Справочник кадровика

Іссапар шығысы

  • 11 января 2019
  • 804
Іссапар шығысы

Кадрлық тәжірибеде іссапар шығысы көп сұрақ тудырады. Тәуліктік ақы қалай есептеледі? Іссапар жағдайы немен шешіледі?

Берілген мақалада іссапар ұғымын, тәуліктік ақы, қызмет бабындағы іссапардағы өтемақылардың шығынын, және де қандай актілермен іссапар реттелетінін айқындаймыз.

 Іссапардың ұғымы және іссапар шығысына не кіреді? 

Іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу. (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 82-тармақшасы (2019.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (ары қарай – ҚР ЕК))

Іссапарда жүрген жұмыскер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек тәртіптемесі қағидаларына сәйкес пайдаланады (ҚР ЕК 84-бабы). 

Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:

1) іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер;

2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;

3) тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.

★ Зейнеткер жұмыскерді іссапарға жіберуге болады ма? ★

Іссапар шығысы

Светлана Сергеенко

эксперт электронной системы «ACTUALIS: Кадровое дело», руководитель тематического направления «Охрана труда, кадры и делопроизводство» цифрового издательства «МЦФЭР–Казахстан», юрист-правовед
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 127-бабының 4-тармағында мыналарды: • он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді; • жүкті әйелдерді; • мүгедек жұмыскерлерді іссапарға жіберуге шектеулер белгіленген.

Тәуліктік ақы мөлшері немен реттелінеді?

 Жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Аванстық есепке iссапар куәлiгi, тұрғын үй-жайды жалдау мен жол жүру шығыстары туралы құжаттар қоса берiледi.( «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қаулысы (2018.30.10. берілген өзгерістермен)

Іссапар шығысы

Іссапар кезінде қандай шығыстар шегерімге жатады?

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-ІV Салық кодексінің 244-бабына (ары қарай - Салық кодексі) (2018.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар бойынша мынадай шығыстар шегерімге жатады:

1) жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болатын жерге және кері жол жүру шығыстары. Жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

  • электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты;
  • электрондық билеттің, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат;
  • тасымалдаушы немесе өзінен электрондық билет немесе электрондық жол жүру құжаты сатып алынған тұлға берген, жол жүру фактісін растайтын, қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық түрдегі құжат (оның ішінде отырғызу талоны).

2) тұрғынжайды жалдауға арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болу уақыты ішінде жұмыскердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар. Мұндай шығыстар, оның ішінде іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін (іссапарға жіберілген жұмыскер стационарлық емдеуде болған жағдайлардан басқа) тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстарды қамтиды;

3) іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндерін қоса алғанда, жұмыскерге iссапарда болған уақытта төленетін, салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшердегі тәулікақы;

4) салық төлеуші келуге және кетуге рұқсаттар (визалар) ресімдеген кезде жүргізген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде осындай шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны).

 

Тәуліктік ақының қандай мөлшері жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды?

Салық Кодексінің 319-бабына сәйкес мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

  • Қазақстан Республикасының шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться