text
Справочник кадровика

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу

  • 25 сентября 2018
  • 2791
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу

Тергеп-тексеруге және есепке алуға, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес басшыларын байланысты олардың еңбек қызметіне

Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды

тергеп-тексерудің жалпы ережелері

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлердің, сондай-ақ мына тұлғалардың еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не қайтыс болуына әкеліп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары тергеп-тексерілуі тиіс:
Жұмыскерлердің, сондай-ақ:
1) кәсіптік практикадан өтіп жүрген кезде оқу орындарында оқитын адамдардың;
2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің;
3) бас бостандығынан айыру орындарында және сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
4) азаматтық қорғау саласындағы әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, әскерилендірілген күзеттің жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не қайтыс болуына әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексерілуге жатады.
Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі - еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаға жатады (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 27) тармақшасы).
    Бұған қоса, түсіндірме беріліп отырған тармақтың талаптары өндірістік практикадан өтетін тұлғаларға да қолданылады, өйткені ҚР-ның білім туралы заңнамасына сәйкес кәсіптік практикадан өту үшін орын ұсынатын жұмыс берушілер қауіпсіз жағдайлар жасауға және шарттармен көзделген міндеттерді орындауға міндетті.
     Сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді егер олар әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін авариялардың, өрттердің, табиғи зілзалалардың салдарларын жоюға тартқан кезде болып өткен болса, жүргізу қажет.
     Осыған орай, азаматтық қорғау саласындағы әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, әскерилендірілген күзеттің жеке құрамдары мен ерікті командалар мүшелерінің адам өмірі мен дүние-мүлкін құтқаруға қатысуын еңбек қызметіне жатқызған жөн.
     Онда зардап шегуші  бас бостандығынан айыру орындарында және сот үкімі бойынша еңбекке тартылған тұлға болып табылатын жазатайым оқиға туындаған кезде, оны тергеп-тексеруді және есепке алуды жұмыс беруші – түзеу мекемесінің әкімшілігі онымен жұмыс орындарын жасауға шарт жасасқан заңды тұлға, немесе сот шешімі бойынша қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыру үшін жұмыс орнын ұсынған заңды тұлға жүргізеді.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Біздің қызметкер елді мекен аумағынан тыс жерге өндірістік бөлімшелердің біреуіне іссапарға жіберілді. Іссапардан қайтып оралы үшін компания темір жол көлігіне билет сатып алған. Темір жол көлігіне отыру кезінде вагон тамбурында қайырмалы жағының тіркеуінің жоқтығына байланысты қызметкер тізесін соғып алған, нәтижесінде тізе буынына ауыр жарақат алған. Осы жазатайым оқиға өндіріспен байланысты болып табыла ма?

Еңбек қызметі кезіндегі қандай жазатайым оқиғалар есепке алынуы тиіс?

Жұмыскерлер денсаулығының еңбек міндеттерін орындауға байланысты зақымдануы не еңбекке қабілетсіздікке не қайтыс болуға әкеп соққан, жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша басқа да әрекеттер жасау, егер олар:
1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғаныш құралдарын дайындау және ретке келтіру және басқа да әрекеттер кезінде орын алса; 
    ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 47) тармақшасына сәйкес жұмыс уақытына - жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері жатады.   Жоғарыда баяндалғанды ескерсек, дайындық-қорытындылау жұмыстары (наряд-тапсырманы, мптериалдарды, аспаптарды алу, техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау мен жиыстыру, дайын өнімді тапсыру және басқалар) жұмыс уақытында жүргізілуі тиіс.
     Бұдан келіп шығатыны, көрсетілген жұмыстарды орындау кезінде, жұмыс уақытына дейін, сондай-ақ одан  кейін болып өткен жазатайым оқиғалар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
     Мысал. Күкірт қышқылы учаскесінің ауысым шебері үнемі, жұмыс басталудан 30 минут бұрын жұмысқа келеді және ауысымды аяқтайтын шеберден жұмысты қабылдап алады. Учаскені аралап, қарап шығу кезінде оның жанынан, еденде жиналған шағын шалшықтың үстінен электрокар жүріп өтті, нәтижесінде оның көзіне ерітінді шашырандылары келіп түсті және де ол химиялық күйік алды. Бұл оқыс оқиға еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға ретінде есепке алуға жатады.
    2) жұмыс орнында болған жұмыс уақыты ішінде, жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүріп-тұрумен байланысты жұмыскер бара жатқан жолда, оның ішінде жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша бара жатқан жолда, сондай-ақ еңбек міндеттерін орындау кезінде іссапар уақытында орын алса;
   ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 45) тармақшасына сәйкес жұмыс орны - жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны. 
   Осыған байланысты, жұмыс уақыты ішінде, жұмыс орнында болып өткен барлық жазатайым оқиғалар тергеп-тексерілуге жатады.
   Алайда, өз қызметінің тегі бойынша тұрақты да, сондай-ақ уақытша да жұмыс орны болмайтын көптеген кәсіптер бар (пошта тасушы, курьер, қоғамдық көліктің және коммуналдық қызметтердің бақылаушылары және басқалар). Бұл ретте еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру және есепке алудың шарты зардап шегушінің еңбек шартымен көзделген еңбек міндеттерін жұмыс уақытында орындауы болады.
     Мысал. Пошта тасушы бекітілген учаскеде хат-хабарды жеткізуді аяқтап, қалған жұмыс уақытын пайдалана отырып, жеке мақсаттары үшін тауар сатып алуға коммуналдық базарға барды. Осы кезде оны көліктік құрал қағып кетіп, ауырлығы орта дәрежелі жарақат алды. Бұл жазатайым оқиға жұмыс уақытында болып өткендігіне қарамастан, еңбек қызметіне байланысты емес деп есептеледі, өйткені жазатайым оқиға сәтінде жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған жоқ болатын.
      Егер жазатайым оқиға жұмыс орнында емес, басшы тапсырмасын орындаушы жұмыскердің бара жатқан жолында, тіпті оқиға жұмыс уақытынан тыс кезде болып өтсе, бұл жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты оқиға ретінде бағаланады. 
     Мысал. Офис-менеджерге әуежайдан жөнелтімді жұмыс уақытынан басқа уақытта күтіп алу тапсырмасы берілді. Әуежайдан қайтып келе жатқанда оны автомобиль қағып кетіп, нәтижесінде жеңіл дәрежелі жарақат алды. Бұл жазатайым оқиғаның жұмыс уақытынан тыс және жұмыс орнынан басқа жерде болғандығына қарамастан, ол еңбек қызметіне байланысты оқиға ретінде тергеп-тексеру мен есепке алуға жататын болады, өйткені оқиға сәтінде жұмыскер жұмыс берушінің тапсырмасын орындады.
   Жұмыскер басқа жерге іссапарға, оның ішінде оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген кезде тұрақты жұмыс орнынан  тыс жерде болады. 
   Егер ол жұмыс беруші белгілеген тағайындалған пунктке дейінгі немесе кері қарай жолда, еңбек міндеттерін, немесе басшылық қойған міндетті  орындау кезінде іссапарда болып өткен жазатайым оқиға өндіріспен байланысты оқиға ретінде бағаланатын болады.
    Қызметкермен іссапар кезінде, бірақ жұмыс уақытында емес, немесе басшылық қойған міндеттерді орындау кезінен басқа кезде болып өткен өзге жағдайлардағы оқиға өндіріспен байланыстырылмайды.
    3) жұмыс беруші ұсынған көлік құралымен жұмысты орындау орнына бара жатқанда немесе жұмыстан келе жатқанда орын алса;
   Жекелеген ұйымдарда жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерді жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ерте басталатын, немесе кеш аяқталатын жұмыстарға қатысты. Жұмыскер (лер) жұмысқа қарай немесе жұмыстан жұмыс берушінің көлігімен келе жатқанда болып өткен жазатайым оқиға жол-көліктік немесе өзге де оқиғаның мән-жәйларына қарамастан, еңбек қызметіне байланысты оқиға ретінде тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады. 

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



  
    4) жеке көлік құралын қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша келісімі болған кезде өзінің жеке көлік құралымен;
   Кәсіпорынның немесе лауазымдық міндеттердің ерекшелігіне байланысты жекелеген кәсіптерге  (курьер, менеджер, сатып алулар жөніндегі маман) жұмысқа орналасу үшін, жеке көлік құралының бар болуы талап етіледі. Жеке көліктік құралды пайдалану кезінде жұмыскерлер жұмыс берушімен жазбаша келісім жасаулары қажет, ол көліктік құралды пайдаланғаны үшін материалдық шығындардың ғана емес, сондай-ақ жеке көлік құралында лауазымдық міндеттерді орындау кезінде болып өткен жазатайым оқиғадан денсаулық пен өмірге келтірілген залалдың орнын толтыруға да кепілдік болады.
    5) жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша әрекеттер жасау кезінде орын алса; 
   Бұл жағдайда  «Өз бастамасы бойынша әрекеттер жасауды» лауазымдық міндеттерден бөлек, жұмыс берушінің тапсырмасынсыз әрекеттер жасау ретінде қарастыру керек. Бұл ретте бұл әрекеттерді жұмыс берушінің мүдделері үшін жасаған кезде жұмыс уақытында болған жазатайым оқиға  (аварияны жою, жұмыс берушінің меншігін қорғау кезіндегі жарақаттар; өрт сөндіру кезіндегі күюлер; және т.б.) өндіріспен байланысты оқиға ретінде тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады
      Мысал. Өндірістік база аумағын күзетуші аумақты кезекті аралап, қарап шығу кезінде дайын өнім қоймасынан өртті көріп, өрт сөндірушілерді шақырды және өрт сөндіру құрамын күтпестен, өрттің таралуына жол бермеу және жұмыс берушінің мүлкін қорғау мақсатымен тұтануды өшіруге кірісті, орта дәрежелі күйік алды. Күзетшінің лауазымдық міндеттеріне өрт сөндіру кірмейтініне қарамастан, бұл жазатайым оқиғаны еңбек қызметіне байланысты оқиға ретінде бағалаған жөн, өйткені күзетшінің әрекеттері жұмыс берушінің мүлкін қорғауға бағытталды.
     6) вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің жиналу орнынан (вахта кезеңінде тұратын жерінен) жұмыс беруші ұсынған көлік құралымен жұмысқа бара жатқанда немесе келе жатқанда орын алған болса.


Қандай жағдайлар есепке алынбайды?

Тергеп-тексеру барысында жұмыскерлер денсаулығының зақымдануы:
1) жұмыскердің функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес жұмыстарды немесе өзге де әрекеттерді зардап шеккен адам өз бастамасы бойынша орындаған, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс, тынығу мен тамақтануға арналған үзіліс кезінде орындаған кезде;
     Жұмыскердің ұйымға тиісті көлік құралдарын, тетіктерін, аспаптарын жеке мақсаттары үшін өз еркімен пайдалану, сондай-ақ ұрлық жасау кезінде болып өткен жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты емес қиға болып есептеледі. 
   Мысал.  Түскі үзіліс кезінде жүргізуші жүк автомобилін жеке жиһазын тасымалдау мақсатында пайдаланды. Жиһазды тиеу кезінде жарақаттанды. Бұл жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты емес оқиға ретінде бағалануы тиіс, өйткені істің мән-жайлары оның әрекеттерінің функциялық міндеттерге кірмегендігін, жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес және жұмыс уақытынан тыс уақытта жүргізілгенін көрсетеді.
   Бұған ұқсас тәсіл еңбекті ұйымдастырудың тамақ ішу мен тынығу үшін нақты уақыт белгіленген барлық формалары үшін заңды. 
   Вахталық әдіспенжұмыс істеу кезіндегі ауысымаралық демалыс кезеңі, тынығу мен тамақ ішуге арналған үзіліс кезеңі жұмыскерлердің жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, жеке мақсаттарында пайдаланатын уақыт болып табылады, осыған байланысты, бұл уақытта болып өткен жазатайым оқиғалар өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде есепке алуға жатпайды.
   Алайда, жоғарыда аталған жазатайым оқиғалардың кейбіреулері белгілі бір мән-жайларда өндіріспен байланысты оқиғалар ретінде танылуы мүмкін, сондықтан әрбір нақты жағдайды тергеп-тексеру барысында комиссия мүшелері «объективті анықталды» сөінің мәнін ұмытпағандары жөн.
    Комиссиялар әрбір жағдайда жазатайым оқиғаның неден болғандығын анықтауы қажет және бұл ретте жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің толықтай әділеттілігі қамтамасыз етілуі тиіс.
2) зардап шеккен  адамның алкогольдік масаң күйде болуы, оның уытқұмарлық және есірткі заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалану негізгі себеп болған жағдайда;
Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы бойынша жұмыс беруші зардап шегушіде алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдану белгілерінің бар (жоқ)  екендігі туралы медициналық қорытынды ұсынуы тиіс.
  Егер тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның себебі жұмыскердің алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдану жай-күйінде болғаны объективті анықталса, онда бұл оқиғалар еңбек қызметіне байланысты оқиғалар ретінде есепке алуға жатпайды.
   Мысал. Қойма шатырындағы жұмыстарды жүргізген кезде жұмыскерлер  спиртті ішімдіктер тұтынды және олардың біреуі алкогольдің әсер етуінен тақтайды көпір ретінде пайдаланып, көрші қойманың шатырына өтпек болды. Өту кезінде құлап, аяқ- қолдардың жарақаттарын алды.
Бұл жағдайда жұмыскер бірқатар талаптарды бұзды: 
• жұмыс уақытында спирттік ішімдіктерді тұтынды; 
• өту үшін бұған бейімделмеген затты пайдаланып, қауіпсіздік техникасының талабын бұзды, осыған байланысты бұл жазатайым оқиға еңбек қызметіне байланысты емес оқиға ретінде есепке алуға жатады.
   Бұл ретте жұмыскерде алкогольдік масаңданудың бар болуы әрқашанда жазатайым оқиғаны еңбек қызметіне байланысты емес деп бағалау үшін жеткілікті дәлел болып табылмайтындығын есте ұстаған жөн. 
   Егер жазатайым оқиға алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдану жай-күйінде болған жұмыскермен болса, және де ол жазатайым оқиғаның себебі болып табылмаса, жазатайым оқиға өндіріспен байланысты оқиға болып бағалануы тиіс.
   Мысал. Жұмыскерлер жұмыс берушінің көлігімен жұмыс орнынан қайтып келе жатқанда ЖКО-на тап болды. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері бойынша зардап шеккен жолаушылардың біреуі алкогольдік масаңдану жай-күйінде болғаны анықталды. Алкогольдік масаңдану жай-күйі жазатайым оқиғаның себебі болып табылмағандығын ескерсек, оны өндіріспен байланыстыру үшін негіз бар болып шығады.
   3) өз денсаулығына әдейі (қасақана) зиян келтіру нәтижесінде, сондай-ақ зардап шеккен адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
   Егер тергеп-тексеру барысында комиссия зардап шегуші материалдық пайда алу, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктен жалтару және т.б. мақсатында өз денсаулығына әдейі (қасақана) зиян келтіргенін, оның ішінде құқық қорғау органдарының қылмыс құрамының жоқтығына байланысты (суицид) қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысының негізінде объективті анықтаса, онда мұндай оқиғалар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке алуға жатпайды.
   Сондай-ақ, олар үшін қылмыстық жауапкершілік, яғни қылмыс көзделген әрекеттер және (немесе) әрекетсіздіктер нәтижесінде жұмыскер денсауығына залал келтіру де өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде есепке алуға жатпайды.
   Мысал. Өндірістік кооперативтің күзетшісі металл сынықтарын өткізуден пайда алу мақсатында технологиялық жабдықтың элекртрлік қозғалтқышын бұзу үстінде оны электр тогы соқты. Күзетшінің іс-әрекеттерінен қылмыстық-жазаланатын әрекеттің белгілері (ұрлық) қарастырылатындығын ескерсек, бұл жазатайым оқиға өндіріспен байланысты оқиға ретінде есепке алуға жатпайды.
   Бұл ретте, егер жоғарыда сипатталған әрекеттердің салдарынан үшінші тұлғалар  – осы ұйымның жұмыскерлері зардап шексе, онда  жазатайым оқиғалар оларға қатысты еңбек қызметімен байланысты оқиғалар болып есептеледі. Мұндай жағдайда жұмыс беруші зиян келтірушіден өз шығындарын регрестік тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
   4) медициналық қорытындымен расталған, зардап шеккен адам денсаулығының өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны объективті түрде анықталса.
   Зардап шегуші денсаулығының қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты емес, кенеттен нашарлау фактілері медициналық мекеменің қорытындысымен анықталады, ол ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 368 бұйрығымен бекітілген сот-медициналық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес беріледі.
   ҚР АК 917-бабына сәйкес, өндірістік ортаның жазатайым оқиғаға әкелген факторларының жоқтығы расталған жағдайда, жұмыс беруші зардап шегушіге келтірілген залалды өтеуден босатылады, өйткені денсаулыққа келтірілген бұл залал еңбек қызметіне байланысты емес.
    Мысал. Жұмыскер цехтағы өтпе жолмен келе жатты, кенеттен өзін нашар сезініп, құлап қалды, бұл ретте баспақ орнағына басын соғып, ми шайқалуына душар болды. Бұл оқиға өндіріспен байланысты оқиға болып табылмайды, өйткені құлау мен жарақат өндірістік факторлардан емес, зардап шегуші денсаулығының кенеттен нашарлауынан туындады.

Кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге кім қатысады?

Кәсіптік аурулар жағдайларын тергеп-тексеруді жұмыс беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді.
 Еңбек міндеттерін орындау процесінде жұмыскерге кәсіптік ауулар (уланулар) туындатуға қабілетті зиянды өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін, олар тергеп-тексеру мен есепке алуға жатады.
   Кәсіптік ауру - жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру  (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 51) тармақшасы).
   Жіті кәсіптік аурулардың (уланулардың) әрбір жағдайына медициналық ұйым  «Жұқпалы ауру, тамақтан, жіті кәсіптік улану, егуге әдеттен тыс реакция туралы төтенше хабарлама» медициналық құжаттамасын толтырады.
    Комиссияның жіті немесе созылмалы кәсіптік аурудың (уланудың) әрбір жағдайын тергеп-тексеруі қорытынды диагноз қойылғаны туралы төтенше хабарлама алған сәттен бастап, жұмыс беруші шығарған бұйрықтың негізінде жүргізіледі.
    Комиссия құрамына жұмыс берушінің өкілі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің маманы, (немесе жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін жауапты етіп тағайындаған тұлға), медициналық ұйымның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, кәсіподақ немесе жұмыскерлердің өзге де өкілдік органының өкілдері кіреді.
   Тергеп-тексеру процесінде: 
• кәсіптік ауру (улану) туындауының мән-жайлары мен себептері айқындалады; 
• ауру пайда болған жердегі жұмыс орнын (жұмыс аймағын, өндірістік учаскені, цехты) зерттеп-тексеру жүргізіледі; 
• қажет болған кезде зиянды өндірістік факторларға зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу ұйымдастырылады;
• жұмыс істеуші еңбегінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары бағаланады; 
• ұйымды анитарлық-эпидемиологиялық зерттеп-тексерулердің актілері, зертханалық зерттеулердің, жұмыс орындарын аттестаттаудың нәтижелері зерделенеді; 
• алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулердің материалдары, мерзімдік медициналық қарап-тексерулер барысында айқындалған науқастарды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, еңбек жағдайларын, еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жоспар мен санитарлық-сауықтыру шараларының орындалуы туралы мәліметтер зерттеледі.
  Кәсіптік ауру (улану) жағдайын тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша тергеп-тексеру мерзімі біткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде комиссия жмыскерге, жұмыс берушіге, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға, халықтың санитарлықэпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мен медициналық ұйымға арналған, өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – Акт) жасайды. Актіге комиссия мүшелері қол қояды, жұмыс беруші бекітеді және жұмыс берушінің мөрімен (мөрі бар болған кезде) куәлендіріледі.
    Бұл ретте Акт өзінің құқықтық күші мен тағайындалуы бойынша кәсіптік аурудың (уланудың) диагнозын қоймайды және жоймайды, тек бұл аурудың еңбектің зиянды жағдайларымен, олардың ауырған жұмыскердің жұмыс орны бойынша әсер етуінің ұзақтығымен және қарқындылығымен  себеп-салдарлық байланысын анықтайды және растайдыа.
    Жұмыс беруші тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін бір айлық мерзімде Акт негізінде кәсіптік аурулардан (уланулардан) сақтандыру және еңбек жағдайлары мен санитарлық-сауықтыру шараларын жақсарту бойынша жоспар әзірлейді.
    Жұмыс беруші комиссия шешімдерін орындау және кәсіптік аурулардан (уланулардан) сақтандыру және еңбек жағдайлары мен санитарлық-сауықтыру шараларын жақсарту бойынша жоспар туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне  жазбаша түрде хабарлайды.
Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары жұмыскерлердің өндірістік жарақат алуына немесе денсаулығының еңбек қызметіне байланысты зақымдануына орай бастапқы жүгінген әрбір жағдай туралы жұмыс берушілерге және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға, сондай-ақ кәсіптік қатты ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.

«Қазақстанда еңбекті қорғау» журналы ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ AES КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК ПРАКТИКТЕРДІ ұсынады

Білім беру мекемелерін кәсіптік біліммен және қауіпсіздік, жаңа технологиялар, электр мен және жылу энергиясын өндірумен байланысты басқа мәселелер салаларындағы тәжірибемен байыту қажеттілігі орын алып отыр. Бұл проблемаларды шешу үшін жасыл экономикаға өтуді басқара алатын, сондай-ақ энергетикалық тиімділік бойынша стратегияны тиімді жүзеге асыруға септігін тигізе алатын, жақсы оқытылған қызметкерлер талап етіледі.

«Қазақстанда еңбекті қорғау» электрондық журналынан көбірек білуге болады

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және өндірістегі кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және тіркеу үшін жұмыс беруші жауапты болады.
   ҚР ЕК 182-бабы, 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ҚР заңнамасыиен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етуге міндетті.
   ҚР ӘҚБК 95-бабына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ҚР еңбек заңнамасының талабына сәйкес қамтамасыз етпегені үшін жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты