаулары мен жағалаулық, жерүстілік аймақтарында  көмірсутектер төгілуінің әртүрлі нұсқаларына орай әрекет етудің барлық қажетті қуаттылықтарымен жарақтандырылған. NRC жерүстілік авариялық әрекеттер ету саласына Батыс Қазақстанның көліктік бағдарғылары (автомобиль жолдары, темір жол және құбыржолдар) да кіреді.

Сценарий бойынша

Әзірбайжандағы авариялық жауап әрекеттер жасау мүмкіндіктері мұнай төгілуінің бірқатар сценарийін есепке алады және Каспий аумақтық және халықаралық суларының әзірбайжандық секторын қамтиды. Бұған қоса,  партнеры ТШО әріптестері мұнай төгілулерін жою жөніндегі халықаралық қауымдастықтарының толық мүшесі болып табылады, сондықтан ол мердігерлер мен сараптамалық консультанттар көрсететін қызметтерге әрқашан жүгіне алады, олардың ішінде – төтенше жағдайларды басқаруға, жабайы табиғат құбылыстарына мониторингке, мұнай төгілулерін модельдеу мен атмосферада сейілтуге, токсикология, химия, өрт сөндіруге, байланыс құралдарына, мүлікті тасымалдау мен құтқаруға мамандандырылған, «Oil Spill Response Limited» (бұдан әрі – OSRL) мұнай төгілулерін жою жөніндегі ұйым бар.

Барлық оқытушы бағдарламалардың сипатты белгісі олардың  «сабақтар алумен» байланысты қорытынды бөлімі болып табылады.  2-3 деңгейлердегі әрбір оқу-жаттығудың нәтижелері бойынша кемшіліктер тіркеледі және оларды жою бойынша ұсынымдар жасалады. Аварияларды жою жөніндегі штабтардың (бұдан әрі – АЖШ) ойдағыдай жұмысы үшін өндіріс басшылығы  олардың тұрақты орналасатын жерлерін анықтады, олар байланыс, хабардар ету құралдарымен, жоспарлармен, көрнекті сұлбалармен, карталармен, компьютерлік және басқа жабдықтармен жарақталған. 

Авариялық дайындықты қамтамасыз етуде ТШО өрт сөндіру-авариялық қызметі (бұдан әрі – ӨАҚ) ерекше рөл атқарады, ол өзініің іске қабілеттілігін жол-көлік оқиғаларындағы авариялық жағдаяттарды жою, күрделілік санаты әртүрлі өрттерді сөндіру, мұнай мен газдың жылыстауын жою, қоғамдық тәртіпсіздіктерді жою кезінде зардап шегушілерге көмек көрсету және т.б. кезінде әлденеше рет дәлелдеді.

Біліктілігін арттырамыз

Компания басшылығы ӨАҚ-ті толықтай жауынгерлік дайындықта ұстау үшін жеткілікті қаражат бөледі. Жеке құрамы жыл сайын біліктілігін арттырады және «Шеврон» корпорациясының АҚШ-тағы бөлімшелерінде практикадан өтеді. Қызмет құтқару техникасы мен медициналық жабдықтың заманауи түрлерімен  толықтырылады, өрт сөндірудің ұтқыр құралдары сатып алынады, техникалық қызмет көрсету өз уақытында жүзеге асырылады. График бойынша көбікті және сулы өрт сөндірудің стационарлық құралдарына, сигналдандыру мен байланыстың автоматты құралдарына профилактикалық тексеру жүргізіледі.

Барлық нормалар мен стандарттарға сәйкес келетін авариялық дайындықты қамтамасыз ету авариялық-алдын алушылық шараларға өндірістік персоналдың тіклей қатысуынсыз мүмкін болмаған болар еді. Қауіпсіздікке қол жеткізу үшін «Жұмыстарды тоқтату құқығы» (бұдан әрі – ЖТҚ) саясаты әзірленді, ол ТШО немесе оның мердігерлік ұйымының қызметкерлері егер персоналдың денсаулығы мен өміріне немесе қолданыстағы жабдықтың ақаусыздығы мен бүтіндігіне  қауіп төнсе, объект аумағындағы жұмысты тоқтатуға құқылы екендігін белгіледі. Бұл ретте қызметкер объект басшысын немесе авариялық диспетчерді қабылданған шаралар туралы дереу хабардар етеді.

Қауіпсіз мінез-құлық

В ТШО-да успешно внедрена и постоянно совершенствуется «Қауіпсіз мінез-құлық бағдарламасы» (бұдан әрі – ҚМБ) ойдағыдай енгізілді және тұрақты жетілдірілуде, ол жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге ішкі бақылау жасау жүйесін білдіреді. Бақылаулардың нәтижелері ай сайын талданады және объектілердің басшыларына қызметкерлердің қандай әрекеттеріне бірінші кезекте назар аудару керектігі; жұмыстардың қандай түрлері жаңғыртуды талап ететіндігі; қандай жабдық жөндеуді немесе қайта құрылымдауды қажет ететіндігі жөнінде ұсынымдар беріледі. ҚМБ-на ТШО мен мердігерлік ұйымдардың барлық қызметкерлері тартылған. Бақылаулар көбейген сайын, басшылықтың қауіпсіз емес мінез-құлықты  немесе ақаулы жабдықты пайдалануды түзеуге реакциясының дәрежесі солғұрлым жоғары, авариялық жағдаят туындауының тәуекелі соғұрлым аз болады. Бақылаулардың нәтижелері бойынша шешімдер қабылдауда анықтаушы сөз – за ҚТ жөніндегі қоғамдық комитеттерге беріледі, олар компанияның негізгі өндірістік бөлімдерінде қызмет етеді.

ҚМБ-мен бір мезгілде компанияда  «Өндірісті оңтайландыру» (бұдан әрі – ӨО) кәсіпорын стандартына сәйкес аудиттер жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Бұл бағдарлама дүниежүзілік деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қауіпсіздікті, денсаулықты сақтау мен қоршаған ортаны  қорғауды жүйелі басқару ретінде анықталады.

ТШО компаниясы салада және қауымдастықта танылған және құрметті компания болуға ұмтылады. Өндірісті оңтайландыруды басқару жүйесі «Шеврон» корпорациясынан алынған, мұндағы бағалау нәтижелері басқару жүйесінің денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ISO 14001 халықаралық стандартының талаптарына жауап беретіндігін көрсетті.

Үш деңгейлі жүйе

        ӨО-ды басқару жүйесі – үш деңгейлі.  Егер 1–2 деңгейдегі тексерулерді корпорация мен ТШО басшылығы нәтижелерді негізінен қауіпсіздіктің жалпы бағалауларына келтіре отырып, тиісінше үш жылда бір рет және жыл сайын жүзеге асырса, онда 3-деңгейдегі аудит тоқсан сайын жүргізіледі және оның негізгі құрамдас бөлігі авариялық дайындық болып табылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша кемшіліктерді тікелей айқындау мен жоюды көздейді. Мұншалықты байыпты жұмыс комиссиялармен, көбінде объектілердің басшылары басқарған бірнеше топпен жүзеге асырылады. Аудиттердің нәтижелері бойынша ұсынымдар орындалу үшін міндетті болып табылады және өндірісті пайдалану жөніндегі менеджердің тұрақты бақылауында болады.

Авариялық дайындық турасында «Өндірістің қауіпті факторларын талдау» (бұдан әрі – ӨҚФТ) бағдарламасы үлкен қызығушылық туындатады, ол бірнеше әдістемені қамтиды, оларды бұрынырақ айқындалмаған қауіпті өндірістік факторларды анықтау, бағалау мен бақылау үшін ӨҚФТ жүргізетін жұмысшы топтар пайдаланады. ТШО-да күрделілігі мен тәуекел дәрежесіне қарай қауіпті факторларды бағалаудың әртүрлі екі әдістемесі пайдаланылады. Олардың біреуі – «HAZOP» (қауіптілік пен пәрменділікті зерттеу әдісі), жүйелік болып табылады және орын алған және әлеуетті қауіпті факторларды айқындау және айқындалған тәуекелдерді жою немесе төмендету бойынша шаралар әзірлеу  мақсаттарында күрделі объектілер мен үдерістерді зерделеу үшін қызмет етеді. Әдетте мұндай талдауды егер технологиялық параметрлер жобалық норма шеңберінен шығып кетсе немесе технологиялық үдерістен ауытқу болса, онда әлеуетті оқиғалардың даму барысын анықтау үшін  құрамында зауыт операторлары, инженерлері, ЕҚЕҚ өкілдері мен басқа да мамандар бар команда өткізеді. Талдаудың нәтижесінде объектідегі әлеуетті қауіптілікті төмендету үшін ұсынымдар әзірленеді. Талдау қауіпті объектілерде жобалау жобалау сатысында, одан кейін бес жылда бір рет қайталап өткізіледі.

Екінші әдістеме – «Егер солай болса ше?» («What if») – тәуекелдің болмашы деңгейі бар күрделі емес сценарийлерді талдау кезінде пайдаланылады, бірақ біліктілігі жоғары мамандардың қатысуын талап етеді. HAZOP-дағыдай  команда  ойлануға мәжбүр ету шабуылы әдісімен технологиялық үдерістің қауіпті жағдайларының әлеуетті салдарларын қарастырады, тәуекел дәрежесін айқындайды және әлеуетті әсер етуді төмендету үшін ұсынымдар әзірлейді.  «Егер солай болса ше?» әдісімен талдау жүргізу қажеттігін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімі мен қоршаған ортаны қорғау бөлімі (бұдан әріҚТ және ҚОҚ) КЗИ үдерісі барысында анықтайды. Мұндай талдау сондай-ақ, технологиялық үдерістегі және/немесе жабдықтағы өзгеріс жобалық есептеулер шеңберінен шыққан немесе объектідегі тәуекел факторлары күшейген кезде де қажет.

Кешенді сипаты

Осылайша, авариялық дайындық профилактикасында жан-жақты, кешендік сипат болады. Алайда, персоналды тиісті оқытусыз барлық күш-жігер бекерге кетпек. Сондықтан кәсіпорынның авариялық дайындығын күшейтуге бағытталған кез келген бағдарламаның бірінші кезеңі әрқашанда персоналды оқыту мен сертификаттау болып табылады. Бұл үшін тұрақты негіздегі мақсаттық немесе мерзімдік оқыту курстары ұйымдастырылады. Авариялық дайындыққа оқытудың мүмкін болатын барлық түрлерінің қатарында 2-3 деңгейлердегі авариялық жағдаяттарды басқару топтарының (бұдан әрі – АЖБТ) мүшелерін оқыту ерекше орын алады. Оқыту бағдарламасын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық талаптары, сондай-ақ «Шеврон» корпорациясының талаптары да ескерілді.

Оқытуды тұрақты негізде ҚТ бөлімінің арнайы дайындалған қызметкерлері жүргізеді. Тренингтер жүргізуге міндетті түрде менеджерлер, суперинтенданттар мен өндірістің, персоналды басқарудың басшылары, басшылар ретіндегі ҚТ бөлімінің қызметкерлері, әртүрлі деңгейдегі АЖБТ мүшелері мен кеңесшілері тартылады.

Авариялық дайындықты қамтамасыз ету мәселесіне кешенді тәсілдің арқасында ТШО Қазақстан бойынша өз саласында авриясыз өндірісті және ҚТ мен ҚОҚ жоғары деңгейін қамтамасыз ету тұрғысында жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.  

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль