Терминдер мен анықтамалар сөздігі. "Т"

101
Тынығу уақыты, тәртіптік жаза және басқа да терминология үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметтерінің кәсіпорындары

Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі

Тауарды пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың әдеттегідей жағдайларында немесе жұмысты орындау (қызмет көрсету) процесінде тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы.

ҚР-ның 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-ІV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»Заңы

Тынығу уақыты

Қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты. Тынығу уақытының түрлері:

1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер – тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер;

2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу;

3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу);

4) мереке күндері;

5) демалыстар болып табылады.

ҚР-ның 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-ІІІ Еңбек кодексі, 1 бап, 1 тармақтың 76 тармақшасы және 92 бабы

Тәртіптік жаза

Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

ҚР-ның 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-ІІІ Еңбек кодексі, 1 бап, 1 тармақтың 74 тармақшасы, 72 бап

Тәртіптік теріс қылық

Қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше орындамауы.

ҚР-ның 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-ІІІ Еңбек кодексі, 1 бап, 1 тармақтың 75 тармақшасы

Тамақ өнімін сәйкестендіру

Белгілі бір өнімді ерекшелік белгілері бойынша танып-білуде тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналыс пен кәдеге жаратудың барлық процестерінде (кезеңдерінде) қамтамасыз етілетін рәсім.

ҚР-ның 2007 жылғы 21 шілдедегі № 301-ІІІ «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» Заңы, 1 бап, 34 тармақша.

Тараптардың ұжымдық шартты орындамағаны үшін жауапкершілігі

Ұжымдық шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны үшін тараптар ұжымдық шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

ҚР Еңбек кодексі, 286 бап

Техникалық регламент

Өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативті құқықтық акт.

ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңы, 1 баптың 45 тармақшасы

Техникалық реттеу

Санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметті қоса алғанда өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативті реттеу.

ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңы, 1 баптың 46 тармақшасы

Төтенше жағдайлар

Адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, оның денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұсқан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған нем есе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

ҚР-ның «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы, 1 бап

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

Дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағдайлар.

ҚР-ның «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы, 1 бап

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар

Өнеркәсіп, көлік авариялары және басмқа авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивтіжәне биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.

ҚР-ның «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы, 1 бап

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль