Справочник кадровика

Еңбекті қорғау. Жұмыстан шеттету негіздемелері

  • 25 августа 2018
  • 583
Еңбекті қорғау. Жұмыстан шеттету негіздемелері

Жұмыскерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге жұмыс берушінің актісімен жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыс беруші тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті.



Жұмыскерді жұмыстан шеттету– жұмыскерді белгілі бір уақытқа оның еңбек міндеттерін орындауға жібермеу. Жұмыстан шеттету еңбек құқықтық қатынастарын тоқтатуға әкеп соғады, ҚР заңдарында көзделген жағдайларда жол беріледі және жұмыс берушінің міндеті болып табылады.

 

Еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтардың
жұмыстан шеттетуге негіздеме болуы


ҚР 2015.23.11 № 414-V Еңбек Кодексі (бұдан әрі - ҚР ЕК)182-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын жұмыскерлерді ҚР ЕК белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауаптылыққа тартуға құқығы бар.
Мысалы:

• мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының халықтың декреттелген топтарына жататын, инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, сондай-ақ міндетті медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды зертханалық зерттеу нәтижесін және толық санация мен міндетті медициналық қарап-тексеруден өткенін растайтын маман қорытындысын алғанға дейін жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға құқығы бар (ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-IV кодексінің 21-бабы 12-тармағының 5) тармақшасы);
• айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, созылмалы бактерия таратушылар ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетілуге жатады (ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-IV кодексі 148-бабының 4-тармағы);
• мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» № 588 заңының 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы);
• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негiздерден басқа, жұмыс беруші уәкiлеттi органның актісі негізінде теміржол көлігі қызметкерін мынадай:
  1. диспетчерлiк қызметтiң, Ұлттық инфрақұрылым операторының тасымалдау процесiн басқаруға және поездардың қозғалысына байланысты нұсқауларын орындамаған;
  2. жұмыс уақыты режимiн бұзған жағдайларда жұмыстан шеттетуге мiндеттi.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Басшы өнімді қасақана ұрлау орын алды деп санайды. Осыған кінәлі деп айыпталған қызметкер – материалдық жауапты тұлға. Басшы істің мән-жайлары анықталғанға дейін жұмыскерді жұмыстан шеттеуге құқылы ма?


Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себеп анықталғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн (ҚР 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Теміржол көлігі туралы» № 266-ІІ заңының 23-бабы);
• ҚР тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасын белгіленген бұзушылықтарға байланысты және бақылау нәтижелері бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында заңнамаға сәйкес мынадай актілер: адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту, жұмыстан уақытша шеттету, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы ҚР заңнамасының талаптары бұзылған жағдайларда шаруашылық қызметті тоқтата тұру және т.с.с.;
• уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді: банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерді орындаудан шеттетеді (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» № 2444 заңының 20-бабы 11-тармағының 3) тармақшасы);
• Инфекциялық аурумен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының эпидемиолог дәрігерінің ұсынысы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкері (инфекционист дәрігер) береді. Бұл жағдайларда инфекциялық ауруды бастан өткерген және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттету ұзақтығы адамдарды оқшаулау мерзімімен анықталады (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларының 68-тармағы).

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Еңбекті қорғау. Жұмыстан шеттету негіздемелері
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбекті қорғау. Жұмыстан шеттету негіздемелері

Жұмыс беруші жұмыскерді шеттетуге міндетті болатын жағдайлар


1) жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөнінде білімін тексеру бойынша емтихандар тапсырмаған;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөнінде білімін тексеру бойынша емтихандар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V заңының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» № 1019 бұйрығының талаптарына сәйкес тапсырылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша:

  1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады. 
  2. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерiнің білімін тексеруді (емтихандарды) ұйымдастыруды және өткізуді өздерінің басшылары бекітілген графиктерге сәйкес қамтамасыз етеді. Білімі тексерілуге жататын адамдар графикпен танысуға тиіс.
  3. Емтихан тапсырмаған адамдар бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде білімін қайта тексеруден өтеді.
  4. Емтиханды тапсырмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
  5. Мерзiмi өткен куәлiгі бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша:

Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті тәртіппен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша жұмыс берушi ұйымдастыратын оқытудан өтедi, кейiннен мiндеттi түрде оның бiлiмiн тексеру жүргiзiледi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудан, оларға нұсқама беруден және бiлiмдерiн тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жұмысқа қабылданған жауапты қызметкерлер еңбек шартына қол қойған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн тексеруден өтеді.
Жұмыстардың, лауазымның, кәсіптің осы түрi бойынша жұмыста үш немесе одан да көп, ал қауiптiлiгi аса жоғары жұмыста – бір жылдан артық уақыт үзiлiсi бар қызметкерлер өздiк жұмыс басталғанға дейiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан өтеді.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмi тексерiлетiн қызметкерлерді оны өткiзуден күнтізбелік отыз күн бұрын жұмыс беруші ескертеді.
Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және бiлiмдерiн тексеру жылына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексерумен (емтиханмен) аяқталады.
Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) жұмыс берушi тиiстi салалардағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженерлік-техникалық қызметкерлердi және ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiн тарта отырып жүргiзедi.
Саны үш адамнан кем болмайтын Емтихан комиссиясы жұмыс берушiнiң актісімен құрылады.
Бiлiмiн тексеруден табысты өткен қызметкерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» № 1019 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдер, қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жөніндегі куәлiк берiледi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге басшы және жауапты қызметкерлер), мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өткен басшыға және жауапты қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» № 1019 бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге жарамды сертификат берiледi.

3) жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарын пайдаланбаған;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын болса, медициналық қарап-тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген;
5) жұмыскер еңбек шартында келісілген жұмысты орындау үшін қажетті көлік құралын басқару құқығынан немесе басқа да рұқсаттардан айырылған жағдайда;
6) егер оның әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық ахуал туғызуға, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті.

Егер жұмыскердің әрекеттері немесе әрекетсіздігі:
• өрт қауіпсіздігі қағидаларында (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» № 1077 қаулысы);
• көлік құралдарындажол жүру қауіпсіздігі қағидаларында (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» № 194-V заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» № 1196 қаулысы).


Материалдық жауапкершіліктің бұзылғаны үшін шеттету

Толық материалдық жауаптылықты өзіне алғаны туралы жазбаша шарттың негізінде жұмыскерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген жұмыскерді жұмыс берушінің жұмыстан шеттетуге құқығы бар.
ҚР ЕК 123-бабының 7-тармағына сәйкес, жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.
Жұмыскер мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, жұмыс берушінің оны жұмыстан шеттетуге құқығы бар.
 

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться