text
Справочник кадровика

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттар. Бағдарлама

  • 9 октября 2018
  • 59
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттар. Бағдарлама

Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың қызметкерлері, көгілдір жұмыс мамандықтары бойынша қызметкерлердің білімдерін оқыту және тестілеу бағдарламасы


Ұйымдарда қызметкерлердi кәсібі бойынша еңбек қауiпсiздiгi

және еңбектi қорғау саласында оқыту және бiлiмдерiн

тексеру тәртiбi

Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және бiлiмдерiн тексеру жылына кемінде 1 рет жүзеге асырылады.
Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексерумен (емтиханмен) аяқталады.
Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) жұмыс берушi тиiстi салалардағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженерлік-техникалық қызметкерлердi және ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiн тарта отырып жүргiзедi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық және өндiрiстiк оқытуды көздейді және оны жұмыс берушi бекiтеді.
Еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстiк оқыту ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауға жауапты қызметкерлерінің басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде, цехтарда жүргiзiледi.
Еңбек қауiпсiздiгiнiң заңнамада белгiленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндiрiстерде қызметкерлер қосымша арнайы оқудан өтеді.
Жұмыстардың, лауазымның, кәсіптің осы түрi бойынша жұмыста үш немесе одан да көп, ал қауiптiлiгi аса жоғары жұмыста – бір жылдан артық уақыт үзiлiсi бар қызметкерлер өздiк жұмыс басталғанға дейiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан өтеді.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Емтихан комиссиясы

Саны үш адамнан кем болмайтын Емтихан комиссиясы жұмыс берушiнiң актісімен құрылады.
Емтихан комиссиясы төрағадан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өткені туралы сертификаты бар болған кезде тиiстi комиссиядан бiлiмiн тексеруден өткен бөлiмшелердiң басшылары, ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң мамандары, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлер, кәсiпорынның еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторы кiредi. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.
Емтихан комиссиясының жұмыс тәртiбi жұмыс берушiнің актісінде белгіленеді.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмi тексерiлетiн қызметкерлерді оны өткiзуден күнтізбелік отыз күн бұрын жұмыс беруші ескертеді.
Қызметкерлердiң бiлiмдерін тексеру нәтижелерi сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.
Бiлiмiн тексеруден табысты өткен қызметкерге сәйкес нысан бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдер, қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жөніндегі куәлiк берiледi.
Қызметкер қанағаттанарлықсыз деген баға алған кезде, бiлiмiн қайта тексеру бiр айдан кешiктiрмей белгiленедi. Қызметкер қайта оқудан өтеді және бiлiмiн тексеруге дейiн қызметкер өздiк жұмысқа жiберiлмейдi.

Ұйымдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды

қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерiн еңбек қауiпсiздiгi

және еңбектi қорғау бойынша оқыту және бiлiмдер тексеру тәртiбi

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге басшы және жауапты қызметкерлер (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер), мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.
Кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымның мыналарды:
      1) аудио-бейнетехникамен жабдықталған оқу сыныбын (меншікті немесе жалға алынған);
      2) тестілеу үшін компьютерлерді;
      3) оқытудың әртүрлі тақырыптары бойынша көрнекі құралдарды;
      4) оқу-әдістемелік материалдарды (мерзімді басылымдар) қамтитын материалдық-техникалық базасы болуға тиіс.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге басшы және жауапты қызметкерлерге арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламаларын оқу орталығы бекітеді, олар экономика салаларындағы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органмен келісіледі.
Басшы және жауапты қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында тиісті біліктілігі, жұмыс тәжірибесі және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау бойынша оқу және білімдерін тексеруден өткені туралы сертификаты бар мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары мамандарын, бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердi және iрi өнеркәсiп ұйымдарының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiнің мамандарын тарта отырып жүргiзiледi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау мәселелерi бойынша басшы және жауапты қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексерудi оқу орталығы актісімен құрылған, саны үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы оқу орталықтарында (сабақтар орнында) жүргiзедi.

Жауапты қызметкерлер білімдерін тексеру үшін емтихан комиссиясы

Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.
Емтихан комиссиясы төрағадан – мемлекеттiк еңбек инспекторынан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына оқу орталығының басшысы, мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келiсiм бойынша), сондай-ақ  аталған мамандардың ішінен тұлғалар кiредi.
Басшы және жауапты қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан комиссиясы тестiлеу жүргізеді.
 Емтихан тестілерін өндiрiстiк ерекшелiктердi, мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оқу бағдарламаларын ескере отырып оқу орталығы әзiрлейдi.
Емтихан комиссиясы тестілеу нәтижелері бойынша мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өттi;
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерi қайта тексерілуге тиіс.
Қызметкерлердiң бiлiмдерін тексеру нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелерi қол қояды.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өткен басшыға және жауапты қызметкерлерге үш жыл мерзімге жарамды сертификат берiледi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өтпеген басшы және жауапты қызметкерлер бiлiмдерiн қайта тексергенге дейiн өздерiнiң атқаратын лауазымдарында қалады.
Бiлiмдерiн қайта тексеру алғашқы бiлiмдерiн тексеру өткен күнiнен бастап үш айдан кейін өткiзiледi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн қайта тексеруден өтпеген басшы және жауапты қызметкер осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетiледi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн қосымша тексеруден басшы және жауапты қызметкерлер мынадай жағдайларда:
      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлген, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде;
      2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестер пайдалануға енгiзiлген кезде;
      3) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жауапты адам басқа жұмысқа ауыстырылған немесе ол еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша қосымша бiлiмдi талап ететiн басқа лауазымға тағайындалған кезде;
      4) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша соңы адам өлiмiмен немесе ауыр (мүгедектiкпен) аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану кезiнде;
      5) жұмысында бiр жылдан астам уақыт үзiлiс болған кезде өтедi.
Емтихан комиссиясының шешiмiне байланысты дауларды еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе сот қарайды.
Ұйымдарда басшы және жауапты қызметкерлердiң оқудан және бiлiмiн тексеруден уақтылы өтуiн бақылауды жұмыс берушi жүзеге асырады.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқыту мен білімдерін тексеруді ұйымдастыруды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган үйлестіреді.
 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты