Жұмыс басталардың алдында нұсқама өткізу жөніндегі ұсынымдар

473
Жұмыс басталардың алдындағы күн сайынғы нұсқаманың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы зор.

Жұмыс басталардың алдындағы күн сайынғы нұсқаманың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы зор.

Нұсқама өткізу кезіндегі басты тармақтар

Жұмыстар басталардың алдында нұсқама өткізу кезіндегі басты тармақтар:

  1. Сол күнге арналған жұмыстық тапсырманы түсіндіру.  Нұсқаманы жұмыстардың жетекшісі бригадамен бірге өзі өткізеді. Жұмыстар жетекшісінің (бригадир, шебер, мехеник, қондырғы бастығы) нұсқама өткізудегі рөлі негізгі болып табылады. Жұмыстардың жетекшісі жұмыстық тапсырманы орындаудың барлық кезеңдерін айқын түсіндіруі тиіс.
  2. Жұмыстық тапсырманы орындау үшін қажетті жабдықтар мен аспаптардың түрлерін анықтау.
  3. Жұмыстық тапсырманы орындау кезінде туындайтын және орын алатын қауіптіліктер мен тәуекелдерді анықтау.
  4. Қауіптіліктерлің  туындау тәуекелдерін төмендету бойынша іс-шараларды белгілеу.
  5. Мұның алдындағы күні жіберілген кемшіліктерді талқылау. Мысалы, балташы И. қорама қалып тақташаларын орнату кезінде қолғаптарды кимей жұмыс істеді, бұл оны жоңқалар алу немесе қолдарын сырып алу тәуекеліне ұшыратты; балташы  А. таңертең балғаны тексермеді, ол балғаның тұтқасынан ұшып кетуіне әкеп соқты; балташы Ш. жұмыс орнында шашылып жатқан ағаш материалдарына сүрінді.

Қауіпті жағдаяттың оқиғаларын талдау

Қауіпті мінез-құлықтың немесе қауіпті жағдаяттың әрбір оқиғасы күн сайынғы нұсқама кезінде талқылануы тиіс. Әдетте мұндай фактілерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің өкілі ұсынады, осыған орай, оның нұсқамаға қатысуы міндетті.

  1. Қызметкерлерден кері байланыстың міндетті екендігі, өйткені ол сапалы нұсқаманың маңызды элементі болып табылады, сондай-ақ жұмысшылардың онымен байланысты тапсырмалар мен қауіптіліктерді/тәуекелдерді дұрыс түсінгендігінің дәлелі болып табылады. Талқылауға жұмыстарды орындау кезінде қандай қауіптіліктер мен тәуекелдер бар екендігін айқындай және оларды төмендету шараларын белгілей отырып, бригада мүшелері тікелей қатысуы қажет.
  2. Нұсқама өткізудің нәтижелері тиісті құжаттан көрініс табады. Бұл құжаттың формалары сантүрлі болуы мүмкін:
  • Нұсқаманы тіркеу журналы;
  • Нұсқаманы тіркеу хаттамасы;
  • Жұмыстық тапсырма тәуекелдерін бағалау формасы.

Жұмыстардың жетекшісі жұмыстық тапсырманың түсіндірілгенін, қауіптіліктер мен тәуекелдердің айқындалғандығын, қауіпсіздік шараларының белгіленгендігін куәлендіре отырып, құжатқа қол қояды.

Бригада мүшелері тапсырманың, қауіптіліктер мен тәуекелдердің түсінікті екендігін, қауіпсіздік шараларының талқыланғандығын растай отырып, нұсқама формасына қол қояды.

Жұмыстардың жетекшісі жұмысқа жұмыс басталардың алдындағы нұсқамадан өтпеген қызметкерлерді жібермеуге міндетті.

  1. Әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өз міндеттерін білуі және еске сақтаулары тиіс:
  • учаске бастығы: шеберлер мен бригадирлердің арасында жұмыстық тапсырмаларды жоспарлайды және бөледі, күнделікті нұсқамаларға жүйелі түрде қатысады;
  • жұмыстардың жетекшісі: учаске бастығынан жұмыстық тапсырма алады, тапсырманы орындауға арналған материалдармен және аспаптармен қамтамасыз етеді, бригадамен бірге орын алған қауіптіліктер мен тәуекелдерді айқындау үшін жұмыс орнын жеке қарап шығады, жұмыстар басталардың алдында нұсқама өткізеді, бұл жұмыстарды орындау кезінде жұмыс орнында болады, қажет болған кезде ол жерден кетеді (материалдар, аспаптар, басшылыққа шақыру алу) – топ жетекшілерінен немесе аға жұмысшылардан жауапты тұлғаны тағайындайды;
  • жұмысшы персонал: жұмыстар басталардың алдындағы нұсқама кезінде жұмыстық тапсырма алады, жұмыстардың жетекшісімен бірге бұл жұмыстарды орындау кезінде туындайтын қауіптіліктер мен тәуекелдерді талқылайды, бұл тәуекелдерді төмендету үшін қауіпсіздіктің қосымша шараларын ұсынады, оны әрбір пайдаланудың алдында тексере отырып, тек қана ақаусыз аспапты пайдаланады, зиянды факторлардың әсер етуін төмендету үшін қажетті барлық ЖҚҚ-н қолданады. Қызметкер жұмыстардың жетекшісіне өзінің әлсіреуі немесе ауруы туралы хабарлауға, өзі немесе айналасындағылар үшін тікелей қауіп төнген кезде – жұмысты дереу тоқтатуға және тікелей басшысын хабардар етуге міндетті;
  • ЕҚжЕҚ бөлімінің өкілі: учаскедегі барлық персоналдың еңбек қауіпсіздігі және еңбьекті қорғау жөніндегі міндеттерін тиісті дәрежеде орындауын бақылайды; оны жүргізудің сапасын тексере отырып (басшының міндеттемесі + бригаданың қатысуы), күн сайын жұмыстар басталар алдындағы нұсқамаларға қатысады; нұсқамаларда мұның алдындағы күні болып өткен қауіпті мінез-құлық оқиғаларын мәлімдейді.
  1. Нұсқаманың ұзақтығы 10 минуттан аспауы тиіс. Күн сайынғы нұсқамаларда жұмыстық тапсырмамен немесе жұмыстық қызметпен байланысты емес тақырыптарды талқылау, мысалы монтаждау бригадасына көлікті қауіпсіз жүргізу жөнінде нұсқаулықты оқу немесе жүк ілушілерге – бояу жұмыстары бойынша ұсынымдар беру ұсынылмайды.  Артық ақпарат қызметкерлерге жұмыстық тапсырмаға және оны қауіпсіз орындауға жинақталуына бөгет жасайды.
  2. Нұсқама жұмыстар жүргізу басталар алдында, тікелей жұмыс орнында жүргізілуі тиіс.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях