text
Справочник кадровика

2018 жылы зейнетақы туралы нені білу керек

  • 12 сентября 2018
  • 759
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", директор филиала «Южный» РГКП «Республиканский научно - исследовательский институт по охране труда Министерства труда и социальной защиты населения Республика Казахстан», к. т. н., г. Алматы
2018 жылы зейнетақы туралы нені білу керек

Бұл мақалада заңнамадағы зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты өзгерістер көрсетілді. Зейнетке шығу рәсіміндегі барлық жаңалықтар туралы және еңбек өтіліне неге тек жұмыс істеген жылдар ғана кірмейтінін осы мақаладан біле аласыздар.

Зейнеткерлік демалысқа шығу үрдісі енді айтарлықтай оңайлатылды. 1 шілдеден бастап зейнеткерлік ресімдеуі керек адамдардың барлығы бұрынғыдай үш инстанцияға емес, тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ғана бір арызымен жүгінеді. Бір арыздың және барынша аз құжат негізінде Мемлекеттік корпорацияда өтініш қаралады. 

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Кәсіпорында жаңа туған баланың әкесі және анасы жұмыс істейді. Бала тууына байланысты берілетiн бiржолғы жәрдемақы қалай төленеді – ата-аналардың біріне ме әлде екеуіне де ме?

Тек ай сайынғы төлемдер

 
Бұрын жұмыскер зейнетақының жинақталған бөлігін қалай және қашан алытынын – жылына бір рет, ай сайын немесе тоқсан сайын алатынын таңдайтын. Іс жүзінде зейнеткерлік демалысқа шығатын кезде зейнеткерлер жинақталған зейнетақының көп бөлігін бірден алып отырды. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайынғы капитал төлемдеріне ғана рұқсат етілді. 
  • Бұл түзету "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы (2018.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін шыққан адамдарға қатысты емес, олардың бұрынғыша бұрын белгіленген кесте бойынша (мысалы, жыл сайын) зейнетақы төлемдерін есептеу мерзімін өзгертуге және зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін белгілеуге (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) белгілеуге құқығы бар. 
Егер зейнетке шығатын кезде жинақталған зейнетақы ең төмен зейнетақы мөлшерінің он екі еселенген мөлшерінен аспаса, оларды бірден төлейді. Қазақстанда 2018 жылы ең төмен зейнетақы мөлшері 33 745 теңгені құрайтынын ескере отырып, бұл соманы 12-ге көбейтеміз, 404 940 теңге шығады, қордан бір сәтте дәл осынша сома ала аласыз. 
Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі, міндетті және ерікті жинақтардан тұратын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істеуде. Мемлекет зейнетақы төлемдеріне құқыққа ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, алушыларға міндетті зейнетақы жарналары сақталатынына кепілдік береді. 
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірдей немесе зейнеткерлердің өзі атайтындай, еңбек зейнетақысы 8 %-ға көтерілді. Жәрдемақының басқа түрлері сияқты негізгі зейнетақы 6 %-ға артты. 
 

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


 

Зейнетақы қалай есептеледі? 

 
Зейнетақы былайша есептеледі: негізгі (президенттік) зейнетақы + бірдей зейнетақы (өтілі үшін үстеме) + жинақталған бөлік. 
2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстандағы негізгі зейнетақы. Өздеріңіз білетіндей, бұрын зейнетақы зейнеткерлік жасқа толған адамдардың еңбек өтіліне және кірісіне қарамастан, барлығына бірдей тағайындалатын. Жаңа механизмге азаматтардың 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинаған еңбек өтіліне байланысты негізгі зейнетақысы және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі кіреді. 
Мысал 
Жұмыскердің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 20 жыл еңбек өтілі бар, бұл оның еңбек кітапшасында расталған және 1998 жылдан кейінгі 15 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті зейнетақы жарналары аударылған, бұл Мемлекеттік корпорацияның Бірыңғай есепке алу орталығында (бұрынғы МЗТО) расталған. Бұл жағдайда негізгі зейнетақыны тағайындау үшін жиынтық еңбек өтілі 35 жылды құрайды (20 жыл еңбек өтілі + 15 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуы). 
 
  • 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі зейнетақының мөлшері 7 %-ға арттырылғанын ескергенде 12 802 теңгені құрады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 13 %-ға арттырылған сомамен бірге – 14 466 теңге. 
  • 2018 жылғы 1 шілдеден бастап негізгі зейнетақының мөлшері 28 284 теңгені құрайды, бұл 2017 жылдағыға қарағанда 2 есе көп. 
 
Негізгі зейнетақының мөлшері жұмыскердің жиынтық өтіліне байланысты сараланады. 
Мысалы, еңбек өтілі 10 жыл және одан аз адамдар үшін негізгі зейнетақы 0,54 ең төменгі күнкөріс деңгейін (бұдан әрі – ЕК) – 15 274 теңгені құрайды. Әрбір келесі өтіл жылы үшін 0,02 ЕК бойынша қосылып отырады. Сонымен, 20 жылдық өтіл үшін негізгі зейнетақы 0,74 ЕК-ні құрайды, бұл – 20 931 теңге. Еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған кезде – 1 ЕК, яғни 28 284 теңге. Сонымен, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек өтілі 10 жыл және одан аз адамдар үшін негізгі зейнетақыны ескергендегі зейнетақы мөлшері 49 019 теңгені құрайды (33 745 + 15 274 теңге). 
Сонымен қатар зейнеткерлік жасқа толған кезде асыраушысынан айырылуы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскердің қалауы бойынша мемлекеттік негізгі зейнетақы төлемімен ауыстырылуы мүмкін. 
Атап өтетін жайт, қайта есептеуді жүргізу үшін бұрыннан келе жатқан зейнеткерлерден қосымша құжаттар талап етілмейді, зейнеткер ісіндегі және Мемлекеттік корпорацияның Бірыңғай есепке алу орталығындағы ақпарат жеткілікті. 


Әйелдердің зейнеткерлік жасы

 
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа жеткен соң;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59  жасқа жеткен соң;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа жеткен соң;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа жеткен соң;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа жеткен соң;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа жеткен соң;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа жеткен соң;
2025 года – 62 жасқа жеткен соң;
2026 года – 62,5 жасқа жеткен соң;
2027 года – 63 жасқа жеткен соң жүргізіледі. 
Зейнеткерлік жасты ұлғайту 2018 жылдан бастап 2028 жылға дейін 10 жылдың ішінде жүзеге асырылады, яғни әйелдерге зейнетақының әлеуметтік қолайлы деңгейін қамтамасыз ету үшін жыл сайын 6 айдан.
Толық бірдей (еңбек) зейнетақыны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін 20 жыл жұмыс істеген өтілі бар адамдар алады. 
Бірдей зейнетақының мөлшері жыл өткен сайы ұсынылған жиынтық өтілге пропорционалды түрде қысқарып отырады. Осыған байланысты бірдей (еңбек) зейнетақының азайып отыратын бөлігінің орнын толтыру үшін мемлекет мынадай шараларды көздеп отыр: 
– негізгі зейнетақыны тағайындау механизмі өзгерді. Демек, негізгі зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі негізге алына отырып, мемлекеттік бюджеттен тағайындалады. Егер сіздің жинаған жиынтық өтіліңіз көп болса, онда сіз бір ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасына жуық негізгі зейнетақыны аласыз, «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VІ Заңына сай ол 2018 жылы 28 284 теңгені құрайды; 
– 2014 жылдан бастап республикалық бюджеттен 1 жылға дейін бала күтіміне байланысты демалыстағы, жұмыс істейтін әйелдерге зейнетақы жарналарының үздіксіз аударылып тұруын қамтамасыз ету үшін зейнетақы жарналарының 10 %-ы жәрдем қаржы ретінде беріледі; 
– жинақтардың көлемін арттыру үшін заңнамада жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен өз жұмыскерлерінің пайдасына 2020 жылдан бастап енгізілетін жаңа шартты жинақтама зейнетақыға тағы 5 % аудару міндеттемесі бекітілген. 

Жұмыскерді, оның жеке көлігін пайдалану арқылы ісссапарға жіберу туралы бұйрықтың үлгісі

2018 жылы зейнетақы туралы нені білу керек

 

Зейнетке шығу бойынша әйелдерге арналған жеңілдіктер

 
Әйелдердің зейнетке ерте шығуы үшін барлық қолданыстағы жеңілдіктер сақталады: 
– 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды он сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа жеткен соң жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл ретте зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне жұмыс істемейтін ананың кішкентай балаларын күтіп-баққан, бірақ жалпы алғанда 12 жылдың шегінде әр бала 3 жасқа жеткенге дейінгі уақыттан аспайтын уақыт есепке алынады; 
– 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарында кемінде 5 жыл тұрған әйелдер зейнетке 45 жасында шығады; 
– зейнетақы аннуитетін сатып алуға зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушыларға 50 жаста мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығы берілген. Бұл ретте зейнетақы жинақтарына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті жарналар кіреді. 
 
 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты