Өндірістік практика: ресімдеу және төлеу мәселелері

95
Өндірістік практика: ресімдеу және төлеу мәселелері
Маликова Надежда Июрьевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізуді реттейтін арнайы нормативтік актілер көзделмеген – демек, бұл мәселе жергілікті деңгейде шешілуге тиіс.

Көптеген компаниялар оқу мекемелерімен студенттер үшін өндірістік практика өткізу туралы шарттар жасасады. Көп жағдайларда ерекше көзге көрінген практиканттарды жұмысқа шақырады, ал, бір-екі жылдан кейін олар кәсіпорынға дипломы бар маман болып оралады. Практиканы басқаруды ұйымның тәжірибелі қызметкерлеріне жүктейді. Оларға сол үшін төлеу керек пе? Төлеу керек болса, ол қалай жүзеге асырылады?

 Өндірістік практиканы ұйымдастыру 

Өндірістік практика білікті мамандарды дайындау процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттерге арналған өндірістік практиканы ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  27 шілдедегі «Білім туралы» № 319-ІІІ Заңына (2016.09.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Білім туралы Заң), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексіне (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК), сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Практикалық оқыту 

Білім туралы заңда, мысалы, ұғымдарға анықтама беріледі:

•   кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;

•   дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны.

Практикалық оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2004 жылғы 5 сәуірдегі «Әдістемелік ұсынымдарды бекіту» № 287 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады, онда кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.

Практиканы өткізу деңгейін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық іс-шараларға:

1) практиканы жоспарлау;

2) әртүрлі мамандардың студенттеріне білім бағдарламаларын әзірлеу;

3) практика базасын таңдау және олармен шарттар жасасу;

4) қажетті құжаттаманы дайындау;

5) кафедралардың:

  • практика орындары бойынша студенттерді бөлу;
  • басшыларды іріктеу;
  • жеке тапсырмалардың тақырыбын жасау және т.с.с. бойынша жұмысы.

Орта және жоғары оқу орындарының студенттері кәсіпорындарда тиісті мамандық бойынша өндірістік практикадан өтеді.

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 10 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль