Справочник кадровика

Маман лауазымы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

  • 20 декабря 2018
  • 383
Маман лауазымы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Жұмыскерлерінің саны елуге дейінгі жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктейді.

Егер жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау маман лауазымын бекітуге шешім қабылдаса, онда төмендегілерді орындау қажет:

• жаңа лауазымды штатқа ендіру, штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы
бұйрық шығару;
• лауазым нұсқаулықтарын дайындау;
• еңбек шартын жасасу.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша инженер лауазымын ұйымның штаттық кестесіне ендіру туралы бұйрық үлгісі төменде келтірілген.

Инженер лауазымы бойынша қауіпсіздік

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау маманы (инженердің) лауазымды нұсқаулығын құрастыра отырып, жұмыскерлер лауазымы мен оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығы қаулысымен қабылданған жетекші, Маман және басқа қызметкер маманының біліктілік анықтамалығын басшылыққа алу керек.

Біліктілікке қойылатын талаптар.
      I санатты еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженер (эколог): тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.
      II санатты еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженер (эколог): тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.
      Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талаптар көрсетілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл стажы болуы керек. 

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

ЖШС-те жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу керек пе? Компанияның бағыты – қозғалтқыш майын сату.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженер лауазымы (маман) міндеттері:

- ұйым бөлімшелерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді сақтауын, қызметкерлерге еңбек жағдайы бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді бақылауды жүзеге асырады;

- жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделейді, қоршау техникаларының, сақтандыру және оқшаулау құрылғыларының, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғаудың басқа құралдарының неғұрлым жетілдірілген құрылғыларын әзірлеу және ендіру жөнінде ұсыныстар дайындайды және енгізеді;

- еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді (қағидаларды, нұсқаулықтар мен стандарттарды) әзірлеуге қатысады және олармен ұйымның бөлімшелерін қамтамасыз етеді;

- үйлердің, ғимараттардың, жабдықтардың, машиналардың және механизмдердің техникалық жай-күйлерін, желдету жүйелері жұмысының тиімділігінің, санитарлық-техникалық құрылғылардың, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың, қызметкерлерді ұжымдық және жеке қорғау құралдарының жай-күйін тексеруге, олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуін анықтауға және қызметкерлердің өмірі және денсаулығына қауіп келтіретін немесе аварияға әкеп соғуы мүмкін жөнсіздіктер анықталған кезде машиналарды, жабдықтарды пайдалануды және цехтардағы, учаскелердегі, жұмыс орындарындағы жұмыс өндірісін тоқтату жөнінде шаралар қабылдайды;

- ұйымның басқа бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс орындарын және өндірістік жабдықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуіне аттестациядан өткізу және сертификаттау бойынша жұмыс жүргізеді;

- кәсіптік аурулардың және жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және оларды еңбек қауіпсіздігі еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ әзірленген іс-шараларды орындау бойынша ұйымдық көмек көрсетеді;

- өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу бойынша жұмыс жүргізеді (автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу);

- тиісті қызметтердің қажетті сынақтарды және жабдықтың, машиналардың, және механизмдердің жай-күйін техникалық растауды уақтылы жүргізуді, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу кестелерін сақтауын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қолданылып жүрген нормаларды, ережелерді және нұсқаулықтарды, өндіріс процесіндегі, сондай-ақ жаңа және қайта салынатын өндірістік объектілердің жобаларындағы еңбек қауіпсіздігінің стандарттарын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының ұйғарымдарын орындауды бақылайды, оларды пайдалануға қабылдауға қатысады;

- жұмыс берушінің қызметкерлерге жарақат, кәсіби ауру немесе еңбек міндеттерін орындауға байланысты олардың денсаулығының басқа да бұзылуымен келтірілген зиянның орнын толтыру туралы мәселені қарауға қатысады;

- ұйымның бөлімшелеріне қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс болатын кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ қолданылып жүрген заңнама негізінде қызметкерлерге ауыр, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары үшін өтемақылар және жеңілдіктер берілуі тиіс кәсіптер мен лауазымдардың тізімін жасауға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, қауіпсіз еңбек стандарттары жүйесінің ұйымға арналған стандарттарын әзірлеу және қайта қарау кезінде, еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерге нұсқаулар беруді, оқытуды және білімдерін тексеруді ұйымдастыру жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;

- жұмысқа жаңадан қабылданған, іссапардағы қызметкерлерге, өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттерге еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі кіріспе нұсқаулар жүргізеді;

- ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» бөлімін жасауға, өндіріс жарақат алу жағдайларын, кәсіптік және негізделген ауруларды тексеруге қатысады, олардың себептерін зерделейді, олардың алдын алу жөнінде жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін талдайды;

- өндірістік объектілеріне еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізуді ұйымдастырады;

- арнаулы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке қорғаныш құралдарын сақтауды, беруді, жууды, химиялық тазалауды, кептіруді, шаңын кетіруді, майын кетіруді және жөндеуді ұйымдастыруды, сақтандырудың қосалқы құрылғыларының және қорғаныш құрылғыларының жай-күйін, сондай-ақ кәсіпорын бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;

- белгіленген нысандар бойынша және тиісті мерзімдерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі есептілікті жасайды.



Еңбекті қорғау инженері (маманы) мыналарды білуі тиіс:

- Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі әдістемелік материалдар;

- ұйымның өнім өндірісінің негізгі технологиялық процестері;

- жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеу әдістері;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- жұмыстың ауырлық санатына негізделе отырып (әйелдердің, жасөспірімдердің, жеңіл жұмысқа ауыстырылған қызметкерлердің) қолданудағы шектеулерді басшылыққа ала отырып;

- ұйымда қолданылатын жабдықты пайдаланудың ерекшеліктері;

- жабдықтың техникалық жай-күйінің жұмысты қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкес келуін бақылау ережелері мен құралдары;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибесі;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі насихат пен ақпараттың әдістері мен нысандары;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілік жасау тәртібін және мерзімдері, экономика, өндірісті;

- еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;

- өрт қауіпсіздігінің талаптары.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Құрылыс компаниясында 1000 адам бар. Еңбекті қорғау қызметі 20 адамнан құралады. Білімді тексеру бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (ТЖІК) құрылған. ТЖІК мүшелері Атырау қаласы Еңбекті қорғау департаментінің жанында білімдерін тексеруден өткізілді. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерлердің еңбекті қорғау бойынша білімдері Еңбек департаментінде тексерілуден өткізілуге міндетті ме немесе олардың білімдерін тексеру компания ішінде өткізілгені жеткілікті ме?

Маманның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
бойынша жеке жұмысын ұйымдастыру

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру қызметі немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау маманы тікелей ұйым жетекшісіне немесе оның тапсырмасымен орынбасарларының біріне бағынуы тиіс.
Меншіктің жаңа түрлерін және жұмысты ұйымдастыру ерекшелігін ескеріп, ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік жағдайлары негізінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау маманының құқықтары мен міндеттерін және оның жеке жұмыс жоспарын ұйым жетекшімен келісу және бекіту.

Маман лауазымы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыс мазмұны мен көлемі және іс-шаралары қызметкерлер санынан, ұйымдағы өндіріс ерекшілігінен тәуелді болады. Өндіріспен шұғылданбайтын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмысын (әкімшілікпен бірге) қосымша істеушіге немесе шартпен шақырылған маманға тапсыруға болады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться